- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі бола отырып, мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік-эко-номикалық құрылымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кездегі маңызды, глобальді мәселелерді шешеді. Халық-аралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқықсубъек-тілік сипатына ие болуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық, кодмфикациялық бақылау функция-ларын жүзеге асырады. Жоғарыда айтылып өтілген функциялар-дыжүзеге асыруы халықаралық ұйымдардың, халықаралық құқықтық реттеу механизміне әсердің өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық процесске қатысады, халықаралық құқықтық санкцияларды пайдаланады. Бұл халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің заңшығару-шылық процессте ролінің артып отырғанының көрінісі. Халықаралық ұйымдардың даму процесі ұйымның ішкі мәселелерінің дамуы мен күрделене түсетіндігінің дәлелі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өздерінің заңи табиғатына орай мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының органы болып табыл-ғандықтан бұл мемлекеттер ұйымның қызметін, өз мақсаттарын қанағаттандыру үшін қамтамасыз етеді, кейбір элементтерін одан ары дамыта түседі. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдағы сайлау процедурасының эволюциясы бола алмауы. Мысалға, Ұлттар Лигасының мүше мемлекеттері БҰҰ жүйесінде барлығы-ның келсуі қағидасынан көпшілік дауысқа өтті, ал кейіннен келе халықаралық ұйымдарда кең таралған дауыс беру процедурасы болып консенсус ережесі танылатын болды. КОНСЕНСУС- шешімдерді талқылау мен қабылдау процедурасы және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қа-былданғалы отырған шешімдерге жалпы формальды қарсылық-тарының болмауы тән.
Ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының нысандары мен әдістері неғұрлым әртүрлілік сипатқа ие болып келеді. Халықара-лық ұйымдар құқық саласының нормативтік базасы ұлғайып ке-леді. Халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып халықара-лық ұйымдар құқықтық нормаларды дүниеге әкелүде. Бұл ұйымның заңшығарушылық қызметінің бірінші түрі болып табы-лады. Екінші түріне квазизаңшығарушылық қызмет жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, бі-рақ заңшығарушылық процеске қатысады. Заңшығарушылық функция қамтамасыз етіледі:
- халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар;
Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық практикасы нәтижесінде алынған нормалар санының өсу тенденциясы орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің шарттық практикасының маңызының арта түске-нін де еске алып отырады. 12 жыл бойы ( 1970ж -1982ж) халықара-лық құқық Комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы тура-лы конвенция жоспарын дайындады. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Конвенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқыққабілеттігін белгілейтін бап бар. Бұл конвен-циялық нормаға сәйкес құқыққабілеттілік осы ұйымның сәйкес ережелерімен реттелінеді.
- халықаралық ұйымдардың заңшығарушылық процеске тікелей қатысуы;
БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелерінің Жарғыларының сәйкес баптарына анализ жасаған кезде бұл мамандандырылған мекемелер халықаралықконвенциялар, келісімдер мен регламент-тер жоспарын қабылдауға құқықтары бар екенін анықтаймыз. Осындай заңшығарушылық процестің мақсаты болып олардың құзіреттеріне тән шекте неғұрлым эффектілі лықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету табылады. Бұған жетудің екі жолы бар: көпжақты конвенциялар текстін халықаралық ұйымдар ше-гінде және олардың бастауымен қабылдау және халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттердің қабылдануы.
халықаралық ұйымдардың кодификациялық және
бақылау функцияларын жүзеге асыруы;
БҰҰ-ң Жарғысының Преамбуласында ұйымның басты мін-деттерінің бірі «шарттар мен басқа халықаралық құқықтың қай-нар көзінен туындайтын міндеттемелерге қатысты әділеттілік пен құрмет жүзеге асатындай жағдай жасауң болып табылады. Дәл осы міндетті жүзеге асыруға халықаралық ұйымның кодифика-циялық және бақылау функциялары бағытталған.
- халықаралық құқықтың санкцияларды қолдануы арқылы;
Соңғы кезде халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын орындауға мәжбүрлеуді қамтамасыз етудегі ролі ар-тып отыр. Бұл халықаралық ұйымдар санкциялары жарғылық құжаттар, шарттар нормаларында, оның органдарының қаулыла-рында кезігуі мүмкін. Санкцияларды қолдану құқықтық мәжбүрлеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етеді. Мысалға, неғұрлым тиімді болып табылатындары:
Халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарында көзделген
құқықтар мен құзыреттерді тоқтату.
БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелері органдары қызметі-
не қатысудан , халықаралық ұйымдар қатысуымен өтетін ар-найы сұрақтар бойынша шарттарға қатысушылықтан шығару.
Халықаралық ұйым бұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқықсубъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары негізінде құ-рылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.
Халықаралық ұйымның белгілеріне:
-халықаралық жарғылық шарттың болуы;
- белгілі бір мақсаттардың болуы;
-сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб квартирасы;
-мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері;
-халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құ-рылуы;
-үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады
Халықаралық ұйымдардың классификациясы көптеген қиын-шылықтармен байланысты. Біріншіден, бір ұйымға анықтама бе-руге әртүрлі тұрғыдан келуге болады. Екіншіден, ұйымдар түрі өте көп, және де маңызды ерекшеліктері оларды әртүрлі катего-рияларға жатқызуға мүмкіншілік береді.
Классификацияның негіздеріне жатады:
-Мүшелік критерий
а) Үкіметаралық - мұндай ұйымдар мүшесі тек қана мемлекеттер бола алады. Мұндай критерийді қолдану құқықсубъектілікті анықтауда зор мағыналарға ие болады.(ООН, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО)
б)Үкіметтік емес ұйымдар мүшесі ретінде заңды тұлғалар қоғам-дық ұйымдар бола алады.(Общество Красного Креста и Красного По-лумесяца, Всемирный Совет Мира, Организация Содействия ООН)
-Қызмет уақыты
а) Уақытша бұларға халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.
б) Тұрақты бұларға қазір қызмет етуші ұйымдар БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады.
Бұл белгіні шартты екендігін атап өту керек. Мысалға Эконо-номикалық Көмек Кеңесі, Варшава Шартының Ұйымы өзінің қызмет етуі кезінде тұрақты халықаралық ұйым болған еді.
-Территориалдық қызметі бойынша:
а) Дүниежүзілік оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Жастардың халықара-лық Кеңесі және т.т
б) Аумақтық - қызметі белгілі бір аймаққа таралатын ұйым Араб Елдерінің Лигасы, Африканың бірлік Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, ТМД.
- Қызметінің нысанасына байланысты:
а) Шектелмеген нысаналы қызметі бар ұйымдар БҰҰ, Араб елдерінің Лигасы
б) Құзыретіне арнайы сұрақтарды шешу кіретін ұйымдар БҰҰ-ң барлық мамандандырылған мекемелері кіреді.
Жоғарыда аталып өткен негіздер әлі де болса толықтыруды қажет ететіндігін атап өту қажет. Бұл тізімді біздің ойымызша мыналармен толықтыруға болады: Жаңа мүшелерді қабылдау тәртібіне байланысты ашылуы және жабылуы; қызметінің мақ-саты мен қағидаларына байланысты - құқықтың құқыққа қай-шы; қызмет ету аясына байланысты жалпы құзыретті, арнайы құзыретті.
