- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
БҰҰ-ң алғашқы бейнесі ретіндегі Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
Халықаралық ұйымдарының белгілері Ежелгі Грецияда пайда бола бастады және онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары Пелопонестік және Афиндік симмахиялар болды. Бұл екі ежел-гі грек одақтарының арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды және аяғы Пелопонес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықты. Афиндік симмахия таратылып жіберілді.
Халықаралық ұйымның басқа нысаны ретінде көне халықара-лық бірлестіктер көне грециялық амфиктиондар тайпалар мен қалалардың ортақ қазынасы, соғыс жүргізу ережелері бар діни саяси одағы болды. Амфиктионияға нақты ішкі құрылым тән болған.
Мемлекетаралық ұйымдардың яғни қазіргі кездегі халықара-лық ұйымдардың бастауы кезігетін ұйымдардың құрылуына қа-жеттілік экономикалық және саяси себептермен түсіндіріледі. Бұл заңдылық байланыс халықаралық қатынастардың дамуының кезекті, кейінгі кезеңдерінен де көрінеді.
19 ғ-ғы халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде есептеуге болатындығы жөнінде әр-түрлі көзқарастар бар. Мысалға, осындай халықаралық ұйымдар-дың алғашқыларының қатарына:
1815 ж құрылған Киелі Одақ.
Рейн бойынша кемелер жүзуінің Орталық комиссиясы.
Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы 1875 ж
Дүниежүзілік почталық Одақ - 1874 ж жатқызуға болады.
Жоғарыда аталып өткен белгілерінің бәрі бар алғашқы халықара-лық ұйымдар капитализм кезінде пайда болды. Құқықтық таби-ғаты бойынша бір әлеуметтік жүйеге жататын олар өздерінің практикалық қызметінде қатысушылардың егеменді теңдігі қағи-дасын сақтау мен жүзеге асырудан әлдеқайда алыс болды. Соны-мен қатар, көпшілік ұйымдардағы колониялар мен бағынышты территориялар жағдайы ашық дискриминациямен сипатталды.
Халықаралық қатынастар жүйесінде, сол кезде халықаралық ұйымдар негізінен халықаралық қарым-қатынастағы көмекші рөльге ие болды. Соған қарамастан олардың пайда болуы халық-аралық қатынастардың кеңеюі жолындағы елеулі кезең болып келді.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарға тән белгілердің бірі мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады. 20 ғ-ң басында саяси бағыттағы халықаралық ұйымдардың көптеген жоспарлары пайда бола бастайды және олардың мақсаты соғысты болдырмау болды.
Бірінші дүниежузілік соғыс кезінде осындай жоспарлаудың жүзден астам турі құрылған еді. Осындай жоспарлаудың бір Ұлт-тар Лигасының негізін қалады, бірақ бұл мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікті бірқалыпты дәрежеде ұстап тұру аясындағы саяси халықаралық өзара қарым-қатынастың эф-фективті құралы бола алмайды. Бірақ, Ұлттар Лигасын құрушы-лардың шынайы мақсаттары оның Жарғысының Преамбуласын-да жарияланғанымен мүлдем сәйкес болмайды. Ұлттар Лигасы-ның Жарғысының ақырғы варианты англо-американдық жоспар негізінде жасалды және үш империалистік державаның арасында келісілді. Олар: АҚШ, Англия, Франция болды. Париж Конфе-ренциясының қалған қатысушылары Жарғыны талқылаусыз қа-былдады.
1919 ж 28-сәуірінде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, соның ішінде 31 мемлекеті бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта жағында болғандар еді. Бұл сандар халықаралық ұйымның класстық сипатына толық анықтама бе-ріп тұр. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ, кейіннен американдықтар Ұлттар Лигасына кірмеді, себебі аме-рика Сенаты Версаль шартын ратификацияламады, олай болса Ұлттар Лигасының Жарғысын да қабылдамады. Мемлекеттердің екінші тобы “шақырылғандар” болды. Олар бірінші дүниежүзі-лік соғыста нейтралитет саясатын ұстанған 13 мемлекет болды. Ұлттар Лигасының Жарғысына қол қойғандардың қатарында до-миниондар да болды, бұл Британ империясының құрамына кір-ген мемлекеттер Ұлттар Лигасының мүшесі болғанына өте мүд-делі ағылшын басқарушы топтарының күштеуінің нәтижесі еді.
Ұлттар Лигасы келесі негізгі органдардан тұрды:
Жиналыс (Ассамблея) Бұл орган қыркүйекте өтетін сес-сиялар бойынша жұмыс істеді. Бұл орган өз құзыретіне кіретін барлық мәселелерді қарауға құқығы болды. Резо-люциялар, рекомендациялар жиналыспен бірауыздан қа-былданатын еді.
Ұлттар Лигасының Кеңесі тұрақты және уақытша ор-гандардан тұратын орган. Тұрақты органдарға - Ұлыбритания, Франция, Япония, Италия кейіннен Гер-мания 1934 ж жылдан бастап ССРО кірді.
Секретариат - Ұлттық Лиганың атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.
1920 ж Сот органы құрылды бұл халықаралық сот төре-лігінің тұрақты палатасы болды. Бұл халықаралық сот тө-релігінің Тұрақты Палатасының Статуты редакциялық тү-зетулер нәтижесінде БҰҰ-ң Халықаралық Сотының Ста-тутына айналды.
Ұлттар Лигасының негізгі органдарының қатарына ха-лықаралық еңбек ұйымы кірді, ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған мекеме болып табылады.
Ұлттар Лигасына құқықтық саралау жасай отырып, бұл ұйымның келесі жетіспеушіліктерін атап өтуге болады:
Саяси шешімдерді шығарғанда бірауыздылық қағидасының қолданылуы. Бұл мынаны білдірді, яғни Ұлттар Лигасының кез-келген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда вето құқығын қолдана алды, олай болса шешім қабылданбаған.
Негізгі органдар Жиналыс ( Ассамблея) мен Кеңестің арасында құзыреттері нақты реттелмеген
Ұлттар Лигасының Жарғысында агрессивті соғыстың жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған.
Ұлттар Лигасының Жарғысы басқа мемлекеттер алдында өз міндеттерін атқару үшін қажетті қарудың минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған.Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халықаралық құқықта кейінірек қарастырылды
Колониалдық жүйенің басқаруға мандат беру арқылы ле-гализациясы.
ҰЛ-ң қызметінің негізінде бір бастау болды, ол антисоветизм еді. ССРО бұл ұйымның толық мүшесі ре-тіндегі мәртебеге 15 жылдан кейін ие болды. Бірақ ҰЛ-на кіргенге дейін ССРО ҰЛ-ң бастамасымен өткізілген бір-неше конференцияларына қатысты. Мысалға, ССРО-ның қарусыздандыруға байланысты мәселелерді шешуге ар-налған бірнеше сессияларға қатысуы нәтижесінде толық, жалпылама және жылдам қарусыздандыру туралы, кон-венция жоспарларының құрылуына өз көмегін тигізді.
Ұлттық Лигасының 1931 жылы Солтүстік Шығыс Қытайдағы (Манчжурия) жапондық агрессияға қарсы ешқандай тиімді әрекеттер жасай алмауы бұл халықаралық ұйымның авторитетін халықаралық аренада төмендетіп жіберді. Дәл осы кезеңде көптеген елдер ССРО-ң қатысуына мүдделі болды. 1933 ж ҰЛ қатарынан фашистік Германия мен милитаристік Жапония шығып кетті. ССРО-ны ҰЛ-на мүшелікке осы ұйымның 30 мү-ше мемлекеттерінің атынан шақыру жасалды. Сонымен, ССРО-ның шақырылу фактісі мемлекет авторитетінің өскендігінің көрі-нісі болып табылады. Мұндағы қысқа мерзімдік қызметі бары-сында ( 1939 жылы ССРО Финляндияға шабуылы фактісі бойынша мүшеліктен шығарылды) ССРО бар күшін осы ұйымның бейбітшіл күштері мен бейбітшілікті қорғайтын кол-лективті жүйесінің орталығына айналуына салды.
ҰЛ өзінің қызметі барысында бірде-бір маңызды дауды реттей алмады, нәтижесінде жаңа дүниежүзілік соғыстың алдын ала алмады. Сонымен, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылған бірінші халықаралық үкіметаралық ұйым тәжірибесі сәтсіздікпен аяқталды. ҰЛ-ң ұйымдық құқықтық, заңи механизмі жеткілікті түрде дамыған болмады және мүше мемле-кеттер арасында туындаған даулы мәселелерді тиімді шешілуіне халықаралық қатынастар дамуына бейбіт жолдар іздеуге мүмкіншілік бермеді.
