- •1.1 Сән бағыты және модель таңдау
- •2015 Жылға арналған стилисттердің кеңесі:
- •1.2 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
- •1.3 Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
- •1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді кесте бойынша толықтыру.
- •2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі 2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
- •2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
- •3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау
- •3.3 Құрал-жабдық таңдау
2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі 2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
Киімде ең бастысы қандай матадан жасалғандығы маңызды орын алады.Киімдер бірінші кезекте денсаулыққа қауіпсіз және ыңғайлы болуы керек, сондықтан табиғи матаға көп көңіл бөледі. Негізінен, таза мақта матасынан жасалған киімді таңдау қажет. Ал, түске келер болсақ, ашық түс адамды толық етіп, ал қоңырқай түстер керісінше көрсетеді.Балалардың түстерді қабылдауы табиғи ортамен байланысты қалыптасады. Сонымен қатар матаның жолақтарына да мән берген дұрыс. Көлденең жолақтар денені ұзартып көрсетеді, тік жолақтар жуандатып көрсетеді.Бұл ірі жолақтарға байланысты айтылады. Ұсақ, жиі жолақтар мата бетінде біртегіс сызықтар әсерін береді. Матаның физикалық қасиетіне ылғалдылық, гигроскопиялық, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, су өткізгіштік, шаң өткізгіштік, электрлік, жылу сақтағыштық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетіне қойылатын талаптар, матаның тағайындалуына оның талшықтық құрамына, құрылымына, өңделуіне байланысты анықталады. Матаның суға қарсылығын ұлғайтып, оған су сіңдірместік қасиет беру үшін оларды әртүрлі су жұқтырмайтын, су сіңдірмейтін өңдеулерден өткізеді. Геометриялық қасиет деп материалдардың қалыңдығын, енін, ұзындығын және салмағын сипаттайтын қасиеттерді айтады. Геометриялық қасиет олар белгілі бұйымға арналған материалды таңдауды, тігін өндірісінің кейбір үдерісінде материалдың бағытын, сонымен қатар, киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын, эксплуатациялық көрсеткіштердің қатарын анықтайтын болғандықтан тігін өндірісі үшін маңызы зор. Қалыңдық – қалыңдық өлшейтін құралда белгілі қысымда өлшенген, материалдың өң бет жағы мен теріс жағының арақашықтығы. Материалдың қалыңдығы оның киімге сәйкес тағайындалуын анықтайды. Материалдардың қалыңдығы олардың қаттылығы, ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі, жылылықты өткізбеушілікті, сонымен қатар, бұйымға арналған материалдарды таңдаумен және оның эксплуатациялық сапасымен байланысты басқа да қасиеттеріне тәуелді. Бұдан басқа, материалдың қалыңдығы киімді дайындаудың технологиялық параметрлерінің қатарына әсер етеді: одан құрастыру кезіндегі қосымша мөлшері, сонымен бірге тігіс құрастырмасы және ені тәуелді болады. Киім бөлшектерін пішу кезінде материалдың қалыңдығынан тігін машинасында материалдың қозғалысына жұмсалатын күштің және жіптің шығынына тәуелді. Таңдалған жакеттегі мата қалыңдығы 0,14-0,80. Физикалық қасиетке: ылғалдылық, гигроскопиялық, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, су өткізгіштік, шаң өткізгіштік, электрлік, жылу сақтағыштық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетке қойылатын талаптар, матаның тағайындалуына, оның талшықтық құрамына, құрылымына, өңделуіне байланысты анықталынады. Гигроскопиялық – матаның қоршаған ортадан ылғал сіңіру қасиеті. Матаның гигроскопиялығы ауаның 100% салыстырмалы ылғалдылығы мен температурадағы материалдық ылғалдылығымен анықталады. Таңдалған бұйымдағы жакеттің гигроскопиялығы 4% -тен кем емес, Материалдардың ауаны, буды, суды, шаңды өз бойынан өткізу қасиетін өткізгіштік деп атаймыз. Ауа өткізгіштік – материалдан бұйымның өз бойына ауа өткізу қабілетін айтады. Жакеттегі матаның тығыздығы су жұқтырғыштың сіңдірмелерімен өңделгені, сондықтан да оның ауа өткізгіштік қасиеті төмен болады. Бу өткізгіштік – адам денесінен бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілетін айтады. Бу матадағы саңылаулар арқылы өтеді немесе саңылаулар арқылы өтеді немесе материалды өзінің гигроскопиялық қасиетінің арқасында киім астындағы ауадан буды сіңіріп алады, оны қоршаған ортаға береді. Шаң сыйымдылығы талшықтың құрамына, тығыздығына, өңделуіне және матаның оң бетінің сипатына байланысты болады. Таңдалып отырған жакеттің шаң сыйымдылығы жоғары. Жылу өткізгіштік – матаның белгілі бір мөлшерде жылу өткізу қабілеті. Материалдардың құрылымы күрделі, талшықтармен және ауамен толтырылған кеуектерден тұрады. Жылу өткізгіштік – материалдардың екі жағында температура айырмашылығынан бұйымның жылу өткізу қабілеті. Жылусыйымдылығы – материалдардың температураны жоғарлатқандағы жылуды жұту қасиеті. Жылусыйымдылығы – материалдардың маңызды жылу физикалық қасиеттеріне жатады. Жылусыйымдылық көрсеткіші жоғары материалдардың жылу сақтау қасиеті жоғары материалдарға қарағанда басым болады. Матаның механикалық қасиеттері. Матаны тартқандағы беріктігі – оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Матаны тартқандағы беріктігі дегеніміз – оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті. Материалдардың қаттылығы – матаның өзіне берген формасын сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа қарама – қарсы қасиет жұмсақтық болып табылады. Материалдардың ылғалдың әсерінен сызықтық өлшемінің қысқартылуы – отыру деп аталады. Материал ылғалды – жылумен өңдеуде ғана емес, сонымен қатар, жарықтық ауа – райымен және атмосфералық ылғалдың әсерінен де отырады. Матаның отыруы талшықтық құрамына байланысты, жуудың әсерінен матласе матасының отыруы МЕМСТ 30157.4-95. Материалдардың тігін бұйымдарында берілген бөлшектерімен пішінді қабылдау және белгілеу қабілеттілігін пішін қалыптастыру қасиеті деп атайды. Материалда бұл қасиеттің көрінуі кеңістікті пішінді иемденетін киімде оларды қолданудың өте қажетті шарты болып табылады.
