Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать
  1. Халықаралық аралық соттар (арбитраж).

Халықаралық арбитраж (аралық қарау) – үшінші тараптың дауды шешу. Оның шешімі дауласушы тараптар үшін міндетті.

Арбираж халықаралық дауларды шешу ұүралы ретінде ұүлиеленушілік мемлекеттер кезеңінен белгілі. 1872 жылы арбитражды сот АҚШтың пайдасына 15,5 млн долларды шешті, ал ағылшын үкіметі осы сомманы крейсерлерді сатқаны үшін зиянды өтеу үшін төледі.

Халықаралық арбитраждың тәртіптің дамуына 1899 және 1907 жылдардағы халықаралық қақтығыстарды шешу жөніндегі Гаага конвенциясы үлес қосты. 1958 жылы Бас Ассамблея арбитражды өндірістің үлгі ережелерін шығарды. Олар ұсынбалы сипатқа ие.

Қазіргі халықаралық тәжірибеде арбитражды органдардың екі түрі белгілі: ad hos және тұрақты арбитраж. ad hos арбитражы нақты бір дау бойынша тараптардың келісімімен құрылады. Мұндай келісім ымыраға келу немесе аралық жазба деп аталады.Онда тараптар даудың пәнін анықтайды. Сондай-ақ оны жүргізудің тәртібі мен қағидаларын және сот құрамын анықтайды. Аралық жазба аралық шешімді қабылдау мен орындауға қатысты тараптардың өзара міндеттерін де көрсету керек.

Тұрақты арбитраж- тараптар өздерінің арасындағы туындаған дау бойынша шағымданатын тұрақты арбитражды орган.Бұлардың юрисдикциясының екі түрі бар-ерікті және міндетті. Ерікті жағдайда тараптардың екеуінінде келісімі керек. Ал міндетті де тараптардың біреуінің талабы жеткілікті.

Арбитражды шешімді орындау міндетті.

1899 және 1907 жылдардағы Гаага конвенцияға сәйкес егер жаңадан мән-жайлар ашылса, арбитражды шешімді қайта қарауға жол беріледі.

Аралық сот бір тұлғадан немесе тұлғалар тобынан тұруы мүмкін. Жалпы акттің 22 бабына сәйкес ad hos бес мүшеден тағайындайды , екі басқа арбитр мен суперарбитр үшішүі мемлекеттердің азаматтарынан тараптардың жалпы келісімі бойынша сайланады.

1991 жылы 1899 және 1907 Гаага конвенцияларының негізінде Гаагада орналаскан (Нидерланды) аралық соттың тұрақты палатасы құрылды.Палата құрылымында екі тұрақты орган бар: Халықаралық бюро және әкімшілік кеңес. Бюро кеңсе функциясын орындайды: тараптар аралық сотқа шағымдану не өз шешімдерін хабарлайды. Бюро палатаға қарауға берілген дауда тараптар арасында байланысты жүзеге асырады. Халықаралық бюро қызметін бақылауды Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер Гаагадағы дипломатиялық өкілдіктерден тұратын әкімшілік кеңес жүзеге асырады. Кеңестің төрағасы болып Нидерландының сыртқы істер министрі сайланады. Кеңес барлық әкімшілік істерді қарайды.

Аралық соттардың тізімі келесідей түрде құрылады: Гаага конвенциясының қатысушы мемлекет төрт тұлғаны 6 жылға тағайындайды. Дәл қазіргі таңда 300 астам тұлғалар тізімде тұр.

1992-1995 жылдары Палата бірқатар құжаттар қабылдады. Олар: екі мекеме арасындағы дауды арбитражды қараудың факультативті ережелері.(1992ж. 20 желтоқсаннан бастап әрекет етеді); бір тарабы мемлекет болып табылатын екі тараптың арасындағы дауларды қараудың факультативті ережелері (1993ж. 6шілде); мемлекет пен ұйымдар арасындағы дауларды қараудың ережелері(1996ж. 1шілде); ұйымдармен жеке тұлғалар арасындағы дауларды қараудың ережелері(1996ж. 1шілде); тергеу комиссиялары үшін факультатавті ережелер(1997ж. 15желтоқсан).

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТТЫҢ ПРОЦЕДУРАСЫ

Халықаралық соттың іс қарауының теоретикалық негіздері ХІХ ғасырда қаланданымен дауларды бейбіт жолмен шешудің жаңа әдістері болып саналды. Алғашқы халықаралық сот 1921 жылы Ұлттар Лигасы шеңберінде құрылды. Ол халықаралық сот төрелігінің тұрақты палатасы. Ол өз қызметін 1946ж. 18 сәірде тоқтатқан. ХХ ғасырдың екінші жартысында халықаралық соттарды құру тәжірибесі барынша кең етек жайды. Жалпы деңгейдегі (БҰҰ халықаралық соты, теңіз құқық жөніндегі халықаралық трибунал) және аймақтық деңгейдегі (Адам құқықтары жөніндегі европалық сот. ТМД экономикалық соты, Европалық сот және т.б.) соттар құрылды.

Халықаралық соттың іс қарауының халықаралық арбитраж арасында ұқсастықтар көп. Ең басты шешімнің міндеттілігі. Олардың арасындағы айырмашылығы ұйымдастырушылық сипатта болып отыр. Арбитраждың құрамы дауласушы тараптардың еркіне байланысты ,ал халықаралық соттың құрамы алдын-ала айқындалған; аралық сот мүдделі тұлғалардың шағымдануы негізінде қалыптасады ,ал халықарлық сот тұрақты түрде жұмыс істеп отырады. Халықаралық соттар арбитраждар секілді халықаралық ұйымдардың қатысуымен және жеке азаматтардың қатысуымен болған дауды қарайды.

БҰҰ-ның халықаралық соты халықаралық Әділ соттың тұрақты Палатасының мирасқоры болды. Бұл БҰҰ-ның басты органдарының бірі. Оның құрамы мен құзыреті БҰҰ-ның жарғысымен және халықаралық соттың статутымен анықталған.

Теңіз құқығы бойынша халықаралық трибунал 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясына сәйкес 1996 жылы құрылған теңіз құқығындағы дауларды шешу органы болып табылады. Статуттың 2 бабына сәйкес халықаралық трибунал 21 судьядан тұрады. Трибуналдың мүшелері тоғыз жылға саланады және қайта сайлануы мүмкін.

Трибуналдың құрамында әлемнің құқықтық жүйесінің өкілдігін қамтамасыз етілуі мүмкін. Осы мақсатта бір мемлекеттен бір өкілден артық болмауы керек және әрбір географиялық топтан үш мүшеден артық болмау керек.

Адам құқықтары жөніндегі Европалық сот ( Страсбург қаласы, Франция) 1959 жылы 1950 жылғы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жөніндегі Европалық конвенция негізінде құрылды. Осы конвенцияның 1994ж. қабылданған 1998ж. күшіне енген хаттамасына сәйкес Европалық сот қайта құрылып, оған адам құқықтары жөніндегі Европалық комиссияның функциялары өтті.

Европалық сот 1950 жылы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің тең санымен соттардың құрамынан тұрады.

ТМД Экономикалық сот – экономикалық міндеттемелер бойынша туындаған дауларды шешу үшін құрылған арнайы сот. Ол 1992 жылы 15 мамырдағы қатысушы елдердің шаруашылық ұйымдыардың арасындағы есептесуді жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім негізінде құрылды. 1992ж. 6 шілдеде Экономикалық соттың статусы және Экономикалық сот ережесі жөніндегі келісім қабылданды. ТМД жарғысында (32б) сот тұрақты әрекет етуші орган ретінде тіркелген. Ол өзінің 1994ж. өзінің қызметін бастады.

Соттың қарауына мемлекетаралық экономикалық даулар жатады. Сот одан да басқа дауларды шеше алады. Сондай-ақ, достастықтың экономикалық мәселері бойынша қабылданған ережелерді талқылауы мүмкін.

Сот құрамына 1992ж. келісімге қатысушы мемлекеттерден екі судьядан кіреді және он жылға тағайындалады. Жоғарғы алқалы орган болып Сот Пленумы табылады. Ол мемлекет -қатысушылардың жоғарғы арбитражды сот төрағаларынан және судьялардан тұрады. Пленум Сот шншіміне арыздарды қарап соңғы шешім шығарады.

Дауларды бейбіт түрде шешудің халықаралық-құқықтық тәсілдері деп халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы дауларды реттеу тәртібі табылады.

Тікелей келіссөздер дауларды шешудің тәсілдері жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл тәсілсіз ешқандай дауды шешудің мүмкіндігі болмайды.

Кеңес беру, келіссөздің бір түрі болып табылады. Бұл дауларды шешудің жаңа әдісі болып табылады. Ол ХХ ғасырда қалыптасты.

Халықаралық ұйымдардың жарғыларында дауларды шешудің механизмдері қарастырылған. Халықаралық ұйымдармен дауларды қарау саяси әдістер арқылы жүргізіледі. Шешім ұсынбалы сипатта болады.

БҰҰ жарғысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблея дауды бейбіт түрде шешудің функциясы бөлінген орган болып табылады.

Игі қызметтер және татуластырушылық бұлар халықаралық дауды бейбіт шешуде бірге қарастырылады. Бірақ айырмашылықтар да кездеседі. Олар келесідей: игі қызметтердің мақсаты тараптардың арасындағы байланыстарды жақсарту. Игі қызметтерді көрсетіп отырған тарап келіссөздерге қатыспау керек. Татуластырушылықта үшінші тараптың белсенді қатысуы көрінеді. Оның мақсаты тараптардың арасындағы келісуді жүзеге асыру.

Халықаралық тергеу және келісім комиссиялары- тараптардың келісімімен құрылған органдар. Бұл “БҰҰ жарғысының 33 бабында зерттеу”, “тексеру”, “келісу” терминдерінде көрініс табады.

Тергеу комиссиясының міндетті болып дауға қатысты фактілерді дұрыс бекіту. Келісім комиссиясы даудың реттелуіне барынша ат салысады. Бұл комиссиялардың қорытындылары факультативті сипатқа ие және тараптарға міндет жүктеледі.

Халықаралық арбитраж- дауды үшінші тараптың шешуі. Оның шешімі тараптарға міндетті.

Халықаралық соттың іс қарауы дауды шешудің жаңа тәсіліне жатады.

БҰҰ Халықаралық Соты халықаралық әділ соттың Тұрақты палатасының мирасқоры. Ол БҰҰ ның басты органдарының бірі. Оның құрамы БҰҰ жарғысымен және Халықаралық Сот Статутымен анықталған.

Әдебиеттер:

  1. Анисимов Л.Н. Международно-правовые разрешения международных споров (конфликтов). –Л., 1975.

  2. Кожевников Ф.И., Шарманазашвили Г.В. Международный Суд ООН.- М., 1971.

  3. Лазарев С.Д. Международный арбитраж.- М., 1991.

  4. Левин Д.Б. Принцип мирного разрешения международных споров.- М., 1977.

  5. Пушнин Э.А. Мирное разрешение международных споров.- М., 1974.

  6. Энтин М.Л. Международные судебные учреждения.- М., 1984.

  7. Действующее международное право. В трех томах. – Т.1. –М., 1996.-Разд. ((((.

  8. Сарсембаев М.А. Международное право.- А. 1999.