- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Дипломатиялық құқықтың түсінігі
Дипломатиялық құқық - халықаралық құқықтың ең бір маңызды және көне салаларының бірі.
Дипломатиялық құқық - мемлекеттер арасында және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында сыртқы қатынасқа түсу органдарымен бекітілген және қолдау табатын ресми байланыс пен қатынасты реттейтін халықаралық-құқықтық нормалардың жиынтығы.
Дипломатиялық құқықытың қайнар көзі болып көп жақты және екі жақты шарттар, әдет-ғұрып табылады.
Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі болып әдет-ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды және едәуір орын алатыны табылады.
Мелекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы дипломатиялық қатынасты реттейтін негізгі көп жақты шарттар болып мыналар табылады: 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы; 1875 жылғы 14 науырыздағы Мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға қатысты өкілдік туралы Вена конвенциясы; 1815 жылғы Вена регламенті; 1946 жылғы 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция:1947 жылғы 21 қарашадағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция; 1969 жылғы 8 желтоқсандағы Арнайы миссия туралы конвенция; 1977 жылғы Қылмысты тоқтату және халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оған қоса дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыс үшін жаза туралы конвенция.
Атап өткен халықаралық шарттардың ішіндегі ең негізгі болып 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, оның нормалары дипломатиялық қызметтің негізгі сұрақтарын жан-жақты реттейді: дипломатиялық өкілдіктердің функцияларын, дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау және шақырып алу тәртібі, олардың сыныптары, дипломатиялық өкілдіктердің, персоналдың және басқа қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттері.
Мемлекеттер дипломатиялық қатынасты орнату және дипломатиялық қатынастың басқа да сұрқтары бойынша екі жақты шарттар мен келісім шарттар бекітеді.
Халықаралық ұйымдар өздерінің штаб-квартиралары, органдары орналасқан мемлекетпен өздерінің және өз персоналының иммунитеттері мен артықшылықтары жөнінде екі жақты шарттар бекітеді.
Дипломатиялық қызметтің сұрақтарына мемлекеттердің ұлтттық заңында көп көңіл бөлінеді. Солай Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 12 қарашадағы Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы; 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Президентінің ғ 832 және 833 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасының елшілігі туралы ереже, Басқа мемлекеттерге аккредитталған Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ереже сияқты маңызды нормативтік актілер қабылданған.
Мемлекеттің сыртқы қарым -қатынасқа түсу органдары.
Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыс бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын және халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделеррін қорғайтын, сыртқы қатынас органдарының ресми қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы қатынасқа түсу органдарын былайша бөлуге болады:
а)мемлекеттің ішкі органдары
б)сыртқы органдары
Мемллекеттің сыртқы қатынасқа түсетін ішкі органдары өз кезегінде былай бөлінеді: а) жалпы өкілетті - жалпы саяси органдары: парламент, елбасшысы (президент, монарх), үкімет, үкімет төрағасы, сыртқы істер ведомствасы және оның министрі. ә) арнайы өкілетті бар органдар: министрліктер мен басқа да ведомстволар (комитеттер), өз өкілеттіктеріне сәйкес, белгілі бір салада ғана (экономикалық, мәдени, ғылыми т.б.) сыртқы байланысты жүзеге асырады.
Сыртқы органдар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Тұрақты органдарға: дипломатиялық өкілдіктер (елшілік пен миссия), халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері, сауда өкілдіктері, консулдық мекемелер жатады.
Уақытша органдарға: халықаралық конференциядағы делегациялар мен қадағалаушылар тобыны арнайы миссиялары; халықаралық ұйымдар мен оның органдары сессиясының жұмысына қатысу үшін жіберілген делегациялар, екі жақты келіссөздегі делегациялар және басқалары.
Парламент, ел басшысы, үкімет(оларды конституциялық жағдайлардың күшіне сәйкес биліктің жоғарғы органдары деп атайды сыртқы қатынасқа түсудің конституциялық органдары) - сыртқы қатынасқа түсудің жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады.
Парламенттер жалпы ұлттық өкілетті органдар ретінде сыртқы қатынасқа түсудің жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады. Бірақ сыртқы қатынасқа түсудегі фактілі ролі барлық мемлекетте бірдей емес.
Парламенттің сыртқы қатынасқа түсу облысындағы әдеттегі өкілеттіктері болып: соғыс, бейбітшілік, территориялық өзгерістер туралы сұрақтарды шешу, халықаралық шарттарды ратификациялау, сыртқы саяси шараларға шыққан шығынды анықтау саналады.
Парламентте сыртқы саясат сұрақтары бойынша пікір сайыстар өткізіледі, депутаттар ол бойынша үкіметке сұраныс жасайды, парламенттік делегациялар, басқа мемлекеттегі парламентаралық одақтың сессиясына сапар жасайды.
Парламенттер басқа елдің парламентіне үндеу жасайды, сыртқы саясат сұрақтары бойынша арыз қабылдайды, сыртқы істер бойынша тұрақты комиссия құрады.
Ел басшысы халықаралық қатынаста мемлекеттің жоғарғы өкілдігін жүзеге асырады. Ел басы өз мемлекетінің басқа елдегі елшісі мен өкілін қызметке тағайындайды және босатады. Шетел мемлекеттерінің елшісі мен уәкілі аккредитталған сенім және қайтару грамоталарын қабылдайды.
Ел басшысы арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізеді және халықаралық шартқа қол қоя алады, шетелдерге сапар шеккенде иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады.
Үкімет сыртқы саясатың негізгі бағыттарын белгілейді, қабылданған сыртқы саяси шешімдердің орындалуын және оны қадағалауды ұйымдастырады.
Сыртқы істер ведомствасы - тікелей мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсуіне жедел басшылықты жүзеге асыратын орган. Сыртқы істер ведомствасының негізгі функцияларына мыналар жатады: халықаралық қатынаста тікелей мемлекеттің мүдделерін таныту және қорғау; үкімет аралық келісім бойынша бекітілген дипломатиялық және консулдық қарым-қатынасты қолдау, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің мүшелігінен және халықаралық конференцияның жұмысына қатысудан шығатын, шетелдегі дипломатиялық және басқа да ресми өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметіне басшылық ету, бақылау және қадағалау; сол елдегі шетелдің дипломатиялық өкілдіктермен, келіссөз жүргізуге және шарт бекітуге келген арнайы миссиямен және делегациялармен байланыс ұстау және келіссөз жүргізу.
Мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсудегі сыртқы органдарының арасындағы негізгі орынды тұрақты дипломатиялық өкілдіктер алады.
Бұл мемлекеттер арасында жақсы дипломатиялық қатынастар болғанда ашылатын елшіліктер мен миссиялар.
Елшіліктер бірінші жоғарғы сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватикан өкілдіктері нунциатура теңестіріледі;
Миссияларекінші сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватиканның интернунциатурасы сәйкес келеді.
Өкілдіктің дәрежесі туралы сұрақтар мүдделі мемлекеттермен шешіледі (1961 жылғы Вена конвенциясы 2-бап). Мемлекеттер өзара келісім бойынша ертеректе таңдаған дәрежені өзгерте алады: миссияны елшілікке қайта құру, бұл мемлекеттер арасында қатынастың дамуын куәләндырады.
Елшілік пен миссиялар бірдей құқықтық статусқа ие, бірдей қызмет атқарады, бірдей иммунитеттер мен артықшылықтарға ие. Елшілік елшімен, ал миссия уәкілмен немесе іске сенімдімен басқарылады. Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары арасында олардың қызметі жағынан жоғары тұруы мен этикеті туралы сұрақтарынан басқа ешқандай ерекшеліктер болмайды. 1961 жылғы Вена конвенциясының 14 бабының 2 тармағында айтылғандай, «өкілдік басшыларының белгілі бір класқа тиістілігіне байланысты ешқандай айырмашылық болмауы керек, тек қана қызметі жағынан жоғары тұруына және этикетіне қатысты болуы мүмкінң.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындаушы мемлекет аккредиттаушы мемлекет деп аталады. Дипломатиялық өкілдік өзінің дипломатиялық функцияларын орындайтын қабылдаушы мемлекет мекендеуші мемлекет деп аталады.
Қазіргі кезде дипломатиялық өкілдіктің құқықтық жағдайы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынасқа түсу туралы Вена конвенциясымен реттеледі.
Конвенцияның 3 бабы бойынша мекендеуші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерге келесі функциялар жүктеледі:
а) мекендеуші мемлекетте өз елін (аккредиттаған мемлекетті) таныту.
б) мекендеуші мемлекетте аккредиттаған мемлекеттің және оның азаматтарының мүдделерін халықаралық құқықпен рұқсат етілген шекте қорғау.
в) мекендеуші мемлекеттің үкіметімен келіссөз жүргізу, олар туралы өз үкіметін хабардар ету.
г) барлық заңды тәсілдермен мекендеуші мемлекеттегі жағдайлар мен оқиғаларды анықтау.
д) аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекет арасындағы достық қатынасты көтермелеу және олардың экономика, мәдениет және ғылым саласындағы қарым-қатынастың дамуына ат салысу.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші, уәкіл, іске сенімді) ерекше тәртіппен тағайындалады.
Бұл әр мемлекеттің өз территориясында белгілі бір тұлғаны шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің басшысы ркетінде қабылдауға немесе қабылдамауға суверендік құқыққа ие болуымен байланысты, сондықтан аккредиттаушы мемлекет қабылдаушы мемлекеттің үкіметінен белгілі бір нақты тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімін сұрайды.
Қабылдаушы мемлекеттің белгілі-бір тұлға дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімі агреман деп аталады.
Агреманды сұрау тәртібі халықаралық құқықтың жалпы танылған нормасы болып табылады. Агреман алған тұлға persona grata (жағымды тұлға) ретінде қарастырылады. Егер де тұлға қабылдаушы мемлекеттің үкіметі үшін белгісіз бір себептермен тиімсіз және бас тартқан болса, онда тұлға persona non grata (жағымсыз тұлға) деп саналады. Мемлекет агреман беруден бас тарта алады және оның себебін түсіндіруге міндетті емес. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші, уәкіл) өзі тағайындалған мемлекетке сапар шегер алдында сенім грамотасын, ал іске сенімді сенім хат алады.
Сенім грамотасы бұл аккредиттаған мемлекет басшылығының өкілі ретіндегі елшінің (уәкілдің) ерекше статусын куәләндыратын құжат.
Сенім грамотасына аккредиттаған мемлекеттің ел басшысы қол қояды және сыртқы істер министрінің қолымен бекітіледі. Сенім грамотасында елшіні тағайындаушы ел басы елшіні қабылдауышы ел басынан елшінің (уәкілдің) өз мемлекеті және үкіметі атынан айтқанының бәріне сенуін (осыдан сенім грамотасы деп аталды) сұрайды. Тағайындалған мемлекетке келгенде дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші немесе уәкіл) сенім грамотасын жекелей елбасына тапсырады, ал іске сенімді сенім хатты сыртқы істер министріне тапсырады.
Әр елде сенім грамотасын тапсырудың арнайы тәртібі орнатылған және ол салтанатты жағдайда өтеді. Қабылдаушы мемлекет басшысына сенім грамотасын тапсырған кезден кейін, немесе мекендеуші мемлекеттің сыртқы істер министріне сенім грамотаның куәләндырылған көшірмелерін тапсырғаннан кейін (мемлекеттегі қалыптасқан тәжірибеге сәйкес) өкілдіктің басшысы мекендеу мемлекетінде өз функцияларына кірісті деп саналады.
Дипломатиялық өкілдіктің (елші, уәкіл, іске сенімді) мекендеуші мемлекеттегі қызметі айырбас тәртібінде аккредиттаған мемлекеттің қайта шақыру кезінде тоқтатылады, сонымен қатар егер ол мекендеуші елдің сенімін жоғалтса және жағымсыз (persona non grata) болып жарияланса; егер аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қатынас үзілсе; егер осы мемлекеттер арасында соғыс жағдайы жарияланса; егер дипломатиялық өкілді тағайындаушы немесе оны қабылдаушы мемлекеттің бірі өзінің халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі өмірін тоқтатса тоқтатылады.
Дипломатиялық өкілдіктер үшін сыныптар мен ранглер бекітілген. Сыныптар дипломатиялық өкілдіктің басшысы үшін халықаралық құқықпен орнатылған (бірінші рет 1815 жылғы Вена конвенциясы өзінің регламентімен дипломатиялық өкілдіктің сыныптарын бекітіп, ол 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынасқа түсу туралы конвенциямен расталған).
Дипломатиялық өкілдіктің басшылры үш сыныпқа бөлінеді: а) елші (нунций); б) уәкіл (интернунций); в) іске сенімді. Нунций және интернунций - Ватиканның дипломатиялық өкілдері.
Елші (нунций), уәкіл (интернунций) мекендеуші мемлекеттің ел басымен; іске сенімді-сыртқы істер министрімен аккредитталады.
Дипломатиялық өкілдік басшысының сыныбы мүдделі мемлекеттердің келісімімен анықталады.
Іске сенімдіден уақытша іске сенімдіні ажырата білу керек. Егер іске сенімді дипломатиялық өкілдік басшылығының (миссия) 3-ші сыныбы болса, ал уақытша іске сенімді- өкілдік басшысының міндеттерін ол болмаған жағдайда жүзеге асырушы тұлға, яғни уақытша іске сенімді елшінің, уәкілдің, іске сенімдінің қызметтерін олар демалыста болғанда, ауырғанда және тағы басқа жағдайларда жүзеге асыра алады. Сыныптардан шетелдегі дипломатия өкілдіктердің қызметшілеріне және сыртқы істер ведомствасының жұмысшыларына берілетін дипломатиялық рангілерді ажырата білу керек.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Дипломатиялық қызмет туралы заңымен келесі рангілер бекітілген: Төтенше және Өкілетті елші; І-ші және ІІ-ші сыныптың Төтенше және Өкілетті уәкілі; І-ші және ІІ-ші сыныптың кеңесшісі; І-ші және ІІ-ші сыныптың бірінші хатшысы; І-ші және ІІ-ші сыныптың екінші хатшысы; үшінші хатшы; атташе.
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің және І-ші және ІІ-ші сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкілдің жоғарғы дипломатиялық рангтері Президентпен беріледі; қалған дипломатиялық рангтер сыртқы істер министрімен беріледі.
Дипломатиялық өкілдіктің құрылымы және персоналы.
Дипломатиялық өкілдік мекендеуші мелекеттің астанасында орналасады. Оның функционалды бөлімдері бар: Саяси, экономикалық, консулдық, мәдени байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылық бөлім, канцелярия.
Дипломатиялық өкілдіктің персоналы үшке бөлінеді:
а) дипломатиялық
б) әкімшілік-техникалық
в) күтуші
Дипломатиялық персоналға дипломатиялық рангке ие, өкілдіктің қызметкерлері, оның ішінде атташе: дипломатиялық өкілдіктің басшылығының жанында консультативті қызметті жүзеге асыратын әскери және арнайылар. ( әскери және арнайы ведомствалардың өкілдіктері).
Арнайы атташе-экономикалық байланыс, ғылыми техникалық-қызметтестік, ауыл шарцуашылығы, балық шаруашылығы, мұнай өнеркәсібі, мәдениет және басқалар бойынша маман болып табылады.
Әскери атташе мекендеуші мемлекетте өз мемлекетінің әскери күшінің өкілі болып табылады.
Атташе термині басқа да мазмұн береді. Онымен кіші дипломатиялық ранг белгіленеді.
Әкімшілік-техникалық персорналға: әкімшілік-техникалық функцияларды орындаушы тілмаштар қаржы қызметкерлері, іс жүргізуші, канцелярияны меңгеруші және басқа қызметкерлер жатады.
Күтуші персоналға: дипломатиялық өкілдікті және оның басшыларын күтушілер, дәрігерлер, каменданттар, шоферлер, бағбандар және басқа тұлғалар жатады.
Дипломатиялық өкілідік күтуші персонал ретінде жұмысқа мекендеуші мемлекеттің азаматтарын шақыра алады.
Дипломатиялық өкілдік персоналының саны жөніндегі сұрақ аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекеттің арасындағы келісім негізінде шешіледі.
