- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
7. Халықаралық шарттар құқығы.
Жоспары:
Халықаралық шарттар құқығының түсінігі, қайнар көздері және халықаралық шарт түсінігі.
Халықаралық шарттарды жасау.
Халықаралық шарттардың әрекет етуі, жарамдылығы және оларды талқылау.
Халықаралық шарттар құқығының түсінігі және қайнар көздері.
Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың негізінде реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі.
Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.
Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бес мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі заманға жеткен халықаралық шарттардың бірі ол- б. з. д. (((( ғ-дың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның ұсақ билеушілерінің арасында жасалған халықаралық шарт.
Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда мәселелеріне арналды. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты. Шарттарды тек мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар дербес қалалар, мемлекеттер одағы, кейде діни ұйымдар жасай алды. Олар тек қатысушыларына ғана міндетті болды.
Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса шарт жарамсыз болып есептелді. Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар- фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп шартқа адалдық антын берген. Осы сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.
Феодалдық дәуірде шарттар көбінесе жазбаша жасалды және олар жеке бір қатынастарды реттеуге арналды, мысалы, сауда және т.б.
Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында (келіссөздерге қатысушы мемлекет(, (келісуші мемлекет(, (келіссөздерге қатысушы ұйым(, (қатысушы(, (үшінші мемлекет(, және (үшінші ұйым( ұғымдары қолданылады. Келіссөздерге қатысушы мемлекет- шарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет; келісуші мемлекет- күшіне енбегендігіне қарамастан шарттың өзіне міндеттілігіне келіскен мемлекет, қатысушылар- күшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер- шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекет (1бап). Айтылған ұғымдар халықаралық ұйымдарға да қолданылады.
Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы кодификацияланған акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 ж. қабылданды. Ол- тек Латын Америкасында әрекет еткен аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.
БҰҰ шақырған конференцияда 1968-1969 ж Халықаралық Құқық Комиссиясының дайындаған халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969 ж. 23 мамырда қабылданып, оған халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы аты берілді. Бұл конвенция 1980 ж. 27 қаңтарда күшіне енді және ол осы конвенцияның 1 бабында көрініс тапқандай тек мемлекеттердің арасындағы шарттық қатынастарды реттейді. Оған Қазақстан Республикасы 1993 ж. 31 наурызда қосылды. Сонымен қатар Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан да осы шартқа мүше елдер қатарына жатады. Конвенцияның кері күші жоқ.
1978 ж. 23 тамызда Халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған баптар жобасы негізінде Шарттарға қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл конвенция әлі күшіне енген жоқ.
Үкіметаралық халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың халықаралық қатынастарда рөлінің өсуі мемлекеттермен және өздерінің арасындағы қатынастарды келісім- шарттың көмегімен шешуге әкелді. Бұндай шарттардың қатары күннен- күнге көбейе түсті және ол дүниеге осы қатынастарды реттейтін арнайы конвенцияны әкелуді қажет етті. Сонымен 1986 ж. Венада БҰҰ шақырған конференцияда халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы келісім шарттар құқығы туралы үшінші конвенция жарық көріп, қабылданды. Бұл акт халықаралық құқықтың кодификациясы және ілгері дамуының нәтижесі. 1978 және 1986 ж.ж. конвенциялар күшіне енген жоқ, дегенмен де олардың нормаларын мемлекеттер әдет-ғұрып нормалары ретінде қолданады.
Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Қазақстан Республикасында 1995 ж. 12 желтоқсанда қабылданған (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы( Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы әрекет етеді (әрі қарай Жарлық). Бұл заң халықаралық шарттардың түсінігін, түрлерін,оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.
1969 ж. конвенцияға сәйкес халықаралық шарт халықаралық құқықпен реттелетін, мемлекеттер арасында жасалған жазбаша нысандағы келісім. Бұл үшін келісімнің мазмұны жазылған құжаттар саны мен нақты атының маңызы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында да осы анықтама көрініс тапқан.
Халықаралық құқықтың кезкелген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады. Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объекті ретінде субъектілердің материалдық, материалдық емес игіліктері және соларға байланысты туындайтын қатынастар, әрекеттер және әрекеттерден бас тартуы танылады. Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.
Халықаралық шарттарды топтастыру. Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екі жақты көп жақты, мүше болып кіру жағдайына байланысты ашық және жабық, реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт- мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет.
Жарлықтың 3 бабына сәйкес халықаралық шарттар мемлекетаралақ, үкіметаралық, ведомствоаралық болып бөлінеді. Мемлекетаралық республиканың атынан, үкіметаралық Үкімет атынан, ведомствоаралық министрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президентке тікелей бағынышты органдардың атынан жасалады. Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.
Халықаралық шарттардың нысаны, құрылымы және атауы. Халықаралық шарт жазбаша түрде немесе ауызша түрде (жентелмендік келісім) жасалады. Көбінесе жазбаша түрде жасалады, себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемейді. Соның салдарынан көптеген проблемалар туындауы мүмкін. Шарттың құрылымына: атауы, преамбула, негізгі және қорытынды бөлімдер кіреді. Преамбулада шарттың мақсаты жазылады, оның шартты талқылау кезінде үлкен мәні бар. Негізгі бөлім баптардан тұрады, яғни қатынастарды реттейтін нормалардан. Кейбір шарттарда олардың аттары болады. Қорытынды бөлімде шарттың күшіне енуі, мәтінінің тілін реттейтін ережелер, шартқа қосылу тәртібіне қатысты мәселелер көрініс табады. Кейбір халықаралық шарттарға қосымша енгізіледі, олар оның бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылуы қажет. Шарттар әртүрлі аталуы мүмкін. Мысалы, конвенция, пакт, келісім, хаттама, декларация, жарғы, хартия. Бірақ олардың әртүрлі аталуы шарттардың негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни олар тараптарға құқықтар мен міндеттер жүктеп, олардың арасындағы қатынастарды реттейді.
Халықаралық шарттың тілі. Шарттың жасалу тілін жақтар өздері таңдап алады. Олар әдетте екі жақтың да тілін, сондай-ақ үшінші бейтарап жақтың да тілін алады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданады. БҰҰ-ң шеңберінде және оның ұйымдарымен жасалатын шарттар сол ұйымның ресми тілдерінде жасалады. Шарт әртүрлі тілде жасалса да олардың бірдей заңи күші болады.
Халықаралық шарттарды жасау. (Шарт жасасу( түсінігі 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкес шарт жасау дегеніміз Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі. Бұл процесске мемлекеттердің келіссөз жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттері жатады. Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру және қабылдау, аутентикалығын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді. Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады. Ол өз кезегінде шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.
Шартты арнайы құжат- өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады. Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін. 1969 ж. конвенцияға сай мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және сыртқы істер ведомстволарының басшылары келісім шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер-министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өкілеттіліксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Қазақстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекттің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Ведомстволық шарттарға министрліктер, мемлекттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президентке тікелей бағынышты органдардың басшылары өз өкілеттілік шеңберіндегі мәселелер бойынша арнайы рұқсатсыз шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге және оларға қол қоя алады.
Халықаралық шарт мәтінін дайындау және қабылдау. Шарт мәтінін жасау дипломатиялық каналдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екі жақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен аяқталады. Мәтінін қабылдау барлық қатысушы мемлекеттердің келісімімен жүзеге асырылады. Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін. Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса, онда 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларға сәйкес қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен қабылданады. Шарт мәтінін қабылдаудың тағы бір әдісі- консенсус. Ол дауыс берусіз ешбір тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдау.
Халықаралық шарт мәтінінің аутентикалығын бекіту. Шарт мәтінін қабылдау оның аутентикалығын бекітумен жалғасады. Мәтінінің аутентикалығы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді. 1969 ж. Вена конвенциясының 10 бабына сәйкес (шарт мәтінінің аутентикалылығы мен соңғылығы( қатысушылар алдын-ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, ad referendum, парафирлеу, конференцияның қорытынды актісін шығарумен бекітіледі.
Ad referendum деген шартты түрде қол қоюды білдіреді, ал парафирлеу кезінде мемлекет өкілдері шарттың бірінші және соңғы беттеріне қолдарын қояды (өз аты-жөнінің бірінші әріптерін де қоюлары мүмкін). Кейде шарттың барлық беттері парафирленеді.
Ad referendum мен парафирлеудің айырмашылығы:
Парафирлеу тек шарттың мәтінінің аутентикалығын бекіту болса, ал ad referendum мемлекеттің шарттың өзіне міндетті күші барлығын білдіруі.
Ad referendum-ның кері күші болады, ал парафирлеуден кейін қол қоюдың кері күші болмайды.
Ad referendum үшін арнайы өкілеттілік керек.
Ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін ол соңғы болып танылады және одан заңдық салдар туындайды, ал парафирлеуден кейін міндетті түрде қол қою жүргізіледі.
Халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру әдістері. Шарт жасасудың соңғы сатысы- тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 және 1986 ж.ж. конвенцияларға сай шарттың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны- шартқа қол қою. Халықаралық тәжірибеде шартқа қол қоюдың белгіленген ережелері бар. Екі жақты шарттарда екі мемлекет өкілінің қол таңбалары бір-біріне қарама-қарсы немесе бір-бірінің астында орналасады. Екі тілдердегі шарт мәтіндерінде бірінші орында (сол жақта немесе жоғарғы) шарт сақталатын мемлекет атауы жазылады. Оңнан солға жазатын тілдерде жасалған шарттарда оң жақтағы қол бірінші орында болып саналады. Халықаралық тәжірибеде көрініс тапқан, шарт қай мемлекетке арналған болса сол мемлекеттің атауы, өкілінің қолы, өз тіліндегі мәтіні бірінші орынға қойылу әдісі- альтернат деп аталады. Көп жақты шарттарда өкілдердің қол таңбалары келісілген тілде алфавиттік тәртіппен бірінің астына бірі қойылады.
Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі- ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация- мемлекеттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органның халықаралық шарттарды ратификациялауына құзыреті барлығын тек ішкі құқық белгілейді. Әдетте бұны Президент немесе Парламент жүзеге асырады. Ратификация дегеніміз, Жарлыққа сай, Қазақстан Республикасы Парламенті бекіту арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық шартты өзіне міндетті деп тануы. 1969 ж. Вена конвенциясының 14 бабына сәйкес шарт мына жағдайларда ратификацияланады: 1) шартта оны ратификациялау қажет екендігі туралы айтылса, 2) егер шартта тараптар шартты мақұлдағанын ратификациялау арқылы көрсету қажет деп жазылса, 3) мемлекеттің өкілі шартты ратификациялау жағдайында шартқа қол қойса, 4) мемлекеттің шартқа ратификация арқылы қол қоюға ерік білдіруі оның өкіліне берілген құзыретке сай міндетті болса немесе келіссөз жүргізу кезінде көрсетілген болса. Ал Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының мынадай шарттары ратификациялануға жатады: 1) шарттарды орындау әрекет ететін заңдарды өзгертуді немесе жаңа заң қабылдауды қажет ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгеннен басқа ережелерді белгілейтін болса, 2) Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттерден бөліп тұратын аумақтық шегін белгілеу туралы, соның ішіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және континентальдық шельфінің шегін белгілеу туралы, 3) қарусыздану немесе қарусыздануға халықаралық бақылау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекетаралық қатынастар жөнінде, сонымен қатар бейбітшілік және ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттары, 4) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және басқа да бірлестіктерге қатысуы туралы шарттар, егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының егемендігін жүзеге асырудың бір бөлігін немесе олардың органдары шешімдерінің Қазақстан Республикасы үшін заңи міндеттілігін белгілесе, 5) мемлекеттік қарыздар және Қазақстан Республикасының экономикалық және басқа да көрсеткен көмектері туралы шарттар.
Ратификация ратификациялық грамота түрінде рәсімделеді.
Бекіту- ратификациялауға жатпайтын шарттарды Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы өзіне міндетті екендігін білдіру. Егер шарт мемлекетаралық болса бекітуді, Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді, егер шарт үкіметаралық болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізеді, ведомствоаралық шарттарды бекітуді сол ведомстволардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізеді. Егер шарт халықаралық ұйымдар арасында жасалса, онда шартты бекітуді қол қойғаннан кейін әр ұйымның жоғары органы жүзеге асырады. Бекіту нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.
Халықаралық шартқа қосылу- Қазақстан Республикасының өзі жасауға қатыспаған шарттарды өзіне міндетті екендігіне ерік білдіруі. Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі ұсынған мемлекетаралық шарттарға қатысты және ратификациялауды қажет ететін шарттар бойынша қосылуды Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Егер шарт Үкіметтің қарауына жататын болса және ратификациялауды қажет етпейтін болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Қосылу нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.
Халықаралық шарттарға жасалатын ескертпе. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау, қол қою, қабылдау бекіту, қосылу немесе ресми мақұлдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңи әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез келген нысандағы біржақты арыз ретінде анықтайды. Егер ескертпе жасауға шартта тиім салынса, шарттың объектісі мен мақсатына қайшы келсе немесе шартта рұқсат етілгендер қатарына жатпаса, шартқа ескертпе жасауға болмайды. Егер шартта ескертпе жасау туралы нақты айтылып кетсе қатысушылардың арнайы рұқсатының қажеті жоқ, ал басқа жағдайларда ескертпе жасалған соң он екі ай ішінде қарсылықтар айтылуы тиіс, егер қарсылық білдірілмесе, онда ескертпе қабылданған болып есептеледі. Ескертпелер, қарсылықтар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалып, қатысушыларға хабарлануы қажет . Ескертпеге келісім беру үнсіз де жасалуы мүмкін. Ескертпе жасаған қатысушы оның күшін кез келген сәтте жоюға құқығы бар, бұл жағдайда қалған қатысушылардың рұқсаты қажет емес. Ескертпеге білдірілген қарсылықтың да дәл сол сияқты кез келген уақытта күшін жоюға болады. Ескертпенің және оған білдірілген қарсылықтың күшін жою жазбаша түрде рәсімделуі қажет.
Депозитарий қызметі. Көп жақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын және оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады. Вена конвенцияларына сәйкес депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет, халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін. Депозитарий қызметіне құзыреттерді белгілейтін құжаттарды, ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттарды сақтау; бекітілген шарт көшірмесін мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға жіберу үшін дайындау; шарттарға байланысты ақпарат беру; құжаттардың белгіленген тәртібі мен нысанының сақталуын қамтамасыз ету жатады.
Қазақстанда мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды қол қойған уақыттан бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігіне сақтау жүктеледі. Ведомствоаралық халықаралық шарттардың түпнұсқасы сәйкес ведомстволардың мұрағатында сақталады. Олардың куәланған көшірмелері қол қойған сәттен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігіне жіберіледі.
Халықаралық шарттарды тіркеу және жариялау. ХХ ғасыр халықаралық шарттардың тіркелуімен сипатталады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін шарттарды тіркеуді Ұлттар Лигасының Секретариаты жүзеге асырған. Одан кейін бұл қызмет БҰҰ-ң Секретариатына ауысты. Ал Секретариат өз кезегінде тіркелген шарттарды жариялайды. БҰҰ-ң Секретариатынан басқа да халықаралық ұйымдарда шарттарды тіркеуге болады. Мысалы Халықаралық Еңбек Ұйымында, МАГАТЭ.Шарттарды БҰҰ-ң Секретариатында тіркеу міндетті болып табылады. Біздің елде тіркеуді Сыртқы Істер Министрлігі жүзеге асырады. Халықаралық шарттар БҰҰ-ң шарттар жинағында жарияланады. Жинақтардың көбі екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде БҰҰ-на мүше мемлекеттердің тіркелген шарттары, екінші бөлімінде сақтауға алынып, тізімге енген шарттар жарияланады. Қазақстанда халықаралық шарттар мемлекетаралық болса Парламенттің ресми басылымдарында, үкіметаралық болса (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында(, ведомствоаралық болса (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар, мәмілелер және жекелеген заңдық актілер бюллетенінде( жарияланады.
Халықаралық шарттардың әрекет етуі. Күшіне енген шарт қана заңи салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушылармен келісіледі. Мысалы, шарттар ратификацияланған, қол қойылған немесе ратификациялық грамоталардың белгілі саны өткізілген күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақыты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әскери көмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар тараптардың біреуіне шабуыл жасалған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлдем орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар шарттың күшіне енуі үшін мерзім берілетін кездер де болады. Кейде шарттардың күшіне ену күні белгіленбейді. Көбінесе екі жақты шарттарда, өйткені олар қол қойылған сәттен бастап күшіне енген болып саналады. Шарттың күшіне енуі оның мерзіміне байланысты болады, әрі мерзімі шартта көрсетіледі. Шарттар мерзімді, мерзімсіз болуы мүмкін. Шарттың мерзімсіздігі оның әрекет ету мерзімі көрсетілмеуі немесе мерзімсіздігі тікелей шартта көрсетілуі арқылы белгіленеді. Әдетте бейбітшілік туралы, дипломатиялық қатынас орнату туралы, шекара жөнінде, аумақ жөніндегі шарттардың мерзімі көрсетілмейді. Шарттың әрекет етуі мен одан туындайтын міндеттемелердің әрекет етуін ажырата білу қажет. Себебі ол мерзімдер әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай сауда шарттарында болады және ол шарттың өзінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, халықаралық шарттың негізінде жасалған шарттар халықаралық шарттың мерзімі біткеннен кейін де соған байланысты туындаған міндеттемелер орындалғанша әрекет етуі мүмкін.
Екі жақты шарттар да, көп жақты шарттар да белгілі бір мерзім аралығына жасалуы мүмкін. Кейбір екі жақты шарттар мерзімі бітсе де тараптардың бірі бас тартпайынша әрекет ете беруі мүмкін.
Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол өз кезегінде бірден жүзеге асырылатын және тараптардың келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы- шартта алдын-ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай процедура қажет етілсе сондай қолданылады. Мысалы, шарт ратификациялануға жататын болса, онда хаттама да ратификациялануы қажет. Пролонгация туралы шартқа тек мерзімін ұзарту мәселесінен басқа да шарттың мәтінін жаңарту мәселесін де жазуға болады. Шарттың мерзімін, егер тараптар өзара келіссе, ресми құжат қабылдамай-ақ ауызша негізде де ұзартуға болады. Егер халықаралық шарт әрекет етуін мерзімі аяқталып немесе басқа да себептермен күшін жойса, белгілі бір мерзімге тоқтатылса, онда шарттың әрекет етуін жаңарту туралы мәселе туындауы мүмкін. Пролонгациядан айырмашылығы шарттың әрекет етуін жаңарту жойылған немесе тоқтатылған шарттарға қолданылады. Ол шартты тоқтатқан жағдайлар жойыла салысымен бірден немесе үнсіз жасалуы мүмкін. Кейде тәжірибеде белгілі бір себептермен қолданылмай қалған шарттарды жаңарту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Әрбір шарттың аумақта және кеңістікте әрекет ету аясы болады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, шарт оған қатысушылардың барлығының аумағында әрекет етеді. Кейбір көп жақты шарттарда мемлекет аумағынан тыс кеңістікте әрекет ету аясы белгіленуі мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Антарктика туралы шарт.
Шарттардың әрекет етуі үшінші мемлекеттер және үшінші халықаралық ұйымдар мәселесімен тығыз байланысты. Үшінші мемлекеттер мен ұйымдардың келісімі болмаса шарттың оларға күші жүрмейді. Халықаралық шарттар құқығының субъектілері шарт жасаса отырып үшінші тараптардың құқықтары мен міндеттерін ескереді. Егер шартта үшінші тұлғаға қатысты міндеттеме болса, ол міндеттеменің заңи күші үшінші тұлға жазбаша келісім бергенде ғана болады.
Халықаралық шартты талқылау. Талқылау- халықаралық шарттардың шынайы мағынасы мен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шартта қолданылатын терминдер әдеттегі түсінігі бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау преамбула мен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қатысушылардың кейіннен қабылдаған келісімдері, шарт қолдану тәжірибесі, және қолданылатын халықаралық құқықтың нормалары ескеріледі. Егер тараптар алдын-ала көздеген болса белгілі терминдерге арнайы түсінік берілуі мүмкін. Егер шартты оған қатысушылар талқыласа, ол- аутентикалық талқылау деп аталады. Бұндай талқылауды қатысушылар келісе отырып жүргізеді және оның жоғары заңи күші болады. Аутентикалық талқылау нота алмасу, хаттама нысандарында жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар жүргізетін талқылау- халықаралық талқылау деп аталады. Бұл нысан шартта тікелей көрсетіледі немесе тараптардың келісуімен жүргізіледі. Талқылауды БҰҰ-ң Халықаралық Соты немесе әртүрлі комиссиялар жасайды.
Талқылау әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады. Грамматикалық талқылау- грамматикалық және басқа да ережелер негізінде бөлек сөздер мен шарт мазмұнының мағынасын анықтау.
Логикалық талқылауда бір бапты басқа баптар негізінде және оларды бір- бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы сақталуы тиіс.
Жүйелік талқылау- шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау.
Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағынасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән- жайларын әзірлеу материалдарын, дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.
Қазақстанда халықаралық шарттарды талқылау республиканың Конституциясына және халықаралық шарттардың нормаларына сай жүзеге асырылады.(25 бап)
Халықаралық шарттардың жарамдылығы. Жарамды шарттар ғана оның қатысушылары үшін құқықтар мен міндеттер туғызады. 1969 ж. Вена конвенциясының 49,50,51,52,53, баптарына сәйкес шарт алдау, мемлекет өкілін сатып алу, мемлекет өкілін шарт жасауға мәжбүрлеу, мемлекетке күш қолдану жолдарымен жасалса және халықаралық шарттың қағидаларына, нормаларына (jus cogens) қайшы болса жарамсыз деп танылады. Егер мемлекет шарт міндеттілігіне еркін білдірген кезде оның мемлекеттің ішкі нормаларын бұзу арқылы жасалғаны дәлелденсе, ол шартты жарамсыз деп санауға негіз болады. Бірақ мемлекеттің нормасы бұзылғандығы айқын болуы қажет.
Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оны орындаудың, уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы, шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды: 1) егер екеуі де бір мәселені реттесе, 2) егер бір- бірімен сыйыспайтын болса, 3) егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлекеттің өзі жасасқан халықаралық шарттан ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды.
Қазақстанда Парламент Президенттің ұсынуы бойынша ратификациялауды қажет ететін және қажет етпейтін мемлекет аралық шарттарды және Үкіметтің ұсынуы бойынша Үкіметтің қарауына жататын, сондай- ақ оларға қосылу Үкіметтің шешімінің негізінде жүзеге асырылған шарттарды денонсациялайды (33 бап).
1969 және 1986 жылғы Вена конвецияларында келісім шарттардың күшін тоқтата тұру кез келген уақытқа белгіленуі мүмкін. Шарттың әрекет етуі тоқтатылған кезде тараптар өз міндеттерін орындамай тұра тұрады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, тараптар келісіп шарттың әрекет етуін тоқтата тұруына болады. Бірақ тоқтата тұру шарттың басқа тараптарының құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс және шарттың объектісі мен мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс.
Халықаралық шарттарды өзгерту. Халықаралық шарттарды өзгерту екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы оның қандай да бір ережелерін өзгерту туралы келісімін білдіреді (jnter se). Оның тек сол қосымша шартты жасасқан тараптар үшін ғана күші болады. Вена конвенциясының 41 бабының 1 тармағына сәйкес көпжақты халықаралық шартқа өзгертулер енгізу мына жағдайларда мүмкін болады: а) мұндай өзгерту шарттың өзінде тікелей көрсетілсе, б) мұндай өзгертулерге шартпен тиім салынбаса. Шартты өзгерту шарт жасасу процедурасына сай жүргізіледі. Көп жақты шарттарға түзетулер енгізу кезінде барлық келісуші мемлекеттер хабарландырылуы қажет. Әрбір келісуші мемлекеттің түзету енгізу туралы шешімге, келіссөздерге, басқа да келісімдерге қатысуға құқығы бар. Түзетулер енгізудің келесі заңи салдары болады: әрбір мемлекет түзетулер енгізген шарт қатысушылары болады. Егер шартпен тиім салынбаса, көп жақты шарттың екі немесе бірнеше қатысушысы келісе отырып оны өзгертулері мүмкін. Әрине бұл келісім шарттың басқа қатысушыларына өз құқықтарын қолдануға және міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуі, шарт объектісі мен мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс.
Шартты өзгертуден шарттағы қатені жөндеудің айырмашылығы бар. Егер шарттың аутентикалылығын бекіткеннен кейін мәтінінде қате табылса, онда мәтінге өзгерту енгізіледі және ол өзгертуді әр қатысушы парафирлейді немесе түзету енгізу туралы арнайы құжат қабылдануы және тараптар осы құжаттармен алмасуы мүмкін. Басқа бір тәсілі- тараптар түзетілген мәтінді жаңадан рәсімдеуден өткізу.
Егер шарт депозитарийге өткізілгеннен кейін қате табылса, онда қатысушылар қарсы болмаса, депозитарий қатені түзеп оны парафирлейді. Депозитарий қатені түзеу туралы хаттама қабылдап оны қатысушыларға және қатысушы болуға құқығы бар мемлекеттерге жібереді. Егер қатысушылар өзгеше шешпесе, түзетулер жасалғаннан бастап күшіне енеді. БҰҰ-да тіркелген шарттарды түзету туралы БҰҰ-на хабарлайды.
Халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Халықаралық шарттардың орындалуын халықаралық құқық субъектілері жүзеге асырады. Шарттың орындалуы халықаралық кепілдікпен, халықаралық ұйымдар көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Халықаралық кепілдік- жасалған шарт тараптарын қажетті әрекеттерді жасауға ынталандыру шараларын қолданатындығы туралы мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің кепілдемесі.
Шарттарды орындауды қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдар үлкен рөл ойнайды, өйткені оның органдары қатысушы мемлекеттердің өз міндеттерін орындауды бақылау құзыретіне ие. Одан бөлек шарт талаптарын орындауды қамтамасыз етуге халықаралық жауапкершілік институты өз үлесін қосады.
Қазақстанда жасалған халықаралық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету республика Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі жүргізеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Талалаев А.Н. Право международных договоров: общие вопросы.-М., 1980.
Талалаев А.Н. Право международных договоров: действие и применение договора.-М., 1985.
Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций.-М.,1989.
Колосов Ю.М, Кузнецов В.И. Международное право: Учебник.- М.: Междунар. отношения, 1998.
Венская конвенция о праве международных договоров, от 23 мая 1969 г.
Венская конвенция о праве международных договоров между международными организациями, от 1986 г.
Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона (О порядке заключения, исполнения и денонсации международных договоров Республики Казахстан( от 12 декабря 1995 г.
