Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

20. Халықаралық экологиялық құқық

ЖОСПАРЫ:

  1. Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, оның қалыптасуы мен дамуы.

  2. Экологиялық құқықтың арнайы қағидалары және қайнар көздері.

  3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы.

  4. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы.

Қоршаған ортаны қорғау адамзаттың қооперация көрсетуге және оны сақтау үшін өз әрекеттерін үйлестіруге дүниежүзілік қауымдастық мәжбүрлеген қажеттілігіне айналды.

Планетаны сақтау мен қорғау проблемасы адамзаттың бүлдіру әрекеттерінің нәтижесінде туындады. Көптеген мемлекеттер табиғи қоршаған ортаның бұзылу салдарының оған адамның өнеркәсіптік қызметінің дамуы әсер етпей-ақ ірі екендігін ұғынды. Дәл қазіргі уақытта ұлттық мүдде және кейбір мемлекеттер қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмып қарауда. Ал маңызды ұлттық проблемаларды иеленуші басқа мемлекеттер дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші жоспарға жылжытып қоюға мәжбүр болып отыр. Осы қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға әсер ететіндігі қазірдің өзінде көрініп тұрғандай. Осы процессті тоқтату және қоршаған ортаға байланысты саясатты өзгерту адамзаттың дәл қазіргі кезде бұзылған қоршаған ортаның мүдделерін қалпына келтіру мен қалдықтарын сақтаудағы және келешек ұрпаққа қазірде де болашақта да осы мүдделердің бұзылуына жол бермеуді тапсырудағы маңызды міндеті болып табылады.

Осы лекцияның мақсаты қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың ғылым және құқық ретіндегі дамуы мен оның осы замандағы халықаралық құқықтық тәртіптегі ролін көрсету болып табылады.

Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, оның қалыптасуы мен дамуы.

60-шы жылдардан бастап, әлемде өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, энергетиканың дамуы көтеріліп, өрби түсті, сондықтан да қоршаған ортаға теріс әсер етушілік күрт өсті және ірі масштабта құртушы сипатты қабылдай бастады.

Осыған байланысты дүниежүзілік қауымдастық қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қажет екенін ұғынды.

1972 жылғы Стокгольм Декларациясының 1 тарауының 6 пунктінде, қоршаған ортаға ұқыппен қарауды көрсете отырып, біз бүкіл әлемде өз әрекеттерімізді реттеуімізге тиісті кезең келді делінген. Түсінбей, немесе қалай болса, солай қарау арқылы біз өзіміздің өмірімізбен оның амандығы байланысты болып келетін жер шарына орасан зор және түзелмейтін залал келтіруіміз мүмкін. Осы текстен бұл әрекеттің халықаралық құқық құрайтын халықаралық-құқықтық реттеу екендігі түсінікті болып тұр. Сондай-ақ Стокгольм Декларациясының осы тарауының 7 пунктінде бұл әрекет түріне ерекше мән берілді. Қоршаған ортамен байланысты барлық үдеп келе жатқан проблемалар аймақтық және халықаралық сипатты иеленетін болғандықтан немесе олар жалпы халықаралық аяға әсер ететін болғандықтан, жалпы мүдде үшін халықаралық ұйымдар тарапынан шаралар қолдану мен мемлекеттер арасындағы кең ынтымақтастықты талап етеді. Осының барлығынан мынадай тұжырым шығаруға болады, яғни халықаралық немесе аймақтық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мақсатында дүниежүзілік қауымдастық ынтымақтастықтан күткеннен асып түскен нәтиже алу үшін өз қызметін ретке келтіруге тырысуда.

Заңи тілмен алғанда – бұл қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау халықаралық құқығы түсінігі (бұдан былай ҚОҚХҚ) халықаралық экологиялық құқық (бұдан былай ХЭҚ) түсінігімен сәйкес келеді. Бұл жердегі бірінші түсінік ағылшынның Іnternatіonal Envіronment Law сөзінен аударылған, ал екінші түсінік Кеңес әдебиеттерінде пайдаланылған және Ресей әдебиеттерінде, сондай-ақ бізде де жиі қолданылады. Сондықтан да бұл екі ұғым бірдей түсінік болып табылады.

Қазіргі халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді. Қарастырылып отырған қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау қоршаған ортаны қорғау аясындағы қатынастардан реттейді (реттеу пәні). Егер нақты айтар болсақ пәні болып халықаралық экологиялық қатынастар, яғни табиғи ортамен тікелей немесе жанама байланысты қатынастар. Халықаралық экологиялық құқытың мақсаты — қоршаған табиғи орта мен қоғамның әрекет жасау аясындағы халықаралық қатынас субъектілерінің және мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерінің екі жақты түрде қалыптастыру арқылы адамзаттың жүріс-тұрысын заңи құралмен реттеуге қызмет ету.

ҚОҚХҚ — бұл қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы халықаралық жария құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуші халықаралық құқық принциптері мен нормаларынан тұратын халықаралық жария құқықтың бір бөлігі.

Бұл анықтама принциптер мен нормалардың халықаралық жария құқықтағы сияқты жеке құқықта да бар екендігін білдіреді, ал қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы реттеу, қоғам мен табиғаттың тұрақты даму саясатын және халықаралық аспектідегі экологиялық қауіпсіздік пікірі бойынша қорғаудың ескертуші сипатын білдіреді. ҚОҚХҚ объектісі болып адамның материалдық әлемге, нақты әсер ету шегіндегі космостық кеңістік пен жер планетасының барлық табиғаты табылады. Бірақ ішкі қоршаған орта ішкі құрылыстық бөлімшелерді иеленетін болғандықтан, оның элементтері мен қорғаушы объектілері ерекшеленеді.

Дүниежүзілік мұхит, жер шарының бетінен 2/3 ауданды алады. Дүниежүзілік мұхит түсінігімен жердегі барлық 4 — Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік мұзды мұхиты, сондай-ақ солармен байланысты барлық теңіздер қамтылады. Дүниежүзілік мұхитқа материктер ішінде орналасқан оқшауланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.

Құрлықтар адамзат дамуы үшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті құрайды. Осы түсінікпен дәстүрлі түрде, жердің құрлықтағы бетімен тығыз байланысты барлық табиғи комплекс, яғни топырақтар, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер және жануарлар әлемі қамтылады. Алайда соңғы жылдары халықаралық-құқықтық қорғау аясында табиғи объектілерді дифференциялау пайда болды және бірте-бірте халықаралық көлдердің және басқа құрлықтық суаттық, бір немесе бірнеше елге тиесілі табиғи байлықтың объектілерін қорғау ретіндегі жеке мойындауды алды.

Атмосфералық ауа — жер беті мен космос кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмосфералық ауа құрамы белгілі бір пропорцияда оттектен, азоттан, көмір қышқыл газынан, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен құралып, біршама тұрақты болып табылады.

Космос — жердің немесе оның атмосферасының шегінде жататын барлық материалды кеңістік. Ксомос кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер ету аясы жерге жақын аудандарда шектеулі болып келеді. Сондықтан да қазіргі заманғы деңгейде адамның космосқа ену процесіне сүйенетін өндірістік күштердің дамуы космос бөліктері, соның ішінде жер маңындағы космос кеңістігі, жердің табиғи спутнигі — Ай, Күн жүйесі планетасы халықаралық-құқықтық қорғауды қажет етеді.

Халықаралық жария құқықта жаңа сала пайда болды және бөлініп шықты — ол халықаралық экологиялық құқық. Осы құқық саласының пайда болуы мен дамуы, адамзаттың қоршаған табиғатқа орынды және ақылға қонымды әсер етуінің жалғасына айналды. Әсер ету адам мен табиғаттың экологиялық тұрмысында жаңа үлгілер құратын халықаралық ұйымдарға, мемлекетке, адамның қызметіне ықпал етуге негізделеді.

Халықаралық экологиялық құқық — принциптері мен нормалары глобальды экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңызды ролді иеленуші халықаралық құқықтың дамып келе жатқан саласы.

Халықаралық экологиялық құқықтың объектісі әртүрлі, бірақ тұтастай алғанда бұл барлық табиғи қоршаған орта ҚОҚХҚ объектісі әзірше таусылған жоқ. Жақын болашақта қоршаған ортаны қорғаудың жаңа объектілері пайда болуы мүмкін. Қазір барлық әлемнің ғалымдары адамның денсаулық жағдайына электроприбор сәулелерінің әсер етуін оқып үйренуде, оларға компьютердің мониторы, компьютердің өзі, ұялы телефон жатуы мүмкін.

Экологиялық құқықтың арнайы қағидалары мен қайнар көздері.

Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары мен нормаларының жиынтығы, халықаралық жария құқық саласын құрайды. Бұл халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалды құқық. Осылардың ең маңыздысы болып әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар табылады. Осы шарттарда халықаралық экологиялық құқықтың негізгі қағидалары бекітілген.

Халықаралық экологиялық құқық принциптері — бұл халықаралық экологиялық қатынастар салынған басшылыққа алатын ережелер немесе негізгі бастамалар. Принциптерде нақты күштердің үлесі бар, олар саяси немесе моральды, жоғарғы заңи күштер болуы мүмкін. Егер халықаралық экологиялық қатынасқа қатысушы бір мемлекет осыларды басшылыққа алмаса немесе оның әрекеті қағидаға қайшы келсе, онда осы қатынасқа қатысушы басқа мемлекеттер одан ҚОҚХҚ принциптеріне сәйкес келетін әрекеттерді орындауды талап етуге құқылы.

Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары алғаш рет адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі 1972 жылғы БҰҰ Стокгольм конференциясы декларациясында қалыптасты.

Стокгольм декларациясының ең маңызды қағидалары:

  1. Мемлекет қоршаған орта проблемаларына жақындаудағы өз ұлттық саясатына сәйкес келетін өз ресурстарын пайдалануға құқылы. Оларға ұлттық юрисдикция шегіндегі қызметіне немесе басқа мемлекеттің немесе ауданның қоршаған ортасына зала келтірмеуді бақыламаса, жауапкершілік жүктеледі (21 қағида);

  2. Ауа, су, жер, флора, фаунаны қоса барлық табиғи ресурстар келешек ұрпақтың игілігі үшін адам қызметін ұқыпты жоспарлау және оған қажетті шараларды жүргізу жолымен сақталуы тиіс (2 қағида);

  3. Жаңармайтын ресурстар, оларды пайдаланудағы пайдасын халықаралық кеңістіктегі барлық адамзат алу үшін келешекте, олардың әлсіреуінен қорғауды қамтамасыз етуімен зерттелуі тиіс (5 қағида).

Бұл қағидалар көптеген авторлардың пікірі бойынша, шындығында да маңызды болып табылады. Бірақ басқаларын да атап өтуге болады.

Қағидалардың қалыптасуы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясында жалғасты және 1988 жылы 28 қазандағы қаулысында жарияланды. Онда бірқатар қағидалар анықталады.

  1. Биологиялық ресурстар, олардың қалпына келтіруге табиғи қабілеттілік шегінде қолданылады.

  2. Топырақтың өңделуі өзін-өзі бүлдіруші кез-келген нысандар мен эррозияны болдырмау жөніндегі органикалық заттардың шіруі процессі мен ұзақ мерзімді өнім берушілікті сақтау жөніндегі шаралардың арқасында сақталады және жақсарады.

  3. Суды қоса алғандағы дүркін-дүркін қолданылатын ресурстар қайтадан немесе циркуляциялы түрде пайдаланылады.

  4. Бір рет қана қолданылатын жаңармайтын ресурстар олардың қорларын, оларды тұтыну үшін қайта өңдеудің ұтымды мүмкіндіктерін және табиғи жүйе қызметімен қолданудың біркелкілігін ескере отырып, қажеттілікке байланысты пайдаланылады.

  5. Радиоактивті және токсикалық қалдықтарды тастауға жол бермеу мақсатында ерекше шаралар қабылдануы тиіс.

  6. Табиғатқа түзелмейтін залал келтіруге икемді әрекеттерден алшақтау қажет.

  7. Адам қызметінің нәтижесінен өткен аудандардың құлдырауы олардың табиғи потенциалына және осы аудандарда тұратындардың жақсы тұрмыс жағдайының талаптарына сәйкес қалпына келтіруге жатады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында дүниежүзілік қауымдастық, климатты өзгерту жөніндегі рамкілі Конвенцияны өңдеу қарастырылған. ңБұрынға және болашақң ұрпақ үшін ірі климатты сақтау 45/212 қарарын мақұлдады. Конвенцияның мақсаттарына жету жөніндегі өз қызметінде тараптар келесі қағидаларды басшылыққа алатындығы белгіленді.

  1. Тараптар бұрынғы және келешек ұрпақ үшін олардың жалпы, бірақ дифференциациялы жауапкершіліктеріне және оларда бар мүмкіндіктерді иеленетін климаттық жүйелерді қорғауы керек. Сәйкесінше, дамушы елдердің тараптары климаттың өзгеруімен және оның жағымсыз салдарларымен күресуде басты ролді иеленуі керек.

Халықаралық құқық мамандарымен осы Конвенция климаттық майдандағы жетістікң деп аталады, өйткені ол барлық дүниежүзілік қауымдастық күшімен парникті нәтижелердің проблемаларын тәжірибелі түрде шешуге алып келеді. Бұл Конвенцияға оның тараптары деп аталатын БҰҰ-ның жартысынан астам мүше мемлекеттері қол қойды.

  1. Дамып келе жатқан елдердің тараптарының ерекше жағдайлары мен нақты қажеттіліктерін, әсіресе, климаттық өзгеруінің жағымсыз салдарына қатынас жөніндегі аса осал жерлерін толығымен есепке алу қажет.

Қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегі Рио-де Жанейро Декларациясы (24 маусым 1992 жыл), ҚОҚХҚ қазірдің өзінде бар қағидаларын дамыта және толықтыра отырып 1972 жылы Стокгольм Декларациясының қызметін жалғастырды.

Декларацияның 1-принципі — бұл Стокгольм декларациясында бекітілгендей, қолайлы қоршаған ортаға құқықтылық қағидасы. 2-қағида — мемлекеттердің қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігі және өткізілген экологиялық саясатты есепке ала отырып өз табиғи ресурстарын қолдануға тәуелсіз құқықтың бекітілуі туралы Стокгольм декларациясының 21 қағидасына сәйкес. 3-қағида — лайықты көңіл бөлуге тұрарлылық, өйткені онда 70-жылдарда ұсынылған тұрақты даму концепциясы бар, бірақ ол жылдары лайықты дами алмады. 12-қағида— мемлекеттердің экономика мен экология ара-қатынастары, сондай-ақ экологиялық мүдделерге қысым келтірмейтін әлемдік экономикалық тәртіп саласындағы қарым-қатынастарын орнықтырады. 14-қағида — мемлекеттердің көңіл қоюды талап ететін экологиялық орта қауіптілігіне негізделген халықаралық міндеттемелерге араласуына және қарсыласуына жол беріледі. 15-қағида — міндетті халықаралық экологиялық қор, сондай халықаралық экологиялық сақтандыру ұйымын құруға ұсыныс жасалады, бұдан басқа қағида экологиялық аудит жөніндегі халықаралық аудиторлық ұйым құруды қажет деп санайды. 19-қағида — экологиялық қауіптілік және осы мәселе туралы кеңес беру жөнінде алдын-ала хабарландыру концепциясын қалыптастырады. 26-қағида — халықаралық экологиялық даулар БҰҰ жарғысына сәйкес және бейбіт жолмен реттелуге жататынын көрсетеді, яғни халықаралық сот немесе арбитражды процедура арқылы, сондай-ақ құруға ұйғарылған арнайы халықаралық экологиялық соттар арқылы реттеу де шығарылып тасталған жоқ.

Нысан — бұл құқықтың көрсетілу немесе рәсімделу тәсілі, мысалы, халықаралық құқық әдет-ғұрып, шарт немесе басқа да келісім түрлері нысанында болады. Халықаралық-құқықтық нормалардың ресми-заңи нысандары халықаралық құқықтың қайнар көздері деп аталынады.

Халықаралық құқықта екі түрлі қайнар көзі бар: ңжұмсақ құқықтың құрайтын қайнар көздер және ңқатаң құқықтың құрайтын қайнар көздер. ңЖұмсақ құқықтыңңнақты түсінігі әзірге жоқ, бірақ жалпылама түрде, міндетті күшті иеленбейтін нормалар немесе ереже, қағидалар ретінде түсіндіріледі. Бұл нормалар құқықтық базаға дейінгі немесе келісім құқығы ретінде халықаралық құқықта маңызды ролді иеленеді. ңҚатаң құқықң — бұл міндетті заңи күшті иеленетін халықаралық құқық нормалары.

Халықаралық экологиялық құқықтың ең басты қағидалары алғаш рет адамды қоршаған табиғи орта мәселелері жөніндегі 1972 жылғы БҰҰ Стокгольм декларациясында қалыптасты.

Стокгольм декларациясындағы қағидалар 1992 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясында жалғасын тапты.

Қайнар көздер халықаралық экологиялық құқықтың даму динамикасын көрсетеді. Қазіргі кезде халықаралық екі жақты шарттар басымдылыққа ие, бірақ соңғы уақыттарда халықаралық құқықтың осы саласының дамуына халықаралық конвенциялардың ықпалы зор. Бұл көзқарасты негіздеу үшін, халықаралық конвенциялар халықаралық экологиялық құқықтың ңқұрылымдық заңдарың болып табылатындығын, олардың негізінде басқа нормалар, мысалы, осы конвенция хаттамаларының дамитындығын айтуға болады. Мемлекетаралық келісімдер мен шарттарға келетін болсақ, олар негізінен локальдық деңгейде саяси мәселелерді шешеді және қоршаған ортаны аумақтық немесе әлемдік деңгейде қорғау мәселелерін іс жүзінде шешуге қабілетсіз болып келеді.

Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық құқық шығармашылық өте маңызды рөл атқарады. Бұл ең алдымен халықаралық жауапкершілік институтының дамуымен,, сондай-ақ халықаралық құқықты екіге: абсолютті құқық және қатаң (міндетті) және жұмсақ (ресми заңды күш иеленбейтін) деп аталатын квази құқық деп бөлумен байланысты.

Қоршаған ортаны қорғау саласндағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы.

Адамзаттың өзекті мәселелері болып экологиялық қатынастар табылғандықтан, оның шешуінде халықаралық ұйымдардың басым көпшілігі қатысады. Солардың кейбіреулері арнайы табиғатты қорғау мақсатында құрылған. Басқалары, әртүрлі халықаралық қатынастар жасау мақсатында құрылғандықтан бірте-бірте табиғатты қорғау қызметіне енді және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтердің бір бөлігін өзіне алды.

Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Ұлттар Лигасына қарағанда, БҰҰ мұндай маңызды мәселені шешуде үлкен үлесін қосқан. Оған БҰҰ-ның — Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС), аумақтық экономикалық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАДО, ЭКА, ЭКЛА), БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы, өндірістік даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО), Халықаралық Еңбек ұйымы (МОТ), азық-түлік пен ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде БҰҰ (ФАО), білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО), Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (ВМО), табиғи ресурстар жөніндегі халықаралық банк (КПР), атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентство (МАГАТЕ), азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО) және тағы басқалар сияқты бас органдары мен арнайы мекемелері көңіл бөледі.

1949 жылы БҰҰ бастамасымен табиғатты қорғау мәселелеріне байланысты халықаралық техникалық конференция өткізіліп, ол әлемдегі мемлекеттерді ғылым мен техниканың даму процесіндегі қолайлы табиғи жағдайлардың бұзылуын алдын-алу мен ескерту қажеттілігіне бағыттады. Кейінірек 1962 жылы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының XVІІ сессиясында ңэкономикалық даму және табиғатты қорғауң жөнінде резолюциясын қабылдап, экономикалық даму процесінде мемлекеттердің негізгі борышы болып табылатын табиғи құндылықтарды сақтау, қалпына келтіру, байыту және рационалды қолдануын жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттерге халықаралық табиғатты қорғау жөніндегі ұйымдарына көмек көрсету, флора және фаунаны қорғау жөніндегі халықаралық келісім шарттарды сақтау, ішкі заңнаманың негізінде табиғатты қорғау жөнінде неғұрлым қатаң шаралар қолдану, ақпаратпен алмасуын кеңейту, халықтың арасында табиғатқа ұқыпты түрде қарау жөнінде насихат жүргізуін күшейту туралы кеңес берді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVІІ сессиясында шешімдері қабылданған Стокгольм конференциясы тарихи ролді ойнады. БҰҰ Бас Ассамблеясы ерекше атап өтсек, ңқоршаған орта жөнінде халықаралық қатынастар жүргізу үшін ұйымдастырушылық және қаржылық шараларды жүргізуң жөнінде 1972 жылы 15 желтоқсанда қабылданған ғ 2997 резолюциясына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) деген атқа ие болған. БҰҰ-ның қабырғасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орган құрылды. Ол негізгі қосалқы органның жағдайын алып отырады, экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға ұсынып отырады. ЮНЕП құрамында 3 негізгі: 1) Басқарушылар кеңесі; 2) Атқару директорының басқаруындағы секретариат; 3) Қоршаған орта жөніндегі қор құрылымы бар. ЮНЕП-тің штаб-квартирасы Найробиде (Кения) орналасқан.

ЮНЕП-тің басқарушылар кеңесі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 3 жыл мерзімге алынатын 58 мемлекеттің өкілдерінен тұрады.

Ол жыл сайын қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады. ЮНЕП-тің басқарушылар кеңесінің алғашқы сессиясы 1973 жылы өткізілген.

ЮНЕП-тің атқару директоры БҰҰ Бас Ассамблеясымен 4 жыл мерзімге сайланады. Ол барлық ағымдағы істерді басқарады, ерекше атап өтсек, басқарушылар кеңесінің әрбір кезекті сессиясының дайындығын қамтамасыз етеді. Ол басқара отырып секретариат ЮНЕП-тің ұйымдастырушылық-техникалық қатынастарының жұмысын қамтамасыз етеді.

Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттермен жүзеге асырылатын халықаралық табиғатты қорғау шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақсатында құрылған. Қор әрбір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарының негізінде құрылады және ЮНЕП басқарушылар кеңесінің ұсынысына сәйкес шығындалады. Алғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.

Өзінің өмір сүру кезеңінде ЮНЕП қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды: қоршаған ортаның жағдайына байланысты әлемдік бақылау жүйесін құру үшін дайындық жұмыстарын өткізді (мониторинг), 100 астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамқорына алды.

Азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселесі жөніндегі БҰҰ (ФАО), тиімді жерлерді, су ресурстарын, өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғауға көңіл бөледі. ФАО осы табиғат объектілерінің жағдайын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізеді, оларды рационалды қолдану және қорғау жөнінде ұсыныстарды дайындайды, қызмет көрсетуші ұйымның қызметін орындайды, осылайша әлемдік және аумақтық масштабта тәжірибе алмасу және жинауды жеңілдетеді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржылық және материалды-техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

ЮНЕСКО қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми мәселелермен айналысады. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша жердің тропикалық және құрғап кеткен аймақтарында табиғатты қорғауға байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізілген. Әлемдегі табиғат ескерткіштерін қорғау бағдарламаларына көмек көрсетеді, халықты табиғатқа ұқыпты қарау рухында тәрбие және білім беруге жәрдемдеседі. ЮНЕСКО ңХалықаралық гидрологиялық онжылдықң, ңАдам және биосфераң және тағы басқа қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар ірі халықаралық ғылыми бағдарламаларының жүзеге асырылуын ұйымдастырды.

Табиғат қорғау міндетін шешуге қоғамдық күштерді мобилизациялау үшін арнайы құрылған көрнекті үкіметтік емес ұйым болып ңТабиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақң (МСОП) табылады. Ол 1948 жылы қазанда Фонтенеблода (Францияда) өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылды. МСОП-тың жарғысының 1-бабына сәйкес ол үкіметтердің, ұлттық және халықаралық ұйымдардың арасындағы, сондай-ақ ұлттық және халықаралық шараларға сәйкес жолмен жүргізілген табиғи ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәселесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бұл ұйымның мүшелері болып елдердің үкіметі сияқты, жеке мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар (ұлттық және халықаралық) және табиғатты қорғау ісіне өз салымдарын салушы адамдар тобы да табылуы мүмкін.

МСОП-тың жоғарғы органы болып сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіләлемдік Конгресс деп аталатын Бас Ассамблея табылады. МСОП-тың табиғат қорғау қызметі әрқайсысы комиссиямен (ұлттық парк, экологиялық құқық, сирек түрлері жөніндегі) басқарылатын 6 негізгі бағытта жүргізіледі. Комиссия мүшелері болып қоршаған ортаны қорғау мақсатына жету үшін белсенді қатынас жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар және басқа да тұлғалар табылады. МСОП бірқатар пайдалы шараларды жүргізген: Су-сазды пайдаланатын жерлер жөнінде жойылып кету қаупінде тұрған жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауданы шектеу жөніндегі халықаралық конвенциялардың жобаларын дайындады, арнайы қорғауды қажет ететін жануарлардың түрлері туралы мәліметтерін құрайтын халықаралық ңҚызыл кітапң шығарды. МСОП қоршаған ортаны қорғауда әлемдік қоғамдық ой-пікір қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды. МСОП шеңберіндегі халықаралық және экологиялқ құқықты жасауда маңызды рөл білім және құқықтық ғылымды дамытудағы халықаралық ұйымдардың заң жобалық қызметі мен мемлекеттерге кең бағдарлама негізінде көмек беру қызметін атқаратын – экологиялық құқық жөніндегі комиссияға берілген. Комиссияның жанында таңғажайып экологиялық-құқықтық материалдар жинағын иеленетін экологиялық құқық жөніндегі орталық қызмет етеді. Жинақ (коллекция) 4 компоненттерден тұрады: 1) әлем мемлекеттерінің қазіргі қызмет ететін экологиялық заңдылығының жинағы; 2) табиғи ресурстарды қолдануды реттеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Европалық одақтың актілерінің жинағы; 3) күші бар келісімдер, конвенциялар, шарттар және халықаралық экологиялық құқықтың басқа да актілерінің жинағы; 4) әлемнің әрбір елдерінен экологиялық-құқықтық әдебиеттер жинайды.

Экологиялық құқық жөніндегі комиссияның құрамында 89 мемлекеттен 300 заңгер қызмет етеді.

Өзін толығымен экологиялық құқыққа арнаған ұйым болып 1969 жылы 26 қарашада Нью-Делиде (Индия) құрылған ңқоршаған орта құқығы жөніндегі халықаралық кеңесң табылады. Оның құрамына экологиялық құқықты жасау және қолдануда кәсіби мамандандырылатын әлемнің әрбір мемлекеттерінің заңгерлерінің шектелген аясы кіреді. Бұл ұйым ңРим клубыныңң стилінде қызмет етеді, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану аясындағы құқықтық реттеудің алдыңғы қатарлы идеяларының негізгі жүргізуші болып табылады. Ол экологиялық, саясат және құқық деген халықаралық журналды шығарады. Соңғы жылдары, әсіресе, 1992 жылы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясын дайындау және жүргізуге байланысты әлемде көптеген үкіметаралық және үкіметтік емес экологиялық бағыттағы халықаралық ұйымдардың пайда болуына ықпалын тигізді. Соның ішінде БҰҰ-ның тұрақты дамыту жөніндегі комиссиясы қоршаған орта және дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясының шешімдерінің жүзеге асырылуын қадағалау, координациялау және жалпылама көмек көрсетуге байланысты өзіне міндет жүктеді, әсіресе, БҰҰ-ның ңXXІ ғасыр күн тәртібің де кіреді.

Қоғамның көзқарасы бойынша өзіне ұқсас функцияларды алған үкіметтік емес ұйым пайда болды. Бұл ұйым өзін ңЖер кеңесің деп атай отырып, адамзаттың ңэкологиялық ұятың деп есептейді.

Халықаралық қатынастардағы алдыңғы және маңызды роль БҰҰ-на және оның арнайы мекемелеріне тиесілі. Адамды қоршап отырған қоршаған ортаны қорғау БҰҰ-ның жарғысынан туындайды. Оның мақсаты мен міндеті болып экономикалық әлеуметтік өмір және денсаулық сақтау аясындағы халықаралық проблемаларды шешуге, жәрдем көрсету, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, адам құқықтарын сақтау.

БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық қауымдастықтың экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды: қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттердің қарым-қатынас жасау қағидаларын жасайды. Қоршаған ортаның маңызды проблемалары бойынша БҰҰ-ның халықаралық конференцияларын жүргізу жөнінде шешім қабылдайды, халықаралық конференциялардың жобаларын жасайды, қоршаған ортаны қорғау жөнінде кеңестер береді, табиғатты қорғауға байланысты жаңадан органдар құрады, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттердің екіжақты және көпжақты қарым-қатынас жасауын дамытуға жәрдемдесу. БҰҰ-ның табиғатты қорғау қызметі тікелей оның бас немесе қосалқы органдары арқылы немесе мамандандырылған мекемелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Халықаралық экологиялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруда халықаралық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Жоғарыда аталғандай ұйымдар, құқық шығармашылықпен, тұрақты даму бағдарламасын жасаумен, басымды экологиялық жобаларды жүзеге асырумен, донорлық қызметті көрсетумен, сондай-ақ қоршаған табиғат ортасының жағдайы жөніндегі мәселелерді жариялаумен айналысады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаумен айналыспайтын арнайы халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге көмек көрсетеді, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық құқық шығармашылықты дамытуды жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдар — бұл сол және өзге проблемаларды шешудегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ең жоғарғы нысаны екендігін ескеру керек.

Бұл нысанда мемлекеттер жоғарғы деңгейде координацияланады және өзара әрекеттермен әрекеттенеді және соның нәтижесінде қойылған міндетті шешуге байланысты табыстарға жетеді.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы

Қоршаған ортаның ластану мәселесі Орта Азияны ғана емес, әлемдік деңгейде Қазақстан Республикасын да қалдырмайды. Ол қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық конференцияға белсенді қатысады, табиғат ортасын қорғау жөніндегі түпкілікті халықаралық конвенцияларды ратификациялайды, сонымен қатар қоршаған ортаны қалпына келтіру және қорғауға байланысты бірқатар шаралар қолданады.

Қазақстан Республикасы өзінің аумағында нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру мақсаты болып табылатын экономиканың өтпелі үлгісін иеленеді. Өтпелі үлгісінің әзірше табиғат объектілерін жойылудан қорғауға мүмкіндігі жоқ.

Көптеген онжылдықтар бойы республика КСРО-ның шикізат базасы ретінде дамып келді. Біртектес кен және мұнай өндіру секторларының дамуы тікелей қазіргі мемлекеттің өндірісінің негізі болып қоршаған ортаға аса қауіпті жанар май, металлургиялық және химиялық, мұнай химиялық салаларының орын алуына әкеп соқтырды. Көптеген өндірістерде жетілмеген технология орын алады. Негізгі өндірістік қорлар моральдік және физикалық тұрғыда тозып біткен, бұл зиянды қалдықтар мөлшерінің көбеюіне әсер етеді.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі үлесін бидайлы жерлерді өңдеу, күрішті, мақтаны, қант қызылшасын өсіру құрайды. Ауыл шаруашылық өндірісінің экстенсивтік дамуы жерлердің дегредациясымен ландшафтардың тозуы секілді іздерді қалдырады. Мемлекеттің 60% территориясы қатаң шөлге айналу қауіпінде тұр, бұл топырақтың аз өнім беруіне әкеп соқтырады, сол сияқты бұл жануарларды өсіру және өсімдіктерді өсіру өнімділігін қысқартады. 40 жыл ішінде айдалған тың және тұрып қалған жерлерді пайдалану нәтижесінде жел және су эрозиясы арқылы 1,2 млрд. тонна гумустан айырылдық.

Жерді пайдаланудың интенсивтілігі және рационалды емес дамытылуы және сонымен қатар аридті климат жағдайындағы ағымды реттеу тікелей Іле, Сырдария, Ишим сияқты ірі және шағын өзендер бассейндеріндегі судың тапшылығына әкеліп соқтырды. Біздің көз алдымызда Арал теңізі жойылып кетіп отыр. Осыған ұқсас тағдыр Балқаш көлін де күтіп отыр. Республиканың суға деген қажеттілігі 100 куб км. болса, қазіргі қамтамасыз етілуі 34,6 куб км. Қазақстан халқының әрбір жанын сумен қамтамасыз етуде ТМД елдерінің арасында соңғы орынды иеленіп отыр.

Көмір, мұнай, түсті және қара металдарды және минералды заттарды үлкен масштабта өндіру қоршаған ортаға кері әсерін тигізді. 90 жылдардың басында жыл сайын атмосфераға 6 млн. жуық ластану (50% - жылу-энергетика, 20% - қара металлургия, 83% - түсті металлургия, 4% - химия және мұнай химиясы) түсті. Ауаның ластануының биік және аса биіктігі концентрациялық таралып орналасқан жерлермен сәйкес келеді. Қарағанды және Павлодар облыстарында 1993 жылы әрбір тұрғынына 10,5 және 7,7 тонна зиянды қалдықтар тиесілі болды. Жыл сайын республиканың су сақтайтын жерлерінің бетіне 200 млн. м3 аса ластанған сулар тасталынады. 1995 жылғы жағдайларға назар аударсақ республика бойынша 3047 ластанған жер асты суларының ошақтары анықталған, олардың көлемдері бірнеше квадрат км-ден бастап жүздеген кв. км. дейін созылады.

Қазақстан Республикасында келесі проблемаларды көрсетуге болады:

  • Су ресурстарының тапшылығы;

  • Жайылым және жыртылатын жердің деградациясы;

  • Шоғырланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;

  • Ағынды сулардың су объектілерін ластануы;

  • Қоршаған ортаның қатты өндірісті және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;

  • Ормандардың және аса қорғалатын аумақтардың жеткіліксіздігі;

  • Мұнай шығару аудандарындағы қоршаған ортаның ластануы.

Жоғарыда аталғандай республика өзінің экологиялық проблемаларымен дербес түрде мемлекеттік және аумақтық деңгейде күресуге мүмкіндігі жоқ. Осыдан туындай отырып Қазақстан Республикасының халықаралық қатынас жасау курсын алды және табиғи қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық саясатқа белсене қатысты. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы 11-ге жуық конвенцияларды ратификациялады:

  • Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымдар жөніндегі 1947 жылғы конвенция, Қазақстан Республикасы – 1993 жылы;

  • 1969 жылғы мұнай ластануынан келген зардап үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі халықаралық конвенция, Қазақстан Республикасы – 1994 жылы;

  • 1972 жылғы Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі конвенция, Қазақстан Республикасы – 1994 жылы;

  • 1976 жылғы табиғи ортаға әсер ететін әскери және басқа да қастықпен қолданылатын құралдарға тыйым салу жөніндегі конвенция, Қазақстан Республикасы – 1993 жылы;

  • Озондық қабатты қорғау жөніндегі 1985 жылғы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасы – 1998 жылы;

  • Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі 1987 жылғы Монреаль протоколы, Қазақстан Республикасы – 1998 жылы;

  • 1992 жылғы биологиялық әралуандылық жөніндегі конвенция, Қазақстан Республикасы – 1994 жылы;

  • Климаттық өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның 1992 жылғы рамкілі конвенциясы, Қазақстан Республикасы – 1995 жылы;

  • 1994 жылғы қуаңшылықпен күрес жөніндегі конвенция, Қазақстан Республикасы – 1997 жылы;

  • 1994 жылғы энергетикалық хартия туралы шарт, Қазақстан Республикасы – 1996 жылы;

  • 1994 жылғы экологиялық аспектілерге сәйкес және энергетикалық эффектілік мәселелері жөніндегі энегетикалық хартия туралы протокол, Қазақстан Республикасы – 1995 жылы;

  • Жойылып кету қаупінде тұрған жабайы флора және фауна түрлерін халықаралық сату жөніндегі 1973 жылғы конвенция, Қазақстан Республикасы – 1999 жылы;

1992 жылғы климаттық өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның рамкілі конвенциясына Клот протоколы, Қазақстан Республикасы – 1999 жылы;

Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайының әлсіздігіне қарамастан мемлекеттік органдардың қызметі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Республика қысқа мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты 11 конвенция қабылдады, экологиялық проблемаларды шешуге көмек беретін жобаларды жүзеге асыру үшін базаларды дайындайды, қоршаған ортаны қорғауға байланысты және бұл мәселенің шешімін іздеуге байланысты әлемдік қозғалыстарға белсенді түрде қатысады. Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес Одағының басшылығы қызметінің нәтижесінен экологиялық зардаптарды шегіп отыр. Мемлекет өзінің экологиялық катастрофалары мен апаттарды жою үшін қаржылық құралдарын табуға мүмкіншілігі жоқ. Дүниежүзілік қауымдастықтан көмек сұрауға мәжбүр болды. Орта Азия мемлекеттерімен келісім және қарым-қатынас жасауға тура келді. Мұндай жағдайларда мемлекет экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық сахнада өз күшін салады.

XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап қоршаған ортаның ластануы адамзаттың әлемдік проблемасына айналды. Осы кезеңнен бастап ұлттық экологиялық құқықтың пайда болуы емес халықаралық экологиялық құқықтың пайда болуы басталады. 1972 жылғы Стокгольм конференциясының шешімінің негізінде адамды қоршайтын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Декларациясы қабылданды. Осы кезеңнен бастап ҚОҚХҚ нақты түрде дамуы басталды. БҰҰ-ның қоршаған ортаға байланысты бағдарламасы (ЮНЕП) пайда болды, қоршаған ортаның ластану мәселелері бойынша халықаралық қатынас жасау және халықаралық экологиялық-құқықтық реттеу қатынастарын жасау қажеттігін таныды.

Қазіргі кезде ҚОҚХҚ бұрынғыдай дамып келеді, бірақ өзге деңгейде көрінеді. Мысалы: көптеген мемлекеттер ХЭҚ нормаларының кодификациясының қажеттігін таныды, өзгелері қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешімдермен үйлестіруді санайды, бірақ та әлемдік қауымдастық ХЭҚ-тың дамуын тұрақты даму концепциясының негізінде құрады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, 1999.

  2. Колбасов О.С. Экологическое право России. Учебник. Под редакцией В.Д.Ермакова, А.Я.Сухарева. Москва, 1997.

  3. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. Москва, ңМеждународные отношенияң, 1982.

  4. Ерофеев Б.В. Экологическое право. Учебник. Москва, ңНовый Юристң, 1998.

  5. Петров В.В. Экологическое право России. Москва, издательство БЕК, 1995.

  6. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. Учебник, издательство БЕК, Москва, 1996.

  7. Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть. Учебник, издательство БЕК, Москва, 1996.

  8. Тункин Г.И. Международное право. Учебник под редакцией Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов. Москва, 1995.

  9. Действующее международное право в трех томах; том третий, составили: Ю.М.Колосов, Э.С.Кривчикова.

  10. Сборник важнейших документов по международному праву (часть 1 - Общая), составитель М.В.Филимонова, Москва 1996.

  11. Сборник важнейших документов по международному праву (часть 2 - Особенная), составитель М.В.Филимонова, Москва 1996.

  12. Ақпараттық экологиялық бюллетень. Қорытынды шығарылымы. 1997 ж. Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы, 1998.

  13. Ақпараттық экологиялық бюллетень. Қорытынды шығарылымы. 1998 ж. Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы, 1999.