Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы

Бұл қағида 1945 ж. БҰҰ Жарғысының қабылдануымен бірге бекіген. Оның даму процессі өте берген. Қағиданың атауы әр түрлі. Оны территориялық тұтастық деп, территориялық қол сұқпаушылық деген атаулары әдебиеттерде кездесе береді. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығы жағынан осы қағиданың маңызы зор.-Оның мәні- мемлекет территориясын кез-келген қол сұқпаушылықтан қорғау.

БҰҰ Жарғысы әр-бір мемлекеттің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш көрсету және оны қолдануға тиым салды.

Бүкіл Европалық кеңестің қорытынды актісінде берілген қағида және қағида ретінде берілген. Оған сәйкес мемлекеттерге міндеттер артылады:

  1. Әр мемлекеттің территориялық тұтастығын құрметтеу;

  2. Егер БҰҰ жарғысына сәйкес емес кез келген әрекеттер мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен территориясының тұтастығына қарсы бағытталса, онда ондай әрекеттерден бас тарту;

  3. Күш қолдану арқылы өз мемлекеттердің территориясын әскери қоршау обьектісіне айналдырудан бас тарту.

Жоғарыда айтылған мемлекеттердің территориясының тұтастығы қағидасының мазмұны халықаралық құжаттардың негізі қағидаларымен тығыз байланысты.

Жалпы алғанда халықаралық қағиданың заңды территориялық өзгерістерінге жол береді. Бірақ бұл жағдай тек елдердің арасында ресми, ерікті келісім-шарттардың болған кезде ғана мүмкін болды.

Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы

Классикалық халықаралық құқық бұл қағиданы білмеген. Өйткені сол кездің ойлауы бойынша халықаралық таластарды бейбіт жолмен қоса бейбіт емес жолдармен(соғыстарды қоса) де шешуге болады деген түсінік қалыптасқан. 1989 және 1907 ж Гаагалық конвенцияларда "қаруды қолданудың алдында" денешлік пен бейбіт жолдармен шешуді пайдалану туралы ұсыныстар болған.

Ұлттар Лигасінің статутінде дауларды шешуге бейбіт амалдарды қолдануды міндетті түрес келтіруге талпыныс жасалған. Бірақ мұнда да бейбіт амалдарды қолдану мемлекеттің соғыс бастау мүмкіндігін толық жоймаған. Тек қана 1928ж таластарды бейбіт жолмен шешу қағидасы соғыстан бас тарту туралы көп жақты келісімде - Париж пактісінде тіркелген./Бриана-Келлога келісімі/.

Сонда, Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін де халықаралық құқықа дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы енген болатын. Соғыстан кейін бұл қағида БҰҰ жарғысында /2 бап 3п./ дәлелденген болатын. Содан кейін қайта-қайта басқа халықарлық пактілерде көрініс тапқан: Араб мемлекеттерінің Лигасы пактісінде; Африка бірлігін ұйымдастыру Хартиясында; Америка мемлекеттерінің ұйымының жарғысында; БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясында; 1970 ж. Кағидалар туралы декларацияда; 1975 ж. Хельсинкі қорытынды актісінде және т.б.

Осы қағидаға сәйкес мемлекеттер пайда болған дауларды әр-түрлі бейбіт амалдармен шешуге тиіс. Бейбіт амалдарға келіссөздер, татуластыру, дәнекерлік, тергеу, сот ісі және т.б. кіреді.

Қазақстан өз кезегінде Нагорный Карабахта болған оқиғаларға байланысты Әзербайжан мен Арменияның арасында дауды қадағалау мақсатында дәнекерлік амалды қолданған. Пәкістан мен Индия дауларын шешуде өз амалдарын қолданып жатыр.