Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.

Мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы қарақшылық және басқа да халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырады.

Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937ж басталды. Осы жылы «терроризмді ескерту мен оның алдын алу туралың Женева конвенциясы қабылданды. Бүл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де ол терроризм мен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Терроризм сөзі латтынның «terrorң-қорқыныш (страх, ужас) деген сөзден шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген. «жөнсіз адамдардың өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы транспортттық байланыстардың жүзеге асуын қиындаттатын халықаралық масштабтағы қоғамға қауіпті әрекетң11

Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, үй-жайларын жоғарыда аталған тұлғалардың үй-жайлары мен транспорттық құралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы диверсиялар аэропорттарда, вокзалдарда көшелерде және т.б.

Бүл қылмыс түрінің субьектілері болып жеке тұлғалар да, террористік ұйымдар да табылады.

Террористік актілердің, әсіресе дипломаттарға қатысты, кең қанат жаюы мемлекеттерді 1973 жылы «Халықаралық қорғауы бар тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге, қарсы қылмыстарды тоқтату мен жазалау туралың конвенция қабылдауға итермеледі.

Сонымен қатар аумақтық сипаттағы бірнеше конвенциялар қабылданды. Мысалы: 1971ж Терроризм актілерін ескерту және оларды жасағаны үшін жазалар туралы« Америкалық конвенция, 1976 жылғы ңТерроризм мен күрес туралы« Европалық конвенция, 1987 жылғы Оңтүстік Азияның аумақтық ынтымақтастық Ассоциациясымен мақұлданған ңТерроризмнің алдын-алу туралы« Конвенция біріккен Араб мемелекеттерінің 1991 жылғы ңХалықаралық сипатта болатын тұлғаларға қарсы қылмыс нысанындағы және қорқытып талап етушілікпен байланысты, терроризм актілерін ескерту және оларды жасағаны үшін жазалар туралың Конвенция.

Сонымен қатар мемлекеттер терроризммен күресуге бағыттталған екі жақты шарттар да бекітеді. Атап айтсақ 1995 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Герман Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында ңҰйымдасқан қылмыстылықпен, терроризммен және қылмыстардың басқа да қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтастық туралың келісім бекітілді.12

Терроризм мен күресу үшін арнайы органдар да құрылады. Мысалы: БҰҰ-ның жүйесінде халықаралық терроризм жөнінде арнайы комитет құрылған. Оның 35 мүшесі бар. Бүл комитеттің шеңберінде террористік актілермен күрес жөніндеггі конвенциялардың жобалары дайындалады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Комитет дайындаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттердің әрекеттерін терроризммен күресуге бағыттайды.

Халықаралық, ұлттық және мемлекеттік терроризмдер ажыратылады. Мемлекеттік терроризм көбінесе агрессиялық акт деп сараланады.

1984 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында «Мемлекеттік терроризм саясатына және басқа тәуелсіз мемлекеттердегі қоғамдық саяси құрылымды бұзуға бағытталған мемлекеттердің кез-келген әрекеттеріне жол бермеу түралың Резолюция қабылданды.

Террористік акт халықаралық болады: егер ол халықаралық қорғаудағы тұлғаларға бағытталса, егер террорлық акт бір мемлекетте дайындалып басқа мемлекетте жасалса, егер террорист пен жәбірленуші бір мемлекеттің азаматттары болып немесе әр түрлі мемлекеттердің азаматтары болып, бірақ террорлық акт аталған мемлекеттерден тыс жерлерде жасалса егер террорист бір мемлекетте тнррорлық акт жасап, басқа мемлекеттің аумағында жасырынып отырса және оны беру туралы мәселе туындап отырса.

Террористің көздейтін мақсаты халықаралық жағдайдың күрделенуін туындыру немесе оларға саналы түрде жол беру. Кінәнің нысаны тек қана қасақана болады.

Терроризммен күресуге бағытталған конвенциялардың ережелеріне сәйкес, террорлық акт жасаған тұлғаны ұстағанда «қылмыскер жазасының болмай қоймайтындығың Қағидасы орын алуға тиіс яғни өз аумағында террористі ұстаған мемлекет «не бер, не соттаң деген қағиданы ұстану керек. Мемлекет өз заңамасына сәйкес қылмыскерге қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қолданады немесе қылмыскерді аумағында қылмыс жасалған мемлекетке немесе қылмыскер азаматы болып табылаттын мемлекетке береді. Мүдделі мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қолданылған шаралар туралы хабарланады.

Терроризм жалпы қоғамдық жағымсыздық тудырады және террорлық актілердің барлық көріністері қай жерде және кіммен жасалмасын құқыққа қайшы деп танылады.

Терроризммен күрес жөніндегі саяси шаралар ЕҚКК.-нің (СБСЕ) қортынды құжатттарына, Шарм-аш-Шейхтегі 34 мемлекеттің басшыларының қорытынды жолдауларына (1996ж наурыз), БҰҰ-ның 1994 жылғы «Халықаралық терроризмді жоюдың әдістері туралың деклорациясында бекітілгендей: «БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері салтанатты түрде сөзсіз қылмыстық және ақталуға жатпайтын терроризмнің барлық актілерін, әдістерін және терроризм тәжирибиесін, олар қай жерде және кіммен жасалмасын сынға алынатыны жарияландың

Мемлекеттердің терроризммен күресуде қолданып жатқан барлық шараларына қарамастан мемлекеттердің бұл саладағы ынтымақтастығының жіберген бір қателігі-бұл халықаралық терроризмнің түсінігі, оның заңи табиғаты мен бұл қылмыс үшін жауапкершілік, сондай-ақ халықаралық терроризм актілерінің барлық тізімі анықталған біртұтас универсалды келісімнің болмауы.

Террористік актілер жасағаны үшін жауапкершілік туралы біртұтас актінің қабылдануы мемлекеттердің халықаралық терроризммен күресуінің тиімділігін арттырар еді.

Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау ертеден келе жатқан халықаралық қылмыс түрлерінің бірі. 1929 жылы «Ақша белгілерін қолдан жасау туралың Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға сәйкес қылмыстық әрекет деп жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу , сондай-ақ ақша белгілерін жасау немесе өзгерту, оларды өткізу елге кіргізу, өзі үшін іздеп табу, ақша белгілерін жасау немесе өзгертуге арналған құралдарды дайындау, алу немсе емдену танылды. Қылмыс деп, сондай-ақ, аталған әрекеттерді жасауға оқталу мен қатысу да танылады.

Конвенцияға мүше мемлекеттер ақша белгілерін қолдан жасау- мен күресуде тек өз мемлекетінің ақша белгісін қолдан жасағандармен ғана емес, шетелдік ақша белгілерін де қолдан жасағандармен бірдей күресіп, жазалайтындықтары туралы міндеттеме алды. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттерге жалған ақша белгілерін дайындау мен өткізгені үшін айыпталған тұлғаларды және олардың қатысушыларын іздеу мен шетелге жасырынып қашып кеткен қылмыскерлерді қайтаруға көмектесетіндері туралы міндеттеме алды.

1929 жылғы Женева Конвенциясы «Ақша белгілерің деген түсінікке айналымдағы қағаз ақшаларды да металл монеталарын да кіргізді.

Ақша белгілерін қолдан жасау тұрақты өсу тенденциясына ие және соңғы жылдары вексельдерді, аккредетивтерді, чектерді, почталық төлем белгілерін және басқа да мемлекеттік құнды қағаздарды қолдан жасау кең қанат жайып отыр.

Сондықтан мемлекеттердің қылмыстың бұл түрімен күресудің тиімділігін арттыру үшін жаңа конвенция қабылдау қажеттілігі туып отыр. Онда тек жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу үшін ғана емес, басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды жасағаны және өткізгені үшін жауапкершілік көзделген болар еді. Ал әзірше бұл мәселелер мемлекеттердің ұлттық заңдарының ережелерімен және екі-жақты келісімдермен реттеліп отыр.

Әуе кемелерін басып алу және аидап кету қылмыстары 60-жылдардың аяғынан бастап кең қанат жаиды.

1963 жылы «Әуе кемесіндегі құқық бұзушылықтар мен басқа да әрекеттер туралың Токио конвенциясы қабылданды. Бүл конвенцияда әуе кемесін басып алуға мынадай анықтама берілген: «Әуе кемесінің ішіндегі тұлға заңсыз, күш көрсету арқылы немесе күш көрсетемін деп қорқыту арқылы араласу, басып алу әрекетін және басқа да тәсілмен әуе кемесіне ұшу барысында құқыққа қайшы түрде қадағалау жасасаң. Токио конвенциясының кемшілігі - мұнда әуе кемесін басып алу жөніндегі әрекет қатаң жауапкершілікке алып келетін қылмыс ретінде сараланған жоқ.

1970 жылы «Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күресу туралың Гаага конвенциясы қабылданды, Бүл конвенцияға сәйкес әуе кемесін басып алу халықаралық сипаттағы қылмыс деп танылды. Бүл конвенцияның кемшілігі - мұнда қылмыс деп тек әуе кемесін басып ау және айдап кету танылды.

1971 жылы «Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралың Монреаль конвенциясы қабылданды. Бүл конвенция әуе кемесіндегі қылмыстық қудалауға жататын әрекеттердің тізімін кеңейтті. Әуе кемесін басып алу мен айдап кетуден басқа қылмыстық әрекет деп мыналар танылды: әуе кемесіндегі тұлғаларға күш көрсету, әуе кемесін бұзу немесе бүлдіру, аэронавигациялық құралдарды бүлдіру, кемені пайдалануға араласу. Осы әрекеттерге оқталу және қатысушылық та қылмыс деп танылды.

1988 жылы Монреаль конвенциясына қосымша ретінде «Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуе жайлардағы заңсыз күш көрсету актілерімен күрес туралың протокол қабылданды.

Жоғарыда аталған конвенциялар мемлекеттердің реестріне енгізілген және әуе тасымалдауы мақсатында тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін және басқа да қажеттіліктер үшін пайдаланылатын азаматтық әуе кемелеріне ғана таралады.

Аумағында әуе кемесін айдап кеткен тұлға бар кез-келген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға құқылы немесе оны әуе кемесі тіркелген және сот үкімімен қылмыскерге қатысты тағайындалатын кез-келген мүдделі мемлекетке беруге құқылы. Бүл жерде қылмыскер сот төрелігінен қайда барып жасырынбаса да оның жазасының болмай қоймайтындығы қағидасы орын алады.

Егер қылмыс мемлекеттік әуе кемесінде жасалса, оларға 1944 жылы қабылданған «Халықаралық азаматтық авиация туралың Чигаго конвенциясы әскери, кедендік және политцейлік қызметтерде пайдаланылатын кемелерді жатқызады және ұлттық юрисдикция қағидасы қолданылады (жалаудың айрықша қағидасы). Сондықтан мұндай кемелерді айдап кеткен тұлғалар басқа мемлекетке қонғаннан кейін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін және жаза қолдану үшін әуе кемесі тіркелген мемлекетке міндетті түрде берілуге жатады.13

Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз опеациялар жасау халықаралық қылмыстардың ішіндегі кең таралған түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрімен күрес мемлекеттердің күштерін біріктіргенде және олардың осы саладағы ынтымақтастығын нәтижесінде ғана тиімді болады.

Есірткі құралдарын заңсыз таратумен күресуге бағыталған алғашқы халықаралық шарт 1912 жылы Гаагада бекітілді. Кейіннен бұл қылмыстармен күресуге бағытталған бірқатар халықаралық құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішінде 1936 жылы «Есірткі құралдарының заңсыз саудасына тыиым салу туралың Конвенция бар.

1961 жылы, 1936 жылғы конвенциядан басқа барлық конвенцияларды ауыстырған, «Есірткі құралдары туралың Біртұтас конвенция қабылданды.

1971 жылы «психотропты заттар туралың конвенция қабылданды. 1988 жылы «Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралың БҰҰ конвенциясы қабылданды.

Аталған конвенциялардың барлығы есірткі құралдары мен психотропты заттарды медициналық мақсатта пайдаланудың заңдылығын және оларға қатысты заңсыз әрекеттердің құқыққа қайшылығын мойындайды. Біртұтас конвенцияның 36-бабы жауапкершілік пен жаза тудыратын әрекеттерге мыналарды жатқызады: Есірткілерді культиватциялау, өндіру, дайындау, бөлу, коммерциялық мақсатта ұсыну, сатып алу, сату, кез-келген жағдайларда жеткізу, маклерлік, сақтау, жіберу, кіргізу мен шығару және т.б. Жалпы алғанда Біртұтас конвенцияда есірткі заттарды өндірумен, сату-сатып алумен және жеткізумен байланысты 18 заңсыз әрекеттер қарастырылған. Мемлекеттер өздерінің ұлттық заңдарында жауапкершілік пен жазаны көздейтін есірткі заттармен жасалатын заңсыз әрекеттердің тізімін ұлғайтуға құқылы.

1971 жылғы «Психотропты заттар туралың Конвенцияда қылмыстық жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілмеген, бірақ психотропты заттарды өндіру мен таратуға бақылаудың әдістері қарастырылған, қылмысқа қатысушылық пен оларды жасауға оқталғандық үшін жаза белгіленген.

1961 жылғы «Есірткі құралдары туралың Біртұтас конвенция және 1971 жылғы «Психотропты заттар туралың конвенция қарастырғандай есірткі құралдармен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасағаны үшін мемлекеттер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануға тиіс.

1988 жылғы «Есірткі құралдарының және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралың БҰҰ конвенциясы қарастырғандай мемлекеттер кінәлі тұлғаларға бас бостандығынан айырудан басқа айыппұл, мүлкін және табысын тәркілеу түріндегі жазалар қолдана алады.

Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасағаны үшін айыпталғандар мен қылмыскерлерге қатысты жаза аумағында қылмыс жасалған мемлекетпен шығарылады.

Қылммыскерге жазаны оны ұстаған мемлекет те, оны беру мүмкін болмаған жағдайда, шығара алады.

Мемлекеттер есірткі құралдарын заңсыз таратумен күресуде ынтымақтастық туралы, көп жақты конвенциялардан басқа, екі жақты конвенциялар да бекітуі мүмкін.

Мысалы 1996ж 5 сәуірдегі «Есірткі құралдарының және психотропты заттардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы күресте ынтымақтастық туралың Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім.

1997ж 8 сәуірдегі «Есірткілерді бақылау саласындағы ынтымақтастық туралың Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім.14

Есірткі құралдары мен психотропты заттарға халықаралық бақылауды БҰҰ-ның есірткі құралдары жөніндегі комиссиясы, Есірткілерді бақылау жөніндегі Халықаралық Комитет, Есірткілерге бақылау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Есірткілерді теріс пайдаланумен күресу туралы БҰҰ қоры жүзеге асырады

Қылмыспен күресудегі халықаралық ұйымдар.

Жоғарыда айтылғандай, халықаралық қылмыстылықпен күресуде мемлекеттердің ынтымақтастығының екі түрі бар: шартты-құқықтық, яғни арнайы келісімдерді бекіту жолымен және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық.

Халықаралық қауымдастық қылмыстылықпен күресу мәселелерін үкіметаралық және үкіметаралық емес ұйымдар шеңберінде үйлестіреді. Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу қызметін үйлестіретін мұндай орталық--Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Сондай-ақ, бұл аяда басқа да халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіреді.15

Қылмыстылықпен күресу мәселелері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессияларында талқыланады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өзінің басты комитеттерінде халықаралық құқық комиссиясының көмегімен қылмыстармен күресу туралы конвенциялар қабылдайды. Қауіпсіздік кеңесі қылмыстылықпен күресу мәселелерін, агрессиялық актілер, терроризм және т.б. қылмыстар туралы мемлекеттердің шағымдарына байланысты қарайды. Қажет болған жағдайда қауіпсіздік кеңесі мәселені шешуді өзінің тергеу комиссиясына береді.

БҰҰ-ның Халықаралық соты нақты істерді қарайды. 1986 жылы сот Никарагуаның аумақтық суын миналауға байланысты Никарагуаның АҚШ-қа қатысты талап-арызына шешім қабылдады. Бұл шешімнен кейін Бас Ассамблея АҚШ сотының шешімін толығымен және табанда орындау туралы резолюция қабылдады.

БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінде (ЭКОСОС) БҰҰ-ның мынадай негізгі құқық қорғау құрылымдары қызмет етеді: адам құқықтары жөніндегі комиссия, есірткі заттары жөніндегі, халықаралық терроризм жөніндегі комиссиялар және т.б.

Ерекше орында 1992 жылы құрылған қылмыстылықты ескерту және қылмыстық сот төрелігі комиссиясы тұр. Оның негізін салған қылмыстылықты ескерту және онымен күресу жөніндегі комитет. Бұл комитет мезгіл-мезгіл экономикалық және әлеуметтік кеңеске, өз құзіреті шегінде ұсыныстар енгізіп тұрған және 5 жылда бір рет БҰҰ-ның қылмыстылықты ескерту және құқық бұзушылармен айналысу жөнінде конгресстерді дайындап, өткізіп тұрды. Енді бұл функциялар қылмыстылықты ескерту және қылмыстық сот төрелігі комиссиясына өтті. Бұл комиссия 40 адамнан тұрады. Оларды экономикалық және әлеуметтік кеңес жеке дара тәртіппен БҰҰ-ға мүше мемлекеттерден әділетті географиялық орналастыру негізі бойынша 3 жыл мерзімге сайлайды.

1996 жылы комиссия өзінің кезекті сессиясында 8 резолюция қабылдады. Олар: Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу , жасөспірімдер порнографиясы мен жасөспірімдер жезөкшелігі, жасөспірімдердің органдарын ауыстырып салу (трансплантациялау) мақсатымен асырап алу және иемденумен күресу жөніндегі конвенциялардың жобаларын жасау туралы және т.б.

БҰҰ-ның Секретариатында қылмыстылықты ескерту және қылмыстық сот төрелігі туралы бөлім бар. Бұл бөлім Секретариатты қылмыстылықтың жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді және БҰҰ-ның Бас хатшысына ұсыныстар әзірлейді. Ол өз кезегінде қылмыстылықпен күресу мәселелері бойынша Бас Ассамблеяның сессияларында баяндама жасайды.

БҰҰ-ның Аумақтық зерттеу институттары және Римде, Хельсинкіде, Каирде, Токиода және Коста-Рикада қылмыстылықты ескерту және құқық бұзушылармен айналысу жөніндегі орталықтар бар. Бұл орталықтар қылмыстылықпен күресу мәселелерін аумақтық деңгейде үйлестіріп, зертеулер жүргізеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері мен өздерінің халықаралық және басқа да қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресу жөніндегі ұсыныстарын қылмыстылықты ескерту жөніндегі халықаралық конгресстерде мемлекеттерге жеткізеді.

БҰҰ құқық бұзушыларды ұстау ережелерін гуманизациялау қызметін жүзеге асырады. Осы бағытта БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1984 жылы 10 желтоқсанда қинау мен басқа да қатал, адамның ары мен намысын қорлайтын ұстау мен жаза түрлеріне қарсы конвенция қабылдады. Аталған конвенция ережелерінің орындалуын бақылау үшін Қинауға қарсы комитет құрылған. Бұл комитетке мүше мемлекеттер жылына бір рет аталған конвенцияны орындау үшін қолға алынған іс-шаралар туралы баяндама ұсынып тұрады.

БҰҰ-ның қызметінде ұзақмерзімді жоспарлар мен бағдарламалар жасау үлкен мәнге ие болып табылады.

1991 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциясымен БҰҰ-ның қылмыстылықты ескерту және қылмыстық сот төрелігі аясындағы жаңа бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мемлекеттерге ақпараттарды жинау мен алмасуда көмек көрсетуді, мамандар дайындауды, қылмыстылықты ескерту жөніндегі ұлттық бағдарламаларды жасауда консультациялық қызмет көрсетуді және т.б. қарастырады.

БҰҰ-ның (Қылмыстық құқық аясындағы саясатты халықаралық шолу( атты арнайы мерзімді басылымы бар. Бұл журналды БҰҰ-ның Секретариаты 1952 жылдан бері шығарып келеді. Онда қылмыстылықпен халықаралық күресудің материалдары, осы аяда өткізілген конгресстер, конференциялар, келіссөздер, семинарлар жөніндегі мәліметтер, статистикалық мәліметтер, өткізілген зерттеулердің нәтижелері, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалогия аясындағы жаңа заңнамалар жөніндегі мәліметтер және т.б. жарияланады.

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері де өз құзіреті шегінде қылмыстылықпен күрес жүргізуде. Олардың арасында ИКАО, ИМО, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ және т.б. бар.

Олардың бастамасымен халықаралық сипаттағы нақты қылмыстармен күресу жөніндегі Халықаралық конвенциялар жасалынып, қабылданған және олармен күресу жөніндегі нұсқаулар дайындалып шығарылған.

Қылмыстылықпен халықаралық күресті аумақтық халықаралық ұйымдар да жүргізуде. Олар: Американдық мемлекеттердің ұйымы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Европа кеңесі және т.б.

1993 жылы ТМД елдері үкімет басшылары Кеңесінің шешімімен ТМД аумағында тұрақты әрекет етуші орган ретінде ұйымдасқан қылмыстылықпен және қылмыстардың өзге де қауіпті түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі Бюро құрылды.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресу мәселелерімен үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар да айналысады. Олардың қатарында 1924 жылы қылмыстық құқық бойынша мамандардың халықаралық одағының негізінде құрылған қылмыстық құқықтың халықаралық ассоцияциясы бар. Жарғыға сәйкес Ассоцияция адамгершілікті және тиімді сот әділдігін қамтамасыз ететін заңдылықтарды және құқықтық институттарды жетілдіруге ұмтылады. Ол БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінде кеңестік мәртебеге ие және өз қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық топтарының көмегімен жүзеге асырады.

Халықаралық криминалогиялық қоғам. Оның негізі 1934 жылы қаланған, ал 1944 жылдан бастап БҰҰ-ның консультативтік мәртебесіне ие болды. Оның міндетіне қылмыстылықпен күресу және бұл құбылысты неғұрлым кеңірек зерттеу мәселелері бойынша ғалымдар мен практик-мамандардың күш-жігерлерін біріктіруге көмектесу жатады. Халықаралық криминалогиялық қоғам конгресстер өткізеді, ұлттық институттар арасында криминологтардың ғылыми кадрлармен алмасуын ұйымдастырады, халықаралық криминалогиялық курстар және семинарлар өткізеді, халықаралық орталықтар құрады және т.б.

Әлеуметтік қорғаудың халықаралық қоғамы өз жарғысы шеңберінде қоғамды қылмыстылықтан, ал жеке тұлғаларды құқыққа қайшы әрекеттер жасаудан қорғау мақсатымен, қылмыстық тәртіптің әлеуметтік аспектілерін зерттеуге шақырады, қылмыстық саясатты одан әрі гуманизациялау идеясын насихаттауды жүргізеді. Әлеуметтік қорғаудың халықаралық конгресстері мен ғылыми-практикалық семинарларын өткізеді. Бұл қоғам 1949 жылы құрылған және БҰҰ-да консультативтік мәртебеге ие.

Қылмыстылықпен күресуге қатысатын басқа да үкіметаралық емес ұйымдардың ішінде мыналарды атауға болады: бас бостандығынан айрылғандарға көмек көрсететін Халықаралық Ассоцияция, халықаралық рақымшылық, жасөспірімдер істері жөніндегі соттардың халықаралық ассоцияциясы, полицейлердің Дүниежүзілік Ассоцияциясы және т.б.

Полицейлердің Дүниежүзілік Ассоцияциясы 1955 жылы полицейлік органдардың өкілдерімен өзара тиімді байланыстар орнату үшін, қылмыстарды ашудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін насихаттау үшін, сондай-ақ құқық қорғау қызметіндегі барлық жаңалықтарды үйрету үшін құрылды.16

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҰЙЫМЫ

(Интерпол)

(Интерпол(--халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей ат салысатын жалғыз халықаралық ұйым болып табылатын қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы. Ол 1923 жылы, орталығы Венада болған (Австрия) қылмыстық полицияның халықаралық комиссиясы ретінде құрылды.1936 жылы ол өз қызметін фашистік Германия Австрияны оккупациялауға байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 жылы күшіне енді. Оған 177 мемлекет мүше болып табылады. Қазақстан оған 1992 жылы мүше болды. Интерполдың штаб-пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды.

Интерполдың негізгі мақсаттары:

әртүрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең, әрі өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге жәрдемдесетін мекемелерді құру мен дамыту.

Жарғының 3-бабына сәйкес ұйымға кез-келген саяси, әскери, діни, нәсілдік мәселелерге араласуға немесе қызметке тиым салынған.

Интерполдың басты органдарына Бас Ассамблея және сессиялар арасындағы кезеңде Бас Ассамблеяның функцияларын атқаратын, Президент жетекшілік ететін—Атқару комитеті жатады. Тұрақты әрекет ететін жұмыс органы—Бас Хатшысы басшылық ететін Бас Секретариат және Ұлттық орталық бюролар. Олар біруақытта екі жүйеде: жеке мемлекеттерде және ұйымның өзінде тиісті екіжақты бағыныштылықта әрекет етеді.

Ұлттық орталық бюролар Интерполға мүше мемлекеттердің әрқайсысының полицейлік қызметі құрылымында қызмет етеді. Олар қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының орталықтары және Интерполдың жергілікті жерлердегі тіреуіштері болып табылады. Нақты бір мемлекетте Ұлттық орталық бюро Интерполдың тұрақты әрекет етуші органы болып табылады. Біруақытта ол осы мемлекеттің қылмыстылықпен күресудегі үлкен өкілеттіктерге ие полицейлік орган болып есептеледі.

Халықаралық полицейлік ынтымақтастықтың тіреуіштері бола отырып, Ұлттық орталық бюролар өз елдерінде соттармен, прокуратурамен, шекара және кеден қызметтерімн іскерлік байланыста, ал халықаралық деңгейде—басқа елдердің Ұлттық орталық бюроларымен және Бас Секретариатпен байланыста болады.

Әрбір мемлекеттің Ұлттық орталық бюорсы өз сұрауларын (Интерпол( деген грифпен жазып, Бас Секретариатқа және кез-келген мүше мемлекеттің Ұлттық орталық бюросына жіберуге құқылы. Осылайша оның өз атына да, Сыртқы істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органға соқпастан, Бас Секретариат пен өзге мемлекеттердің Ұлттық орталық бюроларынан тапсырмалар келіп жатады. Ұлттық орталық бюроның басышысы деген бұйрықтық тәртіппен өзіне бағынышты қызметтер мен лауазымды тұлғаларға келген тапсырманы белгіленген уақытта орындауды жүктейді. Осылайша Ұлттық орталық бюролар мен бүкіл Интерпол өз қызметінің жетістігі мен жоғары тиімділгіне қол жеткізеді.

Интерпол қызметінің негізгі бағыттары мыналар: арнайы әдістеме мен карточкалардың көмегімен қылмыстық тіркеуге алу, қылмыскерлерге, із-түзсіз жоғалып кеткен тұлғалар мен ұрланған құндылықтарға халықаралық іздеу салу. Бұған қоса, Бас Секретариатта әрбір елдегі қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтерді жинау мен талдау, мүше мемлекеттерге техникалық көмек көрсету, халықаралық полицейлік көрмелерді ұйымдастыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Интерпол (Қылмыстық полицияның халықаралық шолуын(, (Жасандылық пен жалғандылықтар( бюллетенін, ұрланған өнер туындыларын іздестру бюллетенін, әртүрлі анықтамалық басылымдарды шығарады.

Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, почта және телеграфтық байланысы бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпарттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беру мен алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады.17

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек

және қылмыскерлерді беру.

Қылмыстық істерді тергеу үстінде немесе сотта талқылау кезінде іс бойынша басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан не қылмыскерлер, не жәбірленушілер мен куәгерлер, не заттай дәлелдемелер мен құжаттар жайында құқықтық көмек алу қажеттілігі туындайды.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мыналарды қамтуы мүмкін: тінту жүргізу, заттай дәлелдемелерді алу мен беру, құжаттарды беру, сараптама жүргізу, куәлардан, айыптаушылардан, сарапшылардан және т.б. тұлғалардан жауап алу, сот қарауын жүргізу, тиісті мемлекеттің сотымен сотталғандығы туралы, тұлғаның сотталғандығы жайлы мәлімет беру, саусақ іздерін жіберу және т.б. ТМД мемлекеттері 1993 жылы 22 қаңтарда Минскіде құқықтық көмек пен азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенция бекітті.

Қазақстан үшін Конвенция 1994 жылы 19 мамырда күшіне енді. Қазақстан Монғолиямен, Қытаймен, Түркиямен және т.б. елдермен құқықтық көмек туралы шарттар бекітті.

Қылмыскерлерді беру (экстрадиция)—бұл аумағында қылмыскер бар бір мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған немесе қылмыскер азаматы болып табылатын екінші бір мемлекетке, қылмыскерді қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе күшіне енген үкімді орындау мақсатымен беру.

Қылмыскерлерді беру мәселесі қылмыстылықпен күресудің ең күрделісі болып табылады, өйткені ол мүдделі мемлекеттердің тәуелсіздігіне тікелей ықпал етеді. Экстрадиция процедурасы күрделі, үлкен және уақыты жағынан ұзақ, өйткені бірнеше мемлекеттің және әр мемлекет ішіндегі көптеген ведомстволардың мүдделерін қамтиды.

Бүгінгі таңда қылмыскерлерді беру—бұл мемлекеттердің міндеті емес, құқығы деген көзқарас кеңінен таралған. Бұл мемлекеттің тәуелсіздігін құрметтеу қағидасына сәйкес келеді. Мемлекет өз тәуелсіздігіне сәйкес, өзінің аумағындағы тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені өзі шешуге құқылы.18

Қылмыскерлерді беру үшін халықаралық-құқықтық құжаттарда көзделген жағдайлар қажет. Қылмыскерді беру үшін ол жасаған қылмыс қылмыскерді беру туралы шартта көзделуі қажет. Тұлға, егер оның жасаған әрекеті сұралып жатқан және сұрап жатқан мемлекеттердің заңы бойынша қылмыс деп сараланса ғана беріледі. Беріліп жатқан тұлға тек оны беруге заңды негіз болған қылмыс үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылуға және жазалануға тиіс.

Мемлекеттің өз азаматтары, саяси қылмыстар жасаған тұлғалар, тиісті қылмыс үшін жазасын өткергендер немесе ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сотпен ақталғандар, өздеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылғандар, берілетін тұлғаға қатысты қинау қолданылуы қаупі болғанда, беру туралы өтініш жасалған мемлекетте қылмыс жасаған тұлғалар және т.б. берілуге жатпайды.19

Қылмыскерлерді берудің процедуралық мәселелері орталық құқық қорғау органдарымен немесе дипломатиялық жолдармен шешіледі.

Сұрап жатқан мемлекет жіберетін құжаттар жиынтығы (Беру туралы талап( деп аталады.

Беру белгіленген тәртіпте және шығындарды өтей отырып беріп жатқан мемлекеттің құзіретті органдарының өкімі бойынша жүзеге асады.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Богатырев А.Г. Международное сотрудничество государств в борьбе с преступностью. М. 1986.

2. Велеев Р.М. Выдача преступников в современном международном праве. Казань. 1976.

3. Международное уголовное право. М. 1995.

Панов В.П. Сотрудничество госудаств в борьбе с международными уголовными преступлениями. М. 1993.

  1. Панов В.П. Международное уголовное право. М. 1997.

  2. Радионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. М.1990.

  3. Уголовная юстиция. Проблемы международного сотрудничества. М. 1995.