- •1.1 Сән бағыты және модель таңдау
- •2015 Жылға арналған стилисттердің кеңесі:
- •1.2 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
- •1.3 Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
- •1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді кесте бойынша толықтыру.
- •2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі 2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
- •2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
- •3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау
- •3.3 Құрал-жабдық таңдау
3.3 Құрал-жабдық таңдау
Қазақстан қазіргі таңда киім өндірісіндегі технологиялық процесті қайта жабдықтауда. Жаңа технологияны енгізген өнеркәсіптер жақсы дамып, дағдарысқа төтеп бере алады. Осыған орай жеңіл өнеркәсіптің дамуы үшән, автоматтық жүйені және киім жобалау бағдарламаларын енгізу керек.
Тігін жабдықтарын өндеушілер өнімділіктің ұлғайуы шараларын жүргізуде. Жаңа құрылған тігін жабдықтардың бұрынғыға қарағанда ерекшелігі әмбебап және қосымша механизмдері бар, осыған орай үлкен технологиялық мүмкіншілікке ие.
Бұйым өңдеу мен түйіндерді өңдеудің технологиялық процесі әр түрлі операциялардан тұрады. Оның көбісі арнайы мамандырылған тігін машиналарында орындалады. Тігін машиналарын белгілі бір мақсатқа колданатын жартылай жэне жартылай автоматтандырылған машиналарға бөлуге болады. Әмбебап машиналарға әртүрлі тігісті орындауға қолданылатын кайықты сырып тігетін және торлайтын машиналар жатады. Белгілі мақсаттарға арналған машиналар белгіленген операцияларды орындайды. Оған уақытша көктеу, торлау, эрлейтін машиналар кіреді. Бұған бір жіпті сырып тігу, екі жіпті және үш жіпті торлайтын шынжырлы тігісті, бір жіпті жэне қайықты көрінбейтін тігісті машиналар кіреді. Тігін құрал -жабдықтарының тізбегі мен технологиялық сипаттамасы 15-кестеде көрсетілген.
Өндіріске тігін машиналарының әр түрін көп мөлшерде енгізілуіне уақыты аз болады.Ілгектерді қолмен торлау уақыты 20-30 минутқа созылса, машинамен торлау уақыты небәрі 8-9 секунд болады.
Барлық тігістерді орындау үшін түрлі машиналар қолданылады: әмбебап, арнайы, арнайы ыңғайланған және арнайы жартылай автомат. Арнайы тағайындалған әмбебап машиналарға түрлі тігістерді тігетін: сыру, өңдеу және уақытша біріктіру операцияларды орындауда қолданылатын қайықты тігісті машиналар жатады.
Нақты тағайындалған арнайы машиналарға нақты атауы бар операцияларды орындайтын: уақытша біріктіру (көктеу), өңдеу (өрнектеу) машиналары жатады. Бұл машиналарға бір жіпті тігісті, екі жіпті және үш жіпті шынжырлы тігісті, кестелеу және тағы басқалар жатады.
Арнайы ыңғайланған машиналарға универсальді және арнайы машиналарды конструктивті өзгерту арқылы орындалатын өңдеу операцияларын орындауға ыңғайланған машиналар жатады. Бұл машиналар жеңді тігуге, бүйір тігістерді және аралық қабаттың тігістері үшін қолданылады.
Жартылай автоматты машиналарға бекіткіштер мен ілмектерді дайындауға, фурнитураны тігуге түймелер, ілмектер , манжеттерді, қақпақшаларды, жағаны, қалталарды тігу жатады.
Кесте 4 – Машинаның технологиялық сипаттамасы
№ |
Құрал-жабдықты дайындаған кәсіпорын |
Машина класы,түрі |
Тігістің түрі |
Негізгі біліктің айналу жылдамдығы, мин |
Тігісің ұзындығы |
Мата жылжытқыш механизмі |
Ине (ГОСТ 22249761) |
Жіп |
Өңделген мата |
Мата қалыңдығы,мм |
Берілген қосымшалар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1 |
ПМЗ бір инелі |
2861 |
301 |
4000 |
1,3-4,5 |
Төменгі және жоғарғы тісті рейка, ине ауытқуы |
№90 0203, №100 0203 |
№40,50 |
Қиғаш таспа дана |
5-ке дейін |
|
2 |
TYPICAL ( Қытай) |
GT 670-01 |
305 |
3500 |
1,3-4,5 |
Төменгі және жоғарғы тісті рейка, ине ауытқуы
|
№90 0203, №100 0203 |
№40,50 |
Қиғаш таспа дана |
4-ке дейін |
|
3.4 Ылғалды жылумен өңдеу ( ЫЖӨ) құрал – жабдықтары.
Жабдықтарды тиімді қолданудың алғышарттары-бұл ЫЖӨ-дің технологиялық талабының есепке алынуы,беріген тәртіптік параметрлерінің орындалуы,жұмыс материалдар ортасының біркелкі және тиімді әсері және бағдарламаның орынды бейімделуі.
Қазіргі кезде ылғалды-жылуды бумен өңдеудің түрлеріне электрлік пресс,булық немесе аралас қыздырылатын жастықтар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар,үтік,каландр,булыәуелік манекендер,бүгу немесе бөлшек шеттеріне пішін беру аппараттары пайдаланылады.
ЫЖӨ құралдарын эксплуатациясы кезінде материалға энергетикалық әсер үдерістің әрбір сатысында көрсетілген талаптарға сәйкес болу қажет. Осы талаптар негізінде полимерлі материалдардың деформациялық,су ұстағыштық және басқа қасиеттері мен жылудың,ылғалдың және деформациялық күштің әсері кезінде олардың өзгеру сипаттамасы анықталынады.
ЫЖӨ үдерісін зерттеудің кинетиклық әдісі жылу-салмақ алмастыру шартының энергия шығыны мен сапа дәрежесінің үйлесімді көзқарасымен таңдауды ғылыми дәлелдеуге және өнеркәсіптің ұйымдастырушылық-технологиялық талабы мен бірге олардың тұрақты ету жолымен анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте - 4 Үтіктің ЫЖӨ тәртібі
Үтік түрі |
Үтіктеу температурасы |
Үтіктеу уақыты,сек |
Ылғалдануы,% |
1 |
2 |
3 |
4 |
УТП – 2ЭП |
150-ге дейін |
60 |
15-20 |
CS-392 |
150-160 |
60-70 |
10-15 |
