Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Жалпы бөлім

Дәріс 1. Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі.

Дәріс 2. Халықаралық құқықытың және халықаралық құқықтық ғылымның даму тарихы.

Дәріс 3.Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі.

Дәріс 4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.

Дәріс 5. Халықаралық құқық және мемлекеттік құқықтың арақатынасы.

Дәріс 6. Қазіргі замандағы халықаралық құқық субьектілері.

Дәріс 7. Халықаралық шарт құқығы.

Дәріс 8. Халықаралық ұйымдар құқығы.

Дәріс 9. Қазақстан- БҰҰ ның мүшесі. БҰҰның реформалау мәселесі.

Дәріс 10. Қазақстанның аумақтық экономикалық және халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы

Дәріс 11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

Дәріс 12. Адам құқығы және халықаралық құқық.

Дәріс 13. Дипломатиялық және консулдық құқық.

Дәріс 14.Халықаралық экономикалық құқық.

Дәріс 15.Мемлекеттердің қылмыспен күресу ынтымақтастығы.

Дәріс 16. Аумақ және басқа да кеңістіктер.

Дәріс 17. Халықаралық әуе құқығы .

Дәріс 18. Халықаралық теңіз құқығы.

Дәріс 19. Халықаралық ғарыш құқығы.

Дәріс 20. Халықаралық экологиялық құқық.

Дәріс 21.Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі.

Дәріс 22. Халықаралық гуманитарлық құқық.

Дәріс 23. Халықаралық дауларды шешудің халықаралық құқықтық құралдары.

АЛҒЫ СӨЗ.

Қазіргі кезде бүкіл адамзат ХХІ ғасырдағы өз болашағын айқындап, өзі жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер анағұрлым төмен жағдайда. Әсіресе, халықаралық қарым-қатынастар саласында.

Бұл салада тиісті дәрежеде тәртіп орната алмауы салдарынан адамзаттың бүкіл тарихында тартқан зардабы қымбатқа түсті.

Бүгінгі таңда мемлекеттік және ұлттық жалпы мүдделерді теңдестіру негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру процесі жүріп жатыр. Мұндай тәртіп кездейсоқ тууы мүмкін емес. Бұған мемлекеттердің саналы, мақсатты көздейтін ауқымды күш жұмсауы қажет. Бірақ халықаралық өмірде кездейсоқтық деңгейдің жоғарылауына жол берілмейді. Бір-біріне байланысты біртұтас әлем қармаласа қалыптасқандай.

Егер қазір әлем Шығыс пен Батысқа қарама-қарсы (биполярлы) жағдай мағынасында болудан қалса, оны бұрынғысынша - жоғары және нашар дамыған деп, екі топтағы елге бөлуге болар еді.

Солай бола тұра, жер шарын қамту процесі ретінде тұрақтылық мүмкіндігін туғыза отырып, осы процесс қазіргі әлем полюстерінің арасындағы алшақтықты тереңдете түседі. Бір жағынан бұл игілік полюсі де, ал екінші жағынан терроризм мен жоқшылық полюсі.

“Егер ғаламдастырудың жетістіктері мен жеңістерін тек жоғары дамыған елдің азғана тобы қызықтайтын болса, онда бұл қарама-қайшылыққа қақтығыстар мен жер бетіндегі өркениет соңғы және оның алдындағы жүз жылдықта бастан кешкендерге қарағанда әлдеқайда ауыр әлеуметтік катаклизмдер туындауына ұрындыратыны сөзсіз” – деп, айрықша атап өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БҰҰ-ның мыңжылдық Саммитінде сөйлеген сөзінде. (“Егемен Қазақстан”, 2000 ж. 8 қыркүейк).

Жаңа әлемдік тәртіп, әлеуметтік тұрмыстың барлық негізі саласын аясына сыйғызып, тегіс қамти алатын тәртіп екені барған сайын айқындалып келеді. Сөз – әскери-саясаттық, экономикалық, әлеуметтік экологиялық мәдениет және де құқықтық қауіпсіздік туралы болып отырғаны түсінікті. Болашақтың әлемдік бірлестігі тек қана ауқымды құқықтық бірлестік ретінде болжалады.

Бұл жерде де әлемдік бірлестік алдында тұрған шешуші роль атқаратын келелі мәселе бүгінгі таңда өркениеттің жоғары жетістігі деп танылып отырған, жалпы адамзатының игілігі және құқық тәртібінің құқықтық негізі - халықаралық құқық болуы тиіс. Халықаралық қарым-қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың басымдылығын мойындай келе, БҰҰ Бас Ассамблеясы өз кезінде ХХ ғасырдың соңғы он жылдығын халықаралық құқықтың он жылдығы деп жариялаған. Бұл мәселе жөнінде өз қарарында Бас Ассамблея оның принциптеріне құрмет көрсету, халақаралық құқық жабдықтарын, оның кондификациясын бейбіт жағдайда жетілдіріп, дамытуға рұқсат ету, халықаралық құқықты үйрену мен оқытуға мүмкіндік туғызу, халықаралық-құқықтық білімді кең тарату міндетін алдыға қойды. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына “Республика бекіткен, халақаралық келісім шарттардың оның заңдары алдында приоритеті бар (халықаралық келісім шартта оның қолданылуы үшін заң шығаруды қажет ететін жағдайдан басқаның бәрінде де) және тікелей іске асырылады” (4-б) – деген арнайы норма енді.

Қазіргі таңда халақаралық құқықтың реттеу жағдайы, Қазақстанның құқық жүйесіндегі оның орны, халықаралық келісім-шарт ынтымақтыстығы мен Қазақстан заңында халықаралық құқықтың бағалылығы тек қана халақаралық байланысқа тікелей қатысушылар үшін ғана емес, лауазымды және басқа да тұлғалардың кең шеңберінде ғана болжанбайды, оның мағынасы кең, өйткені ол қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында өз ықпалын жасайды.

Халықтармен мемлекеттер арасында қарым-қатынас жасаудың негізгі Ережесін білу - халықтық интернационалдық тұрғыда тәрбиелеу үшін, олардың әлем қоғамының бір бөлшегі ретінде сезінуі үшін қажетті мәдинеттің маңызды бөлігі. Ілімнің маңыздылығы – адамдармен қарым-қатынас жасау Ережесін игерумен бірдей.

Халақаралық құқық Қазақстандағы заң және басқа жоғары оқу орындарындағы құқықтану мамандығы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, мемлекеттердің делдалдық ризашылық келісімдерін белгілейтін нормасы ретінде құқықтық кещенмен дербес іс жасайды, ал мемлекетаралық қарым-қатынастар, сондай-ақ ішкі мемлекет саласында іске асырылады.

Халықаралық құқықты, оның негізгі түсініктерін, саласын, қолданудағы құқықтық актілер институттарын, сыртқы саяси құжаттарын оқып-үйрену болашақ мамандарды кәсіби қалыптасуға, құқықтық мәдениетке халақаралық құқықтық реттеудің барлық келелі мәселелерін талдай алуға үйретеді. Халықаралық кауіпсіздік жүйесін тегіс қамти алатын фактор ретінде және мемлекеттер аралық ынтымақтастық, сол сияқты әр түрлі мемлекет ішіндегі құқық пен халықаралық өзара іс-әрекет аспектілерін білуге баулиды.

Бірақ Қазақстанда осы аталған оқу пәні бойынша мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттердің жеткіліксіз екенін атап айтқан жөн.

Осыған байланысты, Қазақ мемлекеттік заң академиясы таяу жылдар ішінде халықаралық құқық пәнін тиісті қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Халықаралық құқық пәні бойынша ұсынылып отырған лекция курсы, алға қойылған мақсаттардың бірінің жүзеге асырылғандығы болып табылады. Халықаралық құқық бойынша лекция курсын Академияның халықаралық құқық ұжымы дайындап отыр. Олардың құрамындағы 70 пайызы жас оқытушылар – Академия жанындағы магистратураны бітірген және шет елдерде “Болашақ” бағдарламасы бойынша дәріс алған, Академия түлектері.

Халықаралық құқық пәнінің лекция курсы “Жалпы” және “Ерекше” деген бөлімдерге бөлінген. “Жалпы” бөлімде негізгі түсінік бер іледі және жалпы халықаралық институтына ерекше назар аударылады. “Ерекше” бөлімінде халықаралық құқық саласы қарастырылады.

Әрбір лекцияның соңынан арнайы әдебиеттер тізімі беріліп отырады.

Авторлар оқытушылардың пікірлері, сын ескертпелері мен тілектеріне құрметпен ризашылықарын білдіреді. Олар халықаралық құқық пәнінің лекция курстарының мазмұнын жақсарту жөніндегі жұмыстарға, жақын арада шығатын оқу құралдарына, ары қарай халықаралық құқық пәні бойынша оқулық шығаруда негіз болады.

Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының ректоры, з.ғ.д., профессор Нәрікбаев М.С.

Жалпы бөлім