- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Ішкі теңіз сулары
Аумақтық теңіз
Ашық теңіз
Іргелес зона
Континентальдық шельф
Айрықша экономикалық зона.
Теңіз түбінің халықаралық ауданы
Халықаралық бұғаздар
Архипелагтік сулар.
10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
11) Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ.
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір бөлімі болып табылады. Соңдықтан, халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың барлық көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ, Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процессіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтерін құқықтық реттеудің негізі болып табылады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін халықаралық теңіз құқығы жөнінде мемлекеттердің көпшілік-құқықтық қатынастарын реттеу ережелері негізгі әдеттік-құқықтық және көбіне теңіз кеңістіктерінің құқықтық мәртебесіне, теңізде жүзу және балық аулаудың нақты тәртібін белгілеудің анықтамаларына шоғырландырылған болды. Сол уақытта теңізде жүрудің бөлек арнайы мәселелері жөнінде мемлекеттер халықаралық келісімдер жасасты. Бұл жасалынғандарға ХVІІІ ғасыр ішіндегі Россияның басқа елдермен ашық теңізде салют болдырмау жөніндегі келісімдері, 1780 жылғы «Қарулы бейтараптық« жөніндегі Декларация, 1856 жылғы «Теңіздік соғыс« жөніндегі Декларация, 1884 жылғы «Су асты телеграфтық кабельдерді қорғау« жөніндегі Конвенция, 1888 жылғы «Суэц каналының режимі« жөніндегі Конвенция жатады. Алайда халықаралық әдет-ғұрыптарды барлық мемлекеттер тани білмейді, оның салдары осы немесе басқа да халықаралық-құқықтық норма жалпы міндеттеме ретінде бар ма деген мәселеге мемлекеттер арасында дауларды жиі туғызды.
Сондықтан да халықаралық теңіз құқығының әмбебап деңгейдегі нормалар кодификациясы қажет болды. Әсіресе мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңінде жетілді, теңіз шаруашылығында жаңа технология пайда болғанда теңіз ресурстарын және кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге өту үшін шындықты талаптар құрылды, бұлар Әлемдік мұхитта мемлекеттердің қызметтерінің жаңа түрлерін қамтыды, яғни ғылыми зерттеулер, барлау және мұнай мен газға эксплуатациялық бұрғылау, іздеулер және теңіз түбінің пайдалы қазылған терең аудандарын өңдеу, мұхиттық экспедициялық балық кәсібі және т.с.с. Барлық осы мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық тәртіп белгілеуді (регламентация) керек етті.
Ұлттар Лигасы қамқорлығымен құрылған 1930 жылғы Гаага конференциясында басталған іспен, аумақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормалардың бірінші кодификациясын жасауға әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алаауыздықтарынан табыспен аяқталмады. Тек келешекте қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.
28 жыл өткен соң ғана Женевада БҰҰ-ның І Конференциясы барысында 86 елдің қатысуымен теңіз құқығы бойынша бірінші рет теңіз құқығының әмбебап деңгейде барлық маңызды әдетті құқықтық қағидалары мен нормаларын кодификациялауға мүмкіндік туды. Теңіз құқығының дәстүрлі нормаларымен қатар «Континентальдық шельф« деген жаңа құқықтық түсінік, оның режимінің толық тәртіп белгілеуімен енгізілді.
Нәтижесінде 1958 жылы БҰҰ-ның І Конференциясында 4 Конвенция қабылданды;
«Аумақтық теңіз және іргелес зона жөніндегі« Конвенция;
«Ашық теңіз жөніндегі« Конвенция;
«Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі« Конвениця;
«Континентальдік шельф« жөніндегі Конвенция;
Конференцияда тағы да, ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу жөнінде, радиоактивтік қалдықтармен теңіздің ластануы жөнінде және де балық аулау жөнінде, тарихи сулар жөнінде резолюциялар мақұлданды.
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі І Конференциясының мәні халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болуымен қорытындылады. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көзі болып конвенциялар табылады. Халықаралық теңіз құқығы біржолата халықаралық құқықтың ерекше саласы болып қалды.
Сол уақытта Конференцияда жағадағы мемлекеттің тірі ресурстарға қатысты құқықтарын жүзеге асыра алатын аумақтық сулар және тікелей оған жанасатын ерекше зоналардың сыртқы шегі жөнінде мәселелерді шеше алмады. Бұл сондай-ақ, аумақтық су ені және балық аулау заңдылығының зонасы 12 мильден аспайтын жай нормалардың тууына әкеліп соқты. Мемлекеттердің бір жақты тәжірбиесінде алалық қалды.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін арнайы құрылған БҰҰ-ның 1960 жылғы ІІ Конференциясы нәтижесіз аяқталды. Бұдан басқа, 1958 жылғы Женева Конвенциясын өңдеуге қатыспаған дамушы көптеген мемлекеттер Әлемдік мұхиттың бар режимдерін қайта қарауды талап етті.
Осы мақсатпен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ғ2570 С (XXY) резолюцияны 1970 жылдың 17 желтоқсанынан қабылдады.
Осы резолюциямен 1973 жылы БҰҰ-ның барлық теңіз кеңістіктерінің жаңа құқықтық режимін өңдеу мақсатында теңіз құқығы бойынша ІІІ Конференциясын шақырту жөнінде шешім шығарды. БҰҰ-ның ІІІ Конференциясы 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылды және 1982 жылы жаңа халықаралық-құқықтық акт “Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі“ БҰҰ-ның Конвенциясына қол қоюмен аяқталды. Бұл Конвенция халықаралық теңіз құқығының, соның ішінде бұрын 1958 жылғы Женева Конвенциясына бекітілген, барлық жалпы танылған қағидалар мен нормаларды жүйелендірді және жетілдірді. Мұнымен қоса, - “ерекше экономикалық зона”, “архипелагтық сулар”, “аудан” және басқа жаңа түсініктер институттар өңделіп қосылды.
1994 жылы 16 қарашада БҰҰ-ның Конвенциясы күшіне енді (2000 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасы осы Конвенцияның қатысушысы емес), сонымен бірге БҰҰ-ның 1982 жылғы 10 желтоқсандағы теңіз құқығы бойынша Конвенциясының ХІ бөлімін жүзеге асыру жөніндегі Келісімі күшіне енді.
1982 жылғы БҰҰ Конвенциясы және 1958 жылғы Женева Конвенцияларымен бірге қазіргі уақытта 40-қа жуық Конвенциялар өз күшінде, бұл арнайы көпжақты және екі жақты конвенциялар. Оларға жататындар теңіздік орта және биоресурстарды қорғау, теңізде адам өмірін қорғау, халықаралық кеме қатынастарын жеңілдету бойынша, кемелердің теңізді ластамауы және басқа да мәселелер бойынша. Олардың ішінде Қазақстан мынадай конвенциялардың толық құқықты қатысушысы болып табылады. Олар: «Мұнаймен ластаудан залалға азаматтық жауапкершілік жөніндегі« халықаралық Конвенция 29.11.1969 ж; «Кемелердің теңізді ластауын жою жөніндегі Конвенция, 17.02.1978 ж. протоколмен өзгертулер енгізілген; «Теңізде кемелердің тоғысуын ескертудің халықаралық ережелері жөніндегі« Конвенция; 20.10.1972 ж; «Моряктарды дипломдау және вахтаны түсіруге дайындық жөнінде« халықаралық Конвенция 7.07.1978 ж; «Теңізде адам өмірін қорғау жөнінде« халықаралық Конвенция 1.11.1974 ж және 5.04.1966 жылғы «Жүкті маркалар жөнінде« халықаралық Конвенция жоғарыда айтылған барлық Конвенциялар Қазақстанда 1994 жылы 5-7 маусымда ратификацияланды.
Сонымен бірге, қазіргі халықаралық теңіз құқығын халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын әлемдік мұхиттағы қызметтері бойынша реттейтін заңдылық қағидалар мен нормалардың жүйесі ретінде сипаттауға болады.
