Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

4) Іргелес зона

Іргелес зона- дегеніміз, аумақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес зонаның ені, аумақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз миль шегінен аспауы керек.

Іргелес зонаны жағалаудағы мемлекет, өз ішкі теңіз суларында және аумақ суларында шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, имиграциялық және санитарлық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрады. БҰҰ-ның Конвенциясының 33-бабы бойынша;

1.Жағалаудағы мемлекет, оның аумақ суына жанасып жатқан іргелес зонада төмендегі жағдайлар үшін қажетті бақылауды жүзеге асыра алады:

а) Өз аумағы немесе аумақ суының шегінде кедендік, фискальдық, имиграциялық және санитарлық заңдар мен ережелердің бұзылуын болдармау;

б) Өз аумағы немесе аумақ суының шегінде жоғарыда аталған заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау;

Осылайша, іргелес зонаны, аумақ суы енінің бастапқы сызығын есептегенде 24 теңіз мильден аспайтын ені бар және аумақ суына жанасып жататын, ашық теңіздің бөлігі болып табылатын, сонымен қатар сол бөліктің шегінде жағалаудағы мемлекетке жеке арнайы қарастырылған салалар бойынша бақылау жүргізу құқығын беретін теңіз ауданы ретінде анықтауға болады.

Іргелес зона мен аумақ суының басты айырмашылығы мынада, аумақ суы бойынша жағалаудағы мемлекетке оның үстінен толық өкілеттік беріледі, ал іргелес зона бойынша тек шектеулі және арнайы құқықтар беріледі.

Сонымен қатар, ашық теңіз ауданының бөлігі ретінде іргелес зонада, жағалаудағы мемлекеттің өзі белгілеген белгілі бір ережелердің сақталуын қадағалауға және ол ережелерді бұзуға байланысты мәжбүрлеу шараларын қолдауға жол беріледі.

Іргелес зонада жағалаудағы мемлекет өз мүддесін қорғай отырып, осы зонаны қорғау үшін белгіленген заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау және тоқтату, тексеру жүргізу құқығын иеленеді. Оған қоса, жағалаудағы мемлекет осы ережелерді бұзғаны үшін ізіне түсу құқығын да иеленеді. Мұндай ізіне түсу іргелес зонада, егер қудаланушы кеме жағалаудағы мемлекеттің аумағында немесе аумақ суының шегінде іргелес зонаны қорғау үшін сол мемлекеттің белгіленген заңдары мен ережелерін бұзған жағдайда басталады.

Қазіргі уақытта жағалаудағы мемлекетке келесі іргелес зоналар белгіленген;

-кедендік зона. Ол контрабандамен күрес мақсатында белгіленеді.

-фискальдық (қаржылық зона). Ол қаржылық заңдар мен ережелердің бұзылуын болдырмау мақсатында белгіленеді. Кейбір мемлекеттер өзінің белгіленуі бойынша кедендікке ұқсас фискальдық зонаны белгілейді.

-имиграциялық зона жағалаудағы мемлекеттің шетел азаматтарының кіруі және шығуына байланысты, өз заңдары мен ережелерінің сақталуын қадағалауы үшін белгіленеді.

-санитарлық зона теңіз шекарасы арқылы эпидемиялар мен жұқпалы аурулар таралуын болдырмау мақсатында жағалаудағы мемлекетпен белгіленеді.

5) Континентальдық шельф

Геологиялық тұрғыда, континентальдық шельф дегеніміз, /ағылшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер,/ теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жатататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континентальдық шельфке: континентальдық құрлықтық шельф және континентальдық /құрлықтық/ тұғыр жатады.

1982 ж. Конвенция жағалаудағы мемлекеттің континентальдық шельфін, оның аумақ суынан тыс жайылып жатқан құрлықтық территориясының табиғи жалғасуынан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін немесе бастапқы сызығы 200 теңіз миль ара қашықтықта созылып жатқан теңіз түбі және су асты аудандарының жер қойнауы деп анықтайды.

Сонымен қатар, Конвенция жағалаудағы мемлекеттің өз континентальдық шельфінің сыртқы шекарасын, аумақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан 200 теңіз миль шегінде белгілей алатынын қарастырған. Бұл ережеге материктің су асты шеті 200 теңіз мильден асатын жағдай да енгізілген, бірақ континентальдық шельфтің сыртқы шекарасы аумақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 350 теңіз мильнен асып кете алмайды /76-бап 5 –тармағы/.

Мұндай континентальдық шельфтің ені 200 және 350 теңіз милі болатын екі жақты құқықтық режимнің басты ерекшелігі, Конвенцияның 82 –бабында көзделген 200 теңіз миль континентальдық шельфті өңдеуге байланысты бөліп шығару және төлем төлеу қызметін атқарады.

Бастапқы сызықтан 200 теңіз миль шегіндегі континентальдық шельф туралы көрсеткіштерді, тиісті жағадағы мемлекет өз континентальдық шельфінің сыртқы шекарасын белгілеуге қатысты мәселелер бойынша оларға ұсыныс беретін Континентальдық шельф шекарасы жөніндегі комиссияға береді. Комиссия ұсыныстары негізінде белгіленген жағалаудағы мемлекеттің континентальдық шельфінің шекарасы түпкілікті және барлығы үшін міндетті болады.

1982 ж. Конвенция және 1958 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің шельфке құқығы шельф бетін жабатын судың және сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континентальдық шельфтің ресурстарына, барлау және оның табиғи ресурстарын өңдеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар егер жағалаудағы мемлекет континентальдық шельфті барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өңдемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.

Жоғарыдағы құқықтар олардың шельфті тиімді немесе жалған оккупациялауына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.

Жағалаудағы мемлекеттің континентальдық шельфте егеменді құқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға және Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез-келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.

Жоғарыда айтып өткендей, континентальдық шельфтің бетін жабатын сулардың статусы, ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Бұл бостандықтарға кеме қатынасы, балық аулау, ұшу, су асты кабельдері мен құбырлар қондыру, жасанды арал және құрылғылар салу бостандықтары жатады.

БҰҰ-ң Конвенциясы бойынша, жағалаудағы мемлекеттерге жасанды арал жасауға рұқсат беру және оның қызметін реттеу, сонымен қатар пайдалану және қолдану, континентальдық шельфте экономикалық мақсаттарға қажетті құрылғылар мен жабдықтар орнатуға айрықша құқықтар беріледі.

Жалпы бұл құқықтар экономикалық аймақтағы режимдер үшін берілетін құқықтармен пара-пар. Осы мақсатта Конвенцияның 80-бабы бойынша экономикалық зонадағы жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға, континентальдық шельфтегі жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға muzatіs muzandіs қолдану туралы 60-бапта көрсетілгендей ережелерден құралады.

Барлық мемлекеттер континентальдық шельфте су асты кабельдері мен құбырлар қондыруға құқығы бар, бірақ мұндай құбырларды қондыру үшін қажетті трассаны анықтау жағалаудағы мемлекеттің келісімімен жүргізіледі. Жағалаудағы мемлекеттің мұндай трассаларды анықтауға қатысуы бірінші кезекте олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, Осылайша жасанды аралдар жасай отырып, континентальдық шельфте барлау жүргізуге қажетті құрылғылар мен жабдықтарды және ресурстарды өңдеу барысында, жағалаудағы мемлекет қажетті анықтама беруге және осы объектілердегі ескерту құралдардың тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін қолдау көрсетуге міндетті. Қажет болған жағдайда жағалаудағы мемлекет осындай объектілердің айналасында қауіпсіздік зоналарын белгілей алады. Мұндай шаралар жасанды аралдардың, құрылғылар мен жабдықтардың, кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

Барлық кемелер осы қауіпсіздік зоналарын құрметтеуге, сонымен қатар осындай зоналарға жақын жұмыс істейтін кеме қатынастарына қатысты жалпыға бірдей халықаралық стандарттарды сақтауға міндетті.

Жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтар және қауіпсіздік зоналары халықаралық теңіз қатнастарына үлкен септігі тиіп отырған халықаралық теңіз жолдары болып табылған аймақта қолданылмайтынын атап айту керек.

Жағалаудағы мемлекеттің осындай жасанды аралдарға, құрылғылар мен жабдықтарға айрықша құзыреті жүреді, оның ішінде кедендік, фискальдық, санитарлық және эммиграциялық заңдар мен ережелер, сонымен қатар қауіпсіздікке байланысты заңдар мен ережелердің орындалуын талап ету, құзіреті де кіреді, бірақ мұндай объектілер аралдық мәртебеге ие бола алмайды, олардың барлығы теңіздің, экономикалық зонаның және континентальдық шельфтің шекарасын анықтауға септігін тигізе алмайды.

246-бапқа сәйкес шельфтегі ғылыми зерттеу жұмыстары тек қана жағалаудағы мемлекеттің келісімімен жүргізіледі. Теңізде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісім алу үшін жағалаудағы мемлекетке зерттеу жұмыстары жүргізілерден алты ай бұрын қажетті ақпарат толық көлемде ұсынылуы тиіс /248-бап/. Мұндай ақпараттар қандай да бір басқа келісім-шарт болмаған жағдайда ресми орындарға жіберіледі /250-бап/.

Жағалаудағы мемлекет 253-бап ережесінің негізінде шельфтегі зерттеу жұмыстары, 248-бапқа сәйкес жүргізілмеген жағдайда немесе 249-бапта қаралған шарттар орындалмаған жағдайда барлық зерттеу жұмыстарын тоқтатуды талап етуге құқылы. Жағалаудағы мемлекеттің мұндай шешімі Конвенцияда қаралған дауларды реттеу процедурасында сәйкес талқылауға және қайта қарауға жатпайды.

6) Айрықша экономикалық зона.

Айрықша экономикалық зона дегеніміз, аумақ суы және аумақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз милін қосып есептегендегі аудан.

Жағалаудағы мемлекетке айрықша экономикалық зонада барлық табиғи ресурстарды барлау, өңдеу және аяқтау мақсатында егеменді құқықтар беріледі. Мұндай табиғи ресурстарға судағы тірі және тірі емес, теңіз түбінде тұнып жатқан ресурстар және теңіз түбінің қойнауы жатады. Бұл жағалаудағы мемлекетке барлық тірі және минералды ресурстарға егемендік емес, жоғарыда көрсетілген егемендік құқық береді.

Ешқандай мемлекеттің шекарасына және егемендігіне жатпайтын теңіз бен мұхит аудандарында, ешбір мемлекет сол аудандағы табиғи ресурстарды иемденуге құқық берілмейді.

Жағалаудағы мемлекет айрықша экономикалық зонада барлау жүргізу, пайдалану, тірі ресурстарды сақтау және оларды басқару барысында, өзінің егемендік құқығын жүргізуде БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес, қабылданған заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қажетті тексеру, инспекциялау, қамау және соттың істі қарауы сияқты шараларды қолдануға құқылы.

Бірақ БҰҰ-ның Конвенциясы жағалаудағы мемлекеттің экономикалық зонада заңдар мен ережелерді бұзғандарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының шегін белгілейді. Мысалы, қамауға алынған кеме мен экипаж қажетті кепіл берілгеннен кейін немесе басқа да қамтамасыз ету шараларынан кейін тез арада босатылуы тиіс. Айрықша экономикалық зонада балық аулау ережелерін бұзған адамға, мүдделі мемлекеттер арасында жеке адамды жазалау туралы келісім-шарт болмаған жағдайда жағалаудағы мемлекеттің оны түрмеге қамауға құқығы жоқ. Ал шетелдік кемені қамауға алған жағдайда сол кемеге жағалаудағы мемлекеттің қолданған шаралары және кез-келген жазалары туралы кемедегі жағалаудың иесі болып табылатын мемлекетке тиісті каналдар арқылы хабар беруге тиісті.

Конвенцияның 61-бабына сәйкес, жағалаудағы мемлекет айрықша экономикалық зонадағы тірі ресурстарды аулауға шек қоя алады. Сонымен қатар, Конвенцияға сәйкес жағалаудағы мемлекеттің өзі де айрықша экономикалық зонадағы тірі ресурстарды пайдалану мүмкіндігін белгілейді.

Егер жағалаудағы мемлекет қажетті аулау кезінде белгіленген жоспардан аз мөлшерде атқаратын болса, келісім-шарт бойынша қалған бөлігін басқа мемлекеттің аулауына мүмкіндік береді.

Конвенцияның 62-бабының 4-тармағы айрықша экономикалық зонада басқа мемлекеттің балық кәсібін жүргізетін азаматтары, жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелерінде бекітілген қорғауға байланысты шараларды және басқа да ережелер мен талаптарды бұзбауы тиіс. Ол ережелер мен заңдар БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес болуға міндетті, жекелеп алғанда олар төмендегі жағдайларды қозғауы мүмкін:

а) жинақ және басқа да төлемдердің түрлерін төлеуді қоса алғанда, балықшыларды, балық аулайтын кемелерді және жабдықтарды лицензиялау;

б) ауланатындардың түрлерін анықтау және нақты қорларға немесе қор топтарына қатысты квотасын белгілеу;

с) балық кәсібінің маусымын және ауданын, аулау құралының түрлерін, мөлшерін және санын, сонымен қатар пайдаланылатын балық аулау кемелерінің түрін, көлемін және санын реттеу;

г) балықтың және ауланатын басқа түрлерінің жасы мен көлемің белгілеу;

е) ауланған балық және кәсіптік тырысушылықтың стаститикалық көрсеткіштерін қоса алғанда, балық аулау кемесінен талап етілетін мәліметтерді анықтау және кеменің тұрған орны туралы хабар беру;

ж) орындалуын қамтамасыз ететін процедуралар;

Жағалаудағы мемлекет тірі ресурстарды қорғау және оларды басқару туралы заңдар мен ережелер туралы қызығушы мемлекеттерге хабарлауы тиіс.

Жағалаудағы мемлекеттің көптеген жылдардан бері алыс теңіз аудандарына орын ауыстырып, өздері туылған тұщы суға қайта оралып жатқан балықтардың анодрамдық (өтпелі) түрлеріне құқығы туралы БҰҰ-ның Конвеницясының 69-бабы Қазақстанды көбірек қызықтырады.

Балықтың мұндай түрлеріне Каспий теңізінің бекіре тектес балықтары (белуга, севрюга, бекіре, шип) жатады. Қазақстанның аумағында орналасқан Орал, Ембі, Қиғали өзендерінде қазіргі уақытта олардың негізгі ұдайы өндірісі өрбіп жатыр, осылай біздің республикамыз балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекет болып табылады. Конвеницяның 66-бабына сәйкес өзенінде анодамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, бірінші кезекте сол қорларға қызығушылар ең бірінші жауап береді.

Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет жағадан өзінің айрықша экономикалық зонасы және балық кәсібінің сыртқы шекарасындағы барлық судағы балық кәсібін реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдау жолымен оларды қорғайды.

Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, осы қорлармен кәсіп жүргізетін қызығушы мемлекеттерден кеңес алғаннан кейін, өз өзеніндегі пайда болған қорларға байланысты ауланатын балықтың жалпы көлемін белгілейді. Осылайша Конвенция балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекеттің мүдделерін белгілеп бекітеді.

Осы жалпы танылған Конвенциялық нормаларға сүйене отырып, Қазақстан өз аумағындағы пайда болған анодрамдық түрлердің қорын қорғау және пайдалану туралы басқа Каспий жанындағы елдермен бір келісімге келгені дұрыс болар еді.

Жағалаудағы мемлекет экономикалық зонада табиғи ресурстарға егеменді құқыққа ие болумен қатар, 1982 ж. Конвенцияға сәйкес жасанды аралдар-құрылғылар мен жабдықтар, теңіз ғылыми зерттеулерін құру және пайдалану, теңіз ортасын қорғау және сақтауға қатысты айрықша құзіретке ие. Жағалаудағы мемлекеттің экономикалық зонада жасанды аралдарға, құрылғылар мен жабдықтарға айрықша құзіретінің мәселелері континентальдық шельфтің құқықтық режиміне ұқсас болып келеді. Жағалаудағы мемлекеттің айрықша экономикалық зонада теңіз ғылыми зерттеуге қатысты құзіреті, басқа мемлекеттердің мұндай зерттеулерді жағалаудағы мемлекеттің келісімінсіз жүргізе алмайтынын білдіреді. Осыған сәйкес 1982 ж. Конвенцияда «барлық адамзат үшін теңіз ортасы туралы«, ғылыми білімді кеңейту мақсатында, «жағалаудағы мемлекет әдеттегі жағдайларда өзінің айрықша экономикалық зонасында басқа мемлекеттің немесе құзіретті халықаралық ұйымдардың теңіз ғылыми зерттеу проектілердің жүргізілуіне келісім береді« (246-бап) деп бекіткен. Бірақ жағалаудағы мемлекет өз қарауы бойынша басқа мемлекетпен немесе құзіретті халықаралық ұйыммен экономикалық зонасында теңіз ғылыми зерттеу проектілерін жүргізуіне төмендегі жағдайларда келісім беруден бас тарта алады, егер ол жоба:

а) тірі және тірі емес табиғи ресурстарды барлау және өңдеу үшін тікелей мәнге ие болса;

б) континентальдық шельфте бұрғыдауды жарылғыш заттарды пайдалану немесе зиянды заттарды таратуды көздейтін болса;

в) табиғи аралдар, құрылғылар мен жабдықтарды құру, пайдалану және қолдануды көздейтін болса;

г) жобаның сипаты мен мақсатына қатысты дәлелсіз мәліметтерден құралса немесе егер зерттеу жүргізіп отырған мемлекет немесе құзіретті халықаралық ұйымның жағалаудағы мемлекет алдында, бұрынғы жүргізілген зерттеу жобасынан шығатын, орындалмаған міндеттері болса;

1982 ж. Конвенция айрықша экономикалық зонада жағалаудағы мемлекеттің теңіз ортасын қорғау және сақтауға байланысты құзіретін жүзеге асыруын қарастырады (56-бап).

Айрықша экономикалық зона Конвенцияда нақты көрсетілген, жағалаудағы мемлекеттің ол жерде құқықтарын жүзеге асыруын қоспағанда, ашық теңіздің мәртебесін сақтайды.

Конвенцияның 58-бабына сәйкес, барлық мемлекеттер экономикалық зонада кеме қатынасына және ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын қондыру бостандықтарын және басқа халықаралық құқыққа сай теңізді пайдалану бостандықтарына. Жоғарыда аталған бостандықтар ашық теңіздің «ашық теңіз барлық мемлекеттер үшін ашық« деген қағидасынан шығады (87-бап).

Мұндай бостандықтарды жүзеге асыруда барлық мемлекеттер жағалаудағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін ескеріп және жағалаудағы мемлекеттің теңіз құқығы нормаларына сәйкес қабылданған заңдар мен ережелерін бұзбауға міндетті. Бірақ жағалаудағы мемлекет Конвенцияда көрсетілгендей, экономикалық зонада өзіне тиісті егеменді құқықтары мен құзіретін жүзеге асыру кезінде тиісті түрде басқа мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін ескеруге және теңіз құқығы ережелерінде белгіленген тәртіпте қызмет жасауға міндетті.

Дүние жүзінде теңізге шыға алмайтын 50-ден астам елдің бар болуына орай БҰҰ-ның Конвенциясы теңізге шыға алмайтын мемлекеттер мен географиялық қолайсыз жағдайларда орналасқан мемлекеттердің тиісті аймақта немесе қосымша аймақта тірі ресурстарды пайдалануға кіру және қатысу құқықтарын қамтамасыз еткен. Бірақ Конвенция бұл мемлекеттерге экономикалық зонаның тірі ресурстарын басқа мемлекеттермен тең негізде қол жеткізу құқығын іс жүзінде жүзеге асыруын қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар дүние жүзінің барлық экономикалық зонасында балықтың негізгі әлемдік қоры шоғырланған ауданның 76 % тек 25 елге тиесілі.

7) Теңіз түбінің халықаралық ауданы

БҰҰ-ның Конвенциясының 136-бабына сәйкес, континентальдық шельфтен тыс Аудан деп аталатын теңіз түбі «адамзаттың жалпы мұрасы« болып табылады. Аудан ресурстарына барлық құқықтар жалпы адамзатқа тиесілі, ол Теңіз түбі жөніндегі халықаралық орган атынан жүзеге асырылады. Аудан мен оның ресурстарының құқықтық мәртебесін Конвенцияның 137-бабы былай анықтайды:

1) Бірде-бір мемлекет Ауданының немесе оның ресурстарының бөліктеріне қатысты егемендікті немесе егеменді құқықтарын талап ете алмайды, бірде-бір мемлекет немесе заңды тұлға оның қандай да бір бөлігін иелене алмайды. Егемендік пен егеменді құқықтарды жүзеге асыру және оны иелену мойындалмайды.

2) ауданның ресурстарына барлық құқықтар барлық адамзатқа тиесілі, оның атынан Орган әрекет етеді. Бұл ресурстар сатуға жатпайды, бірақ дегенмен ауданнан алынатын пайдалы қазбалар осы бөлім және нормамен. Органның ережелері мен процедураларына сәйкес сатылуы мүмкін.

3)Бірде-бір мемлекет, жеке немесе заңды тұлға Ауданнан алынатын пайдалы қазбаларға құқықты талап ете алмайды және ондай құқықтар танылмайды.

Сонымен қатар Конвенция, Аудандағы қызмет мемлекеттердің географиялық жағдайына, жағалаудағы және теңізге шыға алмайтынына тәуелсіз адамзат үшін жүзеге асырылады.

Қаржы және басқа да экономикалық Ауданның қызметінен алынатын пайданың әділетті бөлінуін қамтамасыз ететін Теніз түбі жөніндегі халықаралық органға жүктелген.

Ауданның жаңа режимінің маңызды ерекшелігі барлық минералды ресурстарды барлау және өңдеу жөніндегі қызмет, мемлекеттермен берілетін жұмыстардың жоспары және органың рұксаты негізінде Органның бақылауымен жүргізіледі.

Қазіргі кезде теңіз түбінің ресурстарын игеру іс жүзінде әлі басталмағанымен барлық негізгі нормалар мен қағидалар бекітіледі және аудандағы мемлекеттің толық масштабты қызметі үйлестіріледі.

Теңіз түбі жөніндегі халықаралық органның құрылымы мен функциялары Конвенцияның 156-бабында көрсетілген. Осы органның Бас органы немесе бөлімшелері Ассамблея Кеңес және Секретариат. 158-бапқа сәйкес, Ауданның ресурстарын барлау мен өңдеу, сонымен қатар тасымалдануы, қайта өңделуі және пайдалы қазбаларды алумен Органның өнеркәсіптік және коммерциялық бөлімшесі болып табылатын кәсіпорыны құрылуы тиіс. Аудан ресурстарын пайдалану жөніндегі қызмет Ауданнан алынатын пайдалы қазбалардың құрлықтағы түрлерін алушы – мемлекеттің мүддесі есепке алына отырып жүзеге асырылады. Осы мақсатта БҰҰ-ның Конвенциясында сол мемлекеттерге өтем ақы төлеу жүйесін белгілейтін ережелер қарастырылған.

Бірақ жоғарыда келтірілген Конвенцияның XІ-бөлігіндегі ережелер жоғары дамыған индустриялды мемлекеттерден қолдау таппады (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония, Нидерланды, Бельгия). Олардың ойынша, Аудан және халықаралық орган туралы қаулылардың барлық кешені өндірістік дамыған мемлекет пен компаниялардың ұлттық мүдделерін қорғау кепілдігіне қатысты тиімсіз деп есептейді.

1984 ж. 3 тамызда бұл мемлекеттер теңіз түбінің учаскелерін өзара бөлуге бағытталған “Теңіз түбінің терең-сулық (глубоководный) мәселелері бойынша уақытша келісуі” туралы спарттық келісімге қол қойды. Сегіз дамыған мемлекеттің қаржылық-экономикалық қатысуынсыз Конвенцияның XІ-бөлігін жүзеге асыру мүмкін болмағандықтан, дайындық комиссиясы теңіз түбі халықаралық ауданының құқықтық режимі және Теңіз түбі халықаралық органның қызметіне қатысты жан-жақты, толық нұсқасын жасап шығара алды.

1982 ж. “Теңіз құқығы жөніндегі” БҰҰ-ның Конвенциясының XІ-бөлігін жүзеге асыру туралы Келісім 1994 ж. 28 маусымда БҰҰ-ның 48/263 Бас Ассамблеясының резолюциясымен БҰҰ-ның ресми құжаты мәртебесін алды. Келісім уақытша негізде Конвенциямен бір мезгілде күшіне енді. Келісім мен Конвенцияның XІ-бөлігінің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, Келісімнің артықшылық күші бар.

Аудан мен оның ресурстарының мәртебесін, Конвенцияның XІ-бөлігі Қосымша және Келісімді қоса алғанда құқықтың реттеуінен тәуелсіз, олар Ауданды жауып жатқан ашық теңіз суларының құқықтық мәртебесін қозғамайды.