Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ВОУД 2013=КАЗ+РУС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы

1. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар: A) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдар B) прокурордың санкциясы бойынша кез-келген сарапшыға C) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдар D) арнайы ғылыми білімі бар кез-келген адам E) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері

2. Басты сот талқылауының сот тергеуі кезеңінде жүргізілуі тиіс әрекеттер: A) дәлелдемелердi ұсыну мен зерттеу B) сот құрамын, процеске басқа қатысушыларды жариялау C) сотталушыдан жауап алу D) төрағалық етушi сот отырысын ашады және қандай қылмыстық iстiң ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлау E) сотталушының айғақтарын жария ету

3. Жеке айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: A) Тараптар бiтiмге келген жағдайда iстi тоқтатады B) Іс бойынша анықтау не тергеу жүргiзуді шешу үшiн iстi прокурорға жiбередi C) Сотталушыға тәртіптік шара қолданылады D) Заттай айғақтар туралы мәселенi шешеді E) Айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады

4. Сот қаулысын орындау сатысында судья міндетті: A) Сот үкiмiнiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн тексеруге B) Үкiм бойынша тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрiн өзгертуге C) Адамды ұстап беру туралы шешiмдi негiзсiз деп тануға D) Үкім заңды күшіне енгеннен кейін дереу оны орындауға E) Үкімді іс жүзінде орындау барысында туындайтын сұрақтарды шешуге F) Заңға сәйкес, толық немесе белгілі бөлікте үкімді тікелей өзі орындауға

5. Қылмыстық іс қысқартылған кезде сот азаматтық талапты қарамайтын негіздер: A) Сотталушы адамның қылмыс жасауға қатысқанының дәлелденбеуі B) Мерзімнің ескіруі C) Жеке айыптау ісі бойынша (ҚР ҚІЖК 33 бап 1 бөлігі бойынша) жәбірленушінің шағымының болмауы D) Қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмауы E) Қылмыс оқиғасының анықталмауы F) Рақымшылық ету актісінің салдары

6. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бiрге келiп түскен iстi қарау кезiнде сот iс-әрекеттердi орындауға құқылы: A) Бiрiншi сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданғанын айқындауға B) Сот отырысына қосымша куәларды шақыртып, олардан жауап алуға C) Сот үкiмiнiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн тексеруге D) Қылмыстық істі қозғауға E) Сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға F) Тараптардың өтiнiштерi бойынша құжаттарды талап етiп алуға

7. Сот актiсiн апелляциялық тәртiппен қайта қарау туралы наразылықты енгiзуге құқылы: A) Бас Прокурор B) Заңды өкіл C) Ақталған адам D) Жәбiрленушi E) Сотталған адам F) Мемлекеттiк айыптаушы G) Облыстардың прокурорлары

8. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкiн: A) Қылмыстық істі тоқтата тұру туралы қаулы B) Істi қысқарту туралы қаулы C) Мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы D) Тергеу іс әрекетінің хаттамасы E) Қадағалау тәртібімен қабылданған шешім F) Айыптау үкiмi G) Ақтау үкiмi

9. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс: A) Соттылығының болуы B) Айыпталушы тергеуден жасырынып қалуы C) Айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адам анықталмауы D) Кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы E) Сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындау қажеттігі F) Интеллектуалдық ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi G) Кәмелетке толмағандарға ересек адамдардың ықпалы

10. Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған адамды ол азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшiн беруден, бас тартылуы мүмкiн егер: A) Сотталушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болса B) Сұраушы мемлекетте адам қинауды қолдану қаупіне ұшырауы мүмкін деп ұйғаруға негіз болса C) Сотталушыны халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе D) Адам сол үшiн сотталған әрекеттерiнiң бiрде бiрi сотталушы азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдары бойынша қылмыс болып танылмаса E) Қазақстан Республикасы осы адамға саяси баспана бермесе F) Ұстап беру туралы талапқа негiз болған әрекет ҚР-да қылмыс деп танылса G) Ұстап беру туралы талапқа негiз болған әрекет ҚР-да қылмыс деп танылмайтын болса