- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
9) Архипелагтік сулар.
Индонезия мен Филиппинның архипелагтік суларға егемендіктің тарауы жөніндегі ұсыныстарынан кейін, мемлекеттер арасында орналасқан сулар- архипелагтің құқықтық статусы немесе оның аралдық иеленулері жөнінде БҰҰ-ң теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясында сұрақ туды. Осы ұсыныстарды ескере отырып архипелагтік сулар жөніндегі мәселе БҰҰ-ң Конвенциясында өз шешімін тапты.
Архипелагтік сулар архипелаг мемлекеттердің төңірегін теңіздік басқа бөлімдерінен түзу негізгі сызықтармен шекараланатын, архипелагтің теңіздегі ең алыстатылған аралдары нүктесімен кебул теңіз жартастарын құрамына кіретін аралдар арасында орналасқан сулардан тұрады. Мұндай негізі сызықтардың ұзындығы 100 теңіз милінен аспауы тиіс, алайда, тұйықталған /замыкающие/ кез-келген архипелаг ұзындығын жалпы ұзындық санынан 3 пайызға дейін, яғни ең жоғары ұзындығын 125 теңіз миліне дейін көтере алады. Негізгі сызық жүргізу барысында архипелагтің жалпы пішін үйлесімінен елеулі ауытқуына жол бермейді. Осы сызықтардан теңіз жақтарына архипелаг - мемлекеттердің аумақтық сулары шығарылып қойылады.
Қазіргі уақыттағы осындай архипелагтік - мемлекеттер; Жасыл МысАралдары, Фиджи, Багам Аралдары, Индонезия, Филиппины.
Конвенцияның 47 бабының 1 тармағында мемлекеттерді архипелагқа жатқызуға арналған құқықтық негіз береді.
Су беті көлемі және қуаңшылық көлемі арасындағы, аралдары қоса ара қатынас 1:1 ден 9:1 де дейін құрауы тиіс. Демек, аралдардан тұратын Ұлыбритания мен Жапония архипелактар болып есептелмейді.
Архипелагтік суларға БҰҰ-ң теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциядағы архипелаг- мемлекетердің егемендігі тарайды. Соған байланысты халықаралық кеме қатынастарымен жүзеге асырылатын танылған халықаралық жолдар архипелаг-мемлекеттердің ішкі суларында болғандағы құқықтары бойынша мәселелер туындайды. Осы мақсатпен мұндай теңіз каридорларынан барлық кемелер мен ұшқыш аппараттарға арахипелагтік өту мен ұшу құқықтарын қарайтын 53-бап қосылды.
Архипелагтік өту - қалыпты кеме қатынастарының және ұшып өтуде ашық теңіздің бір бөлігіне немесе ерекше экономикалық зонадан басқа жерге тек үздіксіз, тез және бөгетсіз транзиттік өті мақсаттарында құқықтарын жүзеге асырудан тұрады.
Архипелаг-мемлекет архипелагтік өту мен ұшып өтуді жүзеге асыру үшін ені 50 теңіз милінен тұратын теңіз және әуе коридорларын белгілеп алады.
10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
Теңіз каналдары дегеніміз, теңіз жолдарының ұзындығын қысқарту үшін, теңіз кеңістігін қосатын адаммен жасанды түрде құрылған су жолдары.
Халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын негізгі теңіз жолдары бола тұра, каналдар еркін өту үшін ашық болуы тиіс.
Каналдардың қызмет атқаруы, көп жағынан халықаралық бұғаздардан өту режиміне ұқсас болып келеді. Сонымен қатар, халықаралық бұғаздарға қарағанда, каналдар жағалаудағы мемлекеттің меншік құқығының объектісі болып табылады. Демек, әрбір каналдың режимі, дұрысын айтқанда одан өту режимі белгілі бір ерекшеліктермен сипатталады. Сондай-ақ каналдардың құқықтық режимінің мазмұнына, олардың әрқайсысының дүние жүзілік теңіз жолдары жүйесіндегі географиялық жағдайы әсер етті.
Халықаралық маңызы бар ең негізігі каналдарға Суэц, Панама, Киль каналдары жатады.
Суэц каналы халықаралық кеме қатынасында өзара ашық Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді қосты және соған сәйкес Гибралтар және Баб-эль-Мандеб бұғаздары арқылы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитын қосты.
Суэц каналының құқықтық режимі, Суэц каналы бойынша еркін жүзуді қамтамасыз ететін, 1988 ж. 29 қазан Константинополь Конвенциясы арқылы реттеледі. Конвенцияның 1-бабына сәйкес, Суэц каналы бейбітшілік және соғыс кезінде де барлық сауда және әскери кемелер үшін, олардың туына қарамай, барлық кезде ашық және еркін болуы тиіс. Шетел әскери кемелері өтуі үшін Египет өкіметіне жолдама жіберіп 10 күн ішінде хабарлауы керек. Өту арқылы түрде канал әкімшілігінен келісімдік куәландыру берілгеннен кейін жүзеге асырылады. Египеттің қандайда бір мемлекетпен соғыс жағдайында ерендігі анықталса, соңғысына канал арқылы өту құқығын жүзеге асыруға тиым салынады. Каналда, оның жағалауныдағы шығу порттары мен суларында 3 теңіз миль шегінде еркін кеме қатынасын қиындататын кез-келген әрекетке тиым салынады. Суэц каналына блокада жасауға жол берілмейді.
1956 ж. Каналды меншікке айналдырғаннан кейін, Египет өкілеті 1988 ж Константинополь Конвенциясының ережесін сақтауға және барлық мемлекеттерге еркін үзіліссіз кеме қатынастарын, барлық каналды пайдаланушыларға қандай да пайда немесе артықшылықтарды ұсынбай, толық теңдікті қамтамасыз етуге өз ниетін бекітті.
Панама мемлекетінің аумағында орналасқан Панама каналы Атлант және Тынық мұхиттарын қосып жатыр. Болашақтағы каналдың құқықтық режимін анықтайтын алғашқы шарт, АҚШ пен Англия арасында, жасайды, ол каналдың бейтараптығы мен еркін кеме қатынасын белгіледі. 1901 ж. АҚШ пен Англия арасындағы жаңа келісімде, АҚШ-тың каналды салу, оны басқару, пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығы танылды. Шарттың 3-бабына сәйкес, кеме қатынастарының негізі ретінде, Панама каналына Суэц каналы үшін қабылданған 1988 ж Константинополь Конвенциясының ережелерін қолдануға келісті. 18 қараша 1903 ж АҚШ пен Панама арасындағы шарт бойынша (Хея-Бюно-Варильи шарты) канал 1901 ж Шарттың 3-бабының талаптарына сәйкес, әрдайым бейтарап және ашық. Осы шарт АҚШ каналды салу, пайдалану құқығын иеленді, ол 1914 ж. Тамызында ашылды, бірақ халықаралық кеме қатынасы үшін 1920 жылдан бастап әрекет етті. 1903 ж Шарттың преамбуласына сәйкес, каналдың заңды егемендігі Панамада сақталды, бірақ іс жүзінде каналды басқару және оның режимі АҚШ-пен анықталды. Суэц каналы сияқты Панама каналында да кемелер теңдік негізде еркін өту құқығын пайдаланады. АҚШ-тың ережелеріне сәйкес бейбіт уақытта әскери кемелер өту үшін мемлекеттік департаментке хабарландыру жіберуі тиіс, бірақ ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету ниетімен өтуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкін. 1977 ж. Панама мен АҚШ екі жаңа шартқа қол қойды; Панама каналы туралы шарт және Панама каналының тұрақты бейтараптығы мен режимі туралы шарт. Панама каналы туралы жаңа шарт бойынша АҚШ пен Панаманың «Канал« туралы бұрынғы шарттары өз күшін жойды. Бірақ шарттың 3-бабына сәйкес, АҚШ 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін каналды басқару оны пайдалану және қызмет көрсету функциясын сақтап қалады. Шарт 1999 жылы 31 желтоқсанда өз әрекетін тоқтатады. Осы күнге дейін АҚШ канал зоналарында өз қарулы күштерін орналастыру құқығын сақтап қалады.
1977 жылы Панама каналының тұрақты бейтараптығы мен пайдалануы туралы шарт барлық мемлекеттің кемелеріне бейбіт және соғыс кезінде тең кемсітушілік емес негізде каналды пайдалануға мүмкіндік береді. Канал арқылы өту үшін төлем белгіленген. Барлық әскери және қосымша кемелердің туына қарамай транзит берілді. Бұл кемелер инспекциялауға және бақылауға жатпайды. Сонымен қатар шарт АҚШ-тың әскери кемелерін канал арқылы тез және талаптар қойылмаған өту құқығын қарастырған, бұл іс жүзінде шарттың 3-бабына қайшы. Каналдың бейтараптылығы Панама және АҚШ-пен кепілдендірілген.
Киль каналы ГФР-дың аумағында орналасқан, ол Балтық және Солтүстік теңізді қосып жатыр. 1895 жылы ол Германиямен салынып, кеме қатынастары үшін ашылған. Версаль бейбіт келісіміне дейін, Германия каналды өзінің ішкі суларына жатқызып, оған өзінің ішкі заңдарыны таратты. І Дүние жүзілік соғыстан кейін каналдың халықаралық құқықтық режимі белгіленген, Версаль бейбіт келісімінің 380-бабына сәйкес,Киль каналы Германиямен бейбіт жағдайда тұрған барлық мемлекеттің толық теңдікті сақтай отырып әскери және сауда кемелері үшін еркін және ашық деп жарияланған. Соның салдарынан Германия Версаль бейбіт келісімінің ережелерінін денонсациялаған және 1937 ж канал арқылы шетел әскери кемелерінің өтуінің шешуші тәртібін белгілеген. Қазіргі кезде Киль каналының режимі кеме қатынастарының еркіндігі принципіне негізделген әдеттегі халықаралық құқық нормаларымен анықталған. Осы канал арқылы кемелердің өту тәртібі ГФР-де әрекет етуші кейбір өзгертулер енгізілген 1939 ж Киль каналында жүзу Ережелерімен анықталады, соған сәйкес барлық кемелер кез-келген уақытта төлем жүргізілгеннен кейін еркін өте алады. Әскери кемелердің жүзіп өтуі ГФР-дің Сыртқы істер министрлігін алдын-ала хабардар етілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы жоғарыда аталған каналдардан басқа, теңіз кеңістігінің белгілі бір бөліктерін қосушы каналдар бар. Ондай каналдарға Эгей теңізін Ион теңізімен қосып жатқан Коринф каналы, Финляндияның ішкі сулары мен Ресейдің ішкі суларын қосып жатқан-Выборг шығанағы және басқаларын қосып жатқан Саймен каналы. Бірақ бұл каналдардың халықаралық кеме қатынастары үшін дүние жүзілік маңызы жоқ, сондықтан оларға кеме қатынастарының еркіндік принцпі тарамайды. Бірақ кейбір жағдайларда олар шетел кемелерімен пайдаланылады.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Каспий маңындағы жаңа мемлекеттердің құрылуымен - Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Түркіменстан 1991 ж. Каспи теңізі аумағында, аумақтағы геосаяси өзгерістерді ескере отырып теңіздің құқықтық мәртебесін анықтаумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі пайда болды.
Каспий мәселесінің өзекті сұрағы, мүдделерінің сәйкес келмеуі кесірінен каспи маңында орналасқан мемлекеттер анықтай алмай отырған теңіздің құқықтық мәртебесі болып отыр. Кеңес Иран шарттары негізінде 1921 және 1940 ж. белгіленген теңіздің құқықтық режимі, Каспидің мәртебесін толық түрде анықтамады, өйткені адамның теңіздегі шаруашылық қызметімен байланысты көптеген сұрақтарды іс жүзінде реттеген жоқ. Тұңғыш кездесу негізінде Каспий маңындағы мемлекеттер, Каспий теңізі жаңа құқықтық мәртебені қажет ететіндігі және де 1991 ж. дейінгі аралықта орын алған теңіз режимі, өркениетті өмірдің ақиқатына жауап бере алмайтындығы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді. Осыған байланысты Каспий проблемасының құқықтық аспектісі заң ғылымының шексіз пікірталастарының объектісіне айналды. Халықаралық құқық теориясындағы тұйық теңіздер концепциясы қайта өзектендіріле түсті. Егер белгілі бір зерттеушілер Каспий теңізі кәдуілгі шекаралық көл болып табылады деген қорытындыға келсе, келесі біреулері қарама-қарсы аргументті ұсынады, яғни 1982 ж. БҰҰ-ның Конвенциясының 122 бабының мазмұнына сәйкес Каспий тұйық теңіз болып табылды дегенді мәлімдейді. Кейбір ғалымдардың пікірінше Каспий бұл ерекше тұйықталған суат, сондықтан да оған теңіз ережелерінде, не болмаса көлдер жөніндегі мемлекеттер тәжірбиесінде қолдануға болмайды. Бұл аспектілердің қағидалық маңызы бар, өйткені теңіздік вариант бойынша Каспий теңізі ерекше экономикалық аймақтарға бөлінуі қажет, соңғы жағдайда жағалаулық мемелкет теңіз ресурстарына егемендік құқықты иеленеді. Алайда аталмыш вариант өзге каспи маңы мемлекттерінің мүдделерімен үйлеспейді. Ал, Каспий мәртебесінің көлдік варианты каспи маңы мемлекеттерінің қарама-қайшылықтарының іс жүзіндегі негізгі объектісі болып табылатын, бай көмірсутекті ресурстарды бірігіп өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса көлдік варинат Каспийді, жағалаулық мемлекеттің егемендігі таралатын ұлттық секторларға бөлуді қарастырады. Бірақ, халықаралық құқықта халықаралық көлдерді бөлу және пайдалану тұрғысындағы жалпыға танылған ережелер жоқ, жалғасынша, көлдік мәртебеде немесе теңіз нормаларын қолданбау жағдайында каспи маңы мемлекеттерінде, теңіздегі қызметтің әр-алуан аспектілеріне байланысты қорытындылар туындайды.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеудің барлық варинаттарынан басты 3-ін бөліп қарастыруға болады:
1 вариант Каспий теңізіне 12 мильдік территориялық сулармен, экономикалық аймақпен, 200 мильдік континентальдық шельф аймағымен бірге теңіз құқығының жалпы қағидаларын тарату. Каспий теңізінің максимальды ені 250 теңіз мильінен артпайтындығын ескеріп, жалаулары қарама-қарсы немесе аралас жатқан мемлекеттердің ерекше экономикалық аймақтарының сыртқы шекарасы, халықаралық құқық негізінде келісім жолымен анықталады. Каспий маңы мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарының барлық сұрақтары халықаралық теңіз құқығы нормаларына негізделетін болады. Бұл тұрғыда ескере кетер жағдай, 1982 ж. БҰҰ Конвенциясының кейбір баптары Каспий теңізінің ерекшеліктері ескеріле отырылып өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Жалғасынша, егер Каспийді теңіз деп таныса, онда оның мәртебесі туралы Конвенцияда БҰҰ Конвенциясының кейбір ережелері өзгеше мазмұнға ие болады.
2 вариант Каспийдің мәртебесін шекаралық немесе халықаралық көл ретінде заңдастыру. Бұл жағдайда Каспий ұлттық секторларға бөлінеді, және де әрбір каспи маңындағы мемелкет өз егемендігін жүзеге асырады. Айта кетер жайт, көлдің мәртебесін анықтайтын әмбебапты нормалардың халықаралық құқықта қарастырылмағандығы. Жағалаулық мемлекеттер Каспийдің су акваториясындағы қызметпен байланысты сан-алуан сұрақтарды белгілеуге тура келеді, мысалы минералды ресурстарды пайдалану, балық аулау, кеме жүзу, екі немесе көпжақты келісімдер негізінде ұшу бостандығы сұрақтарын.
3 вариант кооперация немесе кондоминиум режимін белгілеу, бұл жағдайда оның ресурстарын қоса алғанда барлық Каспий акваториясы, барлық каспи маңында орналасқан мемлекеттердің бірлескен иелігіне көшеді. Бұл вариант жағалаулық мемлекеттердің Каспийдегі қызметін басқару жөніндегі біріккен мемлекет аралық комитет құруды талап етеді, соңғысы мемлекеттер арасындағы арнайы шартта бекітіледі. Осыған орай аумақтық сот құру қажеттілігі пайда болады. Оның қарамағына Каспий теңізіндегі қызметпен байланысты барлық құрақтарды құрастыру кіреді.
Ескере кетер жағдай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаумен байланысты шексіз дипломатиялық келіссөздер барысында, даудың Каспий теңізінің схоластикалық сұрағы-теңіз не көл, тұрғысында болып жатпағандығы, өйткені дау теңіздің бай көмірсутекті ресурстарына жағалаулық мемлекеттердің юристдикциялық сипатына келіп тіреліп тұр: теңізді ұлттық секторларға делимитациялау немесе жалпылама кооперация режимі.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне байланысты Қазақстанның позициясы, Каспий маңы мемлекеттерінің кездесуінде 1994 ж. 19 шілдесінде, алғашқы рет ресми түрде жарияланды. Қазақстандық жобаға сай, теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін қолдана отырып, Каспи материк ішіндегі ағынсыз суат болып жарияланды (2001 ж. 1 қаңтар бойынша Қазақстан аталмыш Конвенцияның қатысушысы болып табылмайды). Бұл мынаны білдіреді, яғни Каспий теңізі тиісті зоналарға бөлінеді (территориялық сулары және ерекше экономикалық аймаққа), оларға жағалаулық мемлекеттердің функционалдық юрисдикциясы таралады.
Қазақстан позицясының көптеген халықтармен Әзірбайжан пікірлес, өйткені каспи маңындағы барлық мемлекеттерге тиесілі болатын және де, оның әрбір секторына мемлекеттің егемендігі таралатын, Каспийді тұйық теңіз деп тануды қолдайды. Иран, Ресей және Түркіменстан позициялары теңіздің орталық бөлігі бірігіп қолданылатын кондоминиум режимін орнатуға келіп тіреледі. Алайда, Каспийдің солтүстік участкелерін межелеу туралы 1998 ж. Қазақстан және Ресей арасындағы Москва келісімінен кейін Ресейдің, Түркіменстанның және Иранның позициялары біршама өзгеріске ұшырады. Бүгінгі таңда Ресей теңіздің түбін бөлуге, ал су қабатын бірігіп пайдалану объектісі ретінде қарастыруға келісті. Түркіменстан Каспийді 45-мильдік жағалаулық аймақтарға бөлуді, ал орталық бөлігін теңіздің минералдық ресурстары жағалаулық мемлекеттердің бірлескен акционерлік компаниясы тарапынан өңделетін жалпы иелену объектісі ретінде қарастыруды қолдайды. Аталмыш вариант 1996 ж. қараша айында, Ашгабадта өткен каспий маңындағы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресей тарапынан ұсынылды. Иран кондоминиум мәртебесін қорғай отырып, бір мезгілде өділетті негізде теңізді бөлу мүмкіндігінде жоққа шығармайды.
Каспий маңында орналасқан елдердің Каспий мәртебесі жөніндегі позицияларының жоғарыдағыдай қарама-қайшылығы, іс жүзінде бүгінгі таңда да сақталуда. Алайда, 1998-2000 ж. аралығында байқалып отырған ортақ шешімге қол жеткізуге деген мемлекетаралық қатынастардың жандана түсуі, оның мәртебесін тезірек анықтауға мүмкіндік беретін, Каспий теңізінің делимитациясының орын алатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Молодцов С.В. Международное морское право. Москва, 1987.
2.Мировой океан и международное право. Основы современного правопорядка в Мировом океане. Москва: Наука, 1986. Отв. Ред. Мовчеги А.П., Янков А.
3.Актуальные вопросы морского права: Сб.науч.трудов. научный рук. В.И.Нефедов М.: Транспорт, 1990.
4.Касенов У.Т. Каспийское море: правовой статус, нефть и международная безопасность. Алматы: Кайнар, 1998,-120 с.
