Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ВОУД 2013=КАЗ+РУС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.91 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

1. ҚР Парламентінің жұмыс органдары болып есептеледі: A) Палата аппараты B) Палата төрағалары C) Мәжілістің тұрақты комитеттері D) Палаталардың бірлескен комиссиялары E) Сенаттың тұрақты комитеттері

2. Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылады: A) Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізбесе B) Сотпен қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда C) Қазақстаннан тыс жерге жеке ісімен уақытша кетсе D) Сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда E) Ол орнынан түскен немесе қайтыс болған жағдайда

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің республикалық бюджет жөніндегі құзыреті: A) Мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады B) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi C) Бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi D) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады E) Республикалық бюджеттi әзiрлейді

4. Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті: A) Ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi B) Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады C) Мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады D) Еңбек ақы төлеу шарттарын белгiлейдi E) Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады F) Республиканың мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады

5. Конституциялық Кеңестің конституциялық бақылау қызметінің мәні: A) Заңдардың Президент қалауына сәйкес келуін мүмкін ету B) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету C) Халықтың құқықтық санасының көтерілуіне әсер ету D) Президенттің заңдарға қарсылық білдірмеуін қамтамасыз ету E) Конституцияның бұлжымастығын, яғни нормативтік актілерді қабылдау кезінде оның нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету F) Сайлаулар өткiзу кезінде конституциялық нормалардың мүлтіксіз органдалуын қамтамасыз ету

6. Конституциялық Кеңес алғашқы шешiмiн қайта қарайды: A) Алғашқы шешім шыққан күннен бастап 5 жыл өткен соң B) Өз бастамасы бойынша C) Парламент депутаттарының және Президенттің қатысуымен D) Қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгерсе E) Парламент палаталарының бірлескен отырысында F) Шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылса

7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілеттіктері: A) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды B) Судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді C) Судьяларды ешкімнің тиіспеушілігі құқығынан айырады D) Судьяларды қызметінен босатады E) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды F) Судьяларды қызметке тағайындайды G) Республиканың Жоғарғы Сотын құрады

8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәртебесі: A) Сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi B) Жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады C) Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін орган D) Заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында жергілікті және басқа соттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады E) Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары сот органы F) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қылмыстық істерді қарайтын орган G) Қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын өкілді орган болып табылады

9. Мәслихаттың тексеру комиссиясының мәртебесі: A) жергілікті әкім тексеру комиссиясының төрағасы болып табылады B) төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады C) құрамына бөлек әкім және тәуелсіз сарапшылар кіреді D) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн құрылады E) жергілікті органдардың құрылуы мен қызметінің заңдылығын қарайды F) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін құрылады G) тексеру комиссиясының мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi

10. Мәні бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару: A) Жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет B) Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі қызмет C) Халықтың заң шығару жөніндегі қызметі D) Президент атынан жергілікті аумақта жүргізілетін қызмет E) Халық тiкелей жүзеге асыратын қызмет F) Мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын қызмет G) Жергілікті жерлерде мемлекеттің саясатын жүргізу жөніндегі қызмет