Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

2) Аумақтық теңіз

Аумақтық теңіз (не аумақтық сулар) – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аумақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аумақтық теңіз жағалаудағы мемлекет аумағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігіне тек аумақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аумақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аумақтық теңізде мемлекеттік шекара тек оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикалды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.

БҰҰ ІІІ–Конференциясы теңіз құқығы бойынша (теңіз) аумақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгеннен кейін аумақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарлатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестендірді.

БҰҰ Конвенцияға сәйкес аумақтық суларды есептеудің 3 негізі тәсілдері қарастырылды.

-судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;

  • егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңізге мейлінше шығып тұрған аралдардың және жағалаудың нүктесі;

  • ішкі теңіз суларынан;

Балық аулау кәсібі, территориялық теңіз шеңберіндегі тірі ресурстарды ұтымды пайдалану сұрақтарын жағалаулық мемлекет өз қалауы бойынша шешеді. Территориялық суда шет елдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол берілмейтіндіктен, жағалаулық мемлекет кәсіпшілік үшін лицензия беруі мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екі жақты келісім негізінде жол беріледі.

БҰҰ-ның конвенциясы шетелдік кемелердің территориялық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, бухталарға және өзге де қауіпсіз жерлерге тығылуына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады.

Халықаралық құқықтың дамуы, сонымен қатар теңізде жүзу жетістіктері және оның жүзеге асырылу жағдайлары ескеріле отырып кейін олар толықтырылып, нақтыланып 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының негізгі бөлігіне айналды.

Бейбіт түрде жүріп өту жылдам және үздіксіз болуы қажет. Егер ол жүзудің әдепкі жағдайларымен немесе апатпен, сонымен бірге қауіпті жағдайда қалған территориялық теңізде апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге және ұшу аппараттарына көмек көрсету қажеттігімен байланысты болса, онда бейбіт жүріп өту тоқтап тұруды қамтуы мүмкін.

1982 жылғы Конвенцияға сәйкес барлық мемлекеттердің кемелері (жағалаулық, және де теңізге шықпайтын) территориялық теңіз арқылы бейбіт түрде өту құқығын пайдаланады. Мұндай құқық Конвенция ережелерін сақтаған жағдайда беріледі.

Жүріп өту деп мынадай мақсаттармен жүзіп өту түсініледі:

а) ішкі суларға кірместен немесе рейдте, портта тоқтамастан теңізді кесіп өту; немесе

б) ішкі суларға ену немесе шығу немесе порттық құрылымда, рейдте тоқтап тұру;

Жүріп өту жылдам және үздіксіз болу керек. Алайда, ол тұруды немесе якорьға тоқтауды қамтуы мүмкін, бұл өйткені әдепкі жүзумен, апаттың немесе бой бермес күштің нәтижесімен, адамдарға, кемелерге, ұшу аппараттарына келген апатпен, оларға көмек көрсетудің қажеттігімен байланысты.

Егер жүзіп өту кезінде тыныштық, тәртіп және де жағалаулық мемлекеттің қауіпсіздігі бұзылмаса, ол бейбіт түрде өту деп саналады. Конвенцияның 19-бабы бойынша жүзіп өту бейбіт түрде деп саналмайды, егер жүзіп бара жатқан кеме “жүзіп өтуге тікелей қатысы жоқ” кез-келген қызметті жүзеге асырса, күшпен қорқытса немесе жағалаулық мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне, территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданса немесе қандайда- бір өзгеше түрде БҰҰ-ның жағасында бекітілген халықаралық құқықтың қағидаларын бұзса, жағалаулық мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып ақпарат жинаса немесе маневрлер жасаса, территориялық теңіз арқылы өтуді жүзеге асырып жатқан әр бір кеме, әр-бір әскери кеме аталмыш белгілерді жан-жақты ескерулері қажет, әрине олар ең алдымен жағалаулық мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігін қорғауға бағытталған және де территориялық теңіз арқылы бейбіт түрде өту кезінде шетелдік кемелер тарапынан жасалуға жол берілмейтін іс-әрекеттер туралы айқын түсінік береді.

Сонымен, шет елдік кемелер бейбіт түрде өту кезінде жағалаулық мемлекеттің заңдарын және ережелерін, сонымен қоса теңіздегі қақтығыстардың алдын-алуға қатысты жалпыға танымал ережелерді сақтауға міндетті.

1958 жылы және 1982 жылғы Конвенциялар шет елдік әскери кемелердің бейбіт түрде өту құқығын қарастырады.

1982 жылғы Конвенцияның арнайы бөлімінде әскери кемелерге және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын өзге де шет елдік кемелерге қолданылатын ережелер белгіленген. Конвенцияның 29-бабы әскери кеме ұғымына анықтама береді. Сонымен, әскери кеме дегеніміз “белгілі-бір мемлекеттің қарулы күштерінің құрамына кіретін, ұлттығын ажырататын сыртқы белгілері бар, фамилиясы әскерилердің сәйкес тізіміне енгізілген сол мемлекеттің офицері басқаратын және жүйелі әскери тәртіпке бағынатын экипажы бар кеме”. Су асты кемелері және өзге де су асты көліктері су бетіне көтеріліп, өздерінің жалауларын көтерулері керек.

Егер шет елдік әскери кеме өту кезінде жағалаулық мемлекеттің заңдарын және ережелерін сақтамаса, онда мемлекет аталмыш кеменің территориялық теңізден кетуін талап етуге құқылы.

Барлық әскери кемелер жағалаулық мемлекеттің азаматтық және қылмыстық юрисдикциясынан иммунитет иеленеді. Юрисдикциядан иммунитетті коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланатын мемлекеттік кемелерде пайдаланады.

Белгілі-бір жағдайларда, жағалаулық мемлекет территориялық теңіз арқылы өтіп жатқан шет елдік кеме ішінде өзінің азаматтық және қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асырады. (27,28б) Мысалы, 27 бапта жағалаулық мемлекет өзінің қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыратын негіздер көрсетілген, нақты айтар болсақ:

а) егер қылмыстың зардабы жағалаулық мемлекетке тараса;

б) егер қылмыс елдегі тыныштықты бұзатындай немесе территориялық теңіздегі бейбіт тәртіпті бұзатындай сипатта болса;

с) егер капитан кемесі, дипломаттық агент немесе жалау мемлекеттің лауазымды тұлғасы жергілікті билік өкілдерінен көмек сұраса;

д) егер мұндай шаралар есірткінің немесе есеңгірететін заттардың заңсыз саудасының алдын-алу үшін қажет болса;

1982 жылғы Конвенцияның 27-бабы 2 тармақшасы жағалаулық мемлекеттің төмендегідей құқығын сақтайды, яғни ішкі судан шығып территориялық теңіз арқылы өтіп бара жатқан кемені қамауға алу және тергеу құқығы. Аталған екі кеңістікте жағалаулық мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, мұндай құқық негізделген болып табылады.

Территориялық теңіздегі шет елдік кемеге қатысты, жағалаулық мемлекеттің азаматтық юрисдикциясы да шектеулі: территориялық теңіз арқылы өтіп бара жатқан шет елдік кемені тоқтатуға немесе оның ішіндегі тұлғаға қатысты азаматтық юрисдикцияны жүзеге асыру мақсатында оның жүріс бағытын өзгертуге тыйым салынады. Жағалаулық мемлекет мұндай кемеге қатысты жазалау шарасын немесе қамауды, тек оның міндеттемелері бойынша немесе территориялық теңізден өту үшін осы кеме өзіне қабылдаған жауапкершілігі негізінде ғана қолдана алады.

3) Ашық теңіз

Аумақ суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңіз деп аталады.

Ашық теңіз ұғымының анықтамасы, ең бірінші 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.

Осы Конвенцияның 1-бабына сәйкес. Ашық теңіз дегеніміз, аумақ суы мен кез-келген мемлекеттің ішкі суларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Сонымен қатар Конвенцияның 2-бабы Ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешқандай мемлекет оның кез-келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес. Ашық теңіз бостандығы, халықаралық құқықтың нақты баптары және басқа да нормаларымен анықталған жағдайларда жүзеге асырылады. Жекелеп алғанда, олар жағалаудағы және жағалаудағы емес мемлекеттер үшін:1) Кеме қатынасы бостандығы; 2) балық аулау бостандығы; 3) суасты кабельдері және құбырлар қондыру бостандығы; 4) ашық теңіз үстінен ұшу бостандығынан құралады.

БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы Конвенциясының жаңа редакциясына, қазіргі талаптарға жауап беретін Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясының ережелеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. БҰҰ-ның Конвенциясының 89-бабы. Ешқандай мемлекет ашық теңіздің кез-келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес деп дәстүрлі ережені бекітеді. 87-баптың, 1-тармағы ашық теңіз бостандықтарына кеме қатынасы, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларды қондыру бостандығы және оған жасанды арал және құрылғылар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу құқықтары туралы жаңа ережелермен толықтыру арқылы Конвенцияның 2-бабын жаңғыртты.

Ашық теңізде кез-келген мемлекеттің жағалауда орналасуына немесе теңізге шыға алмайтынына қарамай, ашық теңізде өз кемесінің туымен жүзуіне құқығы бар. Тумен жүзуге құқығы бар кеме, сол туға ие мемлекеттің ұлттығын иеленеді. Мемлекет пен кеме арасында нақты байланыс болуы тиіс. Сонымен қатар халықаралық шарттарда тікелей көзделген немесе туымен жүзіп жүрген мемлекеттің айрықша құзіретіне бағынуы туралы БҰҰ-ның Конвенциясының ережелерін қоспағанда, барлық кемелер бір мемлекеттің туымен жүзуі тиіс. Барлық кемелер меншік құқығының басқаға анық түрде өтуін немесе тіркеуінің өзгеруін қоспағанда, жүзу немесе тоқтау, портқа кіру кезінде өз туын қолдануға құқылы емес.

Конвенцияның 92-бабы, 2-тармағында, егер кеме екі немесе одан да көп мемлекеттің туымен жүзіп, оны өз қажеттігіне қарай пайдаланса басқа мемлекеттерде бірде-бір тиісті ұлттығын тануды талап ете алмайды және ұлттықты иеленетін кемелерге теңестірілмейтіні туралы қатаң түрде айтылған. Мемлекеттермен қатар, Конвенция кемелердің БҰҰ-ның, оның мамандандырылған мекемелерінің және Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігінің туларымен жүзетінін белгілеген.

Ашық теңізде әскери кемелер туға ие мемлекеттен басқа, кез-келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитеттерді иеленеді. Сонымен қатар, әскери кемелердің, басқа мемлекеттерге ашық теңіз бостандықтарын заңды негіздерде пайдалануға кедергі жасауға және мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы жоқ. БҰҰ-ның Конвенциясы әскери кемелерге, теңізде және мұхитта халықаралық құқықтық тәртіпті сақтау және олар бұзылған жағдайда араласу үшін, ерекше өкіметтіктерді бөлді.

Кез-келген кемені ұстау және тексеру құқығы жеткілікті негіздер болған жағдайда беріледі. Ол негіздер төмендегідей:

а) кеме қарақшылықпен айналысса;

б) кеме құл сатумен айналысса;

с) кеме рұқсат етілмеген хабарларды жеткізумен айналысса;

д) кеме ұлттықты иеленбесе; немесе

е) кемеде шетел туы көтерілгенмен, ол кеменің ұлттығы әскери кеме ұлттығымен бірдей болса;.Кейбір жағдайларда халықаралық шарт негізінде әскери кемелер кеменің туына құқығын тексере алады. Осы мақсатта, әскери кеме офицер басшылығымен күдікті кемеге қайық жіберуі мүмкін.Құжаттар тексерілгеннен кейін күдік сейілмесе, әрі қарай әскери кеме барлық мүмкін болған байқағыштығымен сол кеменің ернеуін /борт/ тексере алады.

Осы жоғарыда аталған күдік негізсіз және тексерілген кеме осы күдікті дәлелдейтін ешқандай әрекет жасамаған жағдайда, ұсталса кемеге кез-келген келтірілген залал немесе зиян өтелуі тиіс.

Әскери кемелермен қатар, тексеру құқығын әскери ұшқыш аппарттар және мемлекеттік қызметте тұрғанын дәлелдейтін айқын анықталған белгілері бар уәкілетті кеме жүзеге асырады.

Ашық теңіздегі кез-келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитетті әскери кемелермен бірге, мемлекетке тиісті және тек коммерциялық емес мемлекеттік қызметте тұрған кемелер пайдаланады.

Халықаралық құқыққа сәйкес, заңсыз наркотикалық немесе психотроптық заттармен сауда жасау немесе оларды тасымалдау халықаралық қылмыстарға жатады. Сондықтан кез-келген мемлекет, туының астында жүзіп жүрген кеме наркотикалық немесе психотроптық заттармен заңсыз сауда жасайтынын білсе, басқа мемлекетке осындай заңсыз сауда жасауды жою үшін қызметтесу туралы үшін жасауы мүмкін.

Рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу, апатқа байланысты сигнал беруді қоспағанда, ашық теңізде орналасқан халықты тыңдауға арналған кемеден немесе құрылғыдан, дыбыстық радио немесе теледидарлық бағдарламалардың халықаралық ережелерін бұзуға хабар беруді білдіреді.

Конвенцияда ашық теңізден рұқсат етілмеген хабарларды жеткізуге қарсы барлық мемлекеттердің қызметесу міндеті бекітілген. Ашық теңізде рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу жүргізіліп жатса, осындай құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы қызмет жасайтын кез-келген тұлға немесе кеме оны қамауға алуға құқығы бар және жеткізуші аппаратты тәркілей алады.

Ашық теңіздің құқықтық режимін қамтитын нормалар мен ережелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Конвенция кемені тексеру құқығымен қатар, егер жағалаудағы мемлекет өзінің құқықтары мен ережелерін бұзғаны жөнінде жеткілікті негіздер болса, шетел кемесінің ізіне түсу құқығын қарастырады. Егер шетел кемесі іздеуші мемлекеттің ішкі, аумақ немесе архипелагтік суларында немесе іргелес зонасында орналасса кеменің ізіне түсу басталады және олардың шегіне тыс жерлерде, егер ізіне түсу үзілмеген жағдайда ізіне түсу жалғасады. Құқық бұзушы кемені көруге немесе естуге мүмкіндік беретін ара қашықтықта тоқтап, дыбыстық немесе көрінетін сигнал берілгеннен кейін, кеменің ізіне түсу басталады. Осындай құқық бұзушыға тоқтауға бұйрық беретін кеме кез-келген орында, сонымен қатар ашық теңізде тұруы мүмкін. Бірақ іргелес зонада және экономикалық зонада немесе континентальдық шельфте тұрған кеменің ізіне түсу, осы зоналарды қорғау мақсатында қабылданған заңдар мен ережелерді бұзған жағдайда басталады. Мысалы: осы зоналарда шетел кемесінің заңсыз балық аулауы. Мұндай ізіне түсу құқығы, қудаланып жатқан мемлекет өзінің аумақ суына немесе кез-келген басқа мемлекеттің аумақ суына кірген кезден тоқтайды. Ізіне түсу құқығы тек әскери немесе үкімет қызметінде тұрған өкілетті теңіз және әуе кемелері арқылы жүзеге асырылады. Кемені аумақ суынан тыс жеткіліксіз негіздерде ұстағаны үшін, келтірілген зиян мен шығын өтеледі.

Кез-келген мемлекет өзінің туының астында жүзіп жүрген кеменің капитанына, теңізде өлім қатері төніп тұрған кез-келген тұлғаға көмек көрсету міндетін жүктейді. Дәлелді себептерсіз теңізде кез-келген тұлғаға көмек көрсетпеген капитан халықаралық құқық нормалары бойынша жауаптылыққа тартылады.