Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос экзамены.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.28 Кб
Скачать

«Аймақтық экономиканы басқару» пәні бойынша

АААААААА

Аймақтық экономиканың құраушы бөлігі

Аймақтар экономикасы - бұл өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын ел аумағындағы әлеуметтік экономикалық үрдістерді және оның аймақтарын табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым.Аймақтың құрамдас бөлігі ретіндегі рөлі тұрақтылықты, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, оны жетілдіру мен индустрияландыру жетістіктерін сақтаудағы жүзеге асқан стратегиялық міндеттерді есепке алу арқылы белгіленуі тиіс. Аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың негізгі мақсаты – халықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету және оны тұрақты, ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен барлық ресурстарды тиімді пайдалану негізінде үнемі, үздіксіз жоғарылату.

Аймақтар экономикасы ғылымы 20- ғасырдың 50-ші жылдары батыста қалыптасты. Бұл ғылымды ұйымдастырушы белгілі ғалым У. Айзарт, ал аймақтық экономика ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: Гранберг, Некрасов, Добрынин, Алаев, Маршлов, Новоселов. Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз - біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы. Аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу. Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының даму деңгейінің қазіргі жағдайы.Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады.

Артта қалған аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар мен аймақтық саясаттың табыстылығы көп жағдайда қржылық қолдау көрсету нысандары мен шарттарына жауап беретін аймақтардың типологиясына таңдалынған тәсілдемелерге байланысты болады. Қазақстанның облыстарын дәстүрлі түрде аумақтық-климаттық белгілері бойынша – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан деп бөлінуі қаржылық көмек көрсету мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Бір топтағы әрбір облыстың әр түрлі табиға, демографиялық, тарихи, мәдени және өзгеде жағдайлар тән, экономиканың әр түрлі құрылымы мен сан алуан экономикалық әлеуеті бар, сондықтан мәселелері де әр қилы болып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.- екендігін атап көрсетті.

Соған орай, еліміздегі аймақтардың дамуын жетілдіру мақсатында келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрыпталған мемлекеттік қолдаумен үйлесімдігі;

  • институционладық, нарықтық инфрақұрұлымдардың аймақтық пен жалпы республикалық тауар, еңбек және капитал нарықтарының дамуы мен оның күшеюі;

  • артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшін материалдық негіздер құру;

аймақтардағы халықтың тұрмыс деігейі мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды теңестіру, әлсіз дамыған аймақтардағы экономиканың және әлеуметтік саласының депрессиялық жай күйін еңсеру.

Осы жоғарыда ұсынылған міндеттерді, аймақтық саясатты жүргізу арқылы мемлекеттің реттеуі нәтижесінде аймақтың дамуын ілгерілетіп алдағы уақытта оң нәтижелерді көрсетуі ықтимал.Ал, Аймақтық саясат дегеніміз- мемлекеттің жалпы саясатының құраушы бөлігі ретінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стартегиялық мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізу және тіршілік әрекетінің аймақтық факторларын тиімді қолдануға бағытталған. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты халықтың тіршілік әрекеті үшін бірдей мүмкіндіктер беру, еңбекті аймақтық ұтымды бөлу және аймақтың өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаттардың қалыптастырудың негізінде әрбір аймақтың ресурстық-өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. Аймақтық саясаттың қоғамдық-саяси мақсаттары да бар. Олардың бірі Қазақстанның мемлекеттілігін және ұлттық қауіпсіздігін нығайту. Елдің біртұтастылығын жіне бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы

Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады. Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс.Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап ,сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.

Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет.Оларға жататындар төмендегілер:

  • еліміз аймақтарының табиғи- климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты,саласы және ауқымы.Ьұл фактор тек ауыл шаруашылық,сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес,өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

  • аймақтың орналасуының “ күрделі “ жағдайы,соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды.Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына ,оның эканомикалық даму деңгейіне ықпал етеді;

  • инновация негізу жағынан артта қалуы,өндірістің ескі құрылымы ;

  • елдің эканомикалық даму тенденциясы;

  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

  • институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы,аймақтың даму тарихы және тағы басқа;

  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт,көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы не жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамассыз етілуі ,өндірістік инфрақұрылым;

  • әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі,ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.

  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды “тегістеу” саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе- теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік ,эканомикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

Нарықтық эканомикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық эканомиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса,басқасында эканомикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.

Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының эканомикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аумақтық дамуды басқару болып табылады