Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.

Халықаралық жариялық құқықтың әлі күнге дейін жалпыға та­нылған, бірыңғай қайнар көздері түрлерінің тізімінің жоқ екендігін айта кету қажет. Бұл тізімінің бір нұсқауы ретінде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38 бабында халықаралық құқық қайнар көздерінің са­наттарын көрсетеді. Біріншіден- олар халықаралық шарт, ха­лықаралық әдет өұрып пен құқықтың ортақ қағидалары. Екіншіден- құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралы ретінде- сот шешімдері мен доктрина келтіріледі. Біздің негізгі назарымыз, сол аталған қайнар көздерінің санаттарына бөлінетін болады. Сонымен бірге, соған қоса біржақты актілердің маңызын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік заңдармен ха­лықаралық құқық қайнар көздерінің мәселесіне байланысты сот шешімдерінің маңызын сипаттаудың қажетті екендігін айтамыз. Халықаралық құқықтың жеке қайнар көздерін қарастырудан бұрын, мына сұраққа жауап берелік- құқықтың қайнар көзі (мұнда халықаралық құқық жайындағы айтылады) сапасының аса зор маңызға ие болып отырғандығы неліктен? Оның жауабы; осындай жағдайларда (біріншіден, мұндағы халықаралық құқық субъ­ектілерінің арасындағы даулар), халықаралық құқықтың сәйкес нормаларына сүйене отырып, өзіндік позицияны негіздеудің өзі өте қажет, ал оның, халықаралық құқық қайнар көзінің қандай да бір түрінің шеңберінде объективтіленгені қажет. Осыдан туатын сұрақ- сол, не өзге де бір акті, халықаралық құқықтың заңды қайнар көзі бола ала ма? (мысалы халықараалық шарт, әдет өұрып немесе жалпы құқық қағидасы түрінде). Бұл сұрақтың шешімінен, халықаралық құқық субъектісінің құқыққа тартымдылығының қанағаттануы (немесе қанағаттанбауы) байла­нысты. Сондықтан да бұл сұрақтың өзі, маңызды тәжірибелік мәнге ие болып саналады.

1. Халықаралық шарт.

Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздерінің бірі болып- халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі рет­тестіруші тәсілі болып- халықаралық құқық субъектілер еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді. Халықаралық құқық қай­нар көздері ретіндегі халықаралық шарттың нормалары, ха­лықаралық әдет-өұрыптар секілді қалыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға қайда жақын, ал дегенмен де,"ха­лықаралық шарт" түсінігі халықаралық әдет-ғұрып түсінігіне қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі (яғни сәйкес критериялары бойынша). Халықаралық шартпен байланысты мәселелер, қазіргі кезде негізгі үш келісімдермен реттеледі- 1969 жылөы Ха­лықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы жайлы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарт­тарға қатысты, мемлекеттердің құқыққа иеленушілік жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледі. Олардың ішіндегі ең маңызды бірі болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес9 халықаралық шарт деп- мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекітіліп мұндай келісімнің бір құжатта не бірнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелінетін- ха­лықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін. Халықаралық шарттағы жақтар тек халықаралық құқық субъектілері ғана бола алады, сонымен бірге мемлекеттер осыған шектеусіз қатыса алады. Бұған мысал ретінде, халықаралық құқық қабілеттілігі шектел­ген, жүргізуші субъектілер ретіндегі- халықаралық ұйымдары­ның құрылтай шарты мен жарғысына байланысты, ал федерация субъектілері - федеративті мемлекеттің ішкі заңдарына байла­нысты және т.б. Халықаралық шарт, екі-жақтың келісімін белгілі мәселелері бойынша білдіреді, басқаша айтқанда, заңды міндеттіліктің оған, екі-жақтың келтіруімен жүзеге асуы қажет, демек барлық жақтарымен келтірілуі қажет. Егер де халықаралық шарттың немесе оның қандай да бір бөліміне қатысты жақтардың келісіміне негізделінген күдік болған жағдайында, сол шарттың заңды әрекетін дауға салып шешуге болады. Тағы да бір айта кететін жағдай, мемлекеттер өз тәртібін, сондай-ақ өзінің ішкі мемлекеттік заңдарының актілеріне сәйкес, халықаралық шартты дайындау, бекіту, оны орындау мен заңды күшінің тоқтатылуына қатысты мемлекет аты­нан қызметті жүзеге асыруға құзыреті бар органдар мен жақтардың тәртібін қалыптастыра алады10. Халықаралық шарттар мен оларды бекітуші мемлекеттер, сол не өзге мемлекеттің ұлттық құқығына бағынышты бола алмайды. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ретіндегі халықаралық шарттардың жалпы сипа­тының шеңберінде, өзге де оларға ұқсас сипаттарынан айырма­шылықтарына назар аударудың қажетті екендігін санай аламыз, яғни мұндағы халықаралық құқық субъектілері мен жеке тұлғалар арасындағы шарттарды, джентльмендік келісімдері мен саяси ойлары жайлы мәлімдемелерін айтса болады. Мемлекеттер мен жеке тұлғалар арасындағы шарттар (халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар сирек жүреді), шетел заңды және жеке тұлғалары, халықаралық жеке құқық сферасына тән нәрсе. Сон­дай-ақ оларды халықаралық шарттар ретінде мойындау мәсе­лесінің өзі, өте жиі байқалады. Әдеттегідей, трансұлттық компанияларымен жасалатын мемлекеттердің шарттарына қатысты мәселесі бойынша. Мұндай мойындаудың беретіні не және трансұлттық компания үшін оның қандай позитивті маңызы бар? Жауабы өзі айтып отырғандай, онда бұл келісім, мемлекеттің ұлттық юрисдикциясының сферасынан шығуы қажет, яғни Трансұлттық компаниямен болған келісім жақтары (демек ха­лықаралық құқықтық ережелерге, халықаралық қағидаларға бағынышты болуы мүмкін). Біріншіден- pacta sunt servanda қағидасына,(яғни- "шарттар орындалуы тиіс" дегенін білдіреді). Осындай шарттан туындайтын даулар да, аталған мемлекеттің ұлттық соттарында емес, өзге жолдармен шешілуі қажет. Үстем етуші пікірге сай, осы тараудың авторының өзі бғліп көрсетіп отырғандай, мұндай секілді шарттар, қайткен­мен де халықаралық болып саналмауы қажет. Біржақты пікірге бұл мәселе бойынша, әлі де болса өз мақсатына жете қойған емес. Оның күрделілігі, мемлекеттердің "интернационалданды­рылған" деп аталатын жеке тұлғалармен шарттарының әртүрлі болып келуімен күшейе түседі. Жоғарыдағы шарттары бойынша оларға қолданылатын құқық, сондай-ақ олардан пайда болатын құқылы қатынастар үшін- халықаралық түрі болып табылады не­месе былайша делінетін "құқықтың жалпы қағидалары немесе тек осы шарттың ғана нормалары болып табылады (бір жақтың ұлттық құқығы емес). Біздің пікірімізге сай, мұндағы айтылып отырған мәселе қайткенмен де халықаралық шарттар жайлы емес, шетел элементі бар жеке құқықтық келісім-шарттардың (конт­рактілердің), спецификалық түрлері жайлы айтылады. Джентль­мендік келісімдерге келетін болсақ, яғни мұнда көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, жеке тұлғалар арасындағы ауызша түрдегі келісімділігі жайлы айтылады, әдеттегідей өз мемле­кеттерін халықаралық аренада таныстыру құқығына ие болады. Аталған келісім, мемлекеттер үшін міндетті түрдегі заңды салдарын әкеп соқтырмауы қажет. Әрине бұл түсініктің осылай­ша, біржақты болып айтылғандығына келісу қиын. Біздің пікірімізше, бұл мәселеге дифференциялық түрде жақындауымыз қажет және де әрбір нақты жағдайда, жүзеге асырылған келісімділіктердің мазмұнды сипатына, мәнісіне, сондай-ақ оның айтылу түріне назар аударғанымыз жөн. Белгілі бір дәре­жеде мағыналас критериялары, ауызша түріндегі халықаралық шартқа жеткендігі туралы куәлік етуі мүмкін, сонымен қатар міндетті заңды күші бола тұра, оның халықаралық шарттардың екінші түрі екендігін ұмытпауымыз қажет. Ал екінші жағынан бұл ережелерді дәлелдеудің өзінің жеткілікті күрделі екендігін мойындауымыз керек, мысалға ауызша әңгіменің нәти­жесі бойынша алып қарағанда. Сонымен, саяси ой туралы мәлімдеме санаты, халықаралық шарттарға, әжептәуір жақын; біріншіден, олардың айтылу формасы мағынасында. Алайда, маңызды тән бір айырмашылығы болып, мемлекеттердің мұндай мәлімдемелердің қорытындылары бойынша, заңды міндеттерінің жоқтығы болып табылады. Олай болса, олардың жарияланбауы кезіндегі жауапкершілігінің де, жоқ болуы да рас. Халықара­лық шарт, халықаралық құқықтың басшылық ететін негізгі түсініктердің бірі. Халықаралық шарттар құқығының теориясы мен тәжірибелік (практикалық) аспектілері, жеткілікті кең дамытылған, мысалға айтатын болсақ, халықаралық шарттарды бекіту рәсіміне, оларды қолдануға, талқылауға, тоқтатуға, заңды күшінің тоқтатылуына қатысты. Лекция курсының арнайы тарауында бұл мәселелер толығырақ қамтылады.

2. Халықаралық әдет-ғұрып.

Жоғарыда ескертіп айтып кеткеніміздей, қазіргі таңдағы ха­лықаралық тәжірибеде (практикада), халықаралық құқық субъ­ектілерінің арнайы қатынастарын, келісімді жолымен қалыпқа келтірудің тенденциясы байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық құқықтың ең маңызды қайнар кғзі болып табылады11. Халықаралық әдет-ғұрып, ха­лықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан, тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден- бұл субъектілері мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен заңды түрде міндетті екендігі мойындалады. Жоғарыда келтірілген дефиницияны айта отырып, негізгі екі критериясын шығаруға болады, (жалпығатанылған сипатына ие) - объективті және субъективті, бұл белгілердің жиынтығы ха­лықаралық әдет-ғұрыптың бар екендігі туралы айта алады. Осы екі элементтің барын, қалайша дәлелдеу қажет? Деген сұрағы бірден туады. Әрине мұны дәлелдеу өте қиын, дегенмен де әрбір нақты мәселесінде оның жағдайын есепке алу қажет, ха­лықаралық тәжірибесін зерттеу қажет. Осындай да, қандай сұрақтар тууы мүмкін? Мысалға алатын болсақ, Осы ережені қанша мемлекеттің қолданғаны қажет? Бұл- объективті белгісіне (критериясына) қатысты сұрақ. Қанша уақыт ара­лығына дейін? Оның біржақты қолдануы қажет пе әлде одан ауытқу кездеріне де жол беріле ме? Егер де мұның "иә"деген жауабы шығатын болса, оның қаншалықты дәрежеде болғаны қажет? Бұл ереже, кеңістіктің қай шеңберінде қолданғаны қажет және т.б. Субъективтік белгісіне қатысты да сұрақтары туады яғни мемлекеттердің санымен байланысты олар уақыт мөлшеріне сай, өздеріне міндетті ретінде, ережені субъек­тивті түрде мойындауы қажет және т.с.с., сондай-ақ, бір-ақ рет мойындаудың өзі жеткілікті ме12? Қойылған сұрақтарға ха­лықаралық құқықта жауаптарының дәл белгілері жоқ. Олардың шешімі біздің пікірімізше, ақиқи тұрғыдағы нақты жағдайларға байланысты болуы қажет. Халықаралық әдет-ғұрыптың барын дәлелдеудің мәселесіне орай, олар халықаралық шарттың негізінде не болмаса халықаралық ұйымдардың қарарларының не­месе ішкі мемлекеттік заңдардың іргесінде қалыптаса ала ма деген сұрақ туады. Халықаралық әдет-ғұрыптың құрылуының негізгі іргесі ретіндегі халықаралық шартқа қатысты сұрақтың өзі, бірінші рет көрінгенінен, мүлде дұрыстыққа кірмейтіндігі байқалады. Яғни егер де норманың, бұрында кәдімгі құқықтық әрекеті болған кезде, келісімді құқықтық куәландыру алған уақытында, ол әдет-ғұрып ретінде көрінбей, шарттың нормасы ретінде қолданыла бастайды. Алайда мұнда, бұл мәселеге өзге ракурста жақындау қажет. Мысалға А, Б,...Е мемлекеттері арасында халықаралық шарт жүреді делік. Норма­ларының бірі не конструкциясының әбден қалыптасқандығы сон­шалықты, осы шарттың қатысушылары болып табылмайтын арнайы мемлекеттер ішінде ғана өздерінің белгілі қатынастарын рет­теу кезіндегі міндетті ережесі ретінде, ұзақ уақыт бойы қол­данылып келеді. Мұндай жағдайда, соңғы мемлекеттерге қатысты халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптың қалыптасу фактісін айту қажет. Екі-жақты халықаралық шарттар, сол секілді сипатта шыға ала ма? Бұған "иә" деп жауап бере аламыз, дегенмен де ең басты шығушы тезисі болып, сол фактісі аталады. Мұндағы норма, сонымен бірге, белгілі мемлекеттер санымен қолданыла­ды және мойындалады. Осылайша, соларға қатысты ол әдет-ғұрып сипатына ие болады. Ал шарт бойынша шығушы екі-жаққа келер болсақ, мұндайда бұл норма оларға қатысты кәдімгі құқықтық емес келісімді ретінде жүреді. Ішкімемлекеттік заңдарды ай­татын болсақ, осында жоғарыдағы жағдайды келтіру, әлдеқайда күрделі болып түседі. Міндетті заңды күші жоқ халықаралық ұйымдардың құжаттарына қатысты, ең алдымен БҰҰ БА қарарлары, осында қалыптасатын ережелер негізінде ортақ қолданбалы тәжірибе көмегімен және де қоршаған мемлекеттер тарапынан заңды міндеттілікті мойындауы арқылы халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптар қалыптаса алады. Халықаралық құқықтық әдет-ғұрыпқа байланысты ең бір проблемалық мәселелердің бірі төменде айтылады. Жалпы әмбебаптық яғни бүкіл халықаралық қауымдастыққа қатысты және жергілікті, белгілі аудан шеңберінде қалыптасатын және мемлекеттер тобында құралатын сипаттағы әдет-ғұрыптар бар13. Мынандайбір сұрақ туады- Ал егер де сол бір не басқа бір мемлекет, халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптың қалыптасу процесіне тікелей қатыспаған жағдай­да яғни оны, қолданған тәжірибесіне қатыспаған және осы ере­жеге байланысты өзінің ойын алға салмаған жағдайда, оны басқа бір мемлекеттердің қолдануы туралы пікірін айтпаған жағдайда ше? Олай болса, сол ереженің оған қатысты қолданба­уы қажет. Келесі бір жағдай- Тәртіп ережесін қолданудың алғашқы процесстері өтіп жатқан кезде, сол бір мемлекеттің кәдімгі міндетті нормасы ретіндегі, сол ереженің қалыптасуы­наа қарсы келгендігін қандай да бір әдіспен көрсетуі қажет пе еді? Біздің пікірімізше, осы арада теріс жауаптың бер­геніміз жөн. Сол сияқты жоғарыда біз келтірген, бірінші сұрағымыздың жауабы өзгеріссіз қалады; сондай мемлекетке қатысты ереженің қолданбай қала беруі тиіс (оның мемлекетке қатысты өз позициясын көрсетпеген жағдайында да). Осы жерде мемлекеттер еркілерінің қатаң келісімділік қағидасы жүруі тиіс. Жағдай басқалай өзгереді; алғашқыда мемлекет, сол не өзге де әдет-ғұрыптың қалыптасуына мүлде қатыса алмаған кезі болған, бірақ та кейін оларға қалыптасқан кәдімгі норма та­рай отырып, сол қатынастарға қатысу мүмкіндігі туады. Мы­салға А мемлекетінің ғарыш объектілерін қолдануға байланысты қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ делік. Дәл сол қызметті жүзеге асырып отырған Б,В т.б. мемлекеттер халықаралық әдет-ғұрыптары ретінде танылған, белгілі бір тәртіп белгілерін шығарады. А Мемлекетінің енді болса, ғарыш объ­ектілерін ұшыруға мүмкіндігі туады, мұндағы кәдімгі құқықтық нормалар осы мемлекетке де таралуы қажет. Қорытындыға айта­рымыз, сондай-ақ, халықаралық әдет-ғұрып түсінігімен қатар "халықаралық әдеттелік" түсінігі бар. Ол да, мемлекеттердің халықаралық тәжірибесінде қайта-қайта қолданылатын тәртіп ережесі болып саналады, яғни мұнда, объективті белгісі көрінеді, алайда субъективті белгісі яғни ереженің заңды міндеттілігін мойындау жоқ. Осыған орай, оны сақтамаған жағдайда заңды жауапкершілік тумайды. Халықаралық әдеттіліктің тән бір мысалы дипломатиялық хаттама және эти­кет шеңберіндегі халықаралық нормалары бола алады.

3. Құқықтың ортақ қағидалары.

Халықаралық құқық доктринасында, бұл түсініктің айтылуына қатысты қалыптасқан ой-пікір бар. БҰҰ Халықаралық Сотының Статуты контекстісіндегі- Құқықтың ортақ қағидалары деп жалпы құқықтық сипаттағы әлдебір ережелерді түсіну қажет. Әйтсе де олардың шығу тегі әлемдік қауымдастық мүше-мемлекет­терінің ұлттық құқығымен байланысты. Дәл осы арадан реттеуші бастауларының ең негізгілері ретінде танылуы қажет. Сонымен мұндағы айтылар сөз, халықаралық құқықтың ортақ қағидалары жайында емес, құқықтың ортақ қағидалары туралы, яғни ішкімемлекеттік құқықтық жүйелердің болып табылады. Бұл жағдай, халықаралық құқықтың реттестіруші механизмінен бөлек орналасқан. Құқық теориясында мынадай бір ереже бар яғни ар­найы нормалар, жалпы сипаттағы нормалары алдында приоритетті күшіне ие . Бідің қарастырып отырған шеңбер төңірегіне қатысты осы ережені қолданудың толық негізділігі бар, оған сәйкес құқықтың ортақ қағидалары соған лайық мұндағы- арнайы норманың халықаралық мәніндегі құқықтың бар болған кезінде қолданбауы қажет. Халықаралық құқықта қолданылуға кіретін құқықтың ортақ қағидаларының қандай мысалдарын келтіруге бо­лады? Басқа субъектіге зиян келтірген жағдайдағы жауап­кершілікке тартылу қажеттілігінің қағидасы алдындаа айтылып кеткен ережеміз, арнайы нормалардың ортақ нормалар алдындағы приоритетінің бар екендігі туралы (әуелі қабылданғандардан гөрі, кейінгі нормалар күшінің приоритеттілік тәртібі қабыл­данған уақытында). Бұл, рим заңгерлерімен қалыптастырылған көптеген қағидаларының бірі:14 ешкімде, өзге біреуге өзінен артық құқықтарды бере алмайды, дәлелдеудің ауыртпалығы та­лап-арыз берген жаққа түседі т.б. Халықаралық соттың Стату­тында қалыптасқан, маманданған белгісі, сол секілді қағида­ларды өркениетті немесе мәдениетті ұлттар екендігін мойындау талабы болып табылады. Жалпы танылған пікірі бойынша, сол түсініктің ескіргендігі қазіргі халықаралық өмірдің ақиқаты­на жауап бермейтіндігі болса керек. Қорытындыға айтып ке­тетін болсам, құқықтың ортақ қағидалары халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде кейбір авторлармен өзара таласқа түседі15. Мұндай жағдайда шығатын ой- дұрыс тезисі, яғни бұл қағидалар халықаралық құқықтық нормалар адресаттарының нақты тәртіп ережелерін өзінде ұстамайды. Алайда осы тезистен шығатын салдары, таң қалдырады, соған байланысты құқықтың ортақ қағидалары халықаралық құқықтың қайнар көзі бола алмайды16. Бұл пікірмен келісуге өте қиын. Расында да құқықтың ортақ қағидалары жалпы жоспардың нормаларын өзінде шоғырлайды, алайда бұдан, олардың халықаралық құқықтың қайнар көздері бола алмайтындығын айта аламыз. Біздің ойымызша, құқықтың қайнар көзі нақты көрсетілген субъектілерге қатысты тәртіп ережелерін ұстауы, міндетті түрде қажет емес.