- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Ұсынылған әдебиеттер:
Бабурин С.Н. Территория государства. Правовые и геополитические проблемы. М. 1997.
Голицин В.В. Антарктика: тенденции развития режима. М. 1989.
Клименко Б.М. Государственная территория: вопросы теории и практики международного права. М. 1974.
Клименко Б.М. Мирное решение территориальных споров. М. 1982.
Корбут Л.В., Баскин Ю.А. Международно-правовой режим рек. История и современность. М. 1987.
Клименко Б.М., Ушаков Н.А. Нерушимость границ условие международного мира. М. 1975.
17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
Халықаралық әуе құқығының дамуы, түсінігі, қайнар көзі
Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
Халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері
Халықаралық әуе хабарландыруының құқықтық реттелуі
Әуе кемесінің құқықтық мәртебесі
Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік
Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым(ИКАО)
20-ғасырдың басында әуе кеңістігінің заңдылық табиғаты мен әуе кеңістігін иеленудің құқықтық шегі туралы мәселелер көптеп қарастырылды. Сол кезде бұл туралы екі теория пайда болды. Ол “ауа еркіндігі” мен әуе кеңістіктің мемлекеттік егемендігі туралы теориялар. “Ауа еркіндігі” туралы теория француз ғалымы П.Фошильдікі, екінші теория голландық ғалым Лайкламе Найхольттікі. Осы ғылыми жетістіктердің негізінде әуе кеңістігін құқықтық реттеу туралы көптеген конвенциялар пайда болды.Әуе кеңестігін халықаралық құқықтық реттеу өз бастамасын 1919 жылғы әуе навигациясы туралы Париж конвенциясынан алады. Онда құрлық пен су аймақтары жататын әуе кеңістігін мемлекеттің егемендігі қағидасын бекітті. Әуе кеңістігінің құқықтық режимінің ғылыми талқылау проблемасының нәтижесінде 1919 жылы Париж конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл конвенцияның өз кемшіліктері де болды. Олардың ең негізгісі халықаралық әуе хабарландыруындағы еркін ұшу мәселелерін қамтамасыз ету. Әуе көлігінің дамуымен және оны тек қана қозғалу үшін емес және коммерциялық мақсаттармен алып жүруді жүзеге асыратын басқа да (1919 жылғы Париж конвенциясынан басқа) халықаралық құқықтық актілер қабылданды. Оның ішінде 1928 жылғы коммерциялық авиация туралы Панаамерикалық конвенция қабылданды.
Әуе көлігінің қызметін құқықтық реттеуі екінші дүниежүзілік соғыс уақытша тоқтатты. Бірақ 1944 жылы АҚШ-тың инициативасымен Чикагода 1919 жылғы Париж конвенциясының орнына жаңа конвенцияны талқылау үшін халықаралық конвенция шақырылды. Осы 1944 жылғы Чикагода Азаматтық авиация жөніндегі Чикаго конвенциясы қабылданды сонымен қатар осы конвенцияның нәтижесінде келесі негізгі құжаттар қабылданды: Олар конвенцияның шешуші актісі, халықаралық транзиттік әуе хабарландыру туралы келісім және халықаралық әуе көлігі туралы келісім.
Әуе кемелерінің коммерциялық қызметіне келетін болсақ, мысалы, жолаушыларды,жүктер мен поштаны тасымалдауға байланысты,онда Чикаго конвенциясының қорытынды актісінде бұл мәселелер екіжақты келісімдер арқылы реттелетіндігі шешілді.
1959 жылы азаматтық авиация Еуропалық конвенциясы Страсбургский типтік деп аталатын “Әкімшілік және техникалық мінезді типтік ереже” қабылдады.
Көптеген мемлекеттер өздерінің аумағының әуе құқығының құқықтық режимді қоятын әуе кеңістігіне мемлекеттік егемендігі қағидасына қатысты арнайы заңдар қабылдады. Осылай халықаралық актілермен ұлттық заңдылық пайда болады.
1991 жылы ТМД елдері әуе кеңістігін ортақ пайдалану мен азаматтық авиация туралы келісім шартқа отырды. Ал 1993 жылы осы мемлекеттер арасында арнайы тағайындалған әуе кемелерін ұшыру туралы келісім шарт жасалды. 1996 жылы ТМД құрамына мүше мемлекеттер әуе кеңістігін қорғау туралы конвенция қабылдады, Қазақстан Республикасы 1995 жыл 20 желтоқсанда ҚР Президентінің заңды күші бар Жарлығы “ ҚР авиациясының қызметі және әуе кеңістігін пайдалану “бойынша қабылданды, осы Жарлықтың ішінде халықаралық ұшу жөніндегі арнайы бөлім бар.
Жалпы халықаралық әуе құқығының түсінігіне келетін болсақ , ешқандай халықаралық шарттарда нақты түсініктеме берілмеген, өйткені алдын ала әуе құқығы ішкі мемлекеттік мәселерге жататын, қазіргі жағдайда халықаралық қатнастар ұлғайған жағдайда халықаралық әуе құқығының маңызы өте зор деп айтуға болады.
Халықаралық әуе құқығы - әуе кеңістігін, оның анықтаушы құқықтық режимін қолданумен байланысты халықаралық субъектілірдің арасынадағы қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқық бөлімі.
Бірінші топтың нормалары халықаралық қозғалысты реттейді. Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшулар.
Екінші- әуе көлігінің коммерциялық қызметін,халықаралық хаьарландыруды реттейді.
Халықаралық әуе құқығы халықаралық әуе хабарландыруды жүзеге асыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен әуе кеңістігін қолданумен байланысты халықаралық субъектілірдің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық субъектілірдің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы.
Әуе кеңістігінің өзін екі түрге бөлуге болады:
Егеменді әуе кеңестігі
Халықаралық әуе кеңістігі
