- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
БҰҰ дербес органы ретінде, 1964 ж. БҰҰ сауда және даму бойынша конференциясы құрылды (ЮНКТАД). ЮНКТАД-тың негізгі мақсаты халықаралық саудаға, соның ішінде, шикізат, өнеркәсіп тауарлары саудасына, сонымен қатар саудамен байланысты қаржыландыру аясында жәрдемдесу. Бұнда дамушы елдерге жасалатын сауда преференциялары мен өзге де жеңілдіктерге баса назар аударылады.
Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) - БҰҰ БА-ның көмекші органы. Ол 1966 ж. мына мақсатта құрылды: халықаралық конвенциялардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау жолымен, халықаралық сауда құқығының дамуына жәрдемдесу.
ЮНСИТРАЛ негізгі актілердің ішінде 1974 ж. Халықаралық тауарлардың сауда-саттығындағы талаптың ескіруі туралы Конвенцияны және 1980 ж. оған өзгертулер мен толықтырулар Хаттамасын, 1974 ж. БҰҰ халықаралық тауарларды сату-сатып алу шарттары туралы Конвенциясын дайындады.
Жекелеген шикізат тауарларының халықаралық саудасын реттеу үшін, импорттаушы және экспорттаушы (бидай, қант, кофе,какао, мақта т.б.) не тек экспорттаушы мемлекеттердің (мұнай) қатысуымен көпжақты келісімдер жасалды және бірқатар халықаралық ұйымдар құрылды.
Экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттердің қатысуымен құрылған ұйымдардың мақсаттары - әлемдік бағаның күрт толқуын жеңілдету, экспорттаушы елдерге квоталар белгілеу арқылы сұраныс пен ұсыныстың реттелген қатынасын және импорттаушылардың тауарларды сатып алуы бойынша міндеттемесін бекіту , тауарлардың ең жоғарғы және ең төменгі құнын бекіту және “буферлік” қорларының жүйесін құру.
Экспорттаушы елдердің ұйымдарына айқын мысал ретінде, мұнай экспорттаушы елдердің ұйымын алуға болады (ОПЕК). Бұл ұйым мұнайдың рұқсат етілетін құнын сәйкестендіру және осы мақсатта әр елге белгіленген квотамен мұнай өндіруді шектеу арқылы мұнай өндіруші елдердің мүддесін қорғау міндетіне ие.
ХЭҚ-тың дамуы үшін маңызы бар және халықаралық саудаға жәрдемдесу мақсатында құрылған халықаралық ұйымдардың ішінен - Халықаралық сауда палатасын, Кедендік тарифтерді жариялаудың халықаралық бюросын, Жеке құқықтың унификациясы бойынша халықаралық институтты айтуға болады (ЮНИДРУА).
Қаржылық қатынастарда қосымша әрекет етуші халықаралық құқықтық актілер шығару арқылы кәсіпкерлер арасындағы коммерциялық, қаржылық қатынастарды реттейтін ұлттық заңдардың үндестігі мен бірыңғайландыру бойынша ЮНСИТРАЛ-дың, сондай-ақ Халықаралық Сауда Палатасының және ЮНИДРУА-ның шегінде үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалға, Халықарлық Сауда Палатасымен дайындалған 1990 ж. кең қолданылатын “Инкотермс” сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережесін алуға болады. Саудада халықаралық қызметтестіктің де өз мақсаттары және шектеулері бар.
1949 ж. НАТО шегінде АҚШ-тың бастамасымен экспорттық бақылау бойынша үйлестіру комитеті құрылды (КОКОМ). Бұл комитет батыс елдерінің социалистік елдермен экспорттық саудасын шектеу бойынша орган ретінде жұмыс істейді. КОКОМ-ға тек НАТО-ның елдері ғана емес сонымен қоса Жапония және Австралия мүше.
КСРО құлағаннан кейін де КОКОМ НАТО үшін “қауіпті” деп саналғандықтан экспорттауға тиім салынатын немесе шектелетін стратегиялық тауарлардың тізімін жүргізу тоқтатылмады. 1994 ж. КОКОМ таратылды. Вассенарлық келісімде (1996) қарапайым қарулардың, сонымен қоса екі мақсатқа қолданылатын тауарлар мен технологиялардың экспортталуына бақылау жасауды жалғастыру көзделген. Бұл келісімге КОКОМ-ның бұрынғы мүшелерімен қоса Ресей, Шығыс европа елдері және өзге мемлекеттер қатысады.
Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауымдастық. Соңғы 10 жылдың ішінде саудаға сіңіріліп кететін халықаралық өнеркәсіптік қауымдастық қарқынды өсіп келеді. Халықаралық өнеркәсіптік қауымдастық астарында өндіріс саласындағы тікелей коооперациялық байланысты, бірлескен өнеркәсіптік қызметті, сонымен бірге өнеркәсіптік аядағы шетелдік инвестициясы , технологиялық көмегі түсініледі. Дамушы елдерге техникалық көмек көрсету және индустрияландыруға жәрдемдесу, сонымен қоса өнеркәсіптің дамуы саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіру мақсатында 1966 ж. БҰҰ өнеркәсіптік даму туралы ұйымы құрылды. 1985 ж. ол БҰҰ мамандандырылған мекемесіне айналды.
Валюталық-каржылық аядағы мемлекетаралық қызметтестік. Екіжақты есептесуді , төлемді , несиелендіруді өзге де қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында валюталық-қаржылық аядағы қызметтестік халықаралық экономикалық байланыстың дамуы үшін айрықша мәнге ие. Бұл (екіжақты есептесу т.б.) ғылымда ХЭҚ саласы ретінде ерекше халықаралық валюталық-қаржылық құқықтың бөлінуі үшін негіз болды.
БҰҰ мамандандырылған мекемелері ретінде 1945 ж. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ) және Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ) құрылды. Бұл мекемелердің шегінде іс жүзінде ірі деңгейде валюталық-қаржылық аядағы барлық қауымдастық шоғырландырылған.
ХҚДБ мақсаты экономикалық әлеуметтік прогресске дамуы және қайта құрылуы, алдымен банктің мүше дамушы елдеріне жәрдемдесу, өндірістің және инфрақұрылымның дамуы үшін ұзақ мерзімді қарыздар беру. ХҚДБ-ке тек ХВҚ-дың мүше-мемлекеттері мүше бола алады.
180 ел қатысатын ХВҚ-дың мақсаты- әлемдік валюталық тұрақтылықты бақылау, халықаралық валюталық саясат пен курс айырбастарын, мүше-мемлекетердің валюталық қатынастарындағы мінез-құлқын қадағалау және қажет болған жағдайда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру.
ХҚДБ мен ХВҚ-дың қарыз немесе несие беруі қаржылық-экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нұсқаманы орындаумен, елдерге қарыздарды пайдалану туралы және өзге де қажетті ақпаратты берумен қамтамасыз етіледі. Банктің немесе Қордың жетекші органдары міндетті сипаттағы шешімдерді қабылдағанда, мүше-елдердің дауыстарының саны олардың салған капиталдары мөлшерімен анықталатын дауыс беру түрі қолданылады. Тәжірибеде “ондық топ” деп аталатын елдер өздерінің мүдделеріне жауап беретін шешімдердің қабылдануы үшін көпшілік дауыстың қажеттігін белгілейді. КСРО басынан-ақ не ХҚДБ-қа, не ХВҚ-ға да қатыспады. КСРО ыдырағаннан кейін , Қазақстан Республикасы және өзге де бұрынғы республикалар 1992 ж. ХҚДБ -қа және ХВҚ-ға кірді және Қордан өте қажетті валюталық қарыздар алады.
Мемлекетаралық қаржылық қызметтестіктің шегінде маңызды мәнге инвестицияны қолдау және екі жақты қорғау, екіжақты салық салуды болдырмау туралы көптеген екіжақты келісімдер ие. 1965 ж. құрылған Вашингтондық конвенция мемлекеттер мен шетел тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды шешудің тәртібін реттейді, ал 1985 ж. Сеулдік конвенция негізінде Инвестициялық кепілдік бойынша Көпжақты агенттік құрылған (МИГА).
1991 ж. КСРО ның құлауы өзекті халықаралық-құқықтық қаржылық мәселелерді тудырды. Оның бірі КСРО-ның сыртқы ұзақ міндеттемелері мен активтерін және олардың Кеңестік Одақ мирасқорлары арасында бөлінуімен байланысты болды. Осы жағдайда жалғыз ғана нысана ретінде 1983 ж. “мемлекеттік меншікке , мемлекеттік архивтерге, мемлекеттік қарыздарға қатысты мемлекеттердің мирасқорлығы туралы” Вена конвенциясы болардай еді , бірақ ол заңды күшіне енген жоқ. Конвенцияда құқықмирасқор мемлекеттер арасындағы мемлекет- мирас қалдырушының қарыздары мен активтеріне қатысты келісімі және оның әділ бөлінуі айтылған болатын. Іс жүзінде КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздарына және активтеріне қатысты 4 желтоқсан 1990ж. құқықмирасқорлық туралы шарт негізінде КСРО мен 15 посткеңестік мемлекет бұрынғы КСРО субьектілерінің жалпы қарыздар мен активтердің сомасындағы пайыздық үлестері туралы келісті. Кейін келісімдердің негізінде Ресей өз мойнына басқа мемлекеттердің қарыздық үлестерін қайтаруды алды және сәйкесінше осы мемлекеттердің бұрынғы КСРО-ның активтеріндегі үлестерін қабылдады. Активтердің мөлшері бұрынғы КСРО-ның қарыздарынан асып кеткенмен, КСРО-ның борышқорлары негізінен дамушы елдер болды да, олардың қарыздарды қайтаруы үлкен қиындықтармен байланысты болды. Келісім арқылы бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік меншігі мен мемлекеттік архивінің құқықмирасқорлығының мәселелері де реттелді.
Екінші мәселе бұрынғы КСРО-ның қарыздық міндеттемелерін, соның ішінде, Ресейдің өзімен ХҚДБ-тан және ХВҚ-дан алған несиелерін өзгерту болды. Сыртқы қарыздарды қайтаруда біршама елдер, соның ішінде дамушы және бұрынғы социалистік мемлекеттер қиындық көрді. Осындай қарыздарды қайтаруды талап ету бойынша несие берушілердің , яғни бай, өндірісі дамыған елдер мен олардың коммерциялық банктерінің мүддесін қамтамасыз ету үшін, несие беруші мемлекеттердің Париждік Клубы және коммерциялық банктердің Лондондық Клубы құрылды. Осы жартылай формалды бірлестіктер бір-бірімен қызметтеседі және ХҚДБ мен ХВҚ-мен өз қызметін үйлестіреді. Екі Клуб та өз борышқор мемлекеттерімен келіссөздерін дербес жүргізеді.
Европалық қайта құру және даму банкі. Европадағы экономикалық қызметтестік институттарының бірі ЕБРР. (1990 ж. құрылған, орналасқан жері Лондон.) Банктің құрылтайшылары 41 ел, соның ішінде, Европалық бірлестіктің мүше-елдері, КСРО-ны қоса алғанда, шығыс европа мемлекеттері, сонымен бірге АҚШ, Жапония, бірнеше араб мемлекеттері, Израиль, Оңтүстік Корея болды. Банктің жарғылық капиталы 10 млрд. ЭКЮ (12 млдр. АҚШ долл.). ЕБ (ЕС) елдеріне капиталдың 51% тиесілі. Банк жарғысында мүше-елдердің нарықтық экономикаға бағытталу міндеттілігі айтылған. Банк беретін барлық заемдардың 10%-ін жеке секторларға беретін несие құраса, ал 40%-ін мемлекеттік карыз құрайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. 1991 ж. 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей және Украина қол қойған ТМД құру туралы келісімде тараптардың бірлескен қызметін көбінесе жалпы экономикалық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуына, кеден және көшіп-қону саясатына, көлік және байланыс жүйесінің дамуына бағыттау туралы айтылды. 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматылық Декларацияның арқасында ТМД-ға Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркмения, Өзбекстан, кейінірек Грузия кірді. ТМД-ның ұйымдастырылуының жүргізілуі 22 қаңтарда 1993 ж. қадылданған жарғыда айтылған. Жарғыда экономикалық, әлеуметтік және құқықтық аядағы қызметтестік туралы арнайы тарау бар. 1992-94 жылдар бойынша экономикалық қызметтестікке ТМД елдері арасында бірнеше көпжақты келісімдер арналды.
1993 ж. 24 қазанда ТМД көптеген мемлекеттері шекті сипаттағы ТМД елдерінің Экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл одақты құрудың мақсаты- капиталдың, тауардың, қызметтің бірыңғай рыногін қалыптастыру және валюталық-қаржылық саясатты сәйкестендіру. Осынау Одақтың институттық базасын нығайту мақсатында 1994 ж. мемлекетаралық экономикалық Комитет (МЭК) құру туралы келісім жасалды. Комитеттің басқарушылық сипаттағы шешімдер қабылдауға құқығы бар.
15 сәуірде 1994 ж. ТМД елдері кедендік одаққа өтудің сатысы ретінде еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды. Өзара валюталық- қаржылық қауымдастық мүдделерін көздей отырып 1994ж. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Төлемдік одақтарының құрылуы жарияланды. Бұл одаққа мемлекеттермен бірге банктер де, өзге жеке және заңды тұлғалар да мүше бола алады.
1995-96ж. ж. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, арасында кедендік одақтың құрылу кезеңдерін тездету және осы елдердің интергациясын жан-жақты жақындату, сондай-ақ тереңдету туралы келісімге қол жеткізілді. Экономикалық қауымдастықты нығайту мақсаттары 2 сәуір 1997 ж. Ресей мен Беларусь бірлестігі туралы шартта және 2 сәуір 1997 ж. осы бірлестік Ресей мен Беларусь Одағы болып қайта құрылған шартта қозғалды, дегенменде, ТМД елдерінің тереңдетілген Экономикалық қауымдастығын тиімді жөнге келтіру және оның құқықтық бекітілуі әлі қалыптасу сатысында екенін атап өткен жөн.
Евразиялық Экономикалық Қауымдастық 2000 ж. 10 қазанда Астанада Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер арасында Евразиялық Экономикалық Қауымдыстық құру туралы шартқа қол қоюдың нәтижесінде құрылды. Бұл шартты барлық мүше мемлекеттердің заң шығарушы органдары ратификация жасауы қажет. Бүгінгі таңда бұл орган тек құрылу сатысында. Оның жоғарғы органы- Мемлекетаралық Кеңес. Құзыретіне интеграцияның бағыттарын, болашағын, стратегия мәселелерін анықтау жатады. Бұған мемлекет басшыларынан басқа премьер- министрлер де кіреді. Бұл құрылымды әзірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев басқарады. Тұрақты қызмет жасайтын орган- интеграциялық комитет, қауымдастыққабұдан басқа тұрақты өкілдер комиссиясы да енгізілуде. Тұрақты өкілдерді мемлекет басшылары тағайындайды. Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитеттің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету Интеграциялық Комитеттің Секретариатына жүктелген. Секретариатты Бас хатшы басқарады. Мемлекет аралық Кеңестің шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады. Мұнда Ресей Федерациясы 40 пайызға, Беларусь пен Қазақстан әр қайсысы 20 пайызға, Тәжікстан мен Қырғызстан әр қайсысы 10 пайызға ие.
