- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
Территорияның түсінігі және территориялардың түрлері.
Мемлекеттік шекаралар.
Халықаралық өзендер.
Антарктика мен Арктиканың құқықтық режимі.
Территорияның түсінігі және территорилардың түрлері.
Халықаралық құқық бойынша территория (кең мағынада) бұл құрлық және су айдындары, жер қойнауы және әуе кеңістігімен бірге бүкіл жер шары, сонымен қатар ғарыш кеңістігінде орналасқан аспан денелері мен ғарыш кеңістігінің өзі.
Жердің барлық территориясы, құқықтық режимнің негізгі түрлеріне қарай, үш категорияға бөлінеді:
Мемлекеттік территориялар;
Халықаралық режимдегі территориялар;
Аралас режимдегі территориялар.
Халықаралық қатынастарда территорияның маңызы өте зор. Территория бұл әр мемлекеттің және бүкіл адамзаттың тіршілік ету ортасы және тіршіліктің материялдық базасы.
Территориялық мәселелер маңызды халықаралық проблемалардың қатарына жатады және жиі мемлекеттер арасындағы пайда болатын келіспеушіліктердің себебі болады.
Мемлекеттік территория бұл белгілі бір мемлекеттің егемендігі астында болатын және мемлекеттің толық және ерекше билігі таралатын территория. Мемлекеттік территорияның шекалары халықаралық құқыққа сәйкес анықталады және халықаралық келісімдермен бекітіледі.
Мемлекет өз территориясын халықаралық принциптер мен нормаларын еске ала отырып, өзінің ішкі заңдарына сәйкес пайдаланады.
Халықаралық режимдегі территориялар бұл мемлекеттік территория мен аралас режимдегі территория құрамына кірмейтін территориялар: жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан су кеңістіктері; теңіз түбінің халықаралық ауданы жағалау мемлекеттерінің континентальдік шельфі мен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан теңіз түбі мен оның жер қойнауы; мемлекеттік территориялар шегінен тыс жатқан әуе кеңістігі; Антарктика; ғарыш кеңістігі; Ай және басқа да аспан денелері.
Бұл территория мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда халықаралық принциптер мен нормалар қолданылады.
Аралас режимдегі территориялар бұл континентальдік шельф пен ерекше экономикалық аймақ, яғни жағалау мемлекетердің ұлттық заңдардың нормаларымен қатар бір уақытта халықаралық құқықтық нормалар да қолданылатын территориялар. Бұл территориялар мемлекеттердің егемендігі астында болмайды және мемлекеттік территориялар құрамына кірмейді. Бірақ, халықаралық құқыққа сәйкес, әрбір ондай ауданда жағалау мемлекеті табиғи ресурстарды зерттеуге, жетілдіруге және сақтауға қатысты өз егеменді құқықтарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Бұл құқықтардың көлемін халықаралық құқық анықтайды. Жекелеп айтсақ, олар 1958ж. Континентальдік шельф туралы конвенция және 1982ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясы.
Өз құқықтары шегінде әр мемлекет аталған қызмет түрлерін реттейтін заңдар мен ережелерді шығарады. Континентальдік шельф пен ерекше экономикалық аймаққа қатысты өзге жағдайлар халықаралық теңіз құқығының принциптері мен нормаларымен реттеледі.
Мемлекеттік территория.
Халықаралық құқық бойынша мемлекеттік территория бұл белгілі бір мемлекетке тиесілі жер шарының бөлігі және оның шегінде мемлекет өзінің территориялық үстемдігін жүзеге асырады. Мемлекеттік территорияның құрамына жер қойнауымен бірге құрлық және су, олардың үстінде жатқан әуе кеңістігі кіреді.
Мемлекеттің құрлықтық территориясы бұл мемлекеттің шекалары шегінде орналасқан барлық құрлық, аралдар мен анклавтар, олардың орналасу жеріне қарамастан.
Анклав бір мемлекеттің немесе мемлекетердің құрлық территоиясымен толық қоршалған басқа мемлекет территориясының бөлігі. Анклав өз мемлекет территориясының бөлінбес бөлігі болып табылады. Дүниежүзінде бірнеше анклавтар бар. Мысалы: Франция территориясында орналасқан Испан қаласы Пливия. Ол Испаниядан Франция құрлығымен айырылған. Нидерланды территориясында Бельгия Анклавтары орналасқан: Барле-Нассау және Барле-Хорты, және, керісінше Бельгия территориясында кішкентай Нидерланды анклавы орналасқан. Швейцария территориясында Германия Анклавы Бюзинген және Италия Анклавы Кампионе д’Италия орналасқан.
Егер де мемлекет территориясының бір бөлігі басқа мемлекеттің құрлықтық территориясымен жартылай және жартылай теңіз территориясымен бөлініп тасталынса, онда ол жартылай анклав ретінде қарастыралады. Себебі, оған теңізден кіруге мүмкіндік беретін теңіз жағалары бар. Анклавтар белгілі құқықтық салдарды туғызады. Мысалы, оған кіру үшін басқа мемлекеттің территориясынан өтумен байланысты, анклав және оның тұрғындарының тіршілігімен және басқа да маңызды мәселелермен байланысты.1
Су территориясы бұл ішкі (ұлттық) сулар және территориялық сулар (территориялық теңіз). Бұл екі су кеңістіктерінің айырмашылығы шетел мемлекеттің азаматтық және әскери кемелердің бұл жерлерде жүзу режимдеріне байланысты.
Ішкі суларға 1982ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес:
Мемлекеттің (соның ішінде архипелаг-мемлекеттер де) территориялық теңіздің енін өлшеу үшін қабылданған бастапқы түзу сызықтардан жаға жаққа қарай жатқан теңіз сулары;
Порт сулары;
Жағалары бір мемлекетке тиесілі болған шығанақтың сулары, егер де олардың ені 24 теңіз мильден аспаса; тарихи шығанақтар.
Ішкі сулардың қатарына бір мемлекеттің шекаралары шегінде орналасқан өзен, көл және басқа да суайдындардың сулары да жатады.
Территориялық теңіз бұл ені 1982ж. Конвенцияға сәйкес 12 теңіз мильден аспайтын, теңіз жағалау суларының белдеуі.
Мемлекеттік территорияның құрамына сонымен қатар мемлекеттің құрлықтық және су территориясының астында жатқан жер қойнауы (тереңдікке ешқандай шектеу қойылмайды); әуе территориясы мемлекеттің құрлықтық және су территориясының үстінде жатқан бүкіл әуе кеңістігі кіреді.
Өз территориясының шегінде мемлекет территориялық үстемдікті жүзеге асырады. Мемлекеттің территориялық үстемдігі бұл оның егемендігінің құрамдас бөлігі, ол мемлекет территориясының шегінде тұрған барлық азаматтар мен ұйымдарға қатысты мемлекеттің билігі ең жоғары билік екендігін білдіреді.
Мемлекеттің бүкіл билігі (заңшығарушылық, атқарушылық, сот) өз азаматтары мен ұйымдарына, шетел азаматтары мен ұйымдарына, сол мемлекет шекараларының шектерінде тұрған азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады. Бірақ кейбір кезде бұл ережеден ауытқуларды кездестіруге болады. Мемлекет өз территориясындағы кейбір аудандарда шетел заңдылығын қолдануына немесе бүкіл мемлекеттік территорияда шетел азаматтарының белгілі бір категориясына қатысты заңдардың қолдану ерекшеліктеріне келісім беруі мүмкін.
Ондай келісім ішкі заңда немесе халықаралық шартта көрініс таба алады. Мысалы, дипломаттардың және дипломатиялық өкілдіктердің мекендеу мемлекетінің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитеті.
Территориялық үстемдіктің ерекше белгілерінің бірі мемлекеттің өз территориясы шегінде өз азаматтарына және, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шетел азаматтарына заңға негізделген биліктік мәжбүрлеу шараларын қолдану. Мемлекеттің заңдары шетелде жүрген өз азаматттарына таралуы мүмкін. Бірақ, биліктік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі мемлекеттің өз территориясымен шектелген. Ешбір мемлекеттің шетел мемлекетінің территориясында өзінің биліктік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқысы жоқ.
Мемлекеттік территория мемлекеттің жоғарғы билігі жүзеге асатын кеңестік ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік территорияның материалдық мазмұнын құрайтын табиғи ресурстар, табиғи орта және қай мемлекеттің шекаралары шегінде орналасса сол мемлекетке заңи түрде тиесілі болады.2
Осы замандағы халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттің территориясын, табиғи ресурстарын мәжбүрлі түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ. Оған мемлекеттік территориясының тұтастығы және оған қолсұқпаушылық, мемлекеттік шекараларының мызғымастығы және оларға қолсұқпаушылық принциптері дәлел бола алады.
Мемлекет егемендікке ие болғандықтан, шетел азаматтарын өз ресурстарын пайдалануға жіберу мәселесін өзі шешеді.
Табиғи ресурстарды пайдалануға рұқсат берудің заң нысандарының бірі мемлекет (территориялық егемен) және шетел заңды тұлғалар арасындағы концессиялық келісімдер. Ондай келісімдердің шарттары территориялық егеменмен өз заңдарына сәйкес анықталады. Әдетте, шетел заңды және жеке тұлғаларға белгілі бір уақытқа мен белгілі бір ақы үшін пайдаланудың шектелген құқықтары беріледі. Ал, бір мемлекет өз территориясының бір бөлігін басқа мемлекетке халықаралық - құқықтық жалға берсе, онда басқа шарттар туындайды. Бұл жерде, мемлекет өз территориясының белгілі бір учаскісін басқа мемлекетке шарт негізінде иелену, пайдалану құқығына белгілі мақсаттарға, белгіленген уақытқа және ақы үшін береді. Бұл жағдайда, жалға берілген территория учаскісі жалға беруші-мемлекеттің мемлекеттік территориясы болып қала береді, бірақ жалға алушы-мемлекет берілген территорияда жалға беру туралы шартқа сәйкес өз юрисдикциясын (оның сот және әкімшілік органдардың өздерінің өкілеттігі шеңберінде істерді қарау және шешу құқығы) жүзеге асыра алады.
Халықаралық құқық субъектісі ретінде мемлекет бұл саяси ұйым және оның халқы. Сол халықаралық құқық субъектісіне оның территориясы тиесілі болады және бұл жерде территорияның нақты тиісілігін емес, заңи тиісілігін түсінеміз.
Заңи тиесілігі мәселесі территориялық дауларда айқын көрінеді. Ондай дауларда территорияны фактілі иелену емес, оның заң тиісілігі дауланады. Өйткені ондай терістеу, біріншіден құқықтын өзін жоққа шығарады, екіншіден территорияның тиісілігін оны фактілі басып алу фактісімен анықтауға негіз болатын еді. Ал, ондай әрекеттер халықаралық құқықпен тыйым салынған және олар территорияның тұтастығы, қолсұқпаушылығы және шекаралардың мызғымастығы принциптеріне қайшы келеді.
Мемлекеттік шекаралар
Мемлекеттік шекара құрлықта, суда, әуеде, жер қойнауда мемлекеттік территорияның шегін карталарда және жерлерде анықтайтын сызық, яғни мемлекет егемендігінің әрекет ету кеңістігінің шегі.
Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің территориясынан, сонымен қатар халықаралық териториялардан (ашық теңіз және оның үстінде жатқан әуе кеңістігі) бөледі. Өту жерлеріне қарай, шекараларды су және әуе шекаралары деп бөлеміз.
Құрлықтық шекара бір мемлекеттің құрлықтық территориясын басқа мемлекеттің құрлықтық территориясынан бөледі және шекаралас мемлекеттер арасындағы шартпен анықталып, шартқа сәйкес жерлерде белгіленеді.
Әдетте шекаралар жер бедерінің ерекшеліктерін (таулар, өзен, т.б. ерекше белгілер) ескере отырып жүргізіледі және орографиялық деп аталады. Кейде шекаралар екі нүкте арасындағы түзу сызық бойынша (геометриялық шекаралар), сонымен қатар меридиандар мен параллельдер бойынша анықталады (астрономиялық шекаралар).
Су шекарасы: көлде - құрлықтық шекараның суға шығыстарын көлдің арғы жағаларымен қосатын түзу сызық арқылы; кемелер жүретін өзенде бас фарватер арқылы (тальвег ең үлкен тереңдіктер сызығы); кемелер жүрмейтін өзенде - әдетте өзеннің ортасы арқылы; теңізде территориялық теңіздің сыртқы шекарасы арқылы немесе шектес не қарсы жатқан мемлекетердің территориялық теңіздерді айыру сызығы арқылы өтуі мүмкін.
Территориялық теңіздің сыртқы шектері халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жағалау мемлекеттінің заңдарымен белгіленеді.
1982ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес әр бір мемлекеттің өз территориялық теңіздің енін 12 теңіз мильге дейін орнатуға құқысы бар.
Қарсы жатқан немесе шектес мемлекеттер арасындағы теңізді межелегенде территориялық теңіздің шекаралары келісім арқылы анықталады.
Мемлекет территориясының әуе шекаралары бұл мемлекет әуе кеңістігінің биіктік және жақ шектері. Әуе кеңістігінің жақ шегі - бұл мемлекеттік шекараның құрлықтық және су сызықтарынан өтетін вертикальді жазықтық. Әуе шекаралары жөнінде ешқандай ерекше келісімдер жасалмайды. Әуе кеңістігін ғарыш кеңістігінен бөлетін жоғары биіктік шек халықаралық құқықпен анықталмаған.
Халықаралық практикада нығайған пікір бойынша, әуе кеңістігінің биіктік шегі жер бетінен шамамен 110 км құрайды. Шекаралас мемлекеттердің арасындағы мемлекеттік шекара делимитация мен демаркация арқылы анықталады және орнатылады. Делимитация және демаркация мүдделі мемлекеттердің паритеттік негізде құраған аралас комиссиялармен жүзеге асырылады.
Делимитация мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және с.с. документерде өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не ориентирлерге негізделе отырып, схемалар мен карталарда, екі ұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.
Демаркация бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілермен (пирамида, бағана,буй, шамшырақ) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде протокол - әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері енгізілген, жерлерде шекара сызығы өтуінің схемалар мен фотографияламен бірге жан-жақты суреттемесі, жасалады.
Шекара сызығын жерлерде белгілегенде делимитациялық суреттемеден кішігірім ауытқулар болуы мүмкін (әсіресе елді мекендер жанында). Пайда болған келіспеушіліктер аралас комиссиялармен, ал ерекше жағдайларда дипломатиялық келіссөздер арқылы шешіледі. Делимитация және демаркация жөніндегі документтер территорияларды беру, айырбастау, сату, территориялық бөлу туралы шарттардың құрамдас бөлігі болып табылады және шарт жасасқан шекаралас мемлекеттердің жоғары билік органдарымен ратификациялануға жатады.
Редемаркация бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату және т.б.
Мемлекеттік шекаралар мызғымас болады және оларға қол соғуға болмайды. Шекаралардың мызғымастық принципі 1975 жылғы СБСЕ -ң қорытынды актісінде көрініс тапқан, соған сәйкес мемлекеттік шекаралар халықаралық құқық бойынша бейбіт жолмен және келісім арқылы өзгертіле алады.
Әрбір мемлекет басқа мемлекеттің шекараларын құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әрбір мемлекет шетелдік мемлекет органдарының және шетел тұлғаларының бұзушылықтарынан өз шекарасын қорғауға құқығы бар.
Егер әскери кемелер, шекаралық отряд, әуе кемесі және с.с. шекараны бұзып жатса, мемлекет бұл бұзышылықты тоқтату үшін шетелдік мемлекетке наразылық білдіре алады, әртүрлі шараларды және басқа да заңды амалдарды қолдана алады, соның ішінде қарулы күш көрсету де.
Мемлекеттік шекараның режимі.
Шекаралас мемлекеттердің келісіміне сәйкес жерлерде орнатылған шекара сызығы қатаң орындалуға жатады. Жақ өз бетімен шекара сызығын өзгерте алмайды. Шекара сызығының небір кішкентай өзгерісі де жақтардың өзара келісімі негізінде ғана болуы мүмкін. Шекара сызығын біржақты өзгерту әрекеттері халықаралық құқықты және оның егеменді теңдік, мемлекеттік территорияға қолсұқпаушылық және тұтастық сияқты принциптерін бұзу болып саналады. Жерлерде шекара сызығына қолсұқпаушылықтты қамтамасыз ету үшін мемлекеттер өзара келісім негізінде шекараның белгілі бір режимін анықтайды. Ол шарттармен бекітіледі. Бұл режим жерлерде шекаралық белгілермен белгіленген шекара сызығының жер аспауына және тиісті тәртіпте күтіп ұсталуына бағытталған.
Шекара жерлерде шекараны демаркациялау немесе редемаркациялау документерінде қалай көрсетілсе, шекаралық белгілермен тура осылай белгіленеді. Демаркация кезінде қабылданған жүйеден басқа бір жүйе бойынша шекара сызығын белгілеу немесе тұрған шекаралық белгілерді басқа түрмен ауыстыру шекаралас мемлекеттердің арнайы келісімі негізінде ғана мүмкін.
Шекаралық режим сонымен қатар мыналарды қарастырады: шекараны күзету және оны құрлық, су, әуе арқылы өту тәртібін; бақылау-өткізу пунктердің, кеден мекемелерінің орналасуын және олардың қызметін; шекара үстінде әуе коридорларын орнатуды және олардың ішінде әуе кемелердің ұшу тәртібін; өз және шетелдік әскери емес және әскери кемелердін шекараны кесіп өту, мемлекеттің территориялық суларда (территориялық теңізде) және оның шекаралық өзендер, көлдер және т.б. суайдындардың бөліктерінде жүзу және мекендеу тәртібін; шетелдік әскери емес және әскери кемелердің ішкі суларға және порттарға кіру және мекендеу тәртібін; мемлекеттік шекараны ұстауды; мемлекеттік шекара ауданында әртүрлі жұмыстарды жүргізуді (ауылшаруашылық, өндірістік, көліктік, өнеркәсіптік қызмет).
Шекаралық режим өз азаматтарының, шетел азаматарының кіру, уақытша мекендеу, тұру, жүру ережелерін, сонымен қатар шекаралық аймақта тұратын халықтың қызметін және шекаралық инцидентерін реттеу және тергеу тәртібін анықтайды.
Шекаралық режим ішкі заңдармен, сонымен қатар шекаралас мемлекеттердің келісімдерімен реттеледі.3
Керекті жағдайларда мемлекет үкіметтерімен құрлықтық және су территориясында шекаралық аймақтар және шекаралық белдеулер орнатылады.
Шекаралық аймақ әдетте әкімшілік бірліктердің - қала, аудан шегінде орнатылады. Шекаралық аймақтың құрамына, сонымен қатар территориялық және ішкі сулар, шекаралық өзендер мен көлдердің сулары кіреді. Басқа сөзбен айтқанда, шекаралық аймақ - бұл мемлекеттік шекараны жағалап өтетін, енінен 5 км дейін құрлықта, ашық теңізге шығатын теңіз жағалауында, шекаралық көлдердің жағаларында, оларда орналасқан аралдарда орналасқан жер.
Шекаралық белдеу бұл құрлықтағы мемлекеттік шекара сызығынан немесе шекаралық өзендердің(көлдердің) жағаларынан орнатылатын, ені үлкен емес (2 км дейін) тікелей шекарада жатқан жер белдеуі.
Бұл белдеу шегінде шекара әскерлерімен қосымша шектеу режимдері енгізіледі: бақылау-іздік белдеуі; мемлекеттік шекара сызығын жағалап өтетін, ұзындығы шекара сызығынан әр бір жаққа 4-5 м болатын шекаралық орман соқпағы және ол дұрыс көруге бөгет болатын нәрселерден (бұталар, қалың қамыс, ағаштар) тазартылады; мемлекеттік шекараны санкцияланбаған өтуді тыю үшін инженерлік құрылыстар.
Мемлекеттер қарым-қатынастардың тәжірибесінде жақсыкөршілік қатынастарды нығайту және бейбітшілік ынтымақтастықты дамыту үшін шекаралық өкілдердің (шекаралық комиссарлар) институты қолданылады. Шекаралық комиссарлар немесе өкілдер және олардың орынбасарлары өз мемлекеттерінің үкіметтерімен тағайындалады. Әрбір шекаралық комиссарға шекараның белгілі бір учаскісі беріледі. Шекаралық комиссарлардың саны, олардың қызмет учаскілері, олардың ресми тұру жерлері шартта немесе, шарттың ажырамас бөлігі болатын, арнайы протоколда белгіленеді.
Шекаралық комиссарлардың және олардың орынбасарларының аты-жөндері, олардың ресми мекендеу жері жөнінде екі жақ бір-біріне дипломатиялық тәртіпте хабарлайды.
Мемлекет шекара әскерлерінің бастықтары мен қолбасшылары шекаралық комиссарларға екі жақтың тілдерінде жасалған жазбаша өкілеттіктерді береді. Шекаралық инциденттер мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды шиеліністіре алады. Сондықтан да, екі жақтың өзара келісімі негізінде олар дер кезінде және мұқият реттелу қажет. Шекаралық өкілдердің функцияларына шекарада тәртіпті бұзуды жоюға бағытталған керекті шараларды қолдану, шекаралық инцидентерді, сонымен қатар шекара режимін бұзуға байланысты зиянның орнын толтыру туралы мәселені, тергеу және шешу жатады. Шекаралық өкілдермен реттелмеген мәселелер дипломатиялық тәртіпте шешіледі.4
Территорияның тиістілігін өзгерту.
Мемлекетте, биліктің саяси ұйымы ретінде, халықаралық қатынастарда территорияны билік етумен байланысты әртүрлі конституциялық өкілеттіктер бар. Бұл өкілеттіктерді иемдеген мемлекеттік биліктің жоғары органдары халықтың еркіне сәйкес қызмет жасайды деп болжамдалады. Осындай жағдайларда мемлекеттік билік органдары мемлекетке, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде, тиесілі құқықты тікелей жүзеге асырады. Әртүрлі мемлекетерде үкіметтің халықаралық аренада территориямен билік ету шектеулері қарастырылған.
Олардың түрлері:
мемлекет шекаралары тек заң негізінде ғана өзгере алады;
конституция територияның бөлінбеуін жариялайды;
мемлекеттік территорияның құрамын өзгертетін құжаттар ратификациялануға жатады;
мемлекеттік территорияның бөлігін мемлекет иелігінен шығару үшін үкімет ондай әрекеттерге өкілетті болу керек;
конституция мемлекеттік территорияның құрамына кіретін барлық жерлер мен облыстарды атап шығады.
Әрбір мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде өз территориясын иелену, пайдалану, билік ету құқығына басқа мемлекеттердің бұл құқықты құрметеу міндеті сәйкес болады.
Бұл міндет қолсұқпаушылық принципінің мазмұны болады және мемлекетерге мыналарды жүктейді:
күш көрсету қауіпімен немесе күш көрсету арқылы территорияларды алмау;
мемлекет шекараларының қолсұқпаушылығын құрметтеу;
территориялық егеменнің келісімінсіз шет елдік территорияны пайдаланбау;
өзінің территориясын басқа мемлекеттің территориясына нұқсан келтіретіндей етіп пайдаланбау қажет.
Қазан дәуіріне дейінгі уақытта, соғыс халықаралық шиеліністерді шешудің заңды әдісі ретінде танылғандықтан, территориялық өзгерістердің маңызды құқықтық негіздерінің бірі, бір мемлекеттің өзге бір әлсіз елдердің немесе халықтардың территорияларын қүштеп жаулап алу болды.
Өркениетті халықаралық құқық, БҰҰ-ның Жарғысына қарсы келе отырып күш қолданудың көмегімен территориялық өзгерістерді жүзеге асыруға тыйым салады және осы тұрғыдағы кез-келген иемденулер заңсыз, мемлекеттердің территориялық біртұтастығы қағидасына қарама-қайшы деп саналады.
Ұлттардың және мемлекеттердің териториясына қолсұқпаушылықты кепілдей отыра, өркениетті халықаралық құқық бір мезгілде территориялық өзгерістердің болу мүмкіндігіне, ал кей жағдайларда тіптен қажеттілігіне жол береді.
Қазіргі таңда, мемлекетке тиесілі терриорияны өзгертудің негізінен 2 тәсілі қолданылады:
ұлттар мен халықтардың өз тағдырын өздерінің шешуі қағидасын жүзеге асыру негізінде;
тиісті мемлекеттердің өзара келісімі бойынша;
Барлық мейілінше ірі және елеулі территориялық өзгерістер, халықаралық құқықта бекітілген, ұлттар мен халықтардың өз тағдырын өздерінің шешуі қағидасы негізінде жүзеге асырылады.
Өз тағдырын өздерінің шешуі (анықтауы) қағидасы территориялық шек қоюдың негізгі қағидасы. Ұлттардың өз тағдырын өздері шешуі нәтежесінде сан-алуан территориялық өзгерістердің орын алуы мүмкін, айталық мемлекет территориясының жекеленген өзгерісінен бастап, жаңа мемлекеттің пайда болуы түріндегі елеулі өзгерістердің орын алуы.
Белгілі-бір мемлекеттің құрамына ену немесе өз алдына мемлекет құру мәселесін шешу барысында, өз тағдырын өзі анықтап (шешіп) жатқан ұлт, бір мезгілде, өз территориясының қандайда-бір мемлекетке тиесілі болуы сұрағында шешеді. Немесе, өз алдына мемлекет құру жағдайында, өз территориясының жеке мемлекеттің территориясына айналу сұрағын шешеді.
Територияның жекелеген бөліктерінің, мейілінше үлкен емес және тұрғындар қоныстанбаған немесе аз қоныстанған жерлердің тиесілігі тиісті мемлекеттер арасыдағы келісіммен өзгертілуі мүмкін. Территориялық өзгерістердің бұл түрін цессия деп атайды.
Территорияны берудің орынды нәтежесі, оның тұрғындарының азаматтығының өзгеруі болып табылады. Беріліп жатқан территория тұрғындарына бұрынғы немесе жаңа азаматтықты таңдап алу құқығы ұсынылуы мүмкін (аптация).
Өркениетті халықаралық құқық бойынша цессия (компенсациялық) өтемдік негізде орын алуы қажет. Цессия шекаралас жатқан мемлекеттердің өзара тең бөліктерді (учаскілерді) айырбастау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, 1951ж. 15 ақпандағы СССР мен Польша арасындағы шарт бойынша, екі жақ көлемі біртектес шекаралас бөліктерді айырбастады. Айырбас, айырбасталатын территориялардың СССР мен Польшаның шекаралас жер учаскілерінің экономикалық ұмтылысы тұрғысынан жүзеге асырылды.
СССР мен Иран, 1954ж. 2 желтоқсандағы келісімге сәйкес өзара мүдделіктерін көздей отырып тиісті жер учаскілерін айырбастады.
Кішігірім шекаралас учаскілерді беру өзгедей негізде де жүзеге асырылуы мүмкін, өзара тең территоррияларды айырбастамай-ақ, алайда бұл жағдайда жалпы ұлттық мүддесі, сол сияқты берілгелі жатқан учаскідегі тұрғындардың да мүддесі жеткілікті түрде есепке алынуы қажет.
1967ж., Италия бірнеше үйді орналастыру мүмкіндігі ғана болған, кішігірім шекаралас жер үшін, өз территориясы арқылы ағып өтетін Ройя өзенінің суын Францияға пайдалануға құқық берді.
Территория бөлігін бергені үшін өтем өтеудің келесі бір түрі, келісілген ақша сомасын төлеу де болуы мүмкін. Айталық, СССР мен Финляндия арасындағы 1947ж. 3 ақпандағы шарт бойынша, Финляндия Паатсо-Йоки өзенінде орналасқан Янискоски суэлектростанциясының және Нискакоски реттеуші платинасының аумағындағы 176кв.км жерді, сол территориядағы ғимараттар мен құрылымдарды қоса, СССР-ға 700 млн. фин маркасына берді.5
Цессия қай нысанда жүзеге асырылғанына қарамастан, тиісті мемлекеттер арасында жасалған шартпен рәсімделуі қажет. Кішігірім болғанына қарамастан, ұлттық территорияның белгілі-бір бөлігі беріліп жатқандықтан, бұл ұсыну жалпы ұлттың мүддесіне сай болуы қажет. Өкімет елеулі жер учаскілерін сата алмайды, өйткені ол жер өзіне емес, саяси және заңи ұйымдастырылған адамдар қоғамдастығына, барлық елге, халыққа тиесілі.
Сонымен, территорияның цессиясы әр-түрлі нысанда бола алады. Әр-бір жағдайда, тараптардың экономикалық, географиялық, қорғаныстық және өзге де мүдделері ескеріледі.
Халықаралық құқық докринасында, кей жағдайда өзін-өзі қорғау, заңды түрде күш қолдану нәтежесінде туындайтын жекелеген территориялық өзгерістердің заңдылығы туралы сұрақ пайда болады. Кеңес әдебиеттерінде былай делінген, яғни басқыншы-мемлекеттің территориясын тартып алу, оның тарапынан жасалған басқыншылығы үшін жауапкершілігінің бір нысаны болып табылады. Осы тәріздес территориялық өзгерістер 2-нші дүниежүзілік соғыстан соң жүргізілді. Олар негізінен Германия мен Японияға қатысты орын алды.
Бұрынғы кезеңдерде территорияны иемденудің жиі кездесетін тәсілдері басып алу (окупация) және иемденудің ұзақтығы болды.
Басып алу (оккупация) - белгілі-бір мемлекеттің егемендігіне тиесілі емес, яғни ңешкімдікің болып табылатын территорияны алып қою және басқару.
Иемденудің ұзақтығы бұрын өзге мемлекетке тиесілі болуы мүмкін, алайда ол мемлекет жаңа егеменге ұзақ уақыт бойы қарсылық білдірмеген, территорияны іс-жүзінде ұзақ және бұзылмас иелену жолымен иемдену.
Территорияны иеленудің бұл 2-ші әдісі, соғыста, өзге бір әдіспен өзгенің территориясын жаулап алуда тыйым салынбаған, ал халықаралық құқықты территориялық біртұтастық және халықтардың өз тағдырын өздерінің шешуі қағидалары болмаған кездерде орын алған. Халықаралық құқық тәжірибесінде территорияны арттыру (аккреция) және тағайындау (адъюдикация) тәрізді иемдену тәсілдері де белгілі.
Территорияны арттыру ретінде табиғи немесе жасанды себептермен жаңадан пайда болған құрлық территорияларды қосып алу түсініледі. Кей жағдайларда осылайша пайда болған құрылымдар мемлекет территориясының өзгеруіне әкеп соқпайда (территориялық су шеңберінде пайда болған арал).
Ал, көп жағдайларда құрлық территориясының өзгеруі, оның су шекарасының өзгеруіне де алып келеді.
Территориялық сулардың сыртқы шекарасын санау сызығына кіретін жаңа аралдардың пайда болуы, территориялық сулардың кеңейуіне алып келеді.
Құрлық территориясын жасанды түрде көбейткенде территориялық сулардың шекарасы жылжытылады, мысалы теңіз суларын кері итермеймелейтін және территорияның жағалау бөлігін үлкейтетін дамбалар салу.
Халық өте тығыз орналасқан территориялардың бірі Сингапур - өз территориясын жасанды түрде үлкейту үшін мүмкіндіктер іздеуге мәжбүр болуда. 1964 ж. Сингапурда, құрылыс үшін 4 млн. кв.м алу мақсатында теңіз жағалауын көму жоспары жасалынды. Осының нәтежесінде алынған территорияның ұзындығы 9 км., ал ені шамамен 600 метрді құрады.
Территориялық сулардың шеңберінен тыс, теңізде пайда болатын аралдар ешкімге тиесілі емес деп танылады, және де оккупация жолымен кез-келген мемлекетпен алынып қойылуы мүмкін. Жасанды түрде пайда болған аралдар, оны жасаған мемлекетке тиесілі болып табылады.
Халықаралық - құқықтық әдебиеттерде, арбитраждың немесе халықаралық соттың шешімі бойынша территорияны тағайындау, көбіне көп территорияны алудың тәсілі ретінде айтылады.
Кейбір авторлар мемлекеттер конференциясының шешімінде осының қатарына жатқызады, яғни жеңімпаз державалар конференциясы соғыс аяқталғанда, жалпы бейбітшілік реттеу кезінде территорияны белгілі- бір мемлекетке береді.
Адъюдикация, шын мәнінде, территорияны иемденудің дербес тәсілі ретінде көрініс алмайды. Тараптар дау туған кезде немесе бірінің құқығы бұзылған жағдайда арбитражға немесе сотқа жүгінеді. Территорияның шын мәнсінде кімге тиесілі екендігін тек сот қана анықтап береді.6
Территориялық даулар және оларды реттеу тәсілдері.
Территориялық даулар күрделі проблема болып табылады, өйткені олар мемлекеттің өмірлік маңызды элементін, оның территориясын қозғайды, және, сондықтанда көбіне көп қауіпті халықаралық әскери шиеленістерге ұрындырады.
Территориялық дау бұл белгілі-бір территорияның қайсы біріне заңды түрде тиесілі болуы тұрғысындағы мемлекеттер арасындағы дау.
Территориялық даудың субъектісі тек мемлекеттер бола алады. Өркениетті халықаралық құқықта халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы орын алады, оның мәні мынада, яғни мемлекеттер өздерінің арасындағы дауларды тек қана бейбіт құралдарымен шешуі қажет.
Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты және қызметтестікті қарастыратын, халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларация, территориялық дауларды және шекара сұрақтарын бейбіт жолмен шешуге маңызды көңіл бөледі. Онда әр-бір мемлекеттің өзге мемлекеттің орын алып тұрған халықаралық шекарасын бұзу мақсатында немесе халықаралық дауларды, соның ішінде территориялық дауларды және мемлекеттің шекарасына қатысты сұрақтарды шешудің құралы ретінде күшпен қорқытудан немесе оны қолданудан бас тартудың міндеті жарияланады.
Халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешудің құралдарына жатады: келіссөздер; ізгі қызмет көрсету, делдалдық, тергеу және келісім комиссиялары, халықаралық арбитраж, халықаралық сот және халықаралық ұйымдарға жүгіну. Бұл аталған құралдар, жекелеп алғанда, территориялық дауларды шешу барысында қолданылады. Территориялық дауларды және шекара туралы сұрақтарды бейбіт жолдармен шешу тәжірибесінде, халықаралық дауларды шешуде сан-алуан бейбіт құралдарды қолданудың елеулі тәжірибесі жинақталады.
1954ж. СССР-дің ынтасымен басталған келіссөздер нәтежесінде, шекаралық және қаржылық сұрақтарды реттеу жөнінде кеңістік Ирандық Келісімі жасалынды.Бұл келісімде тараптар, бұдан былай СССР мен Иран арасындағы мемлкеттік шекара сызығының өтуімен байланысты сұрақтар, шекараның барлық бөлігінде реттелген болып табылады және тараптардың бір-біріне ешқандай территриялық талаптары жоқ деп баяндады.
Келіссөз жолдарымен афро-азиаттық елдер бірнеше рет өздерінің территорялық дауларын шешті.
Территориялық даулар әлденеше рет делдалдықтың ізгі көмек көрсету, тергеулік және келісім комиссияларының көмектерімен шешілді. Әдетте, келіссөздер киындатылғанда немесе тиісті нәтеже бермегенде аталған құралдарға жүгінеді.
Ізгі көмек көрсету, мысал ретінде айтар болсақ, 1966 жылы Индия мен Пакистан арасындағы территориялық дауды бейбіт жолмен реттеу үшін СССР тарапынан ұсынылды. Кеңес өкіметінің ұсынысын қабылдап, Индияның премьер министірі мен Пакистан президенті Ташкентте кездесу өткізді. Жеті күнгі келіссөз нәтежесінде олардың арасында Ташкент декларациясына қол қойылды.
1963 ж. күзінде, Араб мемлекеттері Кеңесінің шешімі бойынша, алжир-мароккалық шекаралық шиеленісті реттеу үшін келісім комиссиясы құрылды. Бұл комиссияның құрамына мыналар кірді: Араб мемлекеттері Лигасының бас хатшысы және өзге араб мемлекеттерінің өкілдері.
Келісім комиссиялары Кеңес Одағының тәжірибесінде өте кең қолданылды.
Халықаралық тәжірибеде белгілі бір территорияның қайсы бір мемлекетке тиесілілігі туралы дауды шешу үшін тараптардың аралық сотқа (арбитраж) жүгінуі де жиі кездеседі. Арбитраж Качтік Ранн туралы индо-пакистандық дауды шешті. Бұл арбитраж 1965ж. 30 июнінде, Индия және Пакистан үкіметтерінің ұсынысы бойынша құрылды. Оған мыналар кірді: Индияның атынан судья А.Беблер (Югославия), Пакистан атынан Иран елшісі Н. Энтезам, арбитраж төрағасы Г. Лагергрен (Швеция).
Даулы территория туралы сұрақты қарау барысында, Женевада өткізілген, шамамен 170отырыс орын алды.
1968 ж. 19 ақпанда, Арбитраж даулы территрияның 90% Индияға, ал 10% (350 кв.миль) Пакистанға тиесілі болуы керек деп шешім шығарды. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды.
БҰҰ-ң халықаралық соты қарстырған істердің ішінде, территориялық сұрақтар бойынша даулар да бар. Оларға жататындар: территориялықсулар туралы англо-норвегиялық дау (1949-51ж.), Ламанш бұғазындағы 2 топ нормандық аралдар (Менкье және Экреос) туралы белгиялық-голландиялық дау (1957-59ж.), Индия территориясы арқылы өту құқығы туралы Индо-пакистандық дау (1955-60ж.) және т.б.7
