- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен басшылыққа алынады. Бұл қағидалар: бір-біріне күш қолданбау, қорқытпау, халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдырын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті, олармен БҰҰ-ң Жарғысына сәйкес қабылданғандар.
Өз мәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез-келген қызметтерде міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекеттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынастарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.
Халықаралық теңіз құқығында сонымен бірге өзіндік негізгі қағидалар, оған сипатталатын халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір саласына ғана жататындар кіреді.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары қатарына жататындар: ашық теңіз бостандығы; теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану; теңіздік ортаны қорғау; бейбітшілік мақсатта әлемдік теңіздерді пайдалану.
Ашық теңіз бостандығы қағидасы-халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидасы болып табылады. Ашық теңіз бостандығы қағидасына сәйкес, аумақтық теңіздің сыртқы шекарасына теңіз кеңістіктері ашық және қандай-да бір мемлекеттердің егемендігіне жатпайтын барлық мемлекеттерге белгіленген халықаралық құқықпен жағдайына байланысты берілген.
1958 жылғы «Ашық теңіз жөніндегі« Женева Конвенциясы бірінші рет осы қағиданы 2-бапта «ашық теңіз барлық ұлттарға ашық және ешқандай мемлекет өз егемендігіне қандай да бір бөлігін бағындыруға қақысы жоқ” деп, жариялай отырып шарттық негізде бекітті.
Ашық теңіздегі бостандық қағидасы- теңізде жүру еркіндігін ашық теңіздің әуе кеңістігінде ұшқыштар еркіндігін, су асты кабельдері мен құбырлар салу еркіндігін, жасанды аралдар тұрғызу еркіндігін, балық аулау еркіндігін және ғылыми зерттеулер жүргізу еркіндігін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген еркіндіктер ашық теңіз еркіндігінің туынды элементтері болып табылады, сондай-ақ, теңіз құқығының бөлек қағидалары ретінде өзіндік мәндерге ие болады. Теңізде жүру немесе, кеме қатынасы бостандығы - әрбір мемлекеттің, жағадағы не болмаса жағадағы емес мемлекеттің ашық теңізде өз жалауымен ( туы) еркін жүруі болып табылады.
Ұшқыш аппараттардың ұшу бостандығы қағидасы (азаматтық, әскери) ХХ ғасырдың бірінші жартысында құрылды.
Осы қағидаға сәйкес, барлық мемлекеттер ұйымдарға және азаматтық және әскери ұшқыш аппараттардың ұшуын жүзеге асыруға; олардың көмегімен ғылыми зерттеулер жүргізуге; радиотехникалық құрамдарды пайдалануға; теңіз жағдайындағы сауда, әскери, кәсіптік, ғылыми-зерттеулік кемелердің мүдделерін ауадан бақылап, теңізде көмек көрсетуге бірдей құқықтарға ие.
Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы
Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы ірі сипаттағы жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бөлімі болғандықтан, теңіз кеңістігін қорғау жалпы, мемлекеттердің халықаралық қызметтестік мәселелерінде шешілуі қажет.
БҰҰ -ң 1982 жылғы Теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясы бұл қағиданы теңіз кеңістігін қорғау жайындағы мемлекеттердің жалпы халықаралық міндеті ретінде бекітті. Конвенцияның 192 бабына сәйкес «Мемлекеттер теңіз кеңістігін қорғауға және сақтауға міндетті«.
Теңіз кеңістігін қорғау қағидасын жасаудағы үлкен рөлді осы мәселенің әртүрлі аспектілер бойынша теңіз кеңістігін қорғауға шақыратын көптеген халықаралық конвенциялар атқарады. Оларға жататындар; 1954 жылғы Теңіздердің мұнайдан ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық конвенция және 1973 жылғы. Теңіздердің кемелермен ластануын болдырмау жөніндегі* халықаралық Конвенция /7.06.1994 жылдан Қазақстан осы Конвенцияның қатысушысы/; 1972 жылғы «Теңіздердің қалдықтар мен басқа да материалдарды жастаудан ластануын болдырмау жөніндегі Конвенция; 1969 жылғы Мұнайдан ластануға алып келетін апат жағдайында ашық теңізде араласу жөніндегі халықаралық Конвенция және т.б.
Теңіздік тірі ресурстарды сақтау және орынды пайдалану қағидасы.
Теңіздік тірі ресурстарды сақтау және орынды пайдалану қағидасы теңіз кеңістігін қорғау және балық аулау бастандығымен тығыз байланысты. Бұл қағиданың өзгешелігі кез-келген мемлекеттің теңіз ресурстары ауланған түрлерінің қорларын сақтау есебімен Әлемдік мұхиттың тірі ресурстар орынды кәсібіне құқыға бар екендігінен тұрады.
1958 жылғы «Балық аулау жөніндегі« және «Ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі« Женева Конвенциялары және 1982 жылғы, Теңіз құқығы жөніндегі «БҰҰ- ң Конвенциясы теңіздік тірі биоресурстар кәсібін рационализациялау және тәртіпте салудағы объективті қажеттіліктерді бекітті. БҰҰ Конвенциясының 177 бабына сәйкес «барлық мемлекеттер ашық теңіздің тірі ресурстарын сақтау үшін қажетті шаралар қолданады немесе өз азаматтарына қатысты қабылданған осындай шаралары бар басқа мемлекеттермен қызметтеседі«. Әлемдік мұхитты бейбітшілік мақсатта пайдалану қағидасы.
Әлемдік мұхитты бейбітшілік мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 жылғы «антарктика жөніндегі шарттың, 1971 жылғы « Теңіздер және мұхиттар түбіне және оның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қаруларының басқа да түрлерін орналастыруға тиім салу жөніндегі« шарттың және 1963 жылғы «Ауада ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тиім салу жөніндегі« шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбітшілік мақсатта пайдалану қағидасының маңызы сөзсіз мемлекеттердің Әлемдік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады.
1982 жылғы БҰҰ-ң Конвенциясынның преамбуласында осының көмегімен «теңіздер мен мұхиттарды бейбітшілік мақсатта пайдалануға жәрдем беретін« Әлемдік мұхитта құқықтық режим бекітілетіні жарияланған.
Бұл қағиданың мазмұнын ашатын жалпы тұжырымды айтылған қорытынды бойынша, 301- бапқа сәйкес қатысушы - мемлекеттер күш қаупінен немесе кез-келген мемлекеттің аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан немесе БҰҰ-ң жарғысында іске асырылған халықаралық құқық қағидаларына сыйыспайтын басқа да түрлерден тыйылады.
