Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать
  1. Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.

Қазіргі доктринада, халықаралық құқықтың бұл даму кезеңінің атауы көрсетілмеген. Г.И. Тункин феодалдық мемлекеттің қалыптасуынан сословиялық, абсолюттік монархия және 17-18ғғ. буржуазиялық революция кезеңдерін қамти отырып, бұл кезеңде феодалдық қоғамның халықаралық құқығы ретінде қарастырылады. И.И. Лукашук орта ғасырдың халықаралық құқығы тарихын 2 сатыға бөліп қарастырады, орта ғасырдың басын ( 6-16) халықаралық құқықтың алғы тарихына, ал орта ғасырдың алғы(16-18) халықаралық құқықтың классикалық сатысына жатқызады.

М.А. Сарсембаев орта ғасырдың халықаралық құқығын біртұтас қарастырады.

Дәуірге бөлудің негізі, тарихи оқиғалар екенін назарға ала отырып, орта ғасырдың халықаралық құқығының және халықаралық құқықтық ғылымының тарихын 2 кезеңге бөлеміз: бірінші кезең 6-16ғғ. қоғамының тарихи дамуына сәкес келеді, яғни 1648 жылғы Фестивальдің бейбітшілікті бекіткенге дейін, екінші кезең 19 ғасырмен аяқталады, яғни Гаага конференциясы өткізілгенге дейін.

Көптеген авторлардың пікірлері бойынша, ежелгі ғасыр секілді, орта ғасырда да біртұтас халықаралық құқық болмады. Халықаралық қатынас келесі Батыс Европа,Византия,Ресей,Араб елі,Африка,Индия,Қытай аймақтарында дамыды. Орта ғасырда жаңа тарихи оқиғалардың әсерінен ежелгі дүниеде болған халықаралық құқық институттары және әдет-ғұрыптар әрі қарай дами бастады.

Орта ғасырда жаңа институттар пайда болды. Үшінші мемлекеттің жағынан шартқа кепіл беретін институт, теңізді пайдалану институты, тәуелсіздікке түсінік, ауру және жарақаттандарғға қамқор пайда болды.

Дүниежүзілік мемлекеттік жүйенің қалыптаспауы шекараның және феодалдық мемлекеттердің аймағының белгіленбеуі, мемлекетте біртұтас биліктің болмауы, мемлекет ішінде, сондай-ақ мемлекеттер арасында үзілмейтін соғыстардың болуына әкеліп соқты.

6-16ғғ. Ежелгі ғасырдағыдай соғыстың заңдары мен әдет-ғұрыптары, әскерге де, бейбіт тұрғындарға да қатал болып қала берді. Жаулап алынған қалалар жеңушілермен танылады. Халықаралық шарттарды бекіту одан әрі дамыды. Ежелгі ғасыр сияқты халықаралық шарттардың пәні болып, соғыс пен бейбітшілік меселесі, мемлекет аймақтарының шекараларының өзгеруі, сауда, теңіз, шетел азаматтарын қорғау болып табылады. Халықаралық сауда және теңіз кеңістігінде жүзу көбейгеннен соң сауда және теңіз шарттарының ұлғаюына негіз болды. Шетел азаматтарын қорғау шарттарының нормаларының мазмұнында салық төлеу, қайтыс болған шетел азамттарының мүлкіне билік ету нормалары қарастырылды. Бұндай нормалар қайнар көздерге сүйенсек, барлық феодал мемлекеттеріне тән емес, тек Ресей-Византия мемлекеттеріне тән.

Теңіз шарттарының пәні болып, теңізді қолдану және теңіздің жағасындағы мемлекеттердің теңізде жүзу мәселесі еді. Л.Н. Талаевтың көрсетуі бойынша орта ғасырда теңіз кеңістігімен пайдалану режимінің 2 тұрғыда қарастыруға болады. Дамыған теңіз державалары Англия, Венеция,Генуя,Испания, Португалия елдері дүниежүзілік мұхиттың бөлігін және жақын жатқан суға өз тәуелсіздік қағидасын ұстанды.

Нидерланды мен Франция ашық теңізде жүзуді және балық аулау бәріне бірдей болу керек деп тапты және дүниежүзілік мұхиттың суына ортақ меншік қағидасын ұстанды.

Орта ғасырда аумақтың суға институттар қалыптасты, ол бойынша судың жағасындағы мемлекеттерге аумақтық су құқығын беру еді. Халықаралық шартта жаңа институт болып шарттардың орындалуын кепіл болу болып табылады. Орта ғасыр тәжірбиесі келесі кепіл түрлерін көрсетті: өзінің атынан жасаған шартқа басшылардың діни анты, мемлекеттің және Рим Папасының кепілі, монархтың отбасы мүшелерінің кепілі, шарттарды сақтау институты, шарттардың орындалуын қадағалау патша мен императорлардың вассалдарына жүктеледі.

Одан кейінгі даму елшілік институты болып табылады.

Орта ғасырдағы халықаралық құқығының дамуындағы ерекшілік шіркеудің оның ішінде Батыс Европадағы халықаралық қатынастағы Рим Папасы,араб елдерінде-ислам дінінің әсер етуі.

Халықаралық құқығына дамуына қатты әсер берген және халықаралық қүұқық кезеңінің дамуында жыңы негіздер енгізген. 1648 жылы Вестфаль конгрессінде қабылданған Вестфаль трактат (оқиғасы) болды. Вестфаль трактаты европа мемлекеттері арасындағы 30 жыл болған соғысты аяқтады, өкілдері тең қатысушылар ретінде Вестфаль конгрессінде қатысты. Вестфаль трактатының негізгі ролі, Г.И. Тункиннің белгілеуі боынша, бұл құжатта аймақтық өзгерулер заңды түрде бекітілді, жаңа европалық саяси карта жасалды. Трактатта декларативті тану теориясы қалыптасқан болатын, ол бойынша Германия империясындағы жеке княздіктерді тәуелсіз деп танылды. Мәскеу Русі халықаралық қатынасқа қатысушы болып танылды. Вестфаль трактаты бойынша Рейн өзінің жанындағы мемлекеттерге еркін жүзу және кемелерден алынатын баж салығын алып тастау жарияланды. Вестфаль конгрессі европа мемлекеттері арасындағы мәселелерді шешуді зайырлы, көпжақты, келісімді шешімге негіз болды, ал Вестфаль трактатының нормаларымен, қағидалары кейінгі,тіпті Ұлы француз буржуазиялық революциясына дейін халықаралық келісімдерге негіз болды.

Халықаралық құқықтың бұл даму кезеңінде халықаралық құқық доктринасы туралы айту әлі ерте, тек оның туу барысы туралы көрсетуге болады.

Халықаралық құқық ғылымының пайда болуына алдыңғы себептер болып, жоғарғы заңдылықтың құқығы және феодалдардың абсолютті билігін шектеу қажеттілігі туралы глоссаторлар мен постглоссоторлардың еңбегі болып табылады.

Орта ғасырдағы халықаралық құқықтың 2 кезеңінің басы болып жоғарыда баяндалған оқиға еді, яғни 1648 жылғы Вестфаль конгрессі.

О.И. Тиуновтың айтуы бойынша ң бұл кезең… тәуелсіз мемлекеттердің теңдігі идеясының дамуына байланысты…, сондай-ақ табиғи құқықтық мектебінің концепциясына негізделген жаңа халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының бекітілуің.

Бұл кезеңде халықтың тәуелсіздігіне байланысты мемлекеттердің тәуелсіздігі, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы, аумақтық басшылық, халықаралық шарттардың орындалуы қағидаларының пайда болуы.

Жоғарыда көрсетілген қағидалардан басқа орта ғасырдың аяғында соғыс және бейбітшілік, аумақ және тұрғындар, халықарлық шарттар институттары ары қарай даму барысын тапты.

Мемлекеттің тәуелсіздік институт қағидасының мазмұны халықтың тәуелсіздігіне себеп болды. Табиғи құқық теориясы бойынша барлық халыққа тәуелсіз және тең болу құқығы берілген, өз аумағының иесі болу, өзінің басқару үлгісін енгізу, халықаралық қатынастардың тең субъектісі болу, өзін-өзі сақтау құқығының болуы. Тәуелсіздік, теңдік және басқа да халықтан айрылмайтын құқықтар , мемлекеттің тәуелсіздігінің негізінде болады. Соғыс және бейбітшілік институтының мазмұны адамгершілікке бағытталды, яғни жарылатын оқтарды пайдалануға тыйым салу, мемлекеттің заң шығару билігінің актілерінің негізінде соғыс және бейбітшілік туралы жариялау, бейбіт тұрғындардың меншігін қорғау, жаулап алған аумақта оккупацияны шектету.

Аумақтық институтының дамуына мемлекеттік аумақтық басшылық қағидасы әсер етті. Бұл қағиданы орындау үшін плебицит институты кіргізген болатын, ол бойынша тұрғындар дауысқа салу арқылы өз аумақтарын басқа мемлекетке беруге қарсы емес екендігін көрсетеді.

Теңіз кеңістігіне келсек, ашық теңізге еркіндік қағидасы әрекет етті, ол бойынша нейтрал мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттар мен ашық теңіз суларын еркін пайдалану құқығын алды. Өзендер барлық мемлекеттердің ортақ меншігінде қарастырылды.

1789 жылғы адам және азамат Француз декларациясының, 1793 жылғы халықаралық құқық Француз декларациясының (француз Конвентонымен бекітілмеген) , 1793жылғы Франция Конституциясының әсерінен тұрғындар институты жаңа даму жолына түсті.

Жаңа енгізілген нормалар болып, өз мемлекетінде қуғынға ұшыраған, еркіндікке қарсы күрескендерге баспана беру құқығы және саяси эмигранттарды шағармау міндеттілігі: азаматтық институтын енгізу және шетел азаматтары үшін ұлттық режим енгізу.

Халықаралық шарттар институтына да біршама өзгерістер енгізілді. Орта ғасырдың басында қабылданған, діни сипатындағы шарттарды орындауды қамсыздандыру тәсілі халықаралық құқықтық кепіл және мемлекеттердің кепілдігімен ауыстырылды. Сондай-ақ халықаралық міндеттемелердің орындалуы ңШарттардың бәрі орындалуы қажетң халықаралық қағидасымен қамсыздандырылды.

Қарастырылып отырылған халықаралық құқықтың даму кезеңі халықаралық мемлекеттердің активті болуында ерекшелінеді, олардың әртүрлі халықаралық конгресстермен конференциялардың өткізілуі, халықаралық құқық қағидаларын бекітетін және халықаралық құқық институтын реттейтін бірқатар халықаралық конвенцияларды қабылдауы.

Мысал ретінде 1814-1815 жж. Вена конгрессін, 1856 ж. Париж конгрессін, 1878 ж. Берлин конгрессін, 1899 ж. Гаага дүниежүзілік конференциясын, халықаралық конгресстер мен конференцияларды атауға болады.

Тарихи және ең бірінші 1814-1815 жж. Вена конгрессінің халықаралық маңызы болып, Швейцарияны тұрақты нейтралитет деп жариялауы, бұл халықаралық құқықтық институтында тұрақты нейтарлитеттің басын қалады, негрлерді сатуды тоқтату туралы декларацияны қабылдау, құл сатушылықты тоқтатты, халықаралық өзендердің түсінігін дамыту және сол өзенде кеме жүзудің тәртібін анықтау дипломатиялық өкілдіктердің лауазымын белгілеу, ол бойынша олар ңелшіге және папалық легат немесе нуцияға, посланнике, министр және басқа да өкілетті адамдар, іске сенімдің болып бөлінеді.

1856 ж. Париж конгрессі халықаралық құқық тарихына теңіз құқығына өзгерістер мен толықтырулар енгізген конгресс болып кірді. Жекелеп айтқанда, Париж конгрессінде капер институты жойылды, ол дегеніміз жеке кемелердің соғысып жатқан басқа мемлекеттің кемесіне зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, сондай-ақ ұнамайтын мемлекетке нейтрал мемлекетінің жүк тасымалдауымен айналысатын кемелеріне тиісуі. Сонымен қатар, Дунай халықаралық өзен болып, ал Қара теңіз нейтралды болып жарияланды.

1878 жылғы Берлин когрессінде Сербия, Черногория және Румыния тәуелсіз мемлекеттер болып танылды.

1899 жылғы және 1906-1907 жж. Гаага дүниежүзілік конференциясында қабылданған құжаттар халықаралық құқықтағы соғыс және бейбітшілік мәселесін түбірімен өзгертті. Бұл факт халықаралық құқық тарихында, қоғамдағы халықаралық құқықтық дамудың үзілуі және халықаралық құқық тарихының дамуының жаңа кезеңінің басталуы деп бағаланды.

1899 жылғы бірінші Гаага дүниежүзілік конференциясында соғыста улы газдарды қолдануға тыйым салатын, жеңіл айналып атылатын оқтарды, снарядтардың атылуы және жоғарыдан жарылатын заттарды тастамауға тағы да басқа тәсілдерді қолданбауға арналған бірқатар конвенциялар қабылданды, сондай-ақ халықаралық дауларды бейбіт жолымен шешу конвенциясы.

1906-1907 жж. екінші Гаага дүниежүзілік конференциясында жаңа конвенциялар қабылданды және 1899 жылғы конвенциялар қайта қаралды

О.И.Тиунов конвенцияда қарастырылған келесі сұрақтарды анықтады: халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, қарыз міндеттемесін орындамаған кездегі көрсетілетін күшті шектеу, соғысты ашу әрекетінің тәртібі, құрлықтағы әскерлердің заңдары мен әдет-ғұрпы, теңіз әскерінің заңдары мен әдет-ғұрпы, құрлықтағы және теңіз соғысындағы нейтралитет тәртібі, улы заттарды қолдануға, көп қорлық көрсететін қару-жарақтар мен снарядтарды пайдалануға тыйым салу.

Халықаралық құқықтың бұл даму кезеңінде, әсіресе 16-17 ғғ. Бастап халықаралық құқығының ғылымы пайда болғаны туралы айтуға болады. Доктринада халықаралық-құқықтық ғылымының әкесі ретінде Голландия заңгері Гуго Гроцияны (1583-1645) атайды. Гуго Гроцияға, бірінші жүйелі еңбегі, негізгі халықаралық құқыққа байланысты сұрақтар, ңСоғыс және бейбітшілік құқығы туралы . Үш кітапң атаулы еңбегі жатады. Гроция, алғащқы көзқарастар мен теорияларды ортақтастыра отырып, соғыстығ заңдары мен әдет-ғұрпын қалыптастырды, халықаралық шарттар туралы ілім мен елшілік құқығы мен теңіз құқығын одан әрі дамытты. Гуго Гроцийдің еңбектері халықаралық құқық ғылымының әрі қарай дамуының негізі болды, яғни әртүрлі бағыттар мен негіздемелер пайда бола бастады. А.М. Талалаевтың айтуы бойынша, халаықаралық құқығының ғылымында 3 негізгі бағыт қалыптасты: табиғи-құқықтық, позитивті, гроцианды.

Табиғи құқықтық бағыттың жақтаушыларына Гоббс, Спиноза және Пуффендорф жатты, олар, халықаралық құқық құдайға байланысты қалыптасады, ал шарттар тек табиғи құқықтың нормаларына тіркеледі. Позитивті бағыттың өкілдері Зеч, Рахел, Мозер және т.б. халықаралық құқық - халықаралық шартта бекітілген нормалардың жиынтығы дейді. Гроциандық бағыттың жақтаушылары болып Э. Де Войтель, ңҰлттар мен сувереннің істері мен әрекетіне қолданылатын, халықтың құқығы немесе табиғи құқықтың қағидаларың еңбегін жазған (1758ж.) , Матенс және т.б.