Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Антарктаркиканың халықаралық режимі.

Антарктиканың халықаралық-құқықтық режимі 1 желтоқсан 1959 жылғы Антарктика туралы шартпен реттеледі. Бұл шартқа 12 мемлекет қол қойды. Олар: Аргентина, Австрия, Бельгия, Чили, Оңтүстік-африкалық Одақ, КСРО, АҚШ және Англия.

1959 жылғы шартқа қол қойғанға дейін, Антарктика, оның бөліктеріне құқықтарды жариялаған, мемлекеттер мүдделерінің қақтығысуының объектісі болған. Антарктикада ғылыми зерттеулерді жүргізген жоғарыда аталған мемлекеттер Вашингтон Конференцясында Антарктика туралы шартқа қол қойды. Ол 23 жылы 1961 жылы күшіне енді.

Антарктиканы тек бейбітшіл пайдалану туралы ереже шарттың негізгі ережесі болып табылады. (Шарттың 1 бабы)

Одан соң, Шарттың 1 бабында барлық әскери сипатындағы іс-шараларға (әскери базалар мен бекіністерді құру, әскери маневрларды өткізу, қару-жарақтардың сынақтарын өткізу) тыйым салынған.

Антарктикада барлық әскери сипаттағы іс-шараларға, барлық ядролық жарылыстарға, радиоактивті материалдарды жоюға тыйым салынды. (11 бап)

Мемлекеттердің шарт қатысушысы болу-болмауына қарамастан, барлық мемлекеттер үшін Антарктикада ғылыми зерттеу жұмыстарының бостандығы принципі Антарктика туралы шартында бекітілген.

Антарктика – бұл солтүстік ендіктің 60-ншы параллельден оңтүстікке қарай орналасқан, ешбір мемлекеттің егемендігі астында болмайтын жер шарының жалғыз ірі территориясы.

Антарктика туралы шарт Антарктиканың аудандарына мемлекеттердің территориялық талаптарын таныған жоқ, бірақ бұл талаптарды және ұсыныла алатын талаптарды теріске шығарған жоқ.

Шарттың 4 бабына сәйкес, Шарттың ішіндегі ешбір нәрсе шарт жасасып отырған жақтың немесе басқа мемлекеттің Антарктикада территориялық егемендік құқықтары немесе талаптарын тану не танумауға, немесе талаптың негізіне қатысты олардың (шарт жасасып отырған жақтардың) позициясына зиян келтіретіндей талқыланбау керек.

Шарттың 8 бабы мемлекеттердің Антарктикада өз юрисдикциясын жүзеге асыруы туралы нормаларынан құралған. Оларға сәйкес, Антарктикада экспедициялар мен станциялар бір-бірімен алмасатын, бақылаушылар (оның ішінде ғылыми персонал және оның мүшелерін ере жүретін тұлғалар) өз функцияларын орындауына байланысты Антарктикада тұруы кезінде болған барлық әрекеттер мен қателіктерге қатысты өз юрисдикциясы астында болады.

Одан кейін Шарттың 8 бабына сәйкес, Антарктикада юрисдикцияны жүзеге асыруына байланысты дау туған жағдайда, мемлекеттер (өзара тиімді шешімге жету мақсатында) бір-бірімен дереу кеңес алады, және Шарттың 9 бабы, өз үкіметтеріне Шарт мақсаттары мен принциптерінің жүзеге асуына жәрдемдесетін шараларды (соның ішінде Антарктикада юрисдикцияның жүзеге асуына байланысты) әзірлеу, қарау және ұсыну үшін мезгіл сайын мемлекет өкілдерінің жиналуын қарастырған.

Антарктика территориясы делимитаризацияланған және нейтрализацияланған аймақ болып табылады. Сондықтан да, Антарктикада әскери контингенттерді орналыстыруға және әскери қимылдарды жүргізуге болмайды.

Шарттпен анықталған Антарктиканың құқықтық режимі арнайы механизммен қамтамасыз етіледі. Оның құрамына Шартың қатысушы-мемлекеттермен жүзеге асырылатын, бір-бірінің Антарктикада қызметіне қатысты жердегі және әуедегі ауқымды бақылау жатады. Станцияларды, жабдықтарды, теңіз және әуе кемелерін (олардың жүктен босату және жүк тиеу пунктерінде), олардың персоналын тексеруді жүзеге асыру үшін әрбір мемлекет өз бақылаушыларын Антарктиканың барлық аудандарына кез-келген уақытта жібере алады.

Антарктиканы зерттеу қызметтері мемлекеттердің Антарктика туралы Шарттын әзірлеу мен қол қоюда қатысқан мемлекеттердің Консультитивті Кеңесімен координацияланады.

Консультативті Кеңес арнайы сессияларды қоспағанда екі жылда бір рет жиналады.

Мемлекеттердің Консультативті Кеңесінің құзыретіне келесі сұрақтарды қарау жатады: Антарктиканы бейбітшіл пайдалану, ғылыми зерттеулерге және халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа жәрдемдесу, инспекциялық шараларын және юрисдикцияны жүзеге асыру және т.б. Шарттың принциптері мен мақсаттарын жүзеге асыуына керекті іс-шараларды мемлекеттердің үкіметтеріне әзірлеу және ұсыну.

Консультативтік Кеңесінің жиналу орны мен мерзімдерін Шарттың бастапқы қатысушылары анықтайды.

Антарктика туралы Шарт ашық сипатқа ие болады. Барлық мүдделі мемлекеттер оның қатысушылары бола алады. Бірақ, Консультативті Кеңес қатысушыларының шеңбері шектелген. Бастапқы қатысушылардан басқа, Антарктикада елеулі ғылыми қызметін жүзеге асыратын мемлекет Консультативті Кеңесінің қатысушы бола алады (ғылыми станциясын құраса немесе ғылыми экспедициясын жіберсе).11

Антарктика туралы Шарттан басқа, Антарктиканың режимін реттейтін басқа да маңызды халықаралық-құқықтық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде: 1972 жылғы Антарктика итбалықтарын аман алып қалу туралы Конвеция; 1980 жылғы Антарктиканың тірі теңіз ресурстарын аман алып қалу туралы Конвенция; 1988 жылғы Антарктиканың минералды ресурстарын игеруді реттеу жөніндегі Конвенция; және т.б.

Арктиканың құқықтық режимі.

Арктика – бұл жердің солтүстік аумағы. Оның құрамына аралдар мен Европа, Азия және Солтүстік Америка материктік құрлықтың жанасқан бөліктерімен бірге терең Арктикалық бассейн және таяз шеткі теңіздер жатады.

Арктиканың теңіз кеңістігі секторларға бөлінген. Әрбір сектор үшбұрыш нысанында болады және Солтүстік полюс оның төбесі болады. Ал, табаны арктикалық мемлекеттерінің жағалауы болады. Арктикалық мемлекеттер: Ресей, Норвегия, Канада, Дания, АҚШ. Арктикада олардың әрқайсында өзінің секторы болады. Сектордың құрамына сектрдің шегінде орналасқан аралдар мен архипелагтар кіреді және олар арктикаға жағалас мемлекеттің мемлекеттік шекарасына кіреді.

Қолданылып жатқан сектрлар жүйесі полярлық кеңістіктерді зеррттеу мен игеру және секторларға қатысты өз құқықтарын нормативтік актілерде бекіту барысында тарихи түрде қалыптасқан.

Арктиканың құқықтық режимі қолданылып жатқан халықаралық теңіз құқығының принциптері мен нормаларымен және арктикажағалас мемлекеттердің ұлттық заңдарымен анықталады.12