Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.

Халыықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері ретінде Ха­лықаралық Соттың Статуты доктриналар мен халықаралық соттар­дың сот шешімдерін атап көрсетеді.

Халықаралық соттардың шешімдері мен басқа да актілері.

Қай соттар жайында айтылады деген сұрағы бірден туады. Ең алдымен Халықаралық Соттың өзі жайында, сондай ақ басқа да халықаралық сот органдаары жайлы, сонымен бірге, құрылып ке­ле жатқан ad.hoc, яғни бір жолғы тәртіп бойынша нақты жағдайларға байланысты. Осы қайнар көзі түрінің көмекші си­патында тұрғандығы неліктен? Өзінің нақты істеріндегі жақта­рына сондай-ақ жағдайларға жақындығының күшіне орай сот шешімі жалпыға міндетті бола алмайды. Расында кейбір Батыс мемлекеттерінің ішкіқұқықтық жүйелерінде сот шешімдері үлкен роль атқарады (прецеденттер секілді). Алайда халықаралық құқықта мүлде өзге бір жағдай орын алды, құқыққолдану тәжірибесінің барлық субъектілері бір біріне тең, олардан жоғары тұрған органның жоқ екендігі көрінеді. Сондықтан да, халықаралық соттар шешімдерінің прецеденттің сондай күші секілді заңды күшпен берілуі, ішкі құқықта жеткілікті проб­лемалы болып келеді. Сот шешімдерінің халықаралық құқықтағы маңызы, мемлекеттердің жеке ұлттық құқықтық жүйелеріндегі маңызына жақын (негізінде континенталды құқықтық семьясын­да), құқықтың формальды қайнар көздері болып табылмаса да, құқыққолдану тәжірибесінде маңызды роль атқарады, мысалы ГФР. Халықаралық құқықтың даулы нормасына, іске дауласып отырған жақтардан гөрі, келешекте сол тараптан не басқа субъектілермен оның қолданылуын жеңілдететін халықаралық соттың шешімімен түсіндірме беріліп, интерпретация жүргізілуі мүмкін. Сонымен бірге халықаралық соттың консуль­тативті қорытынды беру институты осыған қатысты Б.А., не БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сұрау салулары негізінде, кез-келген заң мәселесі бойынша, белгілі бір маңызын атқара алады. БҰҰ жарғысының 96 бабы.

Халықаралық құқық доктринасы, халықара­лық заңгерлердің идеяларымен ұсынылған. Әдебиетте айтылатын пікірлерге сай, мемлекеттер тәжірибесінің түсініктілігінің күшейуіне қарай мемлекеттердің белгілі құжаттарының және ха­лықаралық ұйымдар мен соттар шешімдерінің жариялануы нәти­жесінде доктринаның ролі халықаралық құқық нормаларының ба­рын анықтаудың оларды интерпретациялау құралы ретінде төмен­дей түседі17. Біздің пікірімізше, бұл, дәл бұлай емес. Ойлап қарасақ, доктрина халықаралық құқыққолдану тәжірибесінде маңызды орынды бұрыннан бері алып келген де, кейін де де ұстап отырады. Осы жерде кейбір мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйелерімен аналогияға жол беріледі, мысалға ГФР, яғни мұнда дұрыс позитивті заңдардың дамыған жүйесіне қара­мастан, сот тәжірибесінің құқықтық нормаларды интерпретация­лаудың көмекші құралы ретінде доктрина маңызды тәжірибелі роль атқаруды жалғастырады. әалымдардың пікіріне сай, тіке­лей сот шешімінде сілтемелерге жол берілген. әылым мен тәжірибенің мұндай үйлесімі, өте пайдалы болып табылады. Біздің пікірімізше, халықаралық соттар доктриналдық қайнар көздерді көмекші құрал ретінде сол, немесе өзге де құқықтық нормалардың барын және интерпретациясын анықтауда кеңірек қолданғаны қажет. Бұған қоса, "үстем етуші пікір" деген түсінік бар, ол халықаралық құқықтық сферада кеңірек қолда­нып, көпшілік ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің пікірлерін алға шығаруы қажет. Халықаралық құқықтық тұрғысында ол интернационалынған сипатына ие болып, әртүрлі әлем мемлекеттері өкілдерінен алға шығып отыруы қажет. Жалпы доктрина секілді, халықаралық сот органдарының сот шешімдері де, қазіргі халықаралық құқықтың келешектегі прогрессивті дамуында өте маңызды роль атқарады.

Ең ақыры аяғында, біржақты халықаралық актілер мен ұлттық заңды сонымен қатар, халықаралық құқықтың қайнар көздеріне орай ұлттық соттардың сот шешімдерін сипаттау қажет. Біржақты халықаралық актілері болып, ең басты халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, сондай-ақ мемлекеттердің біржақты актілері табыла­ды. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, ішкіұйым­дық бола тұра, орындауға міндетті сипатына ие болуы мүмкін. Яғни ішкі мәселелерді реттеп, міндеттер орната алады, мұндағы айталық, халықаралық ұйымның құрылымындағы белгілі бөлімшелердің міндеттерін орнатуы. Халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты қабылданатын сыртқы сипаттағы актілерінің міндетті заңды күші жоқ (мысалға осы ұйымның мүше-мемлекеттері)18. Олар ұсыныс сипатына ие. Олардың мәні нормаларды интерпретациялау немесе сондай-ақ, орнату тұрғысынан да баса көңіл аударатындай (мысалға 1970 жылғы Халықаралық құқық қағидалары жайындағы Декларация)19. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімінің заңды күші жайындағы мәселе да­улы болып келеді. Мұнда БҰҰ Жарғысының 40 бабына сәйкес уақытша шараларды орындау талабы көрсетілген. Жарғыға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі, құзырет шегіне жетіп, мүдделі жақтардан оларды орындауын талап ете бастайды. Мұнда негізінен белгілі бір жақтар үшін міндетті күшінің бары жайында айтылса керек.

Мемлекеттердің біржақты актілері (демек өзіне өзі

міндеттілік). Халықаралық құқықтың жаңа субъектісін ха­лықаралық құқықтық тану мәлімдемесіне қатысты туралы ха­лықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Осыған ұқсас актілердің өздерінде халықаралық құқықтың нормалары бар ма ? Деген бір даулы сұрақ туады. Бұған біржақты жауап беру қиын, дегенмен бір жағынан алып қарағанда бұл актілер расында да бір жолғы сипатты ұстайды да оның нақты тәртіп ережелері жоқ (ал құқықтың қайнар көзі ең алдымен құқықтық нормаларды объ­ективтілеу формасы, бірақ басқа жағынан қарағанда, бұл актілер халықаралық құқық қолдану тәжірибесінде есепке алы­нуы қажет, дегенмен де олардың адресаттары үшін халықаралық құқықтық қатынастарында маңызы бар мемлекеттердің міндеттілігінің бар болуы әбден мүмкін.

Ұлттық заңдар мен ұлттық соттардың сот шешімдері. Бұлар әрине, халықаралық құқықтың тікелей қайнар көздері бо­ла алмайды. Олардың мәні, тағы да айтуымыздай көмекші сипа­тында, халықаралық құқықтың сол бір, не өзге де нормаларының барын анықтау тұрғысында (ең алдымен кәдімгі нормалары)20. Ұлттық заңдар актілері нормаларын, сондай-ақ сот шешімдерін халықаралық құқықтық проблематикаға қатысты есепке алудың көмегімен мемлекеттің позициясын сол бір, не өзге де мәсе­лесі бойынша (немесе нормасы бойынша), анықтау мүмкіндігі туады, мысалға халықаралық әдет-ғұрып санатының субъективті элементіне қатысты (яғни оны мемлекет тарапынан заңды міндетті түрде тану). Мемлекеттердің біржақты актілерінің түрі болып біздің пікірімізше, олардың ұжымдық біржақты актілері болып табылады. Олар халықаралық Конференциялардың қорытынды құжаттарында көрсетіледі, мысалға ОБСЕ қорытынды құжаттары. Осы тақырып бойынша қорытынды жасай отырып, ха­лықаралық жариялық құқықтың аса маңызды қайнар көздері бо­лып, халықаралық шарт пен халықаралық әдет ғұрып табылатын­дығын тағы бір айта кетуді жөн көрдім. Осы тарауда айтылып кеткен басқа түрлері, екінші қатардағы не көмекші сипатына ие болады.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Даниленко Г.М. Обычаи в современном международном праве. М., 1988.

  2. Фельдман Д.М. Система международного права. Казань 1983.

  3. Филимонова М.В. Источники современного международного права М. 1987

  4. Шестаков Л.М. Императивные нормы в системе современного международного права. М. 1987г.