
- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
5.6. Қорғау қасиеттері
Майлардың қозғалтқыш бөлшектерін мүжілдіру механизмі күрделі. Қолданбаған майда стандарт бойынша суда ерігіш қышқылдар болмауға тиісті. Қолданған май құрамында күкірт мөлшері көп болса, ол қозғалтқыш бөлшектерін өте тез мүжілдіреді. Органикалық қышқылдар шойын мен болатқа әсер етпегенімен, бөлшектер құрамындағы түсті металдарды, әсіресе қорғасын және құрамында қорғасын бар қорытпаларды өте тез бүлдіреді. Сонымен қатар мүжілдіруге асқын оксид қосылыстарының атқарар рөлі жоғары. Органикалық қышқылдар мен асқын оксидті қосылыстар біріккенде қозғалтқыш бөлшектеріндегі қорғасын тезірек мүжілуге душар болады. Сондықтан майдың агрессивтілігін, оның қорғасынға әсері арқылы анықтайды. Белгілі бір уақыт аралығында ауа және маймен жанасып тұрған қорғасын тілігі бетінің ауданы 1 м2 болатын тілік массасының кемуімен өлшейді. Ол үшін 1400С температурада қыздырылған майға 50 сағат бойы минутына 15 реттен қорғасын тілігін батырып, алып отырады, содан кейін оның массасын өлшейді. Стандартта май құрамындағы қышқыл мөлшерін майдың сілтілігі арқылы бағалайды, өлшем бірлігі 1г майдағы қышқылды бейтараптандыруға қажетті КОН массасы (мг) арқылы анықталады.
Таза минерал майлардың мүжілдіру қасиеті үлкен. Майға қоспалар қосу арқылы мүжілдіруді баяулатады. Мүжілдіру процесін баяулатуда үш түрлі амал қолданады:
1) жұмыста болған май құрамындағы қышқыл өнімдерін бейтараптандыру. Бұл жолда жоғары сілтілі қоспаларды, мысалы сульфанаттарды пайдаланады. Олар қышқыл өнімдерді бейтараптандырады. Оларды тиісті мерзімін толық атқарған майдың сілтілік қасиетін сақтайтындай мөлшерде қосады;
2) майдың тотығу процесін баяулату. Бұл мақсатта гидропероксидтерді бұзып, белсенді радикалдарды белсенді емес жағдайға түсіретін қоспаларды пайдаланады. Ондай міндетті, әдетте, тотығуға қарсы қолданатын көп функциялы қоспалар ойдағыдай орындайды;
3) металл бетінде қорғаушы қабыршақ жасау. Бұл амалды іске асыру мақсатында қолданатын қоспалар қабыршақтардың металл бетіне бекуін қамтамасыз етеді.
5.7. Көбіктенбеу қасиеті
Қозғалтқыш жұмыс істеген уақытта май көбіктерінің пайда болуына қолайлы жағдай туады. Оған айналшақ-бұлғақты механизмдердің айналыста болатын бөлшектерінің майды қарқынды араластыруы, майда су, тотығу өнімдерінің болуы мүмкіндік туғызады. Кейбір жағдайда май қатты көбіктеніп, шашырауға дейін барады.
Майдың көп көбіктенуі қалыпты майлау тәртібін бұзады.
Көбіктендірмеу мақсатында барлық майларға 0,002-0,005% мөлшерінде
көбікке қарсы қоспаларды қолданады. Ондай қоспалар кремний органикалық полимерлер қатарына жатады.
Аталған қоспалар өзінің табиғатында минерал майында нашар еритін қосылыстар. Сондықтан олар майдың бетінде қалқып тұрады да, көбікті бұзу жылдамдығы пайда болуынан асып отырады. Өте аз мөлшердегі ондай қоспалар көбікті тұншықтырып, қозғалтқышты көбіктен ақтап отырады.
Май бетіндегі кремнийорганикалық қосылыстардың полимер молекулалары ауа оттегісінің май деңгейіне өтуіне қиындық келтіреді. Мұндай қоспалардың аталған қасиеті майдың тотықпауын жақсартады.
Температура өсе келе майдың көбіктенуі азаяды, себебі майдың тұтқырлығы нашарлайды. Майда судың болуы көбіктенуді ұлғайтады: майдағы су тамшылары буланып, алдымен су көбіршігі, одан кейін көбік пайда болуына әкеліп соғады.
Көпіруге қарсы қоспалардың жану өнімі – абразивті кремний оксиді болып табылатындықтан SiO2 (кварц құмы) қоспаларды өте аз мөлшерде қосады.