- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
6. Халықаралық құқық субьектісі.
Жоспар :
Халықаралық құқықтағы субъектілер
а)Мемлекет
ә)Халықаралық ұйымдар
б)Мемлекетке ұқсас құрылым
в)Жеке тұлға
Мемлекеттің тану мәселесі
Мемлекеттердің сабақтастығы
1. Халықаралық құқықтың субъектілері
Бұл тақырып қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады. Өйткені Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып, көптеген мемлекеттердің тануы мен қолдауын алып, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды. Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім шарттарға отыру Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды, қажетті факторы.
Қазақстан Республикасын қазіргі таңда 117 мемлекеттермен танылған, және олардың 105-мен димломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Қазақстан БҰҰ мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Халықаралық валюталық қор, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ИКАО-ны қоса алғанда 51 халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Сондықтан да Қазақстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.
Ал халықаралық құқық субьектісі деген сұраққа қалай жауап беруге болады?
Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қаты-сушылар. Жалпы, құқық субъектілік бұл құқықтар мен міндеттерге ие болу қасиеті. Ал халықаралық құқықта субъектінің ұғымы өзгешелеу. Өйткені халықаралық құ-қықта құқық субъектілерін құқыққабілеттілігі, (заңмен құқықтарға ие болу) және әрекетқабілеттілігі, (өз әрекеттеріне жауап беріп, белгілі бір міндеттер атқару) деп бөлмейді. Себебі, біріншіден, халықаралық құқықта бұлай бөлу оның субъектілерінің арасында құқықтық теңсіздік тудырар еді. Екіншіден, халықаралық құқықта әрекетқабілетсіздік болуы мүмкін емес. Себебі, әрбір субъектілердің құқық нормаларын шығару мүмкіндіктері бар. Мұнда ең негізгісі халықаралық құқық субъектісі тек міндеттерге ие болып, атқару емес, субъектілердің басқа субъектілермен келісіп, өзіне міндет жүктей алу жағдайы.
Халықаралық құқықтың субъектілері:
-негізгі субъектілерге мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар( бірақ бұл даулы мәселе) жатады .
-туынды субъектілерге мемлекетке ұқсас құрылымдар,еркін қалалар,халықаралық ұйымдар жатады.
Халықаралық субъектілерінің 1-ші қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл-саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет. Біріншіден,мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі . Егемендік бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік.Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтан да мемлекет қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды.Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік-мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі.
Жалпы, мемлекет негізінде толық егеменді болу қажет. Әдетте кейбір мемлекеттерде толық егемендіктің болмауына байланысты оларды жартылай тәуелді мемлекеттер деп атайды. Мұндай мемлекеттерге басқа мемлекеттің сюзеренитетіндегі (франц. сөзі-билік астындағы ) немесе федеративті мемлекеттерге мүше болып табылатын мемлекеттер жатады. Мұнда әрбір мүше мемлекеттердің өз жоғарғы билігі мен өз құқықтары болғанымен, әдетте, бұл билік пен құқық басқа мемлекеттің билігі мен құқығына тәуелді болады. Сондықтан да жартылай тәуелді мемлекеттер халықаралық құқық субъектісі болу, болмауы даулы мәселе болып табылады. Жартылай тәуелді мемлекеттердің халықаралық құқық субъектісіне толық мүше бола алмауына дау жоқ. Әдетте, оларды халықаралық қатынасқа мүлдем араласа алмайды деу қате болар еді. Өйткені олар кейбір халықаралық құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Мысалы, көбіне олар дипломаттық өкілдер немесе консулдарды жіберіп не қабылдайды, сауда немесе халықаралық басқа да келісім шарттарға отырады.
Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:
Унитарлы мемлекет
Конфедерация
Федерация
Унитарлы мемлекетте біртұтас жоғары билік жүйесі
болады. Унитарлы мемлекетте барлық территорияға бір конституция тарайды және бір азаматтың, бір құқық жүйесі болады. Унитарлы мемлекеттің территориясы әкімшілік-территориялық бөлшектерге бөлінеді. Оның өзіндік саясаты болмайды, бірақ кейде әкімшілік автономияға ие болады. Унитарлы мемлекет өзі халықаралық құқыққа субъект ретінде шығады. Унитарлы мемлекетке Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия елінің көпшілігі, Қазақстан және тағы басқалар жатады.
Күрделі мемлекеттерге конфедерация және федерация жатады.
Конфедерация бұл мемлекеттердің бірлігі. Бұл мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешу үшін жалпы заң кезелушілік орган құрады. Конфедерацияның мүшелері-өз мемлекет басшылары кіреді. Конфедерация органдары соған кіретін мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Конфедерация мүшелері өздері халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Егер де конфедерация мүшелері конфедерацияның өзіне халықаралық істерді, шарт таласуда түзеле асыруға құқық берсе,онда конфедерацияның өзі халықаралық құқық субъектілікке ие болады.Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Швейцария конфедеративтік мемлекет болып саналғанымен де, бірақ, шынында олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік-аумақтық бөліністерге (кантондарға) бөлінеді.
Федерация бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым. Федерация-бұл мемлекеттердің жай бірлігі емес, бұл бірлескен мемлекет(союзное государство). Бұл унитарлы мемлекет сияқты мемлекеттік құрылым нысаны болып табылады. Бұның конфедерациядан айырмашылығы, бұнда федералды билік барлық азаматтарға таралады. Орталық федералда биліктердің актілері федерацияның барлық шекарасында күшінде болады. Сонымен қатар бұнда федералды билікпен қатар әр елдің өзінің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болады. Әр елдің өз азаматтығы мен конституциясы болады. Бірақ бұл елдер халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды, яғни олар өздерінің сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды. Федеративтік мемлекеттерге Ресей Федерациясы, АҚШ,т.б мемлекеттер жатады.
Бейтарап мемлекеттер
Бейтарап мемлекеттердің түсінігі. Бейтарап мемлекет-бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан,ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің (державалардың) халықаралық келісімімен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Мұндай кепілдік беріледі сол жағдайда, егер осы мемлекет,өзіне қарсы шабуыл жасағанда өзін-өзі қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қаруды көтермеуге және қашан да жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекеттер жасамауға міндеттенген жағдайда ғана беріледі. Мемлекеттердің мұндай міндеттемелерді мойнына алуы, яғни бейтарап болуларына негізгі себеп - бұл мемлекеттер әлсіз, әлі жас болуы және халықаралық саясатқа белсенді қатыспай, өзін бейбіт жолмен дамуын қалайтындығы болып табылады.
Бейтараптау туралы акт және оның шарты. Негізінде,кез келген мемлекет бейтарап мемлекет болмай-ақ басқа мемлекетпен, егер сол мемлекет өзіне қарсы соғыс ашқан жағдайда өзінің бейтараптылығына міндеттеме алып,сол мемлекетпен келісім шарт жасаса алады. Ал мемлекеттің әрқашан да бейтарап болып қалуына дәлелдейтін бейтараптау туралы акт жасалады. Мемлекетті бейтарап деп танитын бұл акті-сол мемлекетпен ірі державалардың өзара келісімімен жасалатын халықаралық келісім шарты болып табылады.Сондықтан да осы халықаралық келісім шартта тиісті ірі державалар сол мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне және территориясының біртұтастығына ешкімнің ешқашан қол сұқпайтындығына алқалы түрде кепілдік береді. Ал егер, кейбір державалар бұл келісімге қатыспаса, онда қатыспағандары тиісті мемлекеттің бейтарап болуына кепілдік бермесе де, өздерінің қарсы еместіктерін үндемей-ақ білдіре алады.Бейтарап мемлекетке кепілдік берген ұлы державалар берген уәделерін ешқашан бұзбайтын-дықтарына, сондай-ақ басқа мемлекет тарапынан бұл кепілдіктің бұзылуына жол берілмейтіндігіне өз тараптарынан міндеттеме алады. Алайда бейтарап мемлекет кепіл берген бұл ірі державаларға қандай да болсын тәуелді болмайды. Ал кепіл берген державалар бұл бейтарап мемлекетке, кепілдікке байланыссыз, қандай да болсын өз тарапынан өктемдік жүргізе алмайды. Бейтараптылықтың ең негізгі шарты бейтарапталған мемлекеттің еш уақытта өз жағынан бірінші болып басқа мемлекетке қару көтермеу, әскери жанжал немесе соғыстың өршігуіне әсер ететін, яғни басталуына жағдай тудыратын қандай да болсын әрекеттерден алшақ болу.
Бейтараптылықта айта кететін шарт, бейтарап мемлекет өзіне кепіл берген ұлы державалардың келісімінсіз өз территориясын басқа мемлекеткеттерге не бере алмайды, не ала алмайды.
Бейтарап мемлекеттердің халықаралық жағдайы. Бейтарап мемлекеттер өз тарапынан басқа мемлекетке қарсы қандай да бір әскери жанжал не соғыс жүргізбеуге міндеттенгендігі салдарынан мұндай мемлекетті толық егеменді мемлекет емес, жартылай тәуелді мемлекет деген пікірлер бар. Бірақ мемлекетті бейтараптау фактілері мен шарттарына назар аударып қарасақ бұл көзқарастар негізсіз болып табылар еді. Өйткені алдында атап кеткендей бейтарап мемлекетке кепіл берген ірі державалар бұл мемлкеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне қатысты ешбір өктемдік әрекет жасай алмайды. Мемлекеттің егемендігінің, яғни жоғарғы билігінің шектелмеуі бұл мемлекет басқа кез келген мемлекеттер сияқты егеменді мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттер өз шекаралары шегінде де, одан тыс та тәуелсіз, егеменді болып табылады. Егер бейтарап мемлекет өз мойнына алған міндеттемені бұзса, онда ол өзіне қатысты қорғау кепілінен айырылады. Бейтарап мемлекет халықралық келісім шарттарға отырып, сондай-ақ өз әскерімен әскери флотын құруға құқылы. Мемлекеттің бейтарап болуын оның атақ дәрежесіне де әскер етпейді.
Қазіргі кезде бұл мәртебеге Швейцария, Австрия, Лаос, Камбоджа, Мальта, Туркменистан т.б мемлекеттер ие. Швейцарияның бейтарап мемлекет деп тануы 1815 жылы 8 қарашада Австрия, Ұлыбритания, Франция, Ресей мемлекеттің келісімімен қол қойылып, 1919 жылы Версальдық бейбітшілік келісім шартымен расталды. Бұл келісім шартта қол қойылған державалар Швейцарияның “әрқашан”бейтараптылығын танып, оның территориясы мен егемендігіне қол сұғылмайтындығына кепіл берді.
1955 ж. сәуірдегі совет-австрия меморандумына сәйкес Австрия өзін бейтарап мемлекет мәртебесін қабылдауға міндеттеме алды. 1955 жылы 15 мамырда демократиялық және тәуелсіз Австрияның қайта құруы туралы мемлекеттің келісім шарт қабылданып, бұл келісім шартқа ІІ-Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Ұлы Державалар атап айтқанда ССРО, АҚШ,Франция,Англия . Австрияның тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығына сыйлайтын-дықтарын жариялады. Ал 1955 жылы 26 желтоқсанда Австрияның парламенті Австрияның бейтараптылығы туралы Федералды Конституциялық заң қабылдады. Бұл заңның 1-бабында өзінің сыртқы тәуелсіздігі мен территориясына қол соқпаушылығы мақсатында Австрия өз еркімен тұрақты бейтараптылығын жариялады. Австрияның бұл мәртебесі аталған державалармен танылғанымен, Швейцариядан ерекшелігі бұл державалар кепіл берген жоқ.
1962 жылы 23 шілдеде Женевада халықаралық кеңесте Лаостық мәселені реттеу бойынша 14 мемлекет бірігіп Лаостық Үкіметтің өтінішімен Лаосты бейтараптау туралы Декларация қабылдады.
1995 жылы 12 желтоқсанда Түркменстан “Түркменстанның конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ” заңында қабылданып, “Түркменстанның тұрақты бейтараптылығы ”туралы конституциялық заң жарияланды. Бұл заң БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1995 жылы 12 желтоқсанда танылды. Түркменстан бұл конституцияның 1-бабында “Түркменстан бейтарап деп тану оның ішкі және сыртқы саясатының негізі”делінген.
Қорыта келгенде құқықтың тек толық субъектісі-мемлекет- ғана тұрақты бейтарап мәртебесіне ие бола алады. Тұрақты бейтарап болу негізінде пайда болған міндеттемелер бұл мемлекеттердің егемендігін шектемейді.
Халықаралық ұйымдар бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды,өйткені олардың мүшелері-мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субьектісіне жатады. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйымдар болып БҰҰ саналады.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдар субъект болады, егер оның қатысушы мемлекеттері халықаралық құқықтар мен міндеттерімен қамтамасыз етсе. Егер мемлекет халықаралық құқытың қағидаларының нормаларына сәйкес барлық құқытық қатынастардың субъектісі болса, ал халықаралық ұйымдар тек оның қызметімен анықталып және құрылтай құжатына сәкес келетін құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады. Бірақ құқытар мен міндеттердің көлеміндегі айырмашылықтарға қарамастан ұйымдар халықаралық құқық ішінде қызмет істейді және халықаралық құқық субъектілігімен қамтамасыз ететін белгілері болады. Халықаралық ұйымдар “мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау ” қағидасын ұстануға міндетті. Сонымен қатар мемлекеттердің өзара теңдігі “халықаралық міндеттерді орындау” қағидаларын да ұстанады. Халықаралық ұйымдардың дауларда мәжбүрлеу құралдары мен шешу құралдарын таңдауда құқықтары шектеулі. Халықаралық ұйымдар БҰҰ-ның Халықаралық сотының отырысында тарап бола алмайды,олар тек кеңес ала алады.Халықаралық ұйымдар сонымен қатар халықаралық жеке құқықтың немесе ұлттық құқықтың субъектісі бола алады.
Егер халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда болса жауаптылыққа тартылады. Кез келген халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы негізіде өз жұмысын 1939-жылы тоқтатты.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтың мәртебесі.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе заң әдебиеттерінде көптен бері қарас-тырылып келе жатыр. Батыс ғалымдары халықаралық органдардан қорғау алуға мүмкіндіктері барына сілтеме жасап, индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі деп танып отыр. Сондай-ақ Еуропа Одағы мемле-кеттерінің жеке тұлғалары талап-арыздарымен Еуропалық сотқа жүгіне алады.
КСРО кезіндегі заңгерлер идеологиялық ұғымның салдарынан индивидтерді халықаралық құқықтың субьектісі ретінде мойындамаған. Бірақ 80-жылдардан бастап индивидтің халықаралық құқық субьектісі ретінде көптеген әдебиеттер пайда бола бастады.
Индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде танылуы не танылмауы осы субъектіге қойылған мінездемеге байланысты. Егер индивидті халықаралық құқықтың субъектсі десек-онда бұл тұлғаға халықаралық құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни халықаралық құқық нормалары субъектінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей әсер ететін көптеген халықаралық құқықтық нормалар бар.Мысалы,1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт,1989 жылғы баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субьектісі ретінде қарастыра алмаймыз.
Халықаралық құқықтың туынды субъектілеріне тағы да діни-саяси және саяси-аумақтық бірліктерді жатқызуға болады. Олар халықаралық шарт немесе халықаралық тану негізінде өзінің халықаралық құқықтық мәртебесіне ие болады. Оларды еркін қала деп атайды. Мысалы: Краков 1815 жылы Венада өткен және қабылданған трактат бойынша Россияның, Австрияның және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз және бейтарап қала деп жарияланды. 1919 жылға Версальдағы бейбітшілік шарты бойынша Данцигке ерекше мәртебе”еркін мемлекет”берді.
Қазіргі уақытта арнайы халықаралық құқықтық мәртебеге ие мемлекетке ұқсас құрылым болып Ватикан табылады. Ватикан-Рим католик шіркеу орталығы
ретінде құрылған. Одан басқа тағы да мемлекетке ұқсас құрылым-Мальтийский орден. Бұл екеуінің де резиденция-сы Римде орналасқан. Бұл екеуі де әлемдегі көптеген елдермен дипломатиялық қатынасқа түседі және бұлардың БҰҰ-ның, Юнесконың, МОТ-тың жанында өкілдіктері бар. Ватикан БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекеме-лерінің мүшесі болып табылады және бірнеше елдермен екі жақта шарттар жасасқан.
2. Енді халықаралық тану мәселесін қарастыратын болсақ,
халықаралық құқық тану бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Та-нылып жатқан (мемлекет) жақ болып табылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық ұйымдар.
Халықаралық құқық теориясында тану туралы екі теория бар:
Декларативтік теория
Конститутивтік теория
Декларативтік теория бойынша тану белгілі бір
халықаралық құқық субъектісінің пайда болғанын айтады. Бірақ үлкен заңды маңызы жоқ. Өйткені мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес.
Конститутивтік теория бойынша мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана халықаралық құқықтың субъектісі болады. Бұл теория мемлекеттердің басты белгісі мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді. Мемлекет басқа мемлекеттердің еркіне, қалауына байланысты пайда болады.
Кез келген жаңадан пайда болаған мемлекет халықаралық тануға құқығы бар. Бұл БҰҰ-ның жарғысында жазылған.
Мемлекеттерді тану жазбаша нысанда болады. Танып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгіленеді.Мысалы, Қазақстан Республикасын дипломатиялық нота арқылы ең бірінші Түркия мемлекеті таныды.
Халықаралық тану нысандары:
Заңды тану
Фактілік тану
Немесе,
Де-юре
Де- факто
Ад хос(ad hos)
Де-юре тануы бұл толық көлемде тану. Бұл танымды қайтып алуға болмайды. Бұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде дипломатиялық,консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.
Де-факто бұл жартылай тану. Бұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды, тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады. Әдетте бұндай тану уақытша, де-юре танымына өтпелі таным болып табылады. Сонымен қатар бұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығанда емес, жаңа үкіметті танығанда қолданылады.
Ad hoc бұл уақытша белгілі бір мәселеге байланысты тану. Бұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмесе де, тануға мәжбүр болады. Мысалы, өз азаматтарын қорғау сауда жағынан.
Кей кездерде мемлекет пайда болмайды, тек оның үкіметі немесе басқару нысаны ауысады. Бұндай кезде сол мемлекеттің үкіметін тану туралы мәселе туады. Бірақ кей-кездерде тану міндетті емес, онымен дипломатиялық қатынасқа түсудің өзі жеткілікті. Ал егер жаңа үкімет
конституциялық жолмен келсе, онда ол тануда мүлдем керек етпейді. Егер жаңа үкімет әлеуметтік революция немесе ұлт-азаттық соғыстан пайда болса,онда оны тану жаңа мемлекетті халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану болып табылады. Жаңа өкіметті тану ретінде ұлттық бостандықтың органдарын тануды да қараға болады. Жоғары айтылып кеткенімдей ұлттар өз тәуелсіздігі үшін күрескен кезде өзінің органдарын құрады. Солар басқа мемлекеттермен танылуы мүмкін.
Тарихта көтеріліске шыққан және соғысып жатқан жақтарды тануды кездескен. Бұл азаматтық және ұлт-азаттық соғыстың әр түрлі сатысында көтерілісшілерді тану болып табылады. Бұның басты заңды салдары соғыс заңдары мен әдеттерінің көтеріліп немесе соғысып жатқандарға таралуы.
Тануды қайтарып алу. Тану дегеніміз танып отырған мемлекеттің тиісті қоғам не өкіметтің өзін-өзі басқаруға, билеуге және соғысуға қабілеті бар мемлекеттілік қасиетке, белгілі ие болғаны туралы берген декларациясы.
Мемлекеттің бұл белгісі әр қашан сақталады. Әдетте, танып отырған мемлекет қандай да бір жағдайлармен тану декларациясын қайтарып ала алады. Кей жағдайларда тануды қайтарып алу арнайы нотификация арқылы жүзеге асуы мүмкін.Көбіне тануды қайтарып алу де-фактолық тануда болуы мүмкін. Ал, де-юре, яғни толық және түпкілікті тануда қайтарып алуға болмайды. Бұрынғы кезде танудың қай түрі болмасын қайтарып алуға жол берілетін. Мысалы, Ұлыбритания 1938 жылы Абиссиниді егеменді,тәуелсіз мемлекет деп тануын, кейіннен тану декларациясын қайтарып алды.
