Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.3 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

3

1.

Отындар мен жағар майларды өндіру

жөніндегі негізгі мәліметтер........................................

4

1.1.

Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері.................

4

1.2.

Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері.........................................................................

7

1.2.1.

Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде қысқаша мәлімет...........................................................................

8

1.2.2.

Мұнайды бастапқы өңдеу.............................................

8

1.2.3.

Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу......................

10

2.

Карбюраторлы қозғалтқыштарда қолданатын отындар..........................................................................

13

2.1.

Қойылатын негізгі талаптар.........................................

13

2.2.

Булану және қоспа жасау қасиеттері..........................

13

2.3.

Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері............................................................

21

2.4.

Отынның қозғалтқышта жануы...................................

23

2.5.

Детонацияға шыдамдылық қасиеттері........................

27

2.6.

Отынның тұрақтылығы................................................

30

2.7.

Шөгінділер жасауға бейімділігі...................................

32

2.8.

Мүжілдіру агрессивтілігі..............................................

35

2.9.

Бензиннің түрлері..........................................................

38

3.

Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар......

39

3.1.

Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары....................................................

40

3.2.

Отынның қоспа жасау қасиеті.....................................

40

3.3.

Жану қасиеттері............................................................

43

3.4.

Шөгінділер жасау бейімділігі......................................

45

3.5.

Мүжілдіру қасиеті.........................................................

46

3.6.

Төменгі температуралық қасиеттері...........................

46

3.7.

Отынның булануы.........................................................

47

3.8.

Дизельді отындардың түрлері......................................

48

4.

Газ тәрізді отындар.......................................................

48

4.1.

Сұйылтылған газдар.....................................................

49

4.2.

Сығылған газдар............................................................

51

5.

Қозғалтқыштарға арналған майлар.............................

54

5.1.

Жағар майларды өндіру................................................

54

5.2.

Майлардың сапасына қойылатын талаптар................

55

5.3.

Тұтқырлық қасиеті........................................................

56

5.4.

Төменгі температуралық қасиеті.................................

61

5.5.

Тотықтырушылық қасиеттері......................................

61

5.6.

Қорғау қасиеттері..........................................................

64

5.7.

Көбіктенбеу қасиеті......................................................

64

5.8.

Майлардың тұрақтылығы............................................

65

5.9.

Майлардың азғындауы.....…........................................

65

5.10.

Қолданылған майларды жаңғырту..............................

67

5.11.

Қозғалтқыш майларының түрлері...............................

68

5.12.

Қозғалтқыш жағар майларының негізгі

көрсеткіштері.................................................................

69

5.13.

Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі..

72

5.13.1.

SAE бойынша................................................................

73

5.13.2.

АРІ бойынша.................................................................

74

5.13.3.

Ресейлік ГОСТ 17479.1-85...........................................

74

5.14.

Синтетикалық майлар...................................................

80

5.15.

Минералды майлар.......................................................

81

6.

Трансмиссиялық майлар...............................................

82

6.1.

Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар..........................................................................

82

6.2.

Тұтқырлық-температуралық және төменгі

температуралық қасиеттері..........................................

84

6.3.

Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы

қасиеттері.......................................................................

84

6.4.

Мүжілу екпінділігі........................................................

85

6.5.

Қоспалар және олардың әсерінің механизмі..............

85

6.6.

Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері............................................................................

86

7.

Созымды жағар майлар................................................

89

7.1.

Созымды жағар майларды өндіру...............................

90

7.2.

Негізгі пайдалану қасиеттері.......................................

91

7.3.

Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері............................................................................

94

8.

Техникалық сұйықтар...................................................

97

8.1.

Суытқыш сұйықтар.......................................................

97

8.2.

Төменгі температуралық сұйықтар.............................

99

8.3.

Гидравликалық беріліс сұйықтары.............................

102

8.4.

Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары.....

106

9.

Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері.......

107

10.

Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары..........................................................

110

11.

Синтетикалық желімдер...............................................

111

11.1.

Синтетикалық желімдерді пайдаланудың

техника-экономикалық тиімділігі...............................

111

11.2.

Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы............................................................................

112

11.3.

Эпоксид желімінің композициялары...........................

113

11.4.

Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар...............................................................

114

12.

Автомобильде қолданатын қосымша материалдар...

121

12.1.

Қаптағыш материалдар.................................................

121

12.2.

Тығыздаушы материалдар............................................

121

12.3.

Оқшаулағыш материалдар...........................................

121

12.4.

Ағаш материалдар.........................................................

122

13.

Пластмасса.....................................................................

123

13.1.

Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы................

123

13.2.

Пластмассалардың жіктемесі.......................................

124

13.3.

Пластмассалардың қасиеттері.....................................

125

13.4.

Термопластикалық пластмассалар..............................

126

13.5.

Термореактивті пластмассалар....................................

127

14.

Лакбояғыш материалдар..............................................

129

14.1.

Лакбояғыш материалдары және олардың

жабындарына қойылатын талап­тар.............................

129

14.2.

Лакбояғыш жабындарының құрылысы......................

129

14.3.

Лакбояғыш материалдарының жіктемесі...................

130

14.4.

Лакбояғыш материалдарының компоненттері..........

131

14.5.

Лактар мен бояулардың қасиеттері.............................

134

14.6.

Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған

материалдар...................................................................

139

15.

Резеңке материалдар.....................................................

139

15.1.

Резеңкенің қасиеттері...................................................

140

15.2.

Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері.........................

140

15.3.

Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері....................

145

15.4.

Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі.............................................................................

147

15.5.

Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі.............................................................................

148

15.6.

Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің

өзгеруі.............................................................................

148

Әдебиеттер.....................................................................

150

Қосымша........................................................................

151

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда автомобиль көлігінің көбеюіне байланысты сұйық отынға деген қажеттілік те өсіп келеді. Отынға кететін шығын орта есеппен көлік жұмысының өзіндік құнының 25%, ал басқа пайдалану материалдары 1,5% құрайды. Автомобиль көлігінде ресурстарды үнемдеу көліктің тиімділігін арттырудың аса маңызды шараларының бірі болып табылады. Отын шығынын азайту мәселесі көлік құралдарының үнемді құрылымын жасау және пайдалану факторларын жетілдірумен шешіледі. Отын шығынын азайту жылжымалы құрамның құрылымын және өндіріс технологиясын ары қарай жетілдіруге байланысты көп мақсатты міндет болып табылады.

Автомобиль көлігі сұйық отынның көп бөлігін пайда­ланатындықтан халық шаруашылығының бұл саласы үшін отын және майлау материалдарын үнемдеу мәселесі аса маңызды болып табылады. Сондықтан дизельді авто­мобильдерді шыға­руды арттыру мен шығарылатын бензинді қозғалт­қыш­тар­дың техникалық деңгейін жетілдіру, жаңа, неғұрлым үнемді қозғалт­қыш­тарды құрастыру бойынша жұмыстар жүргізумен қатар отынның тапшы түрлерін арзанға ауыстыру, авто­мо­биль­дерді газды отынға ауыстыру, отындардың, майлар­дың сапасын арттыру және автомобиль­дерді пайдалану кезінде тиімді қолдану есебінен үнемдеу өте маңызды.

Автомобильдерді пайдалану, жөндеу жұмыстарына қатысты техник-механиктер отындар мен жағар майлардың қасиеттерін, түрлерін, сапасын; қасиет көрсеткіштерінің өзгеруі мен оларды бағалау тәсілдерін: тетіктерге, қоршаған ортаға әсерін; алмастыру мен үнемді қолдану жолдарын; пайдалану, сақтау ережелерін және т.б. білуі қажет.

Бұл оқулықтан отындарды, майларды, техникалық сұйық­тарды және металл емес материалдарды тиімді қолдану, олар­дың автомобиль қозғалт­қыш­тары мен агрегаттарының үнемді және сенімді жұмысына әсері, отындар мен жағар майлар, оларды өндіру, түрлері, сапалары жөнінде мағлұматтар алуға болады.

1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер

1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері

Мұнай - бұл табиғатта пайда болуына миллиондаған жылдар кететін минералды сұйық майлы жанатын зат.

Ерте заманда ұзақ уақыт бойы негізгі энергетикалық отын ретінде қазып алынатын көмір қолданылды. Соңғы жылдары мұнай өнімдері мен газ тәрізді отындардың мәні артты. Өйткені оларды қолдану қолайлы, көп жылу бөліп шығарады және оларды өндіру мен қолдануға кететін шығындар қатты отын шығындарынан аз.

Қазіргі кезде түрлі мұнай өнімдерін талап етпейтін халық шаруашылығының саласы жоқ деуге болады.

Мұнай өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарынан пайда болатыны белгілі. Органикалық қалдықтардың ыдырауы мен мұнайдың пайда болуы жоғары темпераураның, қысым және радиоактивті сәулеленудің әсері арқылы болады. Соңғы зерттеулерде бұл айналуларда басты рөлді бактериялар атқаратыны анықталды.

Мұнай мен газ жер қабатының әр түрлі тереңдігінде, кеуекті және басқа да тау жыныстарында болады. Қысымның, температураның, ішкі айналулардың әсер етуі барысында орнын ауыстыруы мүмкін. Егер жыныстарда сызат болса, онда мұнай жер бетіне жақын орналасады және жер бетіне шығуы да мүмкін.

Әр жерлер мен геологиялық жыныстардағы органикалық қалдықтардың мұнайға айналу шарты мен құрамы әртүрлі болып, нәтижесінде құрамы мен сапасы жағынан әртүрлі мұнайлар пайда болады.

Мұнай ерекше иісті, түсі көбінесе қоңыр болып келетін қою майлы сұйықтық. Керосинге ұқсайтын жеңіл, ашық түсті және салмағы судан ауыр, қара түсті, шайырлы, тұтқыр мұнай түрлері сирек кездеседі. Мұнайдың тығыздығы 0,78-ден 0,92 г/см³ аралығына болады. Мұнайдың түсі ашық болған сайын оның тығыздығы төмен, ал ағу қасиеті жоғары болады.

Мұнайдың құрамындағы заттардың негізгі бөлігі – көмірсутектер деп аталатын С көміртегі мен Н сутегінің сұйық қосылысы. Мұнайдың құрамында (шамамен 83-86%) көміртегі, (12 – 14%) сутегі, аз мөлшерде (1 - 3%) күкірт S, оттегі О және азот N болады. Сонымен қатар өте аз мөлшерде ерітілген күйде минералды қосылыстар мен су болады. Элементтік құрамының ұқсастығына қарамастан, әр кен орындарынан алынған мұнайлардың физикалық және химиялық қасиеттері көміртегі мен сутегінің атомдары әртүрлі қосылыстар мен формаларда біріге алатындықтан бірдей болмайды. Мұнайдан алынатын өнімдердің қасиеті мұнайдың құрамына кіретін көмірсутектердің құрылымынан тәуелді болады.

Автомобиль көлігі мұнай өңдейтін зауыттарда өндірілетін бағалы ашық түсті және жетіспейтін мұнай өнімдерінің көп бөлігін (65% аса) тұтынады. Сондықтан да елімізде шығарылатын сұйық отынның көп бөлігін тұтынатын автомобиль көлігінде жанар-жағар майларды үнемдеу мәселесі аса маңызды. Дизельді автомобильдерді шығаруды арттыру, қолданыстағы бензинді қозғалтқыштардың техникалық деңгейін жетілдіру бойынша жұмыстар өткізумен және жаңа үнемді қозғалтқыштар шығарумен байланысты отынның жетіспейтін түрлерін арзан отын түрлеріне алмастыру, автомобильдерді газ отындарына ауыстыру, жанар-жағар май сапасын арттыру және автомобильдерді пайдалану барысында отынды тиімді пайдалану есебінен үнемдеу маңызды міндет болып табылады.

Жанар-жағар майларды қолдануды ғылыми негіздеу қажеттілігін ең алғаш рет 1964 жылы К.К.Папок ұсынған. Ол «химмотология» деген атқа ие болған қолданбалы ғылым саласының пайда болуына әкеліп соқты. Химмотология – бұл отындардың, майлардың, майлайтын майлардың, арнайы сұйықтардың сапалары мен пайдалану қасиеттерін және оларды техникада тиімді пайдалану теориясы мен тәжірибесін зерттеумен айналысатын ғылым мен техниканың бағыты. Бүгінгі таңда химмотологияны құрастыру және техниканы дайындау – ЖЖМ дайындау мен өндіру – техниканы пайдалану - химмотология сияқты бірыңғай өзара байланысты төрт буынды жүйенің негізгі құраушы бөлігі ретінде қарастырады. Автомобиль көлігінде ЖЖМ қолдану жағдайын есепке алғанда бұл жүйе мына түрге ие болады: қозғалтқыш – отын – м айлайтын материалдар – пайдалану.

Химмотологияның қазіргі кезеңде дамуының маңызды міндеттері:

  1. қазіргі заманғы және болашақтың қозғалтқыштары мен машиналарының сенімді, ұзақ мерзімді және үнемді жұмысын қамтамасыз етуге арналған отындардың, майлардың, майлайтын майлардың және арнайы сұйықтардың тиімді талаптарын белгілеу;

  2. отындардың, майлағыш майлардың және сұйықтардың жоғары сапалы сорттарын дайындау;

  3. отындардың, майлайтын майлардың және сұйықтардың шығынын төмендету және оларды пайдлану барысында сапаларын сақтау; Отын-майлау материалдарының ассортименттерін бір жүйеге келтіру және әр түрлі сорттардың бірін-бірі ауыстырулары бойынша ұсыныстар дайындау;

  4. отындардың, майлардың, майлайтын майлардың және сұйықтардың сапасын бағалау және пайдалану қасиеттерін бағалаудың зертханалық, стендтік және жол әдістерін дайындау.

Мұнай химиялық құрамы мен құрылымы бойынша күрделі сұйықтық, негізінен төмендегі топтарға бөлінетін көмірсутектерден тұрады: парафинді (алкандар), нафтенді (цикландар), ароматтар (арендер).

Көмірсутектердің тығыздығы, тұтқырлығы, еру және қайнау температуралары олардың молекулалық массасы өскен сайын артады және әр топтағы көмірсутектердің қасиеттерін анықтайды.

Қалыпты жағдайда көміртектің атом саны n=14 болса, онда көмірсутектер газ болып табылады. Бензин мен дизельді отын құрамына сұйық көмірсутектер (көміртектің атом саны n=520) кіреді. Қозғалтқыш майларының құрамында көмір­тектің атом саны n=2070-ке дейінгі көмірсутектер бар.

Мұнай өнімдерінің қасиеттері құрамдарындағы көмір­сутектердің типі мен құрылысына қатысты болғандықтан төменде мұнайдың құрамына кіретін қоспалардың құрылысы мен қасиеттері, сонымен қатар олардың отын мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері қарастырылады.

Алкан көмірсутектер (парафиндер) – газ тәрізді, сұйық және қатты заттар, тұйық емес тізбек түріндегі көміртектер мен сутектер атомдарының қосылысынан тұрады. Олардың жалпы эмпирикалық формуласы СnH2n+2

Жолай және табиғи газдардың (метан, этан, пропан, бутан, изобутан) құрамына кіретін газ тәрізді қоспаларда 1-4 аралығында көміртек атомы болады. Олардың детонациялық тұрақтылығы өте жоғары. Олардың октан саны мотор әдісі бойынша 100-ге жуық немесе одан артық. Көміртектің 5-10 атомы бар қосылыстар – сұйық заттар, ал гексадеканнан (С16Н34) бастап қатты заттар болып табылады. Олар мұнай мен жоғары температурада қайнатылған фракциялар құрамында қалыпты температурада еріген немесе кристалл күйінде кездеседі.

Кен өндіру орнына байланысты мұнайда алкандардың үлесі: еріген газдарсыз – 2530%; көмірсутектердің еріген күйде болуын ескерсек – 4050%-ды құрайды. Кейде алкандар үлесі 5070%-ға жетеді, бірақ кейбір мұнайларда 1015% ғана алкандар болады.

Алкандар тізбегі түзу (мұндай алкандар қалыпты деп аталады) және тармақталған (изомер алкандар) болады.

Тармақталған тізбектер бутаннан бастап жоғары

СН3-СН2-СН2-СН3- н- бутан, СН3-СН-СН3 - изобутан

СН3

Парафин көмірсутектердің молекулалық массасы көбейгенде қайнау температурасы, тығыздығы, тұтқырлығы өседі. Изопарафиндердің қайнау және еру температуралары төмен. Олар жоғары температурада оттектің әсеріне өте төзімді, ал н-парафиндер жоғары температурада тез қышқылданады. Көптеген парафин көмірсутектердің қату температуралары жоғары болады. Олар қалыпты температура мен қысымда отте­гімен және басқа да заттармен нашар әрекеттеседі. Көмір­су­тек­тердің басқа сыныбына қарағанда олардың тұтқырлығы жоғары емес, температура өзгерсе аз мөлшерде ғана өзгереді.

Алкан көмірсутектердің жану жылуы өте жоғары. Құрамында алкан көмірсутектерінің мөлшері көп отындар мен майлау материалдарының тұрақтылығы жоғары. Жоғары сапалы автомобиль бензиндерін алған кезде изопарафиндердің болғаны тиімді (н-парафиндер бензиннің детонациялық тұрақтылығын төмендетеді). Сонымен қатар тез қышқылданатын н-парафиндер отынды қозғалтқышқа беру кезінен бастап оның тұтануына дейінгі уақытты қысқарта отырып, қысымның неғұрлым қалыпты өсуі мен қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да олардың ауыр дизельді отындар құрамында болғаны тиімді (бірақ олардың қысқы сорттарда болуын шектейді).

Құрамында парафинді көмірсутектер бар майлау материалдарының қату температурасы жоғары болғандықтан, суық уақытта оларды пайдалану қиындық туғызады. Сондықтан да төмен температурада мұндай майлардың ағуын қамтамасыз ету үшін еру температурасы жоғары алканды көмірсутектерді айырып алады.

Нафтенді көмірсутектер (цикландар) - циклдік қаныққан көмірсутектер, аралық көміртек атомдары бір-бірімен бір валентті байланыспен байланыса отырып, тұйық (циклдік) құрылым жасайды. Жалпы химиялық формуласы СnH2n. Отындарда көп циклді нафтенді көмірсутектер болады. Мысалы, циклопентан С5Н20: Циклогексан С6Н12:

СН2 СН2

Н2С СН2 Н2С СН2

Н2С СН2 Н2С СН2 СН2

Біршама мұнайларда нафтенді көмірсутектердің массасы көп болады: қайнау температурасы орташа өнімдерде олардың массалық үлесі 60-70%, майлы фракцияларда –70% және одан да жоғары.

Нафтенді көмірсутектер парафинді көмірсутектерге қарағанда жану жылуы аз, бірақ детонациялық тұрақтылығы өте жоғары. Олардың карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған отындардың және дизельді отындардың қысқы сорттарында болғаны жақсы.

Бұл көмірсутектер майлы фракцияларда, бір жағынан, тұт­қырлықты арттырады және майлылығын жақсартады, ал екін­ші жағынан, тұтқырлық-температуралық қасиетін жақсар­тады.

Ароматты көмірсутектердің (арендер) жалпы формуласы СnH2n-6

СН

НС СН

НС СН

СН

Мұнай құрамында ароматты көмірсутектер парафинді және нафтенді көмірсутектерге қарағанда аз болады. Әр түрлі мұнайдағы олардың массалық үлесі 5-20%-ды құрайды.

Арендер жоғары жылу тұрақтылықтарына байланысты карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған отындардың құра­мын­да болғаны тиімді, өйткені көмірсутектердің басқа топта­рына қарағанда олардың октан саны өте жоғары. Олардың жоғары күйіктүзу қасиетін есепке ала отырып, ароматты көмір­сутектердің бензинде 40-45% мөлшерінде ғана болу керектігін ескерген жөн. Ароматты көмірсутектердің жоғары жылу тұрақ­тылықтарына байланысты дизельді отындарда болмағаны дұрыс. Ароматты көмірсутектер резеңке бұйымдарға агрессивті және жану жылулығы өте төмен.

Шектелмеген көмірсутектер. Шектелмеген қосылыстар шикі мұнай мен табиғи газдарда болмайды. Шектелмеген көмірсутектер мұнай-химия және негізгі органикалық синтез үшін аса маңызды шикізат болып табылады.

Мұнай өнімдерінде көбінесе олефинді көмірсутектер – алкендер (СnН2n) болады, мысалы:

Н Н Н Н Н Н

Этилен (С2Н4) С = С , бутен (С4Н8) Н – С – С = С – С – Н

Н Н Н Н Сондай-ақ екі байланысты диолефинді көмірсутектер де кеңінен тараған.

Шектелмеген көмірсутектер қосылу, конденсациялау, полимерлену реакцияларына бейім.

Пайдалану жағдайларында олефиндердің төменгі химия­лық төзімділігі кері әсер етеді, мұнай өнімдерінің тұрақ­тылығы әлсірейді. Жылулық крекинг бензиндері құра­мындағы олефинді құрама бөліктерінің тотығуы салдарынан сақтау кезінде шайыр­ланады, карбюратордың жиклерін, жіберу құбырларын лас­тайды. Сондықтан да шектелмеген көмірсутектердің барлық мұнай өнімдерінде болмағаны жөн, ал майлардан оларды тазар­ту арқылы айырады.

Күкіртті қосылыстар. Қазіргі уақытта мұнай күкіртті немесе жоғары күкіртті болып келеді. Мұндай мұнайларды отын ретінде өңдеу және қолдану қосымша шығынды қажет етеді. Бензиндегі күкірттің массалық үлесі 0,033-тен 0,15%-ға дейін артуы қозғалтқыштың қуатын 10,5%-ға төмендетеді, ал отын шығыны 12%-ға артады. Күкіртті отындарды қолдану (пайдалану шығындарынан басқа) қоршаған ортаға, адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді, өйткені қозғалтқышта жану барысында зиянды күкірт тотығын бөліп шығарады.

Мұнайдың күкіртті қосылыстары оның фракциялары бойынша тең бөлінбеген. Айдау температурасының артуымен күкіртті қосылыстар құрамы артады. Ауыр мұнай қалдық­та­рында, әсіресе асфальтты шайырлы бөлігінде, күкіртті қосы­лыстардың массалық үлесі 70-90%.

Күкіртті қосылыстар белсенді және белсенді емес болып екіге бөлінеді. Белсенді қосылыстарға қалыпты жағдайда металды мүжілдіретін қосылыстар (күкірт S; көмірсутек H2S; меркаптандар RSH, мұндағы R-көміртекті радикал) жатады. Күкірт суық кезде де металды тоттандырады.

Белсенді емес күкіртті қосылыстар сульфиттерден (R-S-R–75-80%), дисульфиттерден (R-S-S-R) және полисульфиттерден (R-Sn-R) тұрады.

Күкірті аз мұнайларда күкірт қосылыстары 0,1-0,5%, ал күкірттілерде 4% және одан да жоғары болады. Күкіртті мұнайларды айдағаннан кейін бензинді фракцияларда күкірт 0,15-0,2%, керосин фракцияларында 1%, ал соляркада 2% болады.

Оттекті қосылыстар. Оттегі бар қосылыстардың мұнайдағы массалық үлесі 10%.

Органикалық қышқылдар – кез келген мұнайда, барлық отындар мен майлау материалдарында кездесетін қарапайым оттекті қосылыстар (R-COOH, мұндағы R- көміртекті радикал, COOH – карбоксидті топ). Мұнай мен мұнай өнімдерінде қайнау температурасы жоғары (2000С-ден жоғары) майлы сұйықтық - нафтенді қышқылдар (СnH2n-1COOH) көп болады. Олар кейбір түсті металдарды (қорғасын, мырыш т.б.) тоттандырады.

Азотты қосылыстар. Олар мұнай құрамында басқа оттекті және күкіртті қосылыстарға қарағанда аз мөлшерде кездеседі, сондықтан да отын және майлау материалдарының қасиеттеріне аса әсер ете қоймайды. Бензинді фракцияларда азот болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]