Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перизат срс.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Мб
Скачать
☆

2015 Жылға арналған стилисттердің кеңесі:

Киім таңдағанда, табиғи материалдан тігілгенін алған дұрыс. Олар қымбат көрініп, пішінін жақсы сақтайды.

Жалпы, 2015 жылдың сән үлгісінде кербездік пен әсемдік көрініс табады. Сонымен бірге жаңа топтамаларда, суреттерінен байқалатындай, ұстамдылық та ұмыт қалмайды. Маусым стилі көбінесе қалалықтардың ғана көңілінен шығады деп сипаттауға болады. Алайда ауылдық жерлерге лайық киім нышандары да байқалады. Бір сөзбен айтқанда, 2015 жылдың сән үлгісі бойынша, жарқырап, батыл киінген дұрыс. Десек те, кербездік пен әсемдік, жайлы естен шығармаған жөн.

1.2 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар

Тігін өнеркәсібінде киімдер кызметіне қарай тұрмыстық және өндірістік киім болып бөлінеді. Мен таңдаған бұйым қызметіне қарай тұрмыстық киімге жатады. Тұрмыстық киімнің эксплуатациялық талабы бойынша: сырт киім; қолданылып киілуіне байланысты: жакет; бұйымның жынысы мен жас ерекшелігіне қарай: қыз балаларға арналған; маусымдық белгісі бойынша: маусымаралық; функциялық белгісіне қарай: күнделекті киетін; киімнің дайындалған материал талшығының түріне қарай:матлассе Тұрмыстық киімге қойылатын талаптар: тұтынушылық және өндірістік талаптар. Киімдердің бұл көрсеткішке сай келуі маңызды болып саналады.

Тігін бұйымдарын таңдауға байланысты, тұтынушы талаптарына эстетикалық, гигиеналық, эксплуатациялық талаптар кіреді.

Таңдалған жакеттің эстетикалық талабына: модельдің жобалануы, бұйымның қазіргі заман талабына сай стильдік талапқа жауап беруі, сыртқы бейнесінің сәнділігі мен әдемілігі жатады. Сонымен қатар, материалдың сыртқы түр - түсі, өңделуі мен безендірілуі де осы талапқа сай келеді.

Гигиеналық талаптар бойынша бұл жакет матлассе матасынан тігілген. Матлассе матасы өте жұмсақ, қозғалысқа ыңғайлы болып келеді. Оның ауа өткізгіштігі өте жоғары, су сіңірмейтін, желден қорғайтын, кір мен шаңды жұқтырмайды, кебу жылдамдығы өте жоғары. Бұл матадан тігілген киімдер суық та емес, ыстық та емес өте жайлы. Эксплуатациялық талабы бойынша үйкеліске төзімді, қыртыстанбайды, жууға төзімді, ұзақ киюге шыдамды. Жакет қозғалысқа ыңғайлы, адамның жүріп-тұруына, қозғалысына ешбір кедергі жасамайды, жеңіл киіледі. Өндірістік талаптарға технологиялық, конструкциялық, экономикалық талаптар кіреді.

Технологиялық талабы бойынша жиынтықты пішу, тігу, орындау сапасы жоғары. Бөлшектерді жинау кезінде жоғары сапалы, дәлдікті талап ететін өңдеу әдістері қолданылады.

Конструкциялық талабы бойынша пішкен кезде өлшемдері дұрыс, үлгісі лекало арқылы пішілген, бөлшектер адам денесіне қонымды және киімнің ыңгайлы болуы қамтамасыз етілген.

Экономикалық талабы бойынша бұйымды дайындау кезінде өңдеу уақыты, модель конструкциясы, технологиялық мата шығыны, өндіріс шығыны аз болып табалады. Материалдың қызмет ету мерзімі ұзақ, киім тазалауға жеңіл. Бұйым бағасы орта топтағы адамдарға арналған, бағасы қолайлы.