Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.

Халықаралық құқықтың қызметі, бұл, халықаралық құқық жүйесімен ортадағы, тұрақты түрде, өзара қызмет жасау, яғни халықаралық жүйенің құрамдас бөлімі(компонент). Оны бұл тұрғыдан қарау, халықаралық құқықтың келешектегі ролінің, бейбітшілік пен халықаралық өзара қарым-қатынасты нығайтуда, дами түсуіне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету(функционировать)- бұл, халықарлық құқық функцияларын іске асыру үрдісі(процессі).

Халықаралық құқық адамзаттың дамуының әр саласында әртүрлі роль атқарады. Ең бір атақты заңғерлердің бірі Ф. Лист "халықаралық құқық жиі аяққа тапталады",- деп атап көрсеткен. Бірақ, сонымен бірге мемлекетжәне халықаралық құқықтың басқа да субъектілері, халықаралық көпшілік құқықтың нормасының міндетті күшін мойындайды.

Халықаралық құқықтың басты қызметі- оның, мемлекеттердің өзара іс-қимылынан байқалады. Құқықтық өзара қарым-қатынас субъектілері бұл кезде әр түрлі тәсілдерді қолданады.

Халықаралық құқықтың іс-әрекетінде, бір жағынан халықаралық құқықпен ішкі саясаттың, екінші жағынан халықаралық құқықпен дипломатияның қатынасы туралы проблема тән. Сыртқы саясаттың, ішкі саясатқа қарағанда өзінің ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі саясатта мемлекеттің бір ғана жоғарғы органдарымен бағытталып және бақыланып отырады. "Дипломатиялық сөздікте" дипломатияға берілген тұжырымдама мынадай: "Мемлекет және үкімет басшыларының және ішкі арнайы органдарының мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты мен міндетін атқарудағы, сонымен қатар шекарадан тыс жердегі мемлкеттің құқығы мен көз-қарасын қорғаудағы арнайы қызметі".

Халықаралық көпшілік құқықтың іс-әрекетіне мыналар тән:

біріншіден- халықаралық құқық мемлекеттің жалпыға бірдей танымал нормалары мен қағидаларына сүйенуіне міндеттей отырып, олардың сыртқы саясатын және дипломатиясын шектейді.

екіншіден- сонымен қатар, халықаралық құқықтың сыртқы саясатпен дипломатияның өсіп-өрлеуіне негізі бар;

үшіншіден- халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық өзара қарым-қатынасқа қатысатын органдардың қызметін регламенттейді.

Мысалға, халықаралық көпшілік құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және консулдық құқық салаларын зерттейді. Халықаралық қатынасқа да, сонымен қатар мемлекеттің ішкі құбылысына тән. Қажетті нормативті базасы бар 1961-ші жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы, 1963-ші жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы, 1997-ші жылғы Қазақстан Республикасының "Дипломатиялық қызметі туралы Заңы."

Қазіргі танда, мемелекеттер өздеріне тиімді жағдайда, өзара қарым-қатынас ынтымақтастықтарын нығайтуда күштерін жұмылдырады. Халықаралық өзара қарым-қатынастағы құқық мәселесіне, халықаралық ұйымдардың назарын аудару үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990-1999-шы жылдар арасында, 1989-шы жыл қараша айының 17-ші жұлдызындағы ГА ООН 44/23 және 1990-шы жыл қараша айының 28-ші жұлдызындағы ГА ООН 45/40 қараларына (резолюция) байланысты халықаралық құқықтың Он жылдығы деп жарияланды.

Он жылдықтың басты мақсаттары:

а) халықаралық құқық қағидаларын құрметеу мен қабылдауда ықпалын тигізу;

б) мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді, бейбітшілк жолмен шешудің құралдары мен әдістеріне ықпалын тигізу және Халықаралық Сотқа жүгіну мен оны құрметтеу;

в) халықаралық құқықтың және оның кодификацияларының өрлеуін көтермелеу;

г) халықаралық құқықтың кеңінен танылуын, таралуын, оқып білуін, оқытылуын көтермелеу.

Халықаралық құқықтың Он жылдығында өткізілетін шараларға мыналар ұсынылды:

  1. Халықаралық құқықты зерттейтін және ол туралы дәріс беретін академиялық және кәсіби мекемелерге көмек көрсету;

  2. Халықаралық құқықтан студенттерге дәріс беретін оқу мекемелерін көтермелеу; Халықаралық құқық тақырыбын мектеп оқулықтарына бастама және орта деңгейінде енгізу мүмкіндігі;

  3. Бірыңғайлы оқу жоспарын әзірлеу, халықаралық құқықты оқыту бағытына мәліметтер жинау, оқулықтарды шығару;

  4. Дамып келе жатқан елдер, сонымен қатар, дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы өзара қарым-қатынасты көтермелеу, негізінен халықаралық құқық тәжірибесімен айналысатын тұлғалар арасындағы қарым- қатынасты көтермелеу

Бұл қарардың (резолюция) мағынасы- халықаралық құқыққа арналған, уақытша кезеңнің бөлінуіне ғана емес. Бұл Он жылдықта адамзаттың құқығының Жалпы Декларациясының(1948ж.) 50 жылдығының, БҰҰ-ның Жарғысының(1945ж.) 50 жылдығы, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Женевадағы ізгілік-гуманитарлық құқығы жайындағы Конвенцияның (1949ж.) 50 жылдығы сияқты маңызды оқиғалар аталып өтті.

Халықаралық құқық қызметінің позитивті уақытынан басқа да, халықаралық ұйым субъектілерінің күттірмейтін шаралар қолдануды қажет ететін, бағыттарды айта кеткен жөн.

Бұл ең алдымен қару-жарақты жою, оның ішінде ядролық экоцид мәселесі- қоршаған ортаны жедел қорғау, халықаралық қылмыстың құқық мәселелері, жауапкершілік институтын кодификациялау.

Есірткі заттарды сату проблемасы; адам құқығын қорғаудағы халықаралық құқықтық проблемалар.