Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі

1. Халықаралық құқықтың нормалары.

2. Халықаралық құқықтың жүйесі.

3. Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің негізгі түрлері.

1. Халықаралық құқықтың нормалары.

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің, норманың ретте­уші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда келтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы "құқық" деп, ортақ міндеттілік сипатындағы дұрыс заңдардың нормалары жайлы айтылса керек. " Халықаралық құқықтың нормасы" түсінігінің "жалпы құқық нормасы" түсінігінен біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық құқықтық қатынастардың негізгі рет­теу тәсілі болып- екі-жақтың келісімге келуі (консенсус) та­нылады. Осыған сай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады яғни ха­лықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жариялық құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес халықаралық шарт­тың нормалары ретінде көрсетілген "халықаралық құқықтың нор­масы" түсінігінің сол бір бөлігіндегі тәртіп ережесінің ор­тақ міндеттілігі жайлы айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине ха­лықаралық нормаларының құрылуы, халықаралық шарттың негізінде ғана жүрмей, сондай-ақ халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (jus cogens нормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады1.

Аталған нормалар (яғни мұндағы халықаралық құқықты әдет ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары

негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.

Осы арада jus cogens нормалары түсінігінің мазмұнын айта кету қажет2. Бұл нормалар ретінде негізгілері, халықаралық құқықтағы бастапқы тамырын реттеуші нормалары түсіндіріледі. 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы жайлы Вена Конвенция­сына сәйкес, (53 бап) jus cogens нормасы, мемлекеттердің ха­лықаралық қауымдастығымен жалпы қабылданатын және мойындала­тын да норма ретінде анықталады. Бұдан ауытқуына жол берілмейді де оның өзгеруі тек халықаралық құқықтың дәл осындай сипатындағы келесі нормамен ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл түсініктің халықаралық құқықтық тәжірибеге келуі, докт­риналық қайнар көздерінен басталады (яғни ғалымдармен шығарылған). Бүгінгі таңда оның халықаралық жариялық құқық ғылымында жалпыға танылған болып саналады. Алайда бұл норма­лар мемлекеттердің, олардың мазмұны мен заңды күшіне орай, еркісімен санасу жолымен де қалыптасады. Бұл нормалардың жалпы халықаралық құқықтық нормаларынан айырмашылығы оларда бекітілген тәртіп ережелерінің едәуір жоғарғы маңыздылығының дәрежесі болып табылады. Нормалардың бұл өзі, халықаралық құқық қайнар көздерін объективтілеудің дербес, заңды бір формасы ретінде алөа жылжымайды. Олар әдеттегідей халықара­лық шарттарда негізделеді3. Соған қарамастан, халықаралық құқықтың өзге нормалардың айырмашылығынан келтірілген ең маңызды ізі jus cogens нормаларының ең жоғарғы заңды күші болып табылады. Мысалға мемлекеттер өз еркілерінің автономия қағидасына негізделе отырып, өздерінің келісімдерінде (мыса­лы екі-жақты келісімдерінде) сан алуан нормалары мен өз тәртіптерінің құқықтары мен міндеттемелерінің нұсқауларын және т.б. бекіте алады. Алайда олардың халықаралық құқықтың императивті нормаларына (jus cogens) қайшы келген жағдайында жоғарыдағы шартты ережелер өте шамалы ғана болып есептеледі. Біздің пікірімізше, jus cogens нормаларының тән бір мысалы ­олар халықаралық жариялық құқықтың қағида нормалары болып табылады4: күш қолданбау және күшпен қатер тәндірмеу, агрес­сияға тыйым салу, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекет­тердің егемендігін құрметтеу мен олардың, бір бірінің ішкі қызметтеріне араласпау, адам құқығын қорғау және т.б. Деген­мен қазіргі халықаралық құқықтағы сондай секілді нормалардың жоқ екендігін айтуға болады. Екінші жағынаан алып қарағанда, сондай тізімді қалыптастыру бізге мүмкін еместігі айқын көрінеді, дегенмен халықаралық қатынастардың тарихи ас­пектісіндегі даму динамикасы өмірдегі стандарттардың әрқашанда жаңартылып отыруын, оның өзгерілуін, толықтырылуын т.б. талап етеді.

Халықаралық құқық нормаларын топтастыру.

Халықаралық құқық нормаларын, жалпы құқық нормалары секілді түрлі себептерге орай топтастыруға болады. Біздің ойымызша ең өзектілері болып мыналар табылады5: 1. Реттеуші ықпалының мазмұны бойынша: - реттестіруші нормалар, осыған сай қаты­настардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, тәртіп ережелерін бекітетін нормалар. - қорғаушы нормалар, нақты жағдайларға қатысты алдын ала қарастырушы заңды жауап­кершіліктің шаралары, яғни мұндағы халықаралық құқықтық си­патындағы жауапкершіліктер. Көп жағдайларда, екі түрі бірдей нормаларында жинақталады, алайда сирек кездеседі. 2. Ретте­уші ықпалының сипаты бойынша: - императивті-абсолюттік, анықталған тәртіптің апелляциясыз қалыптасқан моделі бар нормалар,(көбінесе оны орындамағандығы үшін санкциясы бар нормалар). - диспозитивті нормамен көрсетілетін, тәртіп мо­делін таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын нормалар. 3. Осы шеңбердегі халықаралық құқық нормасының реттеуші ықпалының жүзеге асырылатын уақыт мөлшеріне байланысты: - тұрақты күші бар,( мысалы мерзімсіз сипатының нормалары). - уақытша күші бар, сонымен қоса ғзінің заңды күшін мерзімді растайтынын талап етуші нормалар. 4. Императивті сипаттағы нормалардың, мына түрлерге бөлінуін тағы бір атап көрсету қажет, яғни олар: - қарапайым императивті нормалар; - jus cogens импера­тивті нормалар, бұлардың түсінігі жоғарыда айтылған болатын. Жалпы былайша көрсетуге болады, яғни қандай да бір объектіні топтастырудың өзі (мұнда халықаралық құқық нормаларын топ­тастыру жағдайы айтылады) шартты болса керек, үлгілік, тәлімдік сипатын ұстанады. Сондықтан да айтатынымыз сөзсіз, жоғарыда аталөан түрлердің шеңберінде әртүрлі элементтерді біріктіретін нормалардың болуының өзі де ықтимал.