Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Халықаралық өзендер.

Халықаралық өзендер – бұл екі немесе одан да көп мемлекеттердің территориясынан өтетін өзендер. Олар мемлекеттер арасындағы халықаралық салдарды туғызады. Ондай өзендердің ішінен мыналарды атауға болады: Дунай, Амур, Рейн, Нигер, Конго, Амазонка және т.б.

Кеме қатынасы бар (кемелер жүретін) және кеме қатынасы жоқ халықаралық өзендер болады. Сонымен қатар, олар бірнеше мемлекеттердің территориясынан өтуі мүмкін немесе олардың территорияларын бөлуі мүмкін. Осындай жағдайда, жағалау мемлекеттерінде ондай өзендерге қатысты өзара құқықтар мен міндеттер туындайды және бұл жағдай мемлекет мүдделерінің өзара байланысын туғызады.

Өзендердің құқықтық режимі жағалау мемлекеттердің арасындағы жасалған халықаралық шарттармен анықталады. Халықаралық өзендердің суларын пайдалану немесе олардың бойында өнеркәсіптік объектілерді салғанда, жағалау мемлекеттері бір-бірінің және басқа мемлекеттердің терриориясына зиян келтірмеу керек, өзара пайда принципін басшылыққа алу керек, өзендік ортаны, флора мен фаунаны және т.б. қорғау және сақтау шараларын қолдану керек.

Жағалау мемлекеттердің арасында халықаралық шарт болмаса да, олар бір-біріне қатысты халықаралық өзендерді пайдаланумен байланысты белгілі құқықтар мен міндеттерді атқарады.

Халықаралық өзендерде мемлекеттер навигацияны (кеме қатынасы), сонымен қатар олардың навигациялық пайдалануды (бөгендерді,гидроэлектростанцияларды салу, балықаулаушылықты, ағаш ағызуды жүзеге асыру және т.б.) жүзеге асырады.

Халықаралық өзендерді пайдалануды реттейтін танымал халықаралық документтердің қатарынан мыналарды атауға болоды: 1966 жылғы Халықаралық маңызы бар суларды пайдалану туралы Хельсинки ережелері (олар суларды үлестіру, өзендердің ластануын болдырмау, ағаш ағызу және т.б. мәселелерін қарастырады);

1923 жылғы Женева Конвенциясы, оның ішіне халықаралық өзендерде гидроэлектростанцияларды салу кезінде туындайтын мәселелерді реттеу ержелері енгізілген.

Өзендерде әртүрлі қызметтерді (бөгендерді салу, навигация, ағаш ағызу, ирригация және т.б.) жүзеге асыру барысында: бір жағалау мемлекеті басқа мемлекетке зиян келтірмеу керек (ол алдымен, жағалау мемлекеттердің арасында суды әділетті үлестіруде көрініс табады), әрбір жағалау мемлекеті өзінің территориясы шегінде халықаралық өзен бассейннің суын пайдалы пайдалануда әділетті үлеске құқылы болады. Территориясы арқылы өзен сулары өтетін мемлекетке зиян келтірмеу үшін, мемлекеттер халықаралық өзен суларын ластаудан аулақ болуға; бөгендер салудың, ирригацияның, ағаш ағызудың мемлекеттің шекарасы шегінде халықаралық өзендердегі балық ресурстарына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға міндетті.

Бұл және халықаралық өзендерді навигациялық емес пайдаланумен байланысты сұрақтар мүдделі мемлекеттер арасындағы көпжақты және екіжақты шарттар негізінде шешіледі және шешілуге міндетті. Халықаралық келісімдердің орындалуын ақылау мақсатында жағалау мемлекеттедің өкілдерінен тұрған әртүрлі комиссиялар құралады. Олардың функциялары қатарына мыналар жатады: мемлекеттердің халықаралық өзендердегі қызметінде ынтымақтастықтың координациясын жүзеге асыру; өзен сулары мен ресурстарын рациональді пайдалануға және олардың табиғи ортасын және т.б. қорғауға бақылауды жүзеге асыру.

Халықаралық өзенде кеме қатынасының режимін жағалау мемлекеттері жасаған келісімдер негізінде анықтайды. Тек жағалау мемлекеттердің кемелері ғана, жағалау мемлекеттердің арасында жасалған шарттар негізінде, басқа жағалау мемлекетінің территориясы құрамына кіретін өзен сулары арқылы өтуге құқылы. Жағалау емес мемлекеттердің кемелері халықаралық өзен арқылы өте алмайды, егер тек жағалау мемлекеттері келісім арқылы ондай құқықты бермесе.

Өз саудасының даму мақсатын көздеп, жағалау мемлекеттері шетелдік сауда кемелеріне халықаралық өзеннен өту құқысын жиі береді.8

Кеме жүретін ірі өзендердің бірі - Дунай. Дунайда халықаралық кеме қатынасының режимі 18 август 1948 жылғы Дунайда кеме қатынасының режимі туралы Конвенциямен реттеледі. Бұл Конвенцияның қатысушылары: Ресей, Украина, Болгария, Венгрия, Румыния, Югославия, Австрия, Молдова, Германия, Хорватия және т.б.

Конвенцияның 1 бабына сәйкес порттық және навигациялық алымдарына және саудалық кеме қатынасының жағдайларына қатысты теңдік негізінде, Дунайда навигация барлық мемлекеттердің азаматтарына, сауда кемелеріне және товарларына ашық және еркін болады. Дунайға жағалас емес мемлекеттердің әскери кемелеріне Дунайда жүзуге жол берілмейді.

Конвенцияның 30 бабына сәйкес, Дунайға жағалас мемлекеттерінің әскери, полициялық, кеден кемелері өз шекаралары шегінен тыс Дунай суында басқа Дунайға жағалас мемлекеттердің келесімімен жүзе алады. Әрбір Дунайға жағалас мемлекет өзінің өзен учаскісінде кеме қатынасының (Дунай комиссиясымен және басқа органдармен белгіленген ережелерден басқа) нақты ережелерін белгілейді.9

Дунайға жағалас мемлекеттердің өкілдерінен құралған, Дунай комиссиясы Дунайда жүзу жөніндегі негізгі ережелерді әзірледі және оларды 1970 жылы күшіне енгізді.

Дунай комиссиясы Дунайға жағалас мемлкеттердің қызметін координациялайды, олардың ынтымақтастығына қолғабыс етеді, олардың Конвенцияны орындауына бақылауды жүзеге асырады, консультациялар өткізеді.10

Туындаған даулар Дунайға жағалас мемлекеттерімен тіке келіссөздер арқылы немесе келістіруші комиссиясымен шешіледі. Бұл комиссияның шешімдері соңғы болады және дау қатысушыларына міндетті болады

Антарктика мен Арктиканың құқықтық режимі.