- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігі. 1997 ж. 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге сәйкес министрліктің міндеттеріне мыналар жатады: энергетика, индустрия, құрылыс және сауда аясында мемлекеттік саясаттық ұсыныс жасау; реттелетін аяда қызмет жасайтын заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; ресурстық және техникалық базаны түрлендіру негізінде энергетика, индустрия, құрылысты дамыту; өнімді экспорттау, импорттау саласында мемлекеттік саясат жүргізу, тарифтік және тарифтік емес реттеу арқылы мемлекетке өнім кіргізу мен шығаруды реттеу; авторлық және аралас құқықтарды қорғау аясында мемлекеттік саясат жүргізу.
Инвестиция жөніндегі агенттік. Ол өз құзыреті шегінде шет елдік инвесторлармен қарым қатынаста біздің мемлекеттің мүддесін қорғайтын орган. Оның міндеттерінің бірі- шетелдік инвесторлармен шарт жасасу және инвестициялық климат туралы ақпарат беру.
Сауда Өнеркәсіптік Палатасы (СӨП) бұл қоғамдық ұйым болып табылады. Ол тауарларға сараптама жасау жөнінде қызмет көрсетеді, тауарлардың сапасы және шыққан елі туралы сертификат береді, шығармашылықты патенттейді және тауарлар белгілерін тіркейді. СӨП қарамағында Арбитраждық комиссия бар. Ол өз кезегінде сыртқы экономикалық қызметтің негізінде кәсіпкерлердің арасында пайда болған дауларды шешумен айналысады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Шумилов В.М. Международное экономическое право.-М.: ООО Издательско-консалтинговая компания “ДеКА”, 1999.- 400с.
Богуславский М.М. Международное экономическое право. М. 1986.
Вельяминов Г.М. Основы международного экономического права. М., 1994.
Шатров В.П. Международное экономическое право. М., 1990.
Розенберг М.Г. Международная купля-продажа товаров. М., 1995.
Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Учебное пособие.- Алматы. ОФ. „БИС”.- 2000.-216 с.
Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі.
Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ұйымдар.
4. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және қылмыскерлерді тапсырып беру.
Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың
қажеттілігі.
Қылмыстылық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептелініп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуі мен күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді:
Біріншіден, халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі. Халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ контрабандасы және басқа да қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.
Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдермен жасалатындықтан оларды бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.
Үшіншіден, шекарамен шектелмейтін трансұлттық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әртүрлі елдерде өз (өкілдерін( орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен криминалды байланыстар орнатады.
Қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресуде мемлекеттердің күштерін үйлестіру тарихта ежелгі уақыттан бері белгілі. Ынтымақтасудың негізгі түрі халықаралық келісімдер бекіту. Олар: қылмыскерлерді беру туралы екі жақты шарттар, тергеу және сот тапсырмаларын өзара екіжақты орындау, кейбір қылмыстар мен қылмыскерлер туралы өзара мәліметтер алмасу, оларды іздеу мен ұстау, қылмыстылықтың өсуіне байланысты ынтымақтасудың жаңа түрлерін іздеу. Арнайы үкіметаралық және үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер мезгіл-мезгіл халықаралық когресстер, конференциялар шақырып, онда қылмыстылықпен күресу проблемасымен талқылаумен қатар халықаралық сипаттағы нақты ескерту іс-шараларын жасайтын болды.
Мемлекеттердің халықаралық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтасудың екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар:
Шарттық-құқықтық немесе арнайы келісімдерді (конвенцияларды) бекіту арқылы болатын конвенциялық механизм.
Халықаралық ұйымдар аясындағы институциялық механизм.
Мемлекеттердің халықаралық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығының негізгі нысандары:
а) мемлекеттер арасында арнайы келісімдер бойынша бекітілген қылмыстардың алдын алу мен ескерту;
б) бас бостандығынан айырылған, сотталған тұлғаларды жазасын өтеу үшін өзі азамат болып табылатын мемлекетке немесе тұрғылықты жеріне беру;
в) басқа мемлекеттің ұйымдарына шартты түрде сотталғандар мен шартты түрде босатылған құқық бұзушыларға қадағалауды беру;
г) басқа мемлекетке немесе халықаралық ұйымға қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қылмыскерлерді беру;
д) бір мемлекет азаматтарына қатысты сот төрелігі басқа елде жүзеге асқанда олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
е) қылмыстылықтың себептері мен басқа да мәселелерін бірлесіп зерттеу, сондай-ақ, полицейлік және басқа да органдардың қызметі жөнінде тәжірибе алмасу;
ж) мамандар дайындау, сараптамалық қызметтер көрсету, басқа мемлекеттерге арнайы ғылыми-техникалық құралдарды жеткізу және материалды-техникалық көмек көрсету;
и) жедел, құқықтық және басқа да ақпараттармен алмасу.
Халықаралық қауымдастық шеңберінде халықаралық қылмыстылықпен күрес тек ұлттық қылмыстық және басқа да заңдарды қолданумен ғана емес, жиынтығында халықаралық қылмыстық заңнаманы құрайтын мемлекетаралық келісімдердің біртұтас комплексінің көмегімен де жүзеге асады. Оның құрамына мыналарды кіргізуге болады:
Құрамында халықаралық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін ережелері бар халықаралық құқықтың жеке бір салаларын немесе институттарын білдіретін әмбебап көпжақты шарттар. Мысалы, Теңіз құқығы туралы БҰҰ-ның конвенциясында басқа да ережелермен қатар қарақшылық үшін жауапкершілікті көздейтін ережелер орын алған. 1945 жылғы Халықаралық әскери трибуналдың жарғысында 1969 жылғы адамзатқа қарсы әскери қылмыстар мен қылмыскерлерге қатысты ескіру мерзімінің қолданылмайтындығы туралы конвенцияда, сондай-ақ басқа да ережелерде халықаралық қылмыстардың құрамы белгіленген.
Халықаралық сипаттағы жекелеген қылмыстармен күресу жөніндегі көпжақты келісімдер. Мысалы, ақша белгілерін қолдан жасаумен күресу туралы халықаралық конвенция; нашақорлық заттар туралы біртұтас конвенция; әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенция және т.б.
Халықаралық қылмыстылықпен күресу мәселелері жөніндегі Аумақтық көпжақты келісімдер. Олардың арасында: 1957 жылғы «Қылмыскерлерді беру туралың Европалық Кеңестің Конвенциясы; 1985 жылғы «Мәдени меншіктілікпен байланысты құқық бұзушылықтар туралың Европалық Конвенция; 1985 жылғы «Спорт жарыстарында, әсіресе футбол матчтарында көрермендер тарапынан болатын күш көрсетулер мен тәртіпсіздіктер туралың Европалық Конвенция.
БҰҰ-ның және басқа да үкіметаралық халықаралық ұйымдардың шешімдері; БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюциялар мен басқа да актілер. Олардың арасында мыналарды атауға болады: 1948 жылғы «Геноцид қылмысын ескерту мен ол үшін жаза туралың конвенция; 1973 жылғы «Апартеид қылмысының алдын алу мен ол үшін жаза туралың конвенция; 1974 жылғы «Агрессия анықтамасы туралың конвенция.
Жекелеген халықаралық қылмыстармен күресу жөнінде, қылмыстық істерде құқықтық көмек көрсету мен қылмыскерлерді беру жөнінде мемлекеттердің көптеген екіжақты келісімдері.
Мемлекеттер халықаралық қылмыстылықпен күресудің құқықтық негізі ретінде прецеденттер мен кейбір жәй ережелерді де пайдалануы мүмкін.
Нюрнбергтегі, Токиодағы және т.б. белгілі халықаралық трибуналдардың қызметі халықаралық қылмыскерлердің соты үшін жалпыға танымал прецеденттер болып табылады.
Халықаралық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар, өздері азамат болып табылатын мемлекеттер осы қылмыстармен күресу жөніндегі тиісті конвенцияларға қосылу-қосылмайтындығына қарамастан жауаптылықта болады. Бұл тәртіп жәй ереже сияқты мемлекеттер арасында кеңінен танылып, мұндай тұлғалардың жауапкершілігінің заңды негізіхалықаралық қауымдастық тарапынан қылмыстылық пен оның жазаланатындығының танылуы болып есептеледі, ал олармен күресу міндеті халықаралық құқықтың императивті ережесі болып табылады.
Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыс жасаған тұлғаны жан-жақты (әмбебап) қудалау, оның жазасының болмай қоймайтындығы туралы қағидалары әрекет етеді, яғни олар қылмыстың жасалу орнына, азаматтығына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Халықаралық қылмыстық құқық қылмыстылықпен халықаралық сипатта күресу тәжірибесінің ықпалымен және халықаралық қылмыстылықпен күресу туралы көптеген халықаралық құқықтық актілердің негізінде белсенді түрде ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады.
1927 жылы Варшавада қылмыстық заңнаманы унификациялау туралы І Халықаралық конференция болып өтті. Бұл конференцияда халықаралық қылмыстардың қатарына келесі әрекеттер де жатқызылды: қарақшылық, металл ақшалар мен мемлекеттік бағалы қағаздарды қолдан жасау, құлдарды, әйелдерді және балаларды саудаға салу, есірткі, порнографиялық әдебиет саудасы және т.б.
Халықаралық қылмыстық құқық қазіргі таңда халықаралық жария құқығының арнайы бір саласы ретінде орнығып, оның даму процесі жалғасуда.
Ұлттық қылмыстық құқықпен салыстырғанда халықаралық қылмыстық құқықтың (ХҚҚ) бір қатар ерекшеліктері бар.
Біріншіден: оның реттеу пәні болыпхалықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы танылды.
Екіншіден: Ұлттық қылмыстық құқыққа қарағанда халықаралық қылмыстық құқық кешенді сипатта болады. Яғни, оның қайнар көздеріне қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізушілік және қылмыстық атқарушылық құқықтың ережелері жатады.
Үшіншіден: Қылмыстылық пен жазаны белгілейтін халықаралық қылмыстық құқық ережелерінің кейбір жағдайларда кері күші болады. Бұл халықаралық трибуналдар жарғыларының материалдық ережелері.
Төртіншіден: Халықаралық қылмыстық құқықтың субьектілері тек жеке тұлғалар емес, сонымен қатар заңды тұлғалар мен мемлекеттер болады.
Халықаралық қылмыстық құқықты, халықаралық шарттармен көзделген мемлекеттердің қылмыстылықты ескерту жөніндегі ынтымақтастығын, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді және қылмыстар үшін жазалауды реттейтін қағидалар мен ережелердің жиынтығы деп анықтауға болады.
Қазіргі уақытқа дейін халықаралық қылмыстық құқықтың ережелері кодификацияланбаған.
1996 жылы БҰҰ-ның халықаралық құқық комиссиясы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы кодекстің саны бойынша үшінші жобасын қабылдады. Оның ережелері Кодекстің әрекет ету аясын, тұлғалардың жеке жауапкершілік қағидасын, қылмысқа қатысушылықты, мемлекеттердің жауапкершілігін, қылмыстық бұйрықтың түсінігін, қылмыстық процесс пен жаза тағайындау мәселелерін (1-15 баптар) анықтайды, 15-20 баптарда агрессиялық актілер, геноцид үшін, адамзатқа қарсы қылмыстар үшін (кісі өлтіру, жою, қинау, құл қылу, саяси, діни немесе этникалық ниет бойынша қудалау, тұрғындарды депортациялау және т.б.), БҰҰ персоналына қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстар үшін жауапкершіліктер белгіленген.6
1992 жылы БҰҰ-ның халықаралық құқық комиссиясы 60 баптан тұратын халықаралық қылмыстық соттың статусы туралы жобаны қабылдап, Бас Ассамблеяға берді. Статусқа сәйкес соттың құзіреті, сотқа БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесімен берілген әскери қылмыстарға, адам құқықтарын жүйелі түрде және жаппай бұзу, қинау, кепілге алушылық, заңсыз есірткі айналымы, халықаралық терроризм және басқа да қылмыстарға таралады. Бірақ бұл үшін мемлекеттер соттың құзіретін тануы қажет.
Дегенмен де, мұндай сотты құру қажеттілігін барлық мемлекеттер қолдаған жоқ. Өйткені, олар мұны мемлекеттің ішкі ісіне араласу құралы деп есептеді. Сондықтан халықаралық қылмыстылықпен күресудің негізгі міндеті мемлекетерге тиесілі.7
Халықаралық құқықта қабылданған классификацияға сәйкес мыналарды ажырата білу керек: 1. Халықаралық қылмыстар және 2. Халықаралық сипаттағы қылмыстар.
Халықаралық қылмыстар жасалғанда жауапкершілікті мемлекеттер көтереді. Жеке тұлғалар, егер олардың әрекеттері мемлекеттің қылмыстық қызметімен байланысты болса ғана жауапқа тартылады. Халықаралық қылмыстар депбейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғанда халықаралық қауымдастықтың өмірлік маңызы бар мүдделері үшін негізгі маңызға ие болатын, халықаралық құқықтың адамзат дамуына аса қауіпті қағидалары мен ережелерін бұзу танылады. Осылардың ішінде іс жүзінде мемлекеттердің қылмыстық саясатын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері аса қауіпті болып табылады. Мемлекеттермен қатар, бұл қылмыстар үшін халықаралық саяси және материалдық жауапкершілікті көтеретін субьектілер болып мемлекеттердің басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен басқа да қылмыстық саясатты орындаушылар танылады.
Алғаш рет халықаралық қылмыстардың тізімі 1945 жылғы Халықаралық әскери трибуналдың жарғысында белгіленді. Халықаралық әскери трибунал жарғысының 6- бабында халықаралық қылмыстар 3 топқа топтастырылған:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар-агрессорлық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау немесе жүргізу, соғысты халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзу арқылы жүргізу.
2. Әскери қылмыстар-әскери заңдар мен әдет-ғұрыптарды бұзушылықтар: кісі өлтіру, жаулап алынған аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорлау немесе құлдыққа әкету, әскери тұтқындарды өлтіру немесе қорлау, кепілге алынғандарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тонау, және т.б.
3. Адамзатқа қарсы қылмыстаркісі өлтіру, соғысқа дейінгі кезеңде немесе соғыс кезеңінде бейбіт тұрғындарға қатысты қырып-жою, құлдыққа айналдыру, жер аудару және басқа да қатігездеіктер; саяси, діни немесе нәсілдік себептер бойынша қудалау және т.б.8 Халықаралық қылмыстарға геноцид, апартеид, нәсілшілдік, колониализм, экоцид, биоцид және т.б. жатады.
Халықаралық құқықта халықаралық қылмыстардан басқа халықаралық сипаттағы қылмыстар ажыратылады.
Халықаралық сипаттағы қылмыстар нақты бір мемлекеттің қылмыстық қызметімен байланысты болмайды, бірақ олар бір уақытта халықаралық және ұлттық құқықтық тәртіпке, мемлекеттердің экономика, мәденит, сауда саласындағы бейбіт ынтымақтастығына, адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғады және көптеген мемлекеттерге қауіп төндіреді. Бұлар жалпы қылмыстық қылмыстар, бірақ (шетелдік элементпен(.
Осы қылмыстарды жасау нәтижесінде мемлекеттер арасында күрделі азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және іс жүргізушілік қатынастар пайда болады. Қылмыс жасау нәтижесінде пайда болған мәселелерді шешу қажеттілігі көптеген халықаралық-құқықтық актілер қабылдауды, арнайы халықаралық ұйымдар мен олардың өкілетті органдарының қызметін, мемлекеттердің белсенді ынтымақтастығы мен олардың әрекеттерінің өзара үйлесімділігін қажет етеді.9
Халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жауаптылық халықаралық келісімдердің негізінде туындайды. Жазаны қылмыскерлерге ұлттық соттар тағайындайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарды халықаралық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық қолсұғушылықтың обьектісіне байланысты шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар: халықаралық терроризм, кепілге алушылық, әуе кемесіндегі қылмыстар, ядролық материалды ұрлау, жалданушылық, заңсыз радиохабарлар тарату және т.б.
Мемeлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіретін қылмыстар: жалған ақша жасаушылық, есірткі және психотропты заттармен жасалынатын заңсыз операциялар, контрабанда, заңсыз эмиграция, қоршаған ортаға, мәдениет құндылықтарына қылмыстық қол сұғушылық.
Адамның жеке құқықтары мен бостандықтарына қылмыстық қол сұғатын қылмыстар: құлдық, құл саудасы, әйелдер мен балалар саудасы, үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануы, порнографияны тарату, қинау.
Теңізде жасалатын қылмыстар: қарақшылық, суасты кабелін немесе құбырын бұзу, зақымдау, теңіз кемелерінің соқтығысуы, теңізде көмек көрсетпеу, теңізді зиянды заттармен ластау, континентальдық шельф пен ерекше экономикалық зонаның құқықтық режимін бұзу, теңізде балық аулау ережелерін бұзу және т.б.10
