Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос экзамены.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.28 Кб
Скачать

Одақтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары

      Одақ өзінің қызметін осы Шартқа сәйкес оған мүше мемлекеттер берген құзыреті шегінде:       мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі мен олардың аумақтық тұтастығы қағидаттарын қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтеу;       мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу;       Тараптардың өзара пайдалы ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету;        нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;       өтпелі кезеңдер аяқталғаннан кейін кеден одағының алып қоюсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуі қағидаттары негізінде жүзеге асырады.Мүше мемлекеттер Одақтың өз функцияларын орындауы үшін қолайлы жағдай жасайды және Одақ мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін шаралардан қалыс қалады.

  1. Одақтың негізгі мақсаттары:       мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау;       Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу;       жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

ӨӨӨӨӨӨӨ

Өндіргіш күштерді орналастыру қағидалары мен факторлары

Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады. Өндіргіш күштерді орналастыру – 1) өндірістің заттай құрамбөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады; 2) өнеркәсіпауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары – пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады. Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу.