- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
Халықаралық құқықта жер шарының барлық кеңістіктері. Оның ішінде әуе және ғарыш кеңістіктері өзіндік құқықтық мәртебесі бойынша екі басты аумақтарға бөлінеді; 1) құқықтың мәртебесі ішкі мемлекеттік заң нормаларымен белгіленетін кеңістік; 2)құқықтық мәртебесі халықаралық нормалармен белгіленетін кеңістік.
Жер кеңістіктері сияқты Әлемдік мұхит кеңістіктері де жағадағы мемлекеттің мемлекеттік аумағын құрайтын теңіз кеңістіктерінен және құқықтың мәртебесі халықаралық құқық нормаларымен белгіленетін теңіз кеңістерінен тұрады.
Теңіз кеңістіктері құқықтық режимі бойынша; 1) құқықтық мәртебесі негізін ұлттық құқық нормалары құрайтын мемлекеттік аумақтар /ішкі теңіз сулары; аумақтық теңіз: 2) мемлекеттік аумақтар құрамына кірмейтін, алайда жағадағы мемлекеттер мұндай кеңістіктерде Ұлттық заң мен халықаралық шарттармен бекітілген белгілі егеменді құқықтарға ие болатын аралас режимді аумақтар /құрлықтық шельф және экономикалық зона; 3) халықаралық шарттармен бекітілген барлық мемлекеттерге ерекше құқықтық режимді жалпы пайдалануға жататын халықаралық режимді аумақтар (аумақтық сулардың сыртқы шегінен басталатын ашық теңіз, теңіз түбіндегі халықаралық аудан, кейбір халықаралық бұғаздар, каналдар, өзендер мен көлдер, Антарктида, ғарыш кеңістіктері және аспан денелері).
Ішкі теңіз сулары және аумақтың теңіз жағадағы мемлекет өз егемендігін жүзеге асыра алатын мемлекеттік аумақтың бір бөлімдері болып табылады.
Ешқандай мемлекеттің өз егемендігін жүзеге асыра алмайтын ашық теңізде, кез- келген мемлекет халықаралық құқық көлемінде, оларды өзгертпей немесе шеттен щықпай өздерінің құқықтарын пайдалануы және өз міндеттерін орындауы қажет.
БҰҰ-ң теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегінде ашық теңіздің көлемді кеңістіктері жатыр. Ашық теңіз кеңістігі ішінен өз кезегінде жағадағы теңіз кеңістіктерінің мынадай түрлері бөлінеді. Оларға; іргелес зона, континентальдық шельф және ерекше экономикалық зона жатады.
Теңіз кеңістігінің осы түрлерінің әр қайсысы өзіндік айырмашылық режим мен ерекшеліктерге ие. Мысалы іргелес зона жағадағы мемлекетпен қажетті оның ішкі теңіз суларында және аумақтық теңізде шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, иммиграциялық және санитарлық /тазалық/ ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.
Теңіз кеңістігінің осы түрлі мемлекеттердің тәжірибесінде алғаш рет 1736 жылы Ұлыбритания заңымен бекітілді. Ол «британ кедендік және фискалдық заңдарды ықтиярсыз қолдануға арналған« ені 5 теңіз милі болатын зонаны бекітті.
Теңіз кеңістіктерінің жаңа түсініктері және түрлері- ерекше экономикалық зона мен «континентальдық шельфтің - ақыр аяғында ашық теңіздің жағадағы кеңістіктеріне мемлекеттердің ұлттық талаптану нәтижесінен пайда болды жағадағы мемлекеттердің ашық теңіздің осындай аудандарын өздерінің егемендіктеріне бағындыруға ұмтылуларымен әрекеттерінен басталады. Мұндай ұмтылулар кең теңіз жағалаулары бар дамушы Африка мемлекеттері тірі және өлі ресурстарға толық егемендікке талаптанды. Латын Америка елдерінің ішінде экономикалық зонаның құқықтық режімін аумақтық теңіз режимімен теңестіруге немесе барынша жақындастыруға басым болды.
БҰҰ-ң теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциядағы ұзақ талқылау мен келісөздер нәтижесінде экономикалық зона және континентальдық шельф зоналары бойынша жағадағы мемлекеттер құқықтары мен басқа да мемлекеттердің құқықтары арасында келіскендікке қол жеткізілді. БҰҰ-ң Конвенциясы бойынша экономикалық зона жағадағы мемлекеттердің кейбір пайдасына алынған ашық теңіздік зонасы болып есептеледі. Осындай маңызды жетістіктің барысына жағадағы мемлекеттер осы зонада өз егемендігін емес, егеменді құқықтары мен заңдылықтарын қолдана алады. Онда барлық мемлекеттер 87 бапта көрсетілген кеме қатынастары мен ұшу, су асты кабельдерді және құбырларды салу еркіндіктерін пайдаланады. Демек экономикалық зонадағы еркіндіктер, ашық теңіз еркіндіктеріне сараланады.
Экономикалық зона және құрлықтың шельфпен қатар теңіз кеңістіктерінің ерекше қатар теңіз кеңістіктерінің ерекше түрлері: архипелагтік сулар, Аудан, халықаралық бұғаздар бекітілді.
Сонымен, қазіргі уақытта барлық теңіздер мен мұхиттар кеңістіктерінде теңіз кеңістіктерінің белгілі түріне қатысуға негіз болатын өзіндік құқықтық мәртебесі мен құқықтық режим бар. Яғни жер шарында барлық адамзат үшін ашық бола бермейтін және ашық теңізге жататын теңіздер мен үлкен су кеңістіктері бар. Олар ашық теңіздің бір бөлімі ретінде санауға мүмкіндік бермейтін ерекше құқықтық режимдерді немесе ерекше жағдайларды иеленеді
