- •1.1 Сән бағыты және модель таңдау
- •2015 Жылға арналған стилисттердің кеңесі:
- •1.2 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
- •1.3 Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
- •1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді кесте бойынша толықтыру.
- •2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі 2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
- •2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
- •3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау
- •3.3 Құрал-жабдық таңдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қыз балаларға арналған классикалық стильдегі көйлек.
Орындаған: Саттар.П
Тобы:ТКШИ 12-14
Тексерген: Кучарбаева Қ.Ж.
Алматы 2015
Жоспар:
Мазмұны
Кіріспе
1. Модельді таңдау және бұйымды дайындау процесінің технологиялық құжаты
1.1 Сән бағыты
1.2 Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
1.3 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
1.4 Бөлшектердің спецификасы
2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі
2.1 Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
2.3 Уақ-түйек таңдау және жіппен біріктіру
3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау
3.1 Өңдеу әдісін таңдау
3.2 Түйінді өңдеу тәртібі
3.3 Құрал-жабдық таңдау
3.4 Ылғалды жылумен өңдеу құрал-жабдықтары
4. Бұйымды дайындаудың технологиялық операция бірізділігі
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер
Кіріспе
Тігін өнеркәсібі – киім және тағы басқа тігін бұйымдарын өңдіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және жасанды былғары мен елтірі, әртүрлі фурнитуралар мен әрлеуіш бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым (арнайы киім, ведомствалық киім) шығаруды қамтамасыз етеді. Тұтынушылар нарығын тігін бұйымдары және тауарларымен толықтыруда тігін өндірісі маңызды орын алады. Тігін өндірісі екі негізгі учаскілерге бөлінеді: материалды өлшемге сай келтірумен (пішу) және келтірілген өлшемдерді өнім түріне келтіріп тігу. Қазіргі кезде тігін учаскілеріндегі автоматтандыру тігін машиналарының автоматты басқару жүйесінде микропроцессорлы жабдықталған қондырғылар қолдануды қажет етеді. Бұл жүйеде тігін іс – әрекетін қатаң программаға сай жүргізуді қамтамасыз етеді, яғни басқару жүйесіне бұл программаны енгізу, алынған өнімнің сапасында, жоғары дәрежедегі көрсеткішке ие. Дүние жүзінде өндірістің дамуы жеңіл өнеркісбінен басталған. Батыс Азия және басқа елдерде дамып келеді. Тігін өнеркәсібіндегі қалыптасқан технология әрбір өндіріс салаларында басқарушы операторларды қажет етеді, сондықтан бұл тігін өндірісінде роботтандыруды дамытуды тежейді. Тігін өндірісінде маңызды іс – әрекет болып табылатыны автоматтандырылған өлшемге сай пішу болып табылады, яғни тігілген өнімді ылғалды – жылуды қалыпқа келтіру, детальдар пішініне сай қалыпқа келтіру. Автоматтандырудағы күрделі шешімдер жасанды тері мен көп өлшемді пленкалы материалдар жасауда да шішімді табуда дайындау, қаптау қалыңдығын бақылау, жылулық өңдеуде көрініс табуда. Тігін өнеркәсібі соңғы кездерде болған дағдарыстық жағдайдан шығуда. Соңғы жылдардағы тігін өнеркәсібінің маңызды жетістіктері бұл – жаңа әртүрлі тігін машиналарын жартылай автомат және автомат тігін қондырғыларының тез дамуы болып табылады. Осыған байланысты көп жоғары сапалы бұйымдар өңдіріледі. Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім ассортиментін, киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті. Тігін саласы кәсіпорындары арасындағы шаруашылық байланыстар, тігін өнеркәсібіне қатысты көрші салалармен байланыстар қайта жаңғыру үстінде. Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына лайық өнеркәсіптің жаңа құрылымдарын қалыптастырудың белсенді үдерісі жүріп жатыр. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салаларын арнайы қолданудағы бұйымдармен (жұмыс киім, әскерге арналған киім, т.б қамтамасыз етеді.) Өнеркәсіптік кәсіпорындардан басқа, халықтың жеке тапсырыстары бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар киім дайындаумен айналысады. Жаппай өндірісте киім шығаратын кәсіпорындарда техника мен технологияның, өндірісті ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Сондықтан осы кәсіпорында жұмыс істейтіндерге жоғары талаптар қойылады. Төмен біліктілікті мамандықтар жойылып, жаңа құрал-жабдықтарға байланысты мамандықтар пайда болып келеді. Тігін өндірісінің технологиясы одан сайын механикаландырылуда, оның тиімділігі арнайы машиналар мен ылғалды-жылумен өңдеуге арналған жабдықтарды қолдануына байланысты. Қазіргі таңда тігін өндірісінің технологиясы бойынша оқу бағдарламалары да өзгерді, себебі бітірушілердің, болашақ мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар жоғарылап келе жатыр. Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік пен теориялық білімді, іске шығармашылықпен қарауды талап етеді. Олай болса тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек білікті мамандар арқылы шешімін таппақ.
Адам көркі шүберек ағаш көркі жапырақ демекші адам өмірінде киімнің алар орны ерекше. Әр халықтың салт дәстүріне мәдениетіне байлынысты өз ұлттық киімі болады. Барлық уақытты қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өз ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (модамен) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Жеңіл өнеркәсіп- халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата іш және сырт киімдік трикотаж, аяқ-киім ,тігін және галантерия бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары-мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, аяқ киім былғары және аң терісі бұйымдыратын салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты-тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді- жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету.
Жеңіл өнеркәсіп- материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала-мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік(мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн ,жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.
Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған.
1.1 Сән бағыты және модель таңдау
Сәнді мойындауға да,мойындамауға да, таңдануға да, ренжуге де , жасаушы да, құлы да болуға болады, бірақ та сәнге қатыссыз қалу мүмкін емес. Демек, сән дегеніміз- қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (модамен) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сән (мода) – латын сөзі (modis – өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді). Сән – белгілі немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажеттілік зат. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы және перспективалы.
Кэжуал (ағылшынша Casual) – ыңғайлы киім стилі, күнделікті киім үлгілері. Ұлыбританияда, дәлірек айтсақ, Шотландияның Абердин қаласынан бастау алған. Бұл стильдің ең басты қағидасы – киімнің қолайлы болуы. Кэжуал көшеде киюге бейімделген, еш субмәдениетке не жоғары сәнге жатпайтын киім түрлері. Кэжуал стиліне жататын киім үлгілерінің түрлері өте көп.
2015 жылдың сән үлгісі өткен ғасырдың 80-ші жылдарын еске салады.
Үлкен бант тағылған әдемі әрі романтикалық кеудешелер, кең балақты шалбарлар, шашақтармен өрнектелген трикотаж бұйымдар сәнге еңбек.
Материалға қатысты айтар болсақ, 2015 жылы, әсіресе, жібек, барқыт, вельвет және кашемир үлкен сұраныс тудырмақ. Ал түстеріне тоқталсақ, қою қызыл, қызғылт сары, күлгін, күңгірт қызыл түстерге баса назар аударған жөн. 2015 жылы ақ пен қара түс те сәннен қалмайды.
Ә
лемдік
сән индустриясының алыптары қой жылы
алтын, қара, көк, жасыл, қызыл, сары, қоңыр
түстерді ұсынып отыр. Сондай-ақ, бұл
жылы классикалық ақ пен қара түстер де
сәннен шықпайды,- дейді олар. Айтуларынша
қой жылы етегі кең әрі ұзын, грек
стиліндегі, годе, белдемше,
шілтерлі, органза гүлді және тастармен
безелдіріліп тігілген көйлек кию
керек.
Сонымен
қатар дизайнерлер қой жылы қысқа етекті
көйлектер де сәннен шықпайтынын айтады.
Мен өз моделімде классикалық стилдегі офистік көйлекті таңдадым. Сондықтан да жаңа сән ағымын осы ассортиментке сай қарастырамын. Бүгінгі таңда көйлектер әйелдер гардеробының бүтін бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Көйлексіз әйел өмірін елестету мүмкін емес. Қысқа, ықшамды әрі қатқыл 1940ж. Стильдегі көйлектер,қынамалы пен түзу алдағы маусымның ең үздік тренді ретінде кқптеген сәнді топтамалардан көрініс тапты. Өзінің ықшамдылығы мен қарапайымдылығына қарамастан, талғампаздылық пен кербезділіктің бір көрінісі болды
