Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
1. Шешім шығарған сот жіберілген қателерді келесідей тәсілдермен жоя алады: A) Қосымша шешім шығару B) Қарар бөлігін ғана түзету C) Ұйғарымды шығару D) Сөздік және арифметикалық қателіктерді түзету E) Шешімді түсіндіру
2. Сот шешімінің бөліктері: A) сипаттау, қорытынды B) қысқартылған сот шешімінде - кіріспе, дәлелдеу, қарар C) кіріспе, сипаттау, дәлелдеу, қарар D) кіріспе, сипаттау, өтпелі, қарар E) толық сот шешімінде - кіріспе, сипаттау, дәлелдеу, қарар
3. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер: A) Заңға дұрыс түсінік бермеу B) Сот өндірісінің тілі туралы ережені бұзу C) Арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар D) Куәнің көрінеу жалған жауаптары E) Судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері
4. ҚР АІЖҚ кодексі бойынша сот шешімі ұғымы: A) Сот шешіммен тараптардың бітімгершілік келісімі бекітіледі B) Шешім - бұл кассациялық сатыдағы соттың қаулысы C) Шешім - бұл істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы D) Сот шешімі дегеніміз істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы болып табылады E) Шешім - бұл соттың қаулысы және онда талап өндірісінде мәлімделінген талаптарға, ерекше сипаттағы іс жүргізу істеріндегі шағым мен арызға жауаптар мазмұндалған F) ҚР АІЖ кодексі бойынша сот шешімі - бұл істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы
5. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы: A) Азаматтық құқықтық дауларды шешу бойынша соттардың қызметін реттейтін нормалар жүйесі B) Отбасы, тұрғын ұй және басқада құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларды шешу бойынша серіктестік соттардың қызметі C) Азаматтық істерді қараудың тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық саласы D) ҚР және шетелдердегі азаматтық іс жүргізу құқығының даму заңдылығы, маңызы, сипаты табиғаты туралы теориялар, концепциялар, көзқарастар жүйесі, оның тәжірибеде қолданылуы E) Азаматтық іс жүргізу құқығының бұртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуының зерттелуі F) Азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы
6. Апелляциялық сатыдағы тараптармен бітімгершілік келісім жасаудың мүмкіндігі: A) ҚР АІЖК-не сәйкес, тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарында көрсетілуге тиіс B) Тараптардың бітімгершілік келісім жасаған салдарынан апелляциялық сатыда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша іс жүргізу қысқартылуы мүмкін C) Бітімгершілік келісімде тек нотариус куәландырады, оның сот өндірісіне қатысы жоқ D) Тараптарда ондай мүмкіндік жоқ E) Бітімгершілік келісімді тараптар іс бірінші сатыда қаралса ғана жасай алады F) Апелляциялық сатыда тараптар бітімгершілік келісімге келе алады
7. Әкімшілік органның және лауазымды тұлғаның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын сотта даулауға құқылы: A) соттың өзі B) шетелдік соттардың ұйғарымдарды тексеру C) бала асырап алуға қатысушы тұлғалар D) қарама-қарсы мүдделлі тараптар E) әкімшілік жауаптылыққа тартылған кез келген тұлға F) әкімшілік құқық бұзушылықтан жәбір шеккен тұлға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны сотта даулауға құқылы G) әкімшілік жауаптылыққа тартылған лауазымды тұлға және қызметі қоршаған ортаны ластаумен байланысты кәсіпорын
8. Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмауы: A) Құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса B) Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда C) Заңды дұрыс түсіндірмесе D) Істі қарауға құқығы жоқ судья қараса E) Қолданылмауға тиісті заңды қолданса F) Сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда G) Заңға ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса
9. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, егер: A) Мәлім етілген талап сот бұйрығы шығарылатын талаптарға жатпаса B) Мемлекеттік баж төленбесе C) Судьяның нұсқауына сәйкес арыздағы кемшіліктер жойылмаса D) Мәлім етілген талапты растайын құжаттар табыс етілмесе E) Табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы F) Талапты қамтамасыз ету шаралары туралы көрсетілмесе G) Арыздың нысаны мен мазмұны сақталмаса
10. Шет мемлекет тиiстi мәселеге немесе iске қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келiскен деп танылады, егер келесідей негіздерде Қазақстан Республикасы сотының юрисдикцияны жүзеге асыруына тiкелей келiсiм бiлдiрсе: A) ҚР Үкіметінің қаулысында B) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында C) Қазақстан Республикасының заңында D) Жазбаша келiсiмде E) Қазақстан Республикасының сотында мәлімдеме жасау немесе нақты iс қарау шеңберiнде жазбаша хабардар ету F) ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығында G) Қазақстан Республикасының ақпарат-байланыс құралдарында мәлімдеме жасау немесе нақты iс қарау шеңберiнде хабардар ету
