Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу

Халықаралық әуе хабарландыруда негізгі мәселе болып шетел авиакәсіпорындарының коммерциялық қызметтерін реттеу болып табылады. Осы проблема өз кезінде ірі авиациялық державалар мен олардың авиакомпаниялардың арасында үлкен дау тұғызған. Егер коммерциялық құқық ұғымына келетін болсақ-бұл авиакәсіпорындарға жолаушылар,жүктер мен поштаны сый ақы үшін әуе арқылы тасымалдауына рұқсат беру.

Халықаралық әуе хабарландырудың түсінігі әдетте коммерциялық құқықтармен ашылады:

  1. Транзиттік құқықты берген мемлекеттің аумағында қондырусыз тарнзиттік ұшу құқығы.

  2. Коммерциялық емес мақсатта транзиттік ұшу қондырумен құқығы.

  3. Әуе кемесі тіркелген мемлекетке ұшуда шет мемле-

кеттен бортқа алынған жолаушылар мен жүктерді және пошта алып кетуге құқылы.

  1. Әуе кемесі тіркелген мемлекеттен бортқа алынған жолаушыларды, жүктерді поштаны шет мемлекетке алып келуге құқылы.

  2. Шет мемлекеттің аумағында жолаушыларды шығару, жүк пен поштаны шығару, тағы теңдей басқа үшінші мемлекетке тасуға құқылы.

Осы негізгі “ауа еркіндігінен”басқа тағы да құқықтар.

  1. Өз мемлекеттің аумағы арқылы үшінші мемлекетке тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.

  2. Өз мемлекетінің аумағынан өтпей, үшінші мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру құқығы.

Қазіргі уақытта осы көрсетілген ауа еркіндігінің түрлері

әуе кемесін тіркелген мемлекетке ғана емес, сонымен қатар мемлекет-эксплуантта да (әуе кемелерін жалға алушы ) қолданылады.

Батыс Европада коммерциялық құқықты реттеудің жаңа бағыты болып әуе хабарландыру туралы екі жақты келісімдер (мысалы: 1984 жылы Ұлыбритания мен Нидерланды арасындағы келісім, ФРГ мен Люксембург), ашық тәртіпті маршрут қағидасы бойынша бесінші “еркіндік”құқығы бойынша өкілетті авиация органдарымен (үкіметпен емес) қолданылады.

Қазақстан Республикасының Көлік және телекоммуникация Министрлігі, басқа міндеттерімен қатар халықаралық және мемлекетаралық көлік аумағында қызметтесуі жасайды, ҚР көліктік комлексті басқарудағы мемлекеттік орталық басқару органы болып табылады. Оның құрамына сонымен қатар әуе көлігі де кіреді, бұны басқаратын Азаматтық авиация бойынша Комитет.Одан басқа Қазақстанда жеке авиациялық кәсіпорындар қызмет істейді, қазіргі кезде Қазақстанда 70 астам әуекомпаниясы бар, оның ішінде, 40% әәуекомпаниясында өз әуе кемелері жоқ, соған қарамай олардың жасайтын қызметтері халықаралық тарифпен бірдей.

Өкілеттік мақсатта, сонымен қатар осы кәсіпорынның мүддесін қорғау мақсатында авиациялық кәсіпорындар шет елде өзінің өкілдіктерін жібере алады, мысалы, ҚР әуе нарығында шетелдік әуекомпаниялар 70% боп саналады . Өз ретінше қазақстандық авиа кәсіпорындар өз өкілдіктерін шет мемлекеттерде орнықтыра алады.

6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.

Әуе кемелері тіркелу фактісіне байланысты ұлттық иелікке жатқызылады. Ұлттық иелікке жататындықтан әуе кемелері өзі тіркелген мемлекеттің қорғауында болады.

Тіркелген әуе кемесі мемлекеттік реестірге кіргізіледі . Халықаралық әуе хабарландыруында әуе кемелерін азаматтық және мемлекеттік деп бөледі. Азаматтық жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналса ол азаматтық әуе кемелері болып табылады, бұл жеке меншікке жатады, яғни азаматтық әуе кемелерін сатуға,сатып алуға, сыи ретінде беруге болады, ал Чикаго конвенциясының 3-бабына сәйкес әскери, кеден және полициялық қызметке қолданылатын мемлекеттік әуе кемелеріне жатқызылады.