- •Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •Аймақ экономикасын сипаттайтын жалпы экономикалық көрсеткіштер
- •Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Аймақ экономиканың қаржылық механизмi
- •Аймақ экономикадағы бюджетті қалыптастыру қағидалары
- •Одақтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары
Аймақ экономикадағы бюджетті қалыптастыру қағидалары
Аймақтардың қаржылық жағдайын бағалағанда аймақтың дамуы көрсеткіштеріне сүйенеміз.
Аймақтық даму дегеніміз – бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері:
Жан басына шаққандағы аймақтық өнім, ұлттық табыс;
Жеке материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі;
Аймақ тұрғындарының өмірлерінің ұзақтығы;
Табыстардың дифференциялануы деңгейі; 5. Аймақ тұрғындарының денсаулық деңгейі;
6. Аймақ тұрғындарының білім деңгейі.
БҰҰ елдердің даму деңгейін салыстыру мақсатында адамның даму индексін қолданады. Бұл индекс 0,1 ге тең болады және оны есептеу үшін 3 экономикалық даму көрсеткіштері қолданылады:
Туылған кездегі күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы;
Интеллектуалдық әлеует – халықтың сауаттылығы, оқудың орташа ұзақтығы;
Валютаның сатып алу қабілеті мен табыстың шекті пайдалылығының төмендеуін ескере отыра есептелінген жан басына шаққандағы табыс.
БББББББ
Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
Қазақстанның (унитарлы) бюджеттік жүйесі екі буынды қамтиды.:республикалық және жергілікті
ҚР да бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен қатар құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджетті белгілейді:
1республикалық
2облыстық
3 аудандық
Аймақтар бюджетіне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағалық өсу және т.б. факторлар әсер етеді. Аймақтық бюджет ҚР ның бірегей бюджетінің дербес буыны. Аймақтық бюджет механизмі ҚР ның Конституциясы, арнайы бюджетпен жасалынған заңнамалық нормативтік актілер т.б. заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті атқарушы органға жүктелген мақсаттарға сәйкес жергілікті бюджет арқылы жергілікті бағдарламалар жүзегеасырылады.(мәдени, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім, денсаулық, коммуникация)
Бюджетаралық қатынастар бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзегеасыру жөніндегі негізгі құрал. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететіндей, өзара қарым қатынастың тұрақтылығымен айқындылығы қағидасына негізделген және тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.
ЕЕЕЕЕ
Евразиялық Экономикалық Одақта экономиканы басқарудың негізгі міндеттері мен әдістері. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы 1994 жылғы ұсынысын ТМД елдерінің басшылары бірден қабылдаған жоқ. 1995 жылдан 2000 жылға дейін өзара ынтымақтасудың оңтайлы жолдарын іздеу істері жалғасып жатты. Жаңа ғасырға аяқ басқызған 2000 жылы ТМД елдері тәуелсіз мемлекеттер ретінде әбден қалыптасып, халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшелеріне айнала бастаған. Оның үстіне экономикада да тұрақтылыққа қол жеткізіліп, ұзақ жылдар бойы еңсені басқан дағдарыс еңсеріліп, дамудың оң көрсеткіштеріне қол жете бастады. Бірақ көршілес елдер бір-бірінің дамуына ықпал ететін интеграциялық құрылымдар ұйымдастырғанда ғана экономиканың өрістеуіне кең жол ашылатынын білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы белсенді әрекеттерін жалғастыра берді.Сол әрекеттердің нәтижесінде 2000 жылдың 10 қазанындағы Астана қаласында болған саммитте Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісімде қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тығыз әрі тиімді жүргізудің тұжырымдамасы бекітілген еді. 2003 жылдың аяғында ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесін алып, халықаралық деңгейде танылуға қол жеткізді. Бүкіләлемдік сауда ұйымының нормалары мен қағидаттарының негізінде жұмыс істейтін болды. Ал оның ең түпкі мақсаты – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа өту.
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітсе, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшке енеді. Тарихы Еуропалық Одақ интегрцаиясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған,[3][4] бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді
Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады
Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы
