Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі

Соғыс және бейбітшілік мәселесі (проблема) мемлекеттер арасындағы бұрыннан келе жатқан актуальды мәселелердің бірі болатын. Бірақ, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың пайда болуына байланысты, бұл мәселе (проблема) тым ауырланып күрделене түсті. Бұл құбылысқа байланысты мәселелер, белгілі себептермен Қазақстан Республикасының басшылық қызыметінде айырықша орын алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігің - деген үндеуінде, осы салаға байланысты, оның даму мүмкіншілігіне баға беріліп және біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерден шығу жолдары анықталған. Қазақстан халқы тәуелсіздік алған күннен бастап, ұлттық қауіпсіздігін қорғау жолын, әскери нығайту арқылы емес: ішкі бейбітшілік саясатын жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық ұйымдар мен келісімдерге қатысу, экономикалық интеграциясын бейбітшілік структураларда нығайту арқылы іске асырды. Қазақстан өзінің әлемдік қауымдағы беделін, демократиялық даму жолын және халықаралық құқылық өлшемдерді (стандарттарды) анықтайтын, 300 халықаралық конверциялар мен келісім шартын бекітті.

Осының бәрі Қазақстанның тәуелсіздігін, бейбітшілігі мен келісімін сақтауға мүмкіндігі бар екенінің айғағы. Тарих: тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізумен ғана қоймай, сонымен қатар оны сақтап және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу екендігін үйретеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жіберген ундеуінде: «Жиырма бірінші ғасыр табылдырықта емес, ол біздің үйіміздің терезесінен асқанң делінген. - Біз жаңа жүз жылдыққа қиялмен емес, барлық қазақстандықтар дың тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, - деп сеніммен кіреміз делінген.

Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолы қазіргі жаңа кезеңде, аймақтық және аймақ аралық қатынастарды ұлғайта түсу. Әлемнің бірлігі ядролық қаруды сақтау жолында емес, оның әртүрлі бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысуы жолында тұрғызылуы керек. Сондықтан, барлық мемлекеттер өзінің сан және сапасы жарына қарамастан өз үлестерін қауіпсіздік пен өркендеу үшін қосуы қажет.

Бұған Қазақстан айғақ болады. Өзінің халықаралық құқықтық тұлға ретінде тәуелсіз болған күнінен бастап, республика әлемдік қауіпсіздікті нығайту мақсатында белсенді ат салысуда. Қазақстанның ролі басқалар тарапынан қолдау тапты. Бұл, оның аймағында орналасқан ірі арсеналдық ядролық қару:

1040 ядролық жарылғышы бар СС-18 маркалы 104 стационарлы базалық зымыран, 240 қанатты ядролық зымыраны бар ТУ-95МС маркалы 40 стратегиялық жарылғыштарының болуы. Бұл арсеналдарды басқару немесе оларды өзінің қауіпсізді үшін Қазақстан аймағында сақтау туралы әртурлі ұсынытар болды. Бірақ, біріншіден мұндай жол ядролық қарУДЫң таралмауы мақсатында жасалған шарттардың бүкіл жүйесін бұзуға әкеліп соғатын еді. Екіншіден, ядролық қарудың болуы бұл, екі бірдей дәрілі бөшкеде отырғанмен тең. Жаппай жою қаруының болуы, бір жағынан кеңес үкіметі аймағында болған жағдайда аса қаУіп төндіретін. Басқа жарынан ядролық қаруы бар мемлекеттер Қазақстанды ядролық зымырандары үшін нысанада ұстады. Қысқа мерзімді ұтыс Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлемдік бірлестіктер үшін, стратегиялық ұғысқа айналды.

Қазақстан дипломатиясының алдында әлемдік ядролық саясатты меңгеру, ядролық қаруды құрту жөніндегі өзінің бағытын /позициясын/ анықтап алу туралы мәселелер туындады.

Республикасының тәуелсіздік алған ағашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасының Президенті республиканы ядролық қарудан тазарту туралы бағытты ұстайды. Қазіргі таңда әлемдік ядролық соғыспен жәй соғыстың төну қаупі төмендеген. Бірақ, әлемде басқа да экономикалық, аумақтық, религиялық, этникалық және тарыда, басқа қарам-қайшылықтардан туындайтын қақтығыстар /конфликтер/ сақталуда. Қазақстанның алдына қойран басты мақсаты: әлемдік бейбітшілік ұйымдар мен басқа да, бейбітшілікті нысандаран күштерді қолдау болып табылады. Бұран байланысты республика: әр түрлі туындаған қарама-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешуге, келісім сөздерді халықаралық құқықтық нормалар шегінде жүргізуге; қарк-жарақты жер бетінде қУРту және оны космосқа шығармау; халықаралық достас елдердің қару-жарақты қорғаныс қажеттілігіне керекті аз деңгейіне дейін қысқартуға, қолда бар жаппай қырып жоюға арналған қарулар мен жаңа қаруларды шығару және сынауды мүлдем жою туралы бағытты ұстанады.

Ядролық қаруды жаппай қысқартуда АҚШ-ры белсенділік танытты. Қазақстанға тән жардай Белоруссия мен Украинаға да туындады. Әрине, Вашингтон өзіне тиетін қауіпті азайту үшін және бұрынғы ССРО-ның ядролық арсеналын иемденген жаңа ядролық мемлекеттің болмауына тырысты. Ядролық қарудың сақталуы мен оған бақылау жасау осы мемлекеттерге байланысты болды.

Осыған орай АҚШ ядролық қарудың тарап, орын алмауына байланысты Белорусия, Қазақстан, және Украина мемлекеттерінің бірігіп ядролық қарудың таралуына жол бермеу шартына, ядролық қарусыз мемлекет және одан бас тарту есебінде жол ашты.

Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, ядролық қару мәселесін шешу шешімдерін іздеу ССРО кезінде басталған. Сонымен, 1999-шы жыл наурыз айының 16-шы жұлдызында, АҚШ-ның мемлекеттік секретары Дж. Бейкер Н.Ә. Назарбаевты АҚШ-ның Ресейдегі өкілдігіне шақырды.

Негізінен ядролық қаРУ жөніндегі көкейтесті мәселелер Н.Ә. Назарбаевпен Дж. Бейкердің сол жылы қыркүйек айының 16-шы жұлдызында Алматыдағы кездесулер інде қозғалған болатын. Сол кезде Дж.Бейкер Батыстың Қазақстанның Хельсинктегі бітім актысының қағидаларымен және ядролық қару мәселелерін шешуді көздеген ісін қолдайтындарын білдірген.

1992-ші жылы Қазақстанда АҚШ-тың Европадағы қауіпсіздікті қорғау және Конгресс делегациялары, сонымен қатар сенаторлар А. Крэнстон, С. Нанн және Р. Лугар болған. Келісім сөздер мен қарым-қатынастың арқасында АҚШ ядролық қару мәселесін шешуді қолдайтындықтарын және оран қаржылай көмек беретіндіктерін білдірген. Және де АҚШ Қазақстанның қауіпсіздігіне де көңіл бөлген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992-ші жылы мамыр айындағы АҚШ-қа сапары, екі жақтың келісімін нығайтуда және ядролық қаруды жоюдағы істердің негізін қалады, /1992-ші жылы/, - деп атап етеді Н.Ә. Назарбаев АҚШ Қазақстаннан жәй ядросыз статусты қабылдауын керек етті. Бірақ біздің елдің ұстанысы басқаша еді. Қазақстанның күткені, алдыменен ірі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанның қауіпсіздігі туралы беретін кепілдігі, соңынан республика қолында бар барлық ядролық қарудан бас тартады.

1991-ші жыл желтоқсан айыныц 29-ші жұлдызында Алматы декларациясында, ССРО-ның таралуын заңды түрде бекіткен: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина басшылары ядролық қаруды біріге бақылаудың механизмін анықтады.

1992-ші жыл мамыр айының 23-ші жұлдызында Лиссабон қаласында (Португалия) Қазақстан, Белоруссия, Ресей, АҚШ жіне Украина, төрт республикасының аймағында орналасқан стратегиялық соғыс қаруларын (ССҚ-1) қысқартудағы өздерінің жауапты екендерін көрсете бес жақты хаттамаға қол қойды. Сонымен бірге хаттамада: Белорусия, Қазақстан, Ресей және Украинаның ядролық қаруды тартуға жол бермеу келісім-шарты міндеттемесіне ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде кіретіндіктері көрсетілді. Осындай жолмен қазақстан ядролық қарудан бас тарту сияқты тарихи шешім қабылдады. Бұл, ядролық байқаулардан зардап шеккен елдің шынайы шешімі болды. Бұл ядролық байқаулар, бұл елдің халқына және кең жатқан байтақ жеріне экологиялық әсерін тигізген. 1993-ші жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі ядролық қарусыз мемлекеттер тарапына кіргендігін бекітті. Бұл, еліміздің сыртқы экономикасына айырықша әсерін тигізді. Әлемдегі қауымдас елдер бұл акцияны қабыл алды. Кептеген дамыған елдер, Қазақстанның бұл қадамын, оның халықаралық істерге жауаптылықпен қарайтынын және оның жаңа өркениетті елдер сияқты ез мәселесін шешуде жаңа көзқараспен қарайтынын атап етті.

Алдыңғы, 1994-ші жыл желтоқсан айының 5-ші жұлдызында Будапештегі болып еткен (ОБСЕ) келісім-шартына сәйкес Ұлыбритания, Ресей және АҚШ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздігіне беретін кепілдіктері туралы Меморандумға қол қойды. Бұл, Қазақстан Республикасы тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Осыған ұқсас, бітімдерді Қазақстан қытай және Франциядан да алды.

1995-ші жылы Нью-Йорк қаласында болып еткен ядролық қаруды тартуға жол бермеу жөніндегі халықаралық конференцияда, Қазақстан Республикасы ядролық қаруды болдырмау жөніндегі шексіз шартты қолдай қатынасты.

АҚШ Президенті У. Клинтон мынандай бара берді: /Әлем тағы бір ядролық терроризмнен және ядролық қарудың есу қаупінен айрылды. Мен Қазақстан Республикасы Н.Ә. Назарбаевтың лидерлігін бағалаймын/.

Америка жарынан "Сапфир" деген операция құрылып. Оны вице-президент А. Гор басқарды. Ульбинск- зауытындағы шағын-зертханадан 30 американдық мамандар 7000 контейнерден 1400 шірімейтін темірден жасалған ыдыстарға тасып, бір айдай құйды. Оны үш С-5 маркалы ұшаққа тиеп, Өскемен қаласынан Довереде орналасқан ақш Әскери Әуе Күштерінің (ӘӘК) базасына жеткізді.

Қазақстанның АҚШ-тағы өкілетті және төтенше елшілеріне мақтау қағазын бере отырып, АҚШ Президенті У. Клинтон Қазақстан қаруды бақылаудағы істеген жұмыстарына қарай басқа елдерге мысал бола алады. Стратегиялық соғыс қаруларын (ССҚ-1) қысқарту жөніндегі шартқа қол қойған ең бірінші ел бола отырып. Қазақстан ез халқының қауіпсіздігін нығатты, - деді.

Соныменен, 1995-ші жыл мамыр айының 26-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы аумағындағы ядролық қару проблемасына нүкте қойылды.

1996-шы жылы ГА БҰҰ-ның 51-ші сессиясында ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісім-шартына қол қою басталды. Н.Ә. Назарбаевтың берген арнайы үндеуінде, ол ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісім-шарты халықаралық аренада көптеген өзгерістер енгізді, - деп атап көрсетті. Бұл жүз жылдықтағы ең ірі халықаралық келісімге еліміз өз үлесін қосты. Қазақстан жасалған жұмыстарына аса маңызбен қарайды. Сонымен қатар, ел басшысының шешімімен, Семейдегі ядролық қаруды сынау полигоны жабылды.

Қазақстан Республикасы дүниежүзіндегі жүргізілетін барлық ядролық қару сынағына да, сонымен қатар бейбітшілік сынақтарға да қарсы.

1993-ші жыл қаңтар айынын 13-15-ші жұлдыздарында Париж қаласында химиялық қаруды шығару, оны қолдану және жинауға тыйым салу мен оны құрту туралы Конвенция болып өтті. Оған 130 мемлекет қол қойды, соның ішінде Қазақстанда бар (14.01.93ж.). Бұл, жаппай құрып-жою қаруын таратпау тұрғысынан жасалған, ен бірінші халықаралық құжат болды.

Қазақстан аумағында химиялық қарулардың қоры жоқ. Қазақстан үшін бұл Ковенцияның экономика жағынан маңызы болды.

Конвенцияның жұмысшы тобының ішінде, Қазақстан 1972-жылы таксиндер мен бактериялық қаруларды жою кезінде бақылаушы ел болып қатысты. Бұл Конвенция 1975-ші жыл мамыр айынын 26-шы жұлдызында өз күшіне енді және оның мерзімі шексіз болды. Қазіргі кезеңде оның мүшелері 130 мемлекеттен асады.

Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы бактериялық қару шығару объектіс бар (Степногорстың биокомбинаты). Сондықтан да химиялық қаруды шығару, оны қолдану және жинауға тыйым салу мен оны құрту келісім шартына қосылу Қазақстан үшін актуалды мәселелердің бірі..

Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісім-шартына қосылғаннан кейін, 1994-ші жылдың шілде айында Қазақстан атомдық энергияның халықаралық агентствосымен келісім-шартқа отырды, ол 1995-ші жылы бекітілді.

Қазақстан халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру мәселесін жүргізуде, Еуропада өткізілетін барлық істерге белсенді араласады.

Біріншіден,- бұл, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты үш азиаттық мемлекеттердің бейбітшілікті және аумақтары тұрақтылықты нырайтудағы саясат болып табылады.

Екіншіден, - бұл, Қазақстанның ТМД аумағындағы халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандырудағы саясаты.

Үшіншіден, - бұл, СВМДА-ны шақырудағы Қазақстанның қадамы.

Төртіншіден, - Қазақстанның ОБСЕ жұмысына, НАТО-ның /Бейбітшілік үшін достасу/ атты программасына, сонымен қатар қарусыздандыру Конвенциясына қатысуы.

Осының бәрі, жаңа тараптағы қауіпсіздік және қарым-қатынас жасаудары жұмыстар болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі БҰҰ -сыз бейбітішліктің сақталуын елестету мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ны халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтаушы ұыйм ретінде қарайды.

Қазақстан БҰҰ өзінің күшін халықаралық полицей қызметінде емес, оның ең шиеленіскен проблемалар кезінде, экономикалық және соғыстың өртін шығармау үшін пайдалану керек деген тұрғыдан қарайды.

БҰҰ-ның форумына Қазақстан Республикасы делегациясынын БҰҰ-ға арнайы өкілі ретінде бірінші қатысуы, 1992-ші жылдың күзінде өткен ГА БҰҰ-нын 47-ші сессиясы болды. Онда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның бұл, халықаралық ұйымның жұмысына қатысудағы мақсаттары оның жаңа өмірдегі ролі көрсетілді.

БҰҰ-ның дипломатиялық шеңбері және оның бас қатшысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің ұстанған қағидалары, БҰҰ алдына қойран Жарғысындағы мақсаты мен қағидаларына сәйкес келеді.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық қауым құру туралы ұсынған жобасы БҰҰ-ның назарын аударды. Еуразиялық қауым құру туралы жоба ГА БҰҰ арнайы құжаты ретінде, барлық тілдерге аударылып таратылды.

БҰҰ-ның жұмысына белсене араласа отырып, Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуде, бірінші орында республикаға маңызы бар мәселелердің шешімін табуға мүмкіндігі бар.

Халықаралық структурадағы қауіпсіздікті сақтауда Еуропадары қауіпсіздік және достасу ұйымы (ОБСЕ) айырықша орын алады. 1992-ші жылдың қаңтар айында, Прага қаласында болып өткен, мемлекеттердің шетел ісі жөніндегі министрлер кеңесінде Қазақстан Республикасы жаңадан кірген он ТМД тәуелсіз мемлекеттермен бірге, жалпы еуропалық іске қатысушы қатарына қабылданды.

1996-шы жыл желтоқсан айының 2-3-ші жұлдызында Лиссабон қаласында болып өткен саммитте Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және достасу ұйымы шегінде Арал және Семей аймағында мәселелерін қозғады. Саммитке Н.Ә. Назарбаев қатысты. Өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Еуропадары қауіпсіздікке Қазақстанның концептуалды қарайтынын атап өтті. Саммитте жалпы саяси декларация және Еуропаның 21-ші ғасырдағы қауіпсіздігі туралы декларация қорытынды құжат қабылданды. Саммит орта Азиялық мемлекеттер: Қазақстан, Украина және Белоруссияның өз аумақтарынан ядролық қаруларды шығару жөнінде ОБСЕ-дегі айырықша роль атқаратындықтарын атап өтті.

Еуропадары қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ) қатысушы мемлекеттер Париждік хартии негізінде Еуропа үшін 1992-ші жыл мамыр айында Вена құжатын (ВҚ-92) қабылдады. Арада екі жыл еткенде ВҚ-94 қабылданды. Соған байланысты Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ)-ге қатысушы елдермен байланыс жүйесі орнатылды. Қазақстан жыл сайын бұл елдермен әскери мәліметтер алмастырып отырады.

1995-ші жыл мамыр айында, Алматыда Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігімен, Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ)-мен шиеленіскен мәселелердің алдын алу, сенімдік, қауіпсіздік және қару-жараққа бақылау жүргізу туралы семейнар өткізілді.

Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ)-нің шешімімен 1995-ші жыл қараша айында Орталық Азия елдерімен байланыс жасайтын Бюро құрылды. Қазақстан Еуропадары қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ)-ге Бюроның жұмысын қарау және республикадағы Арал мен Семей полигонын еске ала отырып, Бюронын экономикалық және экологиялық барытттырдағы жұмыстарды нығайтуға байланысты істерін қарауды ұсынды.

Әлемдегі ен бір негізгі оқиға болып, 20-шы ғасырдың соңғы саммиті Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ)-ге қатысушы елдердің 1999-шы жыл қараша айының 18-19-шы жұлдыздарында Стамбул қаласында еткен саммит болды. Ол, қауіпсіздік пен қарым-қатынастың негізін Еуропада ғана емес, сонымен қатар жаңа ғасыр мен жаңа мың жылдықта, басқа да аумақтарды қамтуға қалаушы негіз болды.

54 мемлекет жалпы Еуропалық қауіпсіздік Хартиясына қол қойды. Оны Ресей федерациясының шетел министрә И.Иванов "21-ші ғасырдың ерекше конституциясы" - деп атады. Саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев сөз сөйлеп, ол сөзінде Қазақстандағы саяси жағдайларды атай кетті. Саммит алдында бірінші рет республикада альтернативті Президент сайлауы және еркін парламент сайлауы болып еткен, бұл сайлаудың етуіне Еуропадары қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымы (ОБСЕ) үлкен үлес қосты.

Демократиясы жақсы дамыған елдерге қарағанда Қазақстандары сайлау, әрине алда қалай төмен өтті, бірақ тоталитаризм құрсауынан шыққанына бірнеше ғана жыл болған мемлекетке, бұл сайлау ерекше жағдайда өтті.

Стамбул қаласындағы еткен оқиғаның тағы бір негізгі жағы Баку-Джейхан мұнай жолынын құрылуы туралы жасалынған келісім-шарт. Қазақстан осы мұнай жолына байланысты жобаны іске асыруда, қолданатын шараларға езінің белсене араласуға дайын екенін тары бір дәлелдеді.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтудағы элементтерінің бірі, оның НАТО елдерімен әскери-саяси қарым-қатынасы. Бұл құжатқа 1994-ші жыл мамыр айының 27-ші жұлдызында қол қойылды. Осы бағыттағы негізгі шаралар Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатынастар жайындағы жүргізілетін жұмыстар жобасы болды.

Айырықша оқиғалардың бірі болып, 1997-ші жылы Қазақстан аймағында еткізілген Центразбат97 әскери дайындықтары болды. Оған, НАТО әскери күштерімен Орталық Азия мемлекеттері қатысты. Содан бастап, бұл әскери дайындықтар әр жыл сайын өткізілуде.

Осы қарым-қатынастарды, оданда әрі тығыз саяси қатынастарға айналдыру мақсатында, Қазақстан НАТО-ның жанынан өзінің миссиясын құру туралы шешім қабылдап, оның басшысы ретінде Қазақстан республикасының Бельгия корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Өкілі А. Қырбасовты тағайындады. 1998-ші жыл наурыз айының 18-ші жұлдызында А. Қырбасов НАТО-ньң Бас хатшысы Х. Саланеге сенім қағаздарын табыс етті.

1999-шы жыл сәуір айында Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның құрылғанына 50 жыл толуына байланысты, болып өткен жиылысқа қатысып, қауіпсіздіктің мәселесін жедел шешудегі жұмыстарына жоғары баға берді.

Қазақстан халықаралық қауіпсіздік жүйесі, біріншіден: экономикалық және геостратегиялық көз-қар астар дан туындайды дейді.

СВМДА әуел бастан-ақ бірқатар Азия елдерінен қолдау тапты. Бұл, былай түсіндіріледі: біріншіден, бұл ұсыныс жаңа тарихи жағдайларда ұсынылды, екіншіден, ол Н.Ә. Назарбаев сияқты беделді лидерлерден шығады, ал, үшіншіден халықаралық қауіпсіздікке өзінің беделді үлесін қосқан мемлекетпен байланысты.

Арнайы жұмысшы тобының (СРГ) маусымдағы (1996) отырысында СВМДА-ға, азиаттық емес, Украина және Австралия сияқты екі ірі мемлекет қосылды. Бұл, халықаралық СВМДА-ға деген көз-қарастың ұлғайғанын көрсетеді.

1999-шы жыл қыркүйек айының 14-ші жұлдызында Алматы қаласында айырықша оқиға болды. СВМДА қатарына жататын 16 мемлекеттің бірігуімен, келесі 21-ші ғасырға баратын, Декларацияға қол қойылды. Декларация оны қабыл алған мемлекеттердің келешектегі қарым-қатынасының негізгі қағидаларын реттейді. Сегіз бөліктен құралған декларация, тәуелсіздікті құрметтеу, аймаққа қол сұқпаушылық құқы, қатысушылардың - мемлекеттің ішкі істеріне қол сұқпауын, қандай да болмасын шиеленіскен мәселелердің бейбітшілік жолмен шешілуін, қару-жарақты қадағалау, сонымен бірге саудалы-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сияқты сұрақтарды қамтыды.

Басқа да қабылданған екі құжат, СВМДА-ның ары дамуын және Қырғызстанның онтүстігіндегі мәселелерді қамтыды.

Министрлер кездесуінде айырықша аталған жайлар, Қазақстанның келісім-сөздің өтуіне байланысты қосқан еңбегі атап өтілді.

Өткен оқиғаның аса маңызды екенін айта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді: /Қауіпсіздікті қолдау мәселесі негізінен Азия аймағына тән. Мұнда, жер бетіндегі барлық адамзаттың 3,5 млрд. адамға жуығы тұрады, әлемдік ұлттық тағамның 55 пайызы шығарылады және әлемдік сауда көлемінің 40 пайызы шоғырланған. Көп мазаландыратын жағдай ядролық қарудың басым көп орын алуы, көші-конның бақыланбайтындығы, экологиялық апаттар, религиялық, этникалық шыдамсыздық, халықаралық терроризм мен нашақорлық/.

СВМДА-ның келесі жұмыстары болып, өкімет және мемлекет басшыларының құжаттарға қол қоюы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қару-жарақты жою жөніндегі Конференция сессиясында сөйлеген сөзінде, Қазақстан өзінің халықаралық қауіпсіздікті және қару-жарақты жою женіндегі істерінде негізгі екі қағидаға сүйенеді деп атап айтты. Біріншіден-геоэкономикалық тенденцияны түсінуден-қолда бар және халықаралық қауіпсіздікті құрудағы жаңа жүйелер- қарусыздандырудың жаңа жолдарын іздестіру. Екіншіден, - аймақтық қауіпсіздік жүйесін құрудан-континентальды қауіпсіздік жүйесін транфармациялау және жақсарту- глобальды қауіпсіздік жүйесін жақсарту процесін іздестіру.

Халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты жою аймағындары Қазақстан Республикасының қолданатын шаралары біріншіден осы аймақтағы барлық халықаралық келісім-шарттардың міндетті түрде және толығымен орындалуына бағытталған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып, барлық тактикалық ядролық қару-жарақты өз аумағынан шығарды. Лиссабон Хаттамасы қатысушыларының шіннен ең бірінші болып, ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісім-шартына (ДНЯО) қатарына ядросыз мемлекет деген статуспен кірді, Семей полигонын жапты. 1995-ші жыл сәуір айының 21-ші жұлдызында бір жылдан аса уақытқа созылған, 1216 континентальаралық балистикалық жарылыс зымырандарын республика аумағынан шығару аяқталды.

Қазақстан, еуразия мемлекеті бола отырып, өзінің негізгі назарын Еуропаныңда, сонымен қатар Азия континенттерінде аймақтық және субаймақтық қауіпсіздігі үшін аса көңіл бөледі. Республика үстімізде айтып өткендей, бірнеше халықаралық қауіпсіздік структураларымен қарым-қатынаста, және бұдан сонда олармен тығыз қарым-қатынаста болуды нығайта түседі.

Тұтастай алғанда, Қазақстан қазіргі кезеңде өзінің негізгі актуальды проблемаларының шешімін қалай табу жолдарын анықтады деуге де болады. Бұның, Қазақстанның әлемдік елдер арасындағы беделі ұшін аса зор маңызы бар. Мұндай үлкен мемлекет халықаралық қатынастарда, өзінің көз-қарас жарынан, адамзатты алаңдататын, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесін шешуге, терроризм, экстремизм және нашақорлықтың өрлеуіне қарсы күресуге, жаппай қырып жою қаруының өрістеуіне жол бермеуге ат салысуға міндетті.