Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәселелерін ірі деңгейде реттеу алдымен БҰҰ шегінде жүргізіледі.

Экономикалық даму, әлемдік сауда, индустриялау, табиғи ресурстарды игеру және осы сияқты басқа да мәселелер бойынша БҰҰ арнайы мекемелері мен органдарының экономикалық және әлеуметтік қызметін бағыттау Экономикалық және Әлеуметтік кеңес арқылы жүргізіледі.

Сауда аясындағы халықаралық қауымдастық (халықаралық сауда құқығы). 1947жылы мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын реттеу мақсатында тарифтер мен сауда туралы көпжақты бас келісімге (ГАТТ) қол қойылды.Оның қатысушыларының саны 1997 жылы 130 мемлекетті құрады. Алаламау және ең көп жеңілдік жасау қағидасы бұның (ГАТТ-тың) негізіне айналып, ең негізгі жеңілдіктер дамушы елдерге жасалды.

Ең көп жасалатын жеңілдік қағидасының күшімен, келісім бойынша бір қатысушы-елдің екінші қатысушы-елге жасайтын кедендік-тарифтік жеңілдігі бірден ГАТТ-тың барлық қатысушы-елдеріне таралды. Тарифтік жеңілдіктер туралы келісімдер кезеңімен шақырылып тұратын ұзақ конференция- раундтарда өткізілді. 1965 ж бастап ГАТТ-тың басшысы бас директор деп аталды.

Соңғы Уругвай раунд- конференциясында(1986-1993 ж.ж) қауымдастықты реттеуде түбегейлі өзгерістер болды. Осы өзгерістерден кейін қызметтестік аясы өнеркәсіп тауарларының саудасымен шектелмей, қызмет саудасына, ауылшаруашылық және текстильді тауарлар саудасына, интеллектуалдық меншікті қорғаудың саудалық аспектілеріне (ТРИПС) және инвестициялық шаралардың сауда аспектілеріне (ТРИМС) кеңейді.

ГАТТ-тың мүше елдері Уругвай раундының шегіндегі көп жақты сауда келіссөздерінен кейін 1993 ж. 15 желтоқсанда өз жұмысын аяқтап, 1994 ж. көкекте Марракештегі мәжілісте Қорытынды Актқа қол қойды. Сонда Халықаралық Сауда Ұйымын құру туралы шешім қабылданып, 1995 ж. 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік Сауда Ұйымын (БСҰ) құру туралы мәмілеге қол қойды. Құрылу кезінде БСҰ-на 70-тен астам мемлекет мүше болып кірген. БСҰ Женевада орналасқан.

ГАТТ- қа мүше болып кіру үшін ілтипат білдірген мемлекет оның Секретариатына ұйымға кіру туралы арыз береді. ГАТТ өз кезегінде жаңа мүшені қабылдауға мүдделі мемлекеттер өкілдерінен жұмыс тобын құрады. Мүшелікке талапкер мемлекет жұмысшы топқа өз мемлекетінің сыртқы сауда режимі туралы Меморандум тапсырады. Бұл құжат ГАТТ-қа мүше елдерге қарап, зерттеу үшін жіберіледі. Әр мемлекет осы құжатқа байланысты жазбаша сұраулар жіберуіне құқығы бар. Жұмысшы топтың Меморандумға байланысты қызметінің нәтижесінде қосылу туралы Хаттама толтырылады. Осы сәтте арыз беруші мемлекет келісуші тараптармен тарифтік және басқа да жеңілдіктер туралы екі жақты келіссөздер жүргізеді. Жеңілдіктердің тізімі Хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі. Осы процестің нәтижесінде келісуші жақтар ГАТТ-ң жаңа мүшесінен қандай жеңілдіктер алатындығы туралы біледі.

Жұмыс тобы Өкілдер Кеңесіне баяндама ұсынады, ал ол соның нәтижесіне қарап дауыс беру арқылы өз шешімін шығарады. Егер баяндаманы 2/3 дауыспен қабылдаса, қосылушы жақ Хаттамаға қол қоя алады. Ол хаттама 30 күннен кейін күшіне енеді.

Қазір Қазақстан Республикасы да БСҰ-на мүше болуға ұмтылуда. Оның негізгі себептерінің бірі- БСҰ қызметінің негізгі бағыты- оған мүше мемлекеттердің рыногында олардың тауарлары мен қызметіне еркін және тең дәрежеде қол жеткізілуін қамтамасыз ету. Бұл ұйымға мүше болу үшін мынадай талаптарға сай болу қажет: тауарлар мен қызмет саудасы бойынша өзара жеңілдіктер жасау, шаруашылық заңдарын БСҰ-ң талаптарымен үйлестіру, шет мемлекеттермен сауда экономикалық қызметтестік аясында екі жақты және көп жақты халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қажетті соттық және әкімшілік шаралар қолдану.

Қазақстанның БСҰ-на мүше болуға кедергі келтіріп тұрған жағдай оның Кедендік Одаққа мүше болуы деген пікірлер айтылуда, себебі БСҰ-ның талаптарын орындауды Қазақстан тек өзі ғана шешпейді, сондай-ақ осы қауымдастыққа мүше елдермен келісе отырып шешеді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның БСҰ-на мүше болып енуіне өзінің кері ықпалын тигізіп тұр.

Бүгінгі таңда Орта Азия мемлекеттерінің ішінде тек Қырғызстан Республикасы ғана БСҰ-ң мүшесі болып табылады.