
- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
3.5. Мүжілдіру қасиеті
Дизельді отындардың мүжілдіру қасиеті бензиндегідей, негізінен оның құрамындағы көмірсутектерге және басқа да қосылыстарға байланысты. Олар оттекті және күкіртті қосылыстар. Бұл қосылыстар дизельді отындарда бензинге қарағанда 3-5 есе артық. Агрессивті оттекті қосылыстардың дизельді отындарда бар екендігін 10 мл отында болатын калий гидроксиді массасымен (мг) анықтайды (бензиндегідей). Дизельді отындарға қойылатын техникалық талаптар бойынша оның қышқылдығы 100 мл отында 5 мг КОН-тан аспауы керек. Күкіртті қосылыстардың мүжілдіру қасиеті тазаланған мысқа тигізетін әсерімен тексеріледі. Күкіртті қосылыстар тобының ішінде меркаптан көмірсутектерінің мүжілдіру қасиеті жоғары. Сондықтан зауыттан шыққан дизельді отындарда меркаптан 0,01%-дан аспауы керек.
Дизельді отындағы күкіртті қосылыстар жанған кезде цилиндрде күкірт оксидтері (SO2, SO3) пайда болады. Бұл газ тәрізді заттар жоғары температурада металдарды мүжілдіреді, ол төменгі температурада сумен әрекеттесіп, күкірт және күкірт қышқылдарын түзеді. Күкірт қосылыстарынан цилиндр-піспек тобы бәрінен көп мүжіліске ұшырайды. Күкіртті дизельді отынның жануынан қозғалтқыш тетіктерінің мүжілуін азайту үшін отындарға және майларға арнайы қоспалар қосу керек.
Отынға қосылған сілті қоспалары арқылы отынның мүжілдіру қасиетін едәуір азайтуға болады. Сонымен, күкіртті дизельді отындарды қолданған жағдайда әдейі арналған сілті қосындысы бар отынды қолдану керек.
3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
Дизельді отынның төменгі температуралық қасиеттері деп олардың төменгі температурада біртекті болуын айтады. Температураның төмендігінен дизельді отынның тұтқырлығы артады, одан отын сорабының өнімділігі азаяды, бұл жағдай температура -400С-ға тең болғанда айқын байқалады.
Отынды беру жүйесінде температураның төмендігінен негізгі ауытқушылық отынның лайлануына немесе қатуына байланысты. Бензинге қарағанда дизельді отындарда парафинді көмірсутектер көп болады. Температура төмендегенде ондай көмірсутектер кристалданады. Олар сүзгілерді бітеп тастайды. Сондықтан қолданатын температура отынның лайлану температурасынан жоғары болуы керек. Лайлану температурасы деп төменгі температурада н-парафин көмірсутектері кристалдарының немесе мұздың микрокристалдарының түзілуі нәтижесінде отынның лайлануын айтады.
Температура одан ары төмендегенде отын ағу қасиетінен айрылады. Пробиркаға құйылған отынды 450 еңкейткенде оның деңгейі 1 минут аралығында өзгермесе, бұл жағдайдағы температураны отынның қату температурасы дейді.
Дизельді отынның төменгі температуралық қасиеттерін жақсартудың екі жолы бар: біріншісі – отынды жоғары температурада еритін қалыпты парафин көмірсутектерден арылту. Сонда отын жоғары цетанды көмірсутектерден де арылады; екінші жолы - отынға лайлану мен қату температураларын төмендететін депрессорды қосу керек.
3.7. Отынның булануы
Құрамында жоғары температурада қайнайтын көмірсутектер бар отындар жану камерасында жану процесі кезінде баяу және аз буланады. Бұл қозғалтқыштың іске қосылуын қиындатады, үнемділігін төмендетеді және пайдаланылған газдың түтінін арттырады.
Егер отын жеңіл фракциялық құрамымен сипатталатын болса, онда ол жану камерасында тез және толық буланады. Бірақ өздігінен нашар тұтанатындықтан қозғалтқыштың іске қосылуы қиындайды, ал қызған соң оның жұмысы «қатал» болады. Сондықтан да дизельді отын оңтайлы булану қасиетіне ие болуы керек. Қоспа жасауға 0,001-0,004 с уақыт кетеді. Дизельді отын бензинге қарағанда аз буланады, ал қоспа жасау үшін отынның булану беті мейлінше үлкен болуы керек. Осы мақсатта отынды жоғары жылдамдықпен бүріккіш соплосынан өтетіндей етіп жақсылап тозаңдатады. МССТ 305-82 бойынша отынның булануы фракциялық құрамымен сипатталады, 50% және 96% қайнау температурасымен анықталады.
3-кесте. Дизельді отындар қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері (МССТ 305-82)
Көрсеткіштер |
Л |
З |
А |
Цетан саны |
45 |
45 |
45 |
Фракциялық құрамы: 50% құрамының қайнау температурасы, 0С 96% құрамының қайнау температурасы, 0С |
280
360 |
280
340 |
255
330 |
200С температурадағы ки-нематикалық тұтқырлығы, мм2/с |
3,0-6,0 |
1,8-5,0 |
1,5-4,0 |
Қату температурасы, 0С |
-10 |
-35 |
-55 |
3-кестенің соңы |
|||
Көрсеткіштер |
Л |
З |
А |
Лайлану температурасы, 0С |
-5 |
-25 |
- |
Тұтану температурасы, 0С |
50 |
35 |
30 |
Меркаптан күкірттің массалық үлесі, % |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
Қышқылдығы, мг КОН/1000мл |
5 |
5 |
5 |
Күлділігі, % |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
200С температурадағы тығыздығы, кг/м3 |
860 |
840 |
830 |