- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
Түсінігі және мәні.
Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көзі.
Халықаралық ғарыш құқығы мен ғарыш қызметінің ерекшелігі.
Халықаралық ғарыш құқығының субьектісі
Халықаралық ғарыш құқығының обьектісі
Қызметтесудің нысандары
а) Халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидасы ретінде қызметтесудің заңдық мазмұнының қағидасы
б) БҰҰ шеңберінде
в) Үкімет аралық ұйымдар шеңберінде
г) Үкіметтік емес ұйымдар шеңберінде
7. Халықаралық ғарыш құқығындағы мемлекетердің жауапкершілігі.
8. Халықаралық ғарыш құқығының даму переспективасы
Соңғы жылдарыЖТС жылдары халық шаруашылығының негізгі саласы болып ғарыш табылады. Ғарышты зерттеудегі және пайдаланудағы жетістіктер мемлекеттің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл сала жас болғанымен, оның даму деңгейі өте жоғары және де ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану мемлекеттердің кең және әрнақтылы араласуынсыз мүмкін емес.
Ғарышты зерттеу қызметін реттеу заңдылығы не үшін керек? Біріншіден, бұл қызметтің әлемдік сипаттамасы және оның шеккен зардабы, екіншіден мемлекеттердің іскерлік ынтымақтастығына ең жағымды жағдайды қамтамасыз ету, үшіншіден ортақ ғылыми-техникалық қызметін жүргізу нәтижесінде пайда болатын мемлекеттер арасындағы нақты қатынастарды зерттеу үшін. Ғарышта мемлекеттер қызметтерінің жағымсыз жағдайларын шешу тек қана халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ғана мүмкін, сондықтан ғарыш кеңістігін игерудегі мемлекеттердің бұндай ынтымақтастығы халықаралық құқықтың ерекше саласы - халықаралық құқықтың (ХҒҚ) құрылуына келтіреді. Берілген дәріс аталған мәселелерге назар аударылады.
Ғарыштық іс-әрекеттердің басынан бастап, оның кез-келген түрі бір немесе бірнеше шет мемлекеттердің мүддесін қозғай алады екен, ал ғарыштық іс-әрекеттердің көпшілік түрлері бүкіл халықаралық қоғамдастықтардың мүддесін атқарады. Бұл “Заңды ғарыштық іс-әрекет” ұғымдарын енгізу қажеттілігін және де ғарыштық іс-әрекеттің халықаралық байланыс мүмкіндік көзқарасымен қарағанда белгілі тәртіпті іске асыруды орнатуды керек етті.
Ғарыштық кеңістікті зерттеу бағдарламасын жүргізу барысында туындай алатындай “заңдық проблемаларды” БҰҰ жағдайында талқылау қажеттілігі мен адамзаттың ғарыштық кеңістікте жалпы құштарлығы белгіленген 1958 жылдың 13 желтоқсанындағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясындағы резолюциясында белгіленген. Бұл резолюцияда “Ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатында қолдану туралы сұрақтары ” ғарыш кеңістігінің құқықтық мәртебесін және ғарыш қызметінің сипаттамасын қамтиды (ғарыш кеңістігін тек бейбітшілік мақсатында қолдануға тырысу, жаңа салада халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі). Сондықтан да 1967 жылғы ғарыш туралы шарт тек қана ғарыш кеңістігінің тәртібін ғана белгілеп қоймай, сонымен қатар мемлекеттердің ғарыштан тыс қызметтері процессінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Бірақ та , олардың қызметтері ғарышты зерттеу және қолдануымен байланысты болуы керек. ХҒҚ-ғы халықаралық құқықтың саласы ол ғарышты игеру қызметімен байланысты және әлемдік қоғамның ғарышты игеру қызметі процессінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейді. Құқық және сыртқы саясат арасында үзілмейтін байланыс бар. Қандай да облыс болмасын мемлекеттердің ішкі саясатты өткізуін басқаратын негіз болып жалпы халықаралық - құқықтық қағидалар қызмет етеді. ХҒҚ өзінің қалыптасуының алғашқы сатыларында осындай қағидалар ғарыш қызметінде сол кезеңде ерекше мәнге ие болды. Арнайы қағидалардың жоқтығы жалпы қағидаларды қолдануымен орны толтырылуы қажет.
ХҒҚ ғылымының жаңа пайда болғанынан бастап көптеген заңгерлер халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен нормалары ғарыштық қызметке де таралатындығын да негіздеді. Ал оның егжей тегжейлігі арнайы нормаларда есепке алынды. Олар халықаралық құқықтың жаңа саласын құрастырады, бірақ ешқандай бөлек жүйе болуы мүмкін емес.
ХҒҚ-тың туған күні деп ғарыш бойынша шарттың ену күні 12 қазан 1967 жылы танылды. Негізгі қағидаларының бірі мемлекеттердің теңділігі қағидасы. Ғарыш қызметіне қолданғанда бұл қағида барлық мемлекеттердің ғарыш қызметі игерудегі теңдігін көрсетеді және де игерудегі оны құқық және саясат сұрақтарын шешуге қолданылады. Теңдік құқығы ғарыш бойынша шартта көрініс алған, оның преамбуласында ғарышта іздену және ғарыш кеңістігін игеру барлық халықтардың игілігіне, олардың экономикалық және ғылымының жетістігіне, дәрежесіне байланысты емес пайдалану керек. Шартта көрсетілген ғарыш кеңістігін барлық мемлекттерге ізденіс әрекеттері үшін және шұғылдану үшін ешқандай дискриминациясыз теңдік құқығы негізінде барлық дене аудандарына жол ашық. Халықаралық қатынастарда күш және күшпен қауіп төндіру қағидаларын қолдану мемлекеттердің ғарыштық қызметіне және осыған байланысты олардың арасында пайда болатын қарым-қатынастар. Бұл дегеніміз халықаралық әлемге және қауіпсіздікке қауіп қатер төндірілмейтіндей ғарыштық қызмет барлық мемлекеттермен жүзеге асырылуы қажет, ал ғарышқа байланысты барлық бәсекелестіктер бейбітшілік жолмен шешілуі қажет.
Сонымен, ХҒҚ және халықаралық құқық қағидалары жиынтығы біріншісі, екіншісінің біртұтастығының қосымша бөлшегі болып табылады. ХҒҚ-ның қағидалары мен нормаларының егжей-тегжейлері оны басқа халықаралық құқықтың тармақтарымен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Реттеудің мақсаттары мен әдістері және ХҒҚ-ның және халықаралық жалпы құқықтың қайнар көздері ұқсас. ХҒҚ-ның мақсаты халықаралық бейбітшілік, мемлекеттің қауіпсіздігі және қарым-қатынасын, мемлекеттің егемендік құқығын қорғау және бүкіл адамзаттың мүдделерін ғарыштық облысында халықаралық субъектілердің қарым-қатынастық реттеу жолымен қамтамасыз ету.
Құқықтық бақылау әдісі ХҒҚ және халықаралық құқық үшін біркелкі. Бұл әдіс болып мемлекеттің нақты тәртіп ережесінің мазмұнына қатысты және оны заңды міндетті етіп қабылдау табылады. Бұл жерде ХҒҚ-ның және халықаралық құқығының ұқсастығы. Ол халықаралық келісім-шарт және халықаралық әдет-ғұрып болып табылады. ХҒҚда норма құрылу процессінің екі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі ол, көбінесе БҰҰ шегінде, екіншісі ол нормаларды қабылдау практикадан кейін немесе сонымен бірге іске асырылады.
ХҒҚ нормаларының құрылу процесінде негізгі роль халықаралық келісімге берілген. 1967 жылдың Ғарыш келісімі ХҒҚ-ның басты, негізгі қағидалары мен нормалары арқасында тұрақталынды. Ғарыштық ғылымның дамуының өсуі барысында және ғарышқа әрі қарай ену ғарыштық құқықтың бөлек жағдайлары арнайы келісімдерде нақтыланады, көбінесе ғарышкерлерді қорғау, ғарышкерлердің және ғарышқа жіберілген объектілердің қайтарылуы туралы келісімдер және ғарыштық объектілердің әкелген зияндары үшін халықаралық жауапкершілік конвенциясы. Сонымен қатар, ХҒҚ-ның қайнар көздері болып ғарышты зерттеу, мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы әр түрлі келісімдер табылады. Бұл арнайы мінездемедегі келісімдер ХҒҚ үшін ортақ қағидаларымен нормаларға негізделген, олар ғарыш бойынша келісім шартта бекітілген, келесі көздердің бірі әдет-ғұрып. Халықаралық әдет-ғұрып бұл үнемі жүйелі қолдану нәтижесінде халықаралық қатынастағы субъектілердің заңды міндеті болып табылатын тәртіп ережесі. Ғарыштық заңның жас екендігіне қарамастан, онда дәстүр ретінде қалыптасқан заңды қағидалар бар. Бұл екі негізгі қағида зерттеудің, ғарыштық кеңістіктің және ғарыштық денелердің бостандығы. Бұл қағидалар ғарыштық қызмет іс-әрекетінің негізінде және халықаралық бірлестіктің қолдану нәтижесінде қалыптасты. Бұл екі қағида Ғарыш Келісіміне келісім нормалары болып енуі олардың мағынасын ешқандай өзгерпейді, себебі олар халықаралық қарым-қатынастағы барлық қатынасушыларға халықаралық құқықтық дәстүр ретінде заңды міндетті.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциясы нұсқау сипатында болып келеді, алайда бірнеше қабылданған, мемлекеттердің нақты қызмет бейнесіне қатысты келісілген позицияларды ұсынады, оларды халықаралық бірлестік біртұтас ұстануы қажет. Халықаралық сот статуты БҰҰ халықаралық құқықтың соттық шешімдернің көмекші көздеріне және деңгейлі жоғары мамандарға қатыстырады. Алайда ғарыштық кеңістікті зерттеу және қолдануымен байланысты сұрақтар БҰҰның халықаралық соттарында немесе аралық соттарда қарастырылған емес, себебі мемлекеттер арасында әлі күнге дейін ХҒҚның жағдайы туралы бәсеке туған жоқ. Екінші көмекші көз болып халықаралық құқық аймағында әсіресе ХҒҚда деңгейі жоғары заңгерлердің еңбегі болып табылады.
Халықаралық құқықтың арнайы буыны болғандықтан ХҒҚ бірнеше мінездемелік ерекшеліктерге ие, бұл ерекшеліктерге “ғарыш кеңістігімен байланысты мыналар жатады: 1) ғарыш кеңістігінде аспан денелері орналасқан, олардың территориясы ешкімге жатпайды. Сондықтан болашақта адаммен қолданылуы мүмкін; 2) ғарыш іс жүзінде шексіз; 3) құрлық территориясына дүниежүзілік мұхитқа және әуе кеңістігіне қарағанда, ғарыш кеңістігі қолдану процесінде ешбір аймақтарға бөлінбейді; 4) адамның онда қызмет етуіне ғарыш кеңістігі қауіп төндіреді. Ғарыш қызметіне байланысты ерекшеліктері: 1) ғарышты әскери мақсатта қолдану салыстырылмайтын қауіп төндіреді; 2) ғарыш қызметінің нәтижесінде көптеген мемлекеттер қызығушылық білдіреді, бірақ оны тек ғылыми және өндірістік қатынастарда аса дамыған мемлекеттер ғана өзінше жүзеге асыра алады; 3) ғарыш аппараттарын жіберу және қайтару барысында, шетел мемлекеттердің әуе кеңістігін және ашық теңіз кеңістігін қолдануымен байланысты; 4) ғарыштық жіберу шетел мемлекеттеріне және адамдарына зардап шеккізеді. Енді құқық нормаларының ерекшеліктерін атап өтелік. Оның екеуі норма қалыптасу процесіне тиісті екені мәлім. Сонымен қатар ХҒҚны байланысты сұрақтар өзінде ретеу аймағы болып арнайы конвенциялар мен келісімдерді қамтиды. Құқықтық сұрақтар БҰҰ ғарыш бойынша Комитеті шешеді, ал теңіз құқығы конвенцияларда. Ғарыш құқығының экологияның тығыз байланысына қарамастан құқықшығармашылық халықаралық құқығының басқа салаларынан барынша артта қалған.
Ғарыштық құқығының қалыбының бұндай егжей тегжейлігі және қағидалары адам қызметінің жаңа саласы ретінде ғарыштық кеңістіктің ерекшеліктері негізінде қалыптасады, ол кез-келген сала қызметінен елеулі ерекшелінеді.
4. Субъектілер.Басқа мемлекеттердің қызығушылығын қозғайтын кез-келген қызметті жүзеге асыру халықаралық құқықтық қатынастарға және қатысты құқықтар мен міндеттемелерді ұстанатын бұл жағдайды халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады.
Сонымен, ХҒҚ-ң субъектісі болып қатысушы сонымен қатар ғарыштық кеңістіктегі қызметі және ғарыштық технологияны қолдану жайлы потенциалды халықаралық құқықтық қатынастар есептеледі.
ХҒҚ-да субъектілердің 2 түрі бар. Негізгі субъектілер ретінде халықаралық құқықтар мен міндеттерді иеленуші егеменді мемлекеттер болып табылады. Мұндағы мемлекеттің халықаралық құқықсубъектілігі халықаралық қатынастың қатысушыларының белгілі бір актіге немесе ерік білдіруіне тәуелді емес. Мемлекеттердің құрған екінші бір туынды субъектісі - халықаралық ұйымдар. Осындай халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің көлемі шектеулі. Ол ұйымдардың құқықсубъектілігі халықаралық шартпен және мүше-мемлекеттердің ерігімен белгіленеді.
Халықаралық ұйымдардың кейбіреулері өз құқықсубъектілігінің шеңберінде халықаралық ғарыш құқық қатынастарының субъектісі бола алса, басқалары тек қана халықаралық құқық қатынастардың субъектісі болады, өйткені олардың жарғыларында оларға арнайы өкілеттік берілген туралы жазылмайды. Сонымен субъектілер арасындағы негізгі айырмашылығы тәуелсіз мемлекеттер іpso facto ХҒҚ субъектісі болса, халықаралық ұйымдар тек туынды субъектілер болып табылады.
Үкіметаралық ұйымдар МКП саласындағы субъектісі болуы үшін 4 жағдайды ескеру қажет.
Ұйым келісім шарт белгілеген барлық құқықтар мен міндеттерді орындайтыны туралы ресми жариялауы керек.
Ұйымның мүше-мемлекеттерінің көбі осы келісімшарттың қатысушылары болуы қажет.
Осы ұйымның мүше-мемлекеттерінің көбі 1967 жылғы ғарыш туралы шартының мүшесі болуы.
Ұйым ғарыш қызметін жүзеге асыруы керек. Бірақ ол да жеткіліксіз: жауапкершілік туралы конвенцияда, Ай туралы келісімде ұйымдардың құқықтары мен міндеттері едәуір шектелді.
ХҒҚ субъектісі ретінде жеке тұлғалар бола алады деген көзқарас қалыптасты. Мысалы, ғарыш туралы шарттың 5-ші бабында “адамзаттың ғарышқа жіберген елшісі” деген сөз тіркестері қолданылды, бірақ бұл жеке тұлғаның ХҒҚ субъектісі екенін білдірмейді, 7 бапта ғарыш объектісін тіркеген мемлекет сол объектіге және оның экипажына толық қадағалау мен заңдылығын бекітеді. ХҒҚ бойынша ғарыш қызметін жүзеге асырушы үкіметаралық емес ұйымдар болу мүмкіндігін ескереді, бірақ ол жағдай үкіметаралық емес заңды тұлғалардың ХҒҚ субъектісі болатынын білдірмейді (ғарыш туралы шарттың 6 бабы). Айтылған бапқа сәйкес, “ үкіметаралық емес заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігіндегі қызметі, Ай мен басқа аспан денелерін қоса, мүше-мемлекеттің рұқсаты мен тұрақты бақылауында жүзеге асырылуы шарт” Ал мемлекеттердің өздері осындай тұлғалардың қызметінің шарттағы ережелерге сәйкестігін қамтамасыз етіп, ол үшін жауапты болады. Алайда халықаралық құқықта субъектілер тең құқылы және ішкі, сыртқы істерінде басқа биліктен тәуелсіз болғандықтан, заңды тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін емес. Тағы бір көзқарас ХҒҚ субъектісі бүкіл адамзат бола алады делінген. Ондай жағдай ғылыми негізсіз, утопиялық, өйткені ол мемлекетердің саяси және экономикалық негізін құрайтын, халықаралық қауымдастық пен халықаралық қатынастардағы өмір шындығын ескермейді. Осылайша, ХҒҚ субъектісі тек қана ғарыш қызметін жүзеге асырушы тәуелсіз мемлекеттер мен үкімет аралық ұйымдар болады.
5. Объектілер. Халықаралық құқықтың объектілері- ол ХҒҚ субъектілерінің халықаралық құқық қатынастарына не үшін түскендігін білдіреді, яғни материалдық және материалдық емес игіліктер, әрекеттер, олар мемлекеттің ішкі өкілеттігіне кірмейді.
ХҒҚ-ның негізгі объектілері:1)ғарыш кеңістігі;2) аспан денелері; 3) ғарышкерлер; 4) жасанды ғарыш объектілері; 5) ғарыш жүйелерінің жердегі компоненттері; 6) практикалық қызметтің нәтижесі; 7) ғарыш қызметі;
“Ғарыш объектісі” деген шартты мазмұн әлі қалыптаспаған. Тек тіркеу туралы конвенцияға сәйкес жасанды ғарыш объектілерін тіркеу практикасы қалыптасты. Ол конвенцияға сәйкес “ғарыш объектісі” термині көптеген бөліктерден тұрады. Уақытша аспекті, яғни жасанды объектінің ғарыш объектісіне айналудағы кезеңді белгілеу өте қажет. Ол қозғалысқа келтіру уақыты, егер қозғалысы сәтсіз аяқталмаса да, объект ғарыштық болып табылады. Сонымен қатар объект жоспарлы түрде немесе жоспарлауда жерге қайтса, ол ғарыш объектісі болып саналады. “Ғарыш қызметі” туралы негізгі шартты мазмұн қалыптаспаған. Қазіргі кезде ол термин адамның ғарышты зерттеу, иен ғарыш кеңістігін пайдалану. Оның ішіне жерден тыс шыққан және пайда болған табиғи аспан денелері кіреді. Бірінші рет бұл термин БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1961 жылғы 20 желтоқсандағы резолюциясында қолданылды. “Ғарыш қызметі” терминін қолдану нәтижесінде, мемлекеттер егер де олар ғарыш кеңістігіндегі қызметпен байланысты болса, оған ғарыш кеңістігіндегі қызметті және сонымен қатар жердегі қызметті кіргізеді. Сонымен, нақты қай қызметте ХҒҚ нормалары мен қағидалары қолданылады? Қазіргі кезде ғарыш қызметінің түсінігі мемлекетке байланысты. Негізінде, ғарыш қызметі дегеніміз адамның құрған құралдарының жер жанындағы орбиталарда, планета аралық кеңістікте, Ай беті мен басқа аспан денелерінде орналасуы. Кейде орбиталық ұшуларды (яғни құралдардың үлкен қашықтыққа вертикалды ұшуы) қосады. Оған адамдардың әрекеттері (ғарышкер), автоматтандырылған құралдардың жұмысы және ғарыш объектілерінің бортындағы жабдықтардың ( адамдардың және құралдардың ашық ғарыш пен аспан денелерінің бетіне шығуы мен шығарылуы) кіруі даусыз. Осының бәрін ескерсе ғарыш қызметінің түсінігі: 1) ғарыш ортасының қызметімен ( ғарыш объектісін ұшырғандағы Жердегі операцияларды қосқанда); 2) оны басқарумен; 3) жерге оралумен байланысты.
Бірақ қазір ғарыш қызметіне байланысты барлық сұрақтар реттелмеген. Мысалы, ғарыш объектісінің ғарыш кеңістігіндегі орналастырылуы сәтсіз аяқталмаса, және жердегі операциялардың дайындалуы орындалмаса ол ғарыш қызметіне жата ма? Сондықтан ғарыш қызметінің мазмұнын түсіндіргенде әр жағдайға байланысты құқық қатынастарына сәйкес халықаралық шарттардағы ережелерді қолдану қажет.
“Ғарыш кеңістігі” термині тек бір 1967 жылғы ғарыш туралы шартта 37 рет қолданылады. Бірақ ХҒҚ-да осы терминнің мазмұны түсіндірілмеген. Ғарыш кеңістігінің түсінігі туралы сұрақ БҰҰ-ның ғарыш Комитетінің бағдарламасында әлі қалып отыр. Ол сұрақ ғарыш кеңістігі қызмет элементінен бөлек мазмұндалмайды.
6. Байланыс нысандары. Халықаралық қатынастың ғарыш зерттеулері мен олардың практикалық қолдануы саласындағы рөлі ХҒҚ көзқарасы бойынша мемлекетаралық қатынастар қағидасының заңды мазмұнының ашылуын қажет етеді. Халықаралық құқық белгіленген байланыстың жалпы қағидасы зерттеулер мен ғарыш кеңістігін пайдалануға сәйкес мемлекетаралық қатынастарға толық пайдаланылады. Ғарыш қатынасындағы халықаралық байланыстың дамуына атсалысуын мемлекеттер 1967 жылғы ғарыш туралы шарттың преамбуласында жазады, сонымен бірге осы шарттың басқа да көптеген баптарында ерік білдіреді. Зерттеу мемлекеттердің байланысының, ХҒҚ қағидаларының негізгілерінің қатарына жатқызылатынын көрсетеді. Осылай, 1967 жылғы ғарыш туралы шарт мемлекет байланыстары қағидасы жалпы қағидалардың бірі ретінде, ХҒҚ бастауларының негізі етіп бекітті.
Ғарыш туралы шарттың көптеген ережелері байланыс қағидасынан шығып оларды нақтыландырды. Мысалы, ғарышта қызметті жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің қызметіне бөгет жасамау, ғарышкерлерге көмек көрсету, барлық мемлекеттерді өз қызметінің нәтижесі, уақыты, жері туралы хабардар ету т.с.с.
Сонымен байланыс қағидасының негізгі мазмұнын ғарыш кеңістігін игерудегі мемлекеттердің бір-бірімен байланыс ету міндеттілігі және ғарышты пайдалану мен зерттеуде жетістіктерге жету мен кең көлемде дамыту міндеттілігі құрайды.
БҰҰ шеңберінде: Ғарыш кеңістігін пайдалану мен зерттеуде мемлекет арасындағы байланысты дамытуда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының рөлі үлкен. Ол ғарыш қызметінің құқықтық реттеудегі саласында үлкен жетістіктерге жетті және ол заң бойынша ХҒҚ нормаларын құрастыру саласында халықаралық байланыстың шеңбері болып саналады. Ол: 1) Ғарыш қызметінің құқықтық қағидалары декларациясын (1963ж.); 2) Ғарыш туралы шартты (1967ж); 3) Құтқару туралы келісімді (1968ж); 4) Жауапкершілік туралы конвенцияны (1972ж); 5) Тіркеу туралы конвенцияны (1975ж); 6) Ай туралы келісімді (1979ж) қабылдады. Оның негізгі рөлі ХҒҚ құрастыру және дамытуы БҰҰ-да ғарыш кеңістігін бейбітшілік үшін қолдану ( Ғарыш туралы комитет деген атпен әйгілі) комитетін ашуынан көрінеді.
Бас Ассамблеяның негізгі функцияларына:Ғарыш кеңістігін зерттеу мен құқықтық жағдайларын анықтау; 2) Мемлекеттердің ғарыш қызметін құқықтық реттеу мәселелеріне қатысты шешімдерді БҰҰ-ның ғарыш комитетінің ұсыныстарын қабылдау ; 3) БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі комитетінің ғарыш мәселелеріне байланысты келісімдерінің жобаларын қолдау; 4) Бас Ассамблеяның сессияларында көпшілік мемлекеттердің қатысуымен жеке баптар мен келісім шарттардың жобаларын жасауға қатысуы жатқызылады.
Бейбітшілік мақсатында ғарыш кеңістігін қолдану жөніндегі комитет.
БҰҰ-ның резолюцияларына сәйкес комитет ғылыми-техникалық және ғарыш кеңістігінің зерттеуінің құқықтық мәселелерімен айналысады: ол ғарышты игерудегі халықаралық байланыс саласының орталықтанған органының рөлін атқарады. Ғарыш жөніндегі БҰҰ-ның комитеті 2 подкомитеттерден тұрады. Заңдық және ғылыми техникалық. Комитет өзінің негізгі құқық шығарушылық қызметін заңдық подкомитет арқылы жүзеге асырады. БҰҰ-ң ғарыш жөніндегі Комитетінің заңдық подкомитеті ғарыш кеңістігін пайдалану және игеру бойынша қызметті реттейтін көпжақты мәмілелердің жобаларын жасаумен айналысады. Нақты алғанда бұл подкомитет ХҒҚ-ң қағидалары мен нормаларын жасаудағы орталық орган болып табылады.
БҰҰ Бас секретарі Ғарышты меңгеруде бағыт беру қызметі аймағында кең көлемді өкілеттіктерге ие:1) Оған мемлекеттердің ғарыш қызметі жөнінде ақпаратты тарату мен жинау міндеті жүктелген; 2)Ұшырылатын ғарыштық объектілер жөнінде мәліметтерді сипаттайтын тізім жүргізу және оған еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; 3) Апат, мәжбүрлі немесе жоспарланбаған қону болған жағдайда ғарышкерлерге көңіл төніп тұрған жайлы мағлұмат жинау немесе тарату; 4) Жауапкершілік жөнінде конвенция бойынша шағымдарды қарау бойынша комиссия төрағасының ad hoc тағайындайды.
Одан басқа ғарышты меңгеруде маңызды рөлді көптеген БҰҰ арнайы мамандандырылған мекемелері ойнайды:
Халықаралық Электр Одағы (ХЭО) - ол ғарыштық байланыс үшін радиожелілік диапазондарын белгілейтін уақытты қарастырады, ғарыш байланысының экономикалық мән-жайын куәттейді, алыс байланыс мақсатында спутниктерді пайдалану жөнінде ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді; 2) ЮНЕСКО, оның ғарыш аймағанда негізгі міндеті болып, ақпаратты тарату, әлеуметтік дамуды мәдени алмасуды кеңейту мақсатында ғарыш байланысын қолдануды зерттеу табылады. т.б. ұйымдар.
Ғарышты меңгеруде халықаралық қызметтестіктің дамуында үлкен орын алған, ол БҰҰ-ның бейбіт мақсатында ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі 1968ж және 1982ж өткен екі конвенция болып табылады.
Үкіметаралық ұйымдар шеңберінде. Ғарыш мәселелерімен айналысатын бір үкіметаралық халықаралық ұйым әлі құрылған жоқ. Қазіргі кезде бұл аймақтағы халықаралық қызметтесудің тәжірибелік мәселелерімен өз құзіреті шеңберінде бірқатар ұйымдар айналасуда.
Теңіз спутниктік байланысының халықаралық ұйымы (ИНМАРСАТ). Оның мақсаты теңіз байланысын жердің жасанды спутниктерін қолдану арқылы радикалды жақсатру болып табылады.
ИНМАРСАТ құрылтай құжаты теңіз спутниктік байланысының халықаралық ұйымы жөніндегі конвенциядан тұрады, онда ұйым құрылуының қағидаларының ережесі және пайдалану келісімі белгіленді, онда үкімет атынан қол қойылған немесе онымен тағайындалған мемлекеттік немесе жеке құзіреті бар ұйымдардың атынан қол қойылған техникалық және қаржылық сұрақтардың тәртібі белгіленген конвенция бойынша құқық пен міндеттерді тек мемлекеттер иеленеді.
Жердің жасанда спутниктері арқылы байланыстың халықаралық ұйымы (ИНТЕЛСАТ).
Оның басты мақсаты коммерция негізінде жасанды спутниктер көмегімен халықаралық мақсаттар және барлық мемлекеттерге ешқандай дискриминациясыз жол ашық ірі байланыс жұйесін жоспарлау, құрастыру, пайдалануға беру және техникалық қызмет көрсету.
Қазіргі кезде ИНТЕЛСАТ-тың құрамында жүзден аса мемлекеттер мүше болып отыр. Бірақ арнайы әдебиеттерде бірқатар кемшіліктер көрсетілген, ең бастысы ол барлық дауыстардың жартысынан көпшілік американың жеке КОМСАТ компаниясына берілген, ал ол ИНТЕЛСАТта АҚШ мүддесін қорғайды және ИНТЕЛСАТ өзін шетел капиталы бар акционерлік қоғам ретінде көрсетеді.
Еуропаның Ғарыш агенттігі (ЕКА). 60ж басында батыс еурропа елдері ғарыш аймағындағы саясатты АҚШқа тәуелсіз етіп жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Бірнеше халықаралық ұйымдар құрылды. 1968ж соңында БАТЫС Еуропада қызмет ететін барлық ғарыш ұйымдары бір ұйымға бірігу жөнінде және ЕКА ұйымының құрылуы жөніндегі шешім қабылдады. Тек қана 1975ж 11 мемлекеттің өкілдері ЕКА құру жөнінде конвенцияға қол қойды. Бақылау мәртебесін 3 мемлекет иеленуде. ЕКАның қызметі Еуропа мемлекеттерінің қызметтесуін қамтамасыз ету және дамуын және бейбіт мақсатта ғарышкерлік жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағыттануы керек. ЕКА-ның басты міндеті болып:1) Барлық мемлекеттер және жеке мемлекеттер үшін ұзақ уақыттың жалпы Еуропаның ғарыштық саясатын дайындау және бағыттау; 2) Жалпы Еуропаның ғарыштық бағдарламасын талқылау және іс жүзіне асыру; 3) Кәсіпкерлік саясатты талдау және жүргізу. Агенттіктің ғарыштық бағдарламасы міндетті, барлық мүшелерімен қаржыланырылатын және қосымша болып бөлінеді. Оны тек мүдделі жақтар ғана қаржыландырады.
Басқа ұйымдардың ішінен АРАБСАТ ұйымын ерекше көрсетуге болады, оның кұрамына араб мемлекеттерінің Лига мүшелерінің ішінен 21 мемлекет кіреді. АРАБСАТтың басты мақсаты болып Лиганың барлық мүшелерінің алыс байланыс жүйені құру және қызмет етуі табылады.
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар шеңберінде. Бұл халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттердің қызметтесу нысанын көрсетпейді, себебі оларды құратын және мүшесі болатын мемлекеттер емес, ғылыми бірлестіктер мен ғалымдар. Олардың қызметі кең көлемде ақпарат алмасуды, әртүрлі ғылыми мәселелерді талқылауды және халықаралық қызметтесуді нығайтуды қамтамасыз етеді.
Халықаралық геофизикалық жыл аяқталғаннан кейін ғарышты меңгеруде қызметтесу шараларын іс жүзінде асыруды жалғастыру үшін 1958ж қазанда ғарыштық зерттеулер жүргізу бойынша комитет құрылды (КОПАР).
Бұл ұйымның негізгі мақсаты “Әлемнің барлық ғарыштарына кең көлемде спутниктерді қолдануға мүмкіндік беру және ғарыштық кеңістікті ғылыми зерттеу үшін ғарыштық заңдарды қолдануға және өзара алмасу ұйымы”, оның мақсаты халықаралық масштаб көлемінде ғарыштық кеңістікті зерттеуді алға қоюды дамыту. Халықаралық астронавтика федерациясы (МАФ) ұйымы ретінде 1952ж құрылды. МАФ қызметінің негізі болып 1961ж қабылданған 1968 және 1974ж өзгертілген Жарлық табылады. МАФ қызметі бейбіт мақсатта астронавтиканың дамуына қамтамасыз ету, ғарыштық зерттеулер жөнінде ақпарат тарату, сонымен қатар ғарышты меңгеруде бірнеше әлеуметтік-құқықтық сұрақтарды шешуге бағытталған.
МАФта үш дәрежелі мүшелер бар: 1) Ұлттық мүше (әртүрлі мемлекеттердің астронавтикалық қоғамы); 2) Кадрлар дайындау немесе асторнавтика аймағында зерттеу қызметімен байланысты университеттер, лабораториялар; 3) МАФ мақсатына сәйкес келетін халықаралық ұйымдар.
Ғарыш құқығының халықаралық институты (МИКП). Ол бұрын қызметескен МАФтың тұрақты құқықтық комитетінің орнында құрылды.
Оның міндеттері болып: 1) Ғарыш қызметінің құқықтық және әлеуметтік аспектілерін зерттеу; 2) МАФ конгресімен бір уақытта жүргізілетін, ғарыш құқығы бойынша жыл сайын өтетін колоквиум ұйымы; 3) Ғарыш меңгеруде құқықтық сұрақтар бойынша зертеулер жүргізу мен баяндамалар дайындау; 4) Ғарыш құқығы бойынша әртүрлі материалдар жариялау.
Бұл институт ғарыш құқығы бойынша білім беру мәселелерімен айналысады. Ол жалғыз үкіметтік емес ұйым болып табылады. Онда ғарыш меңгерудегі құқытық мәселелер талқыланады. МИКП жеке мүшесі негізінде құрылған. Ол ғарыш құқығы бойынша БҰҰ комитетінің заңдық бөлімшесінде МАФтың өкілдігі болып табылады.
Жауапкершілік. Ерте заманнан бастап қазіргі күндерге дейін халықаралық қатынастарда тәртіпті қамтамасыз ету болып жауапкершілік институты табылады. Халықаралық қатынастарда міндеттейтін орталықтанған үкіметтік ақпарат жоқ. Халықаралық құқықтық тәртіптің кепілі болып халықаралық-құқықтық нормалар мен қағидалар табылады, оның ішінен ең негізгісі болып pacta sunt servanda қағидасы шарттар міндетті түрде сақталуы керек. Ал бұл қағидасының кепілі болып зиян келтіргені және оны төлеуден бас тартқаны үшін жауапкершілік қағидасы табылады.
Халықаралық жауапкершілік халықаралық қарым-қатынастардың ерекше институты болып табылады. Ол өзіне зиян келтіруді жою міндетін алды, егер тек кінә жәбірленуші жақтың өзінен тумаса және жәбірленуші өзінің бұзылған құқығы үшін жауапкершілікті зиян келтірген жақтан өтеп алуы оған сәйкес санкция қолдануы болып табылады.
ХҒҚ жауапкершіліктің түсінігі:1) Мемлекеттердің халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын бұзуы үшін халықаралық жауапкершілік 2) Ғарыш қызметін іс жүзіне асыру барысында, зиян келген үшін материалдық жауапкершілік.
ХҒҚда жауапкерішілік ережелерін қалыптастыру қоғамдық құқықтық қатынастар саласында басталды. Ғарыштық әрекеттер үшін жеке құқықтық жауапкершілік мәселелері әлі қарастырылмаған, өйткені оның субъектілері мемлекеттер болады немесе заңды тұлғалар, ал заңды тұлғалар үшін мемлекет жауапты.
Мемлекеттің ғарыштық әрекет үшін жауаптылығы заңды түрде Ғарыш туралы 1967 жылғы шартта бекітілген. Бұл шарт бойынша қатысушылар мемлекеттері өздерін ғарыш кеңістігінде, айда және басқа ғарыш денелерде жасалған ұлттық әрекеттер үшін, оның үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйымдары мен жасаулығына қарамастан толық жауапты болады.
Ал егер ғарыш әрекетін халықаралық ұйым жүзеге асырса, онда шартты орындау жауапкершілігі осы ұйымға қатысты мемлекеттер арасында бөлінеді. Ғарыш туралы шарт бойынша ғарыш объектілерінің немесе оның құрам бөліктерінің жерде, ауада, теңізде ғарыш кеңістігінде, айда және басқа да ғарыш денелерде келтрілген зиян үшін бұл денені ғарышқа ұшырған мемлекет және ұшыру үшін өз аумағын пайдалануға берген мемлекеттер жауапты. Егер бір мемлекет басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғаларына шығын келтірсе жауапкершілік туындайды.
Зардаптың түрлері: Бұл әртүрлі ғарыштық объектілердің және олардың бөліктерінің жерге немесе суға құлау әсерінен адам өліміне әкеліп соғатын немесе олардың денсаулығына, мүлкіне, мемлекетке заңды тұлғалар мен азаматтарға зиян келтіру. Ғарыш объектісін орбитаға шығарған кезде және ашық кеңістіктегі әуе кемелері орналасқан жерде ракетаның ұшу траекториясы өтсе, шығынға әкеліп соғуы мүмкін. Зардап ғарыш кеңістігінде де кездесуі мүмкін, егер де бір мемлекеттің ғарыш объектісі, орбитада тұрған басқа мемлекеттің объектісіне зардап келтірген кезде оларға зиян келтіру мүмкін. Аспан денелерінде ғылыми станциялар және шексіз ғарышқа сапарға аттануға станциялар орнатылған кезде оларға да зиян келтіруі мүмкін. Олар ғарыш радио байланысына және космос ретрансляторы арқылы таратылатын дидарларға кедергі жасау. Егер де зиян тікелей қасақаналықсыз заңи іс қимылдар нәтижесінде жасалатын болса, бұл жерде материалдық шығынды өтеу туралы мәселе қарастырылады. Бірақ, әдейі қасақаналық түрде халықаралық құқық нормаларын бұзған жағдайда, онда сол мемлекет басқа мемлекеттер, бірлестіктерінің алдында саяси түрде жауапты болады. Мұндай кезде жауапкершілікті саяси және материалдық түрде болады. 1971ж Ғарыш объектілерінің зиян келтіруіне байланысты “Халықаралық жауапкершілік” туралы конвенция жобасының тексті қабылданды.
Зиян дегеніміз - адам өлімі, дене жарақаты, денсаулығы, мемлекет меншігіне және оның азаматтары мен заңды тұлғаларына зақым келтіру немесе халықаралық және үкіметаралық ұйымдарға зиян келтіру болып табылады.
Ғарыш объектілерінің жер бетіндегі немесе ұшып жүрген әуе кемелеріне келтірген зардаптары үшін мемлекеттер жауапкершілікті өтейді. Бір ғарыш объектісі екінші ғарыш объектіге зиян келтіргені үшін мемлекет тек қана кінәсі болғанда ғана жауап береді. Егер дөрекі немқұрайлықтың және жәбірленушінің қасақаналығымен зиян келсе жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Талап қоюдың 1 жылдық мерзімі белгіленеді. Өтем ақы келтірген зиянның көлеміне сәйкес есептеледі. Даулы тараптар, үш мүше өкілдерінен құралатын тараптарды қарау бойынша қызмет атқаратын ad hoc комиссиясымен реттеледі:1) талап қоюшы; 2) зиян келтіреген мемлекет; 3) осы екеуімен сайланған төраға.
Егер екі тарап комиссияның шешімін мойындаймыз деп келіссе, онда комиссия шешімі міндетті болып табылады. Ал, басқа жағдайларда комиссия шешімі ұсыныс ретінде қарастырылады.
1971ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 26 сессиясында халықаралық жауапкершілік туралы конвенция бекітіліп, 1972ж қол қоюға берілді. 1972ж 30 тамызда күшіне енді.
Даму кезеңі. Халықаралық ғарыш құқығының даму кезеңін екіге бөлуге болады: біріншіден ғарышты игеру саласындағы, ғылыми техникалық прогресті дамыту мен байланысты құқық сұрақтар және осы мен байланысты халықаралық қатынастарды дамыту, екіншіден, халықаралық ғарыш құқықығына байланысты нормаларын шығару және бар заңдарды жүзеге асыру
1-ші топқа мыналарды жатқызуға болады:1) Тікелей телевизиялық қызмет көрсетуді құқықтық реттеу сұрақтарын шешу; 2) Әуе кеңістігі мен ғарыш кеңістігінің шекарасын белгілеу керек, өйткені егеменді мемлекеттердің әуе кеңістігін онсыз белгілеу мүмкін емес; 3) Геостационарлы орбиталық жүйе режимін белгілеу керек; 4) Ғарыштағы ядро энергияның қайнар көздері мен байланысты мәселелерді шешу керек.
2-шіге жататындар:1) Әрекет ететін заңдарда берілген және болашақта енгізу керек даулы сұрақтарды шешу, нақты айтқанда халықаралық ғарыш құқығының негізгі терминдерін анықтау қажет. Мысалы, ғарыш кеңістігі, ғарыш объектілері т.б; 2) Халықаралық ғарыш құқығы мен байланысты барлық ұйымдарды біріктіретін әмбебап үкіметаралық ұйым құру; 3) Бүгінгі және талаптарға сай нақты түсінікті жалпыға бірдей қағидаларын жасау және қабылдау.
Жоғарыда жазылған мәліметтерді қарай отырып мынадай қорытынды шығаруға болады: 1) Өзінің салыстырмалы түрдегі жастығына қарамай халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың жеке бір саласы ретінде қалыптасты; 2) Кейбір сұрақтардың реттелмегендігіне қарамастан халықаралық ғарыш құқығы ғарышты игеру мен пайдаланудағы байланысты халықаралық қатынастарды жеке өзі реттей алады; 3) Ғарышты игеру мен байланысты халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу ғарышты игеруге байланысты халықаралық қатынастарды нығайта түседі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Василиев Э.Г. “ Ай және әлемдер (планета) жөнінде құқықтық мәселелер” М, Ғылым, 1974ж
Колосов Ю.М. , Сташевский С.Г. “Бейбітшілік ғарыш үшін күрес : құқықтық сұрақтар”, М, “Халықаралық қарым-қатынас”, 1984ж.
Мазари Ф. “Ғарыш құқығы” М., 1978ж.
Жуков Г.П. “ Ғарыш және әлем” М., “Ғылым”, 1985ж.
“Ғарыш кеңістігін сонымен қатар Ай мен басқа аспан денелерін зерттеп, пайдалану туралы халықаралық шарт” 1967ж. “Халықаралық құқық жинағы” 2-ші том Алматы, “САК” 1998ж.
“Ғарыш кеңістігнде жіберген, ғарышкерлермен объектілерді құтқару және қайтару туралы келісім” 1968ж.
