Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

8) Халықаралық бұғаздар

Бұғаздар – ол қандай да бір құрлық учаскелерін бөліп тұратын және көршілес су бассейндерін немесе оның бөлігін қосып тұратын біршама тар су кеңістігі.

Көптеген бұғаздар қашаннан біре халықаралық кеме қатынасы үшін негізгі теңіз жолы қызметін атқарады, оның режимі халықаралық әдет-ғұрып, шарттар және мемлекет ішіндегі заңдар негізінде реттеледі.

Жер бетінде 300-ге жуық бұғаздар бар деп есептеледі, оның ішінде көбісі әртүрлі континенттерді және халықаралық кеме қатынасындағы елдерді қосатын қысқа жол ретінде маңызды роль атқарады.

Негізгі халықаралық бұғаздар қатарына Малакк, Гибралтар, Па-де-Кале, Сингапур, Магеллан, Қара теңіз, Балтық және басқа бұғаздар жатады. Мұндай бұғаздарда кеме қатынасы сауда кемелері және әскери кемелер үшін еркін жүзеге асырылады.

1982 жылы БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенцияда халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын бұғаздардың келесі түрлері белгіленген:

-ашық теңіздің немесе экономикалық зонаның бір бөлігінің аралығындағы бұғаздар, ол жерде кез-келген кемелер үзіліссіз және тез өту мақсатында кедергісіз транзиттік өту құқығын иеленеді.

-арал мен жағалаудағы мемлекеттің континентальдық бөлігінің аралығыныдағы бұғаздар, ол жерде транзит үшін және аумақ және ішкі суларға кіру үшін бейбіт түрде өту құқығы қолданылады.

-ашық теңіздің бір ауданы мен мемлекеттің аумақ суының аралығындағы бұғаздар, ол жерде де бейбіт түрде өту құқығы қолданылады.

-құқықтық режимі арнайы халықаралық шарттармен реттелетін бұғаздар (Қара теңіз бұғазы, Балтық бұғазы және тағы басқа)

БҰҰ-ның Конвенциясының 38-бабына сәйкес, бұғаздарда кедергілер жасалмайтын транзиттік өту құқығын иеленеді. Транзиттік өту кеме қатынасы және ұшу бостандықтарын, ашық теңіздің немесе айрықша экономикалық зонаның бір бөлігінің аралығындағы бұғаздан үзіліссіз өту мақсатында, жүзеге асыруды білдіреді.

Транзиттік өту кезінде балық аулауға, кедендік және санитарлық ережелерді бұзуға, зерттеуге, гидрогеографиялық суретке түсіріп алуға жол берілмейді.

Шетел әскери кемелері транзиттік өту құқығын еркін жүзеге асырады. Сонымен қатар сүңгуір қайықтар осы бұғаздардан су астындағы жағдайда өте алады, ал экономикалық зонада олар су бетіндегі жағдайда өтуге міндетті болғанын ескеру керек. Осы арқылы транзит мақсатында сүңгуір қайықтарға қатысты кеме қатынасы бостандығын өзіне тән әдеттегі су асты жүзу тәртібінде қолдану мүмкіндігі танылған. Транзиттік өтуді жүргізу, бұғаз суының статусын, жағалаудағы мемлекеттің әуе кеңістігі, су түбі және оның қойнауының үстіндегі егемендігін қозғамайды. Жағалаудағы мемлекеттің егемендігі мен барлық елдердің кемелерінің кедергісіз, еркін өту құқығының қосарлануы халықаралық бұғаздар режимінің ерекшелігі болып табылады.

Транзиттік өту құқығымен қатар, халықаралық бұғаздар арқылы бейбіт түрде өту қолданылады, мысалы, ашық теңіз ауданы және шетел мемлекетінің аумақ суының аралығындағы бұғаздар. БҰҰ-ның Конвенциясының 45-бабының 2-тармағына сәйкес, кеме қатынасы үшін қолданылатын бұғаздардан бейбіт түрде өтуді тоқтатуға болмайды. Сонымен қатар транзиттік режиммен өтуде бұғаздардан бейбіт түрде өту ережесі қолданылмайтынын ескеру керек.