Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
514148e8bcb01.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.6 Кб
Скачать

« Астана Медицина Университеті» АҚ

Форма № РП-03.3.3-2011

Дата издания:

Еңбек гигиенасы, коммуналды гигиена және ТҚН кафедрасы

Дата ревизии:

Ревизия #:

Стр 14 из 14


«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі жөніндегі

проректор_______

м.ғ.д.,Г.Ә.Жаксылыкова

«____»___________2012ж.

Жұмыс бағдарламасы

«Балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру» элективті пәні бойынша

051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған

Дәріс _ 15 (сағат)

Практикалық

(семинарлық) сабақ _ 30 (сағат)

ОСӨЖ ____ 45 (сағат)

СӨЖ __45 (сағат)

Емтихан (сынақ)_____8

(семестр)

Барлық сағат саны __ 135(сағат)

Курс ___ 4

Семестр- 7-8

Астана, 2012 ж.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Профилактикалық медицинаның басты міндеттерінің бірі өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтау және нығайту. Бұл сұрақтың шешімі көбінесе тамақтанудың, әсіресе, балалардың профилактикалық тамақтанудың оптимальды шарттарын қалыптастырумен анықталады.

2.2 Пәннің мақсаты: осы циклдің мақсаты студенттерде теориялық және тәжірибелік білімді, балалар мен жасөапірімдердің тамақтануы туралы гигиеналық білімнің негізін қалыптастыру. Студентерде балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру саласындағы бағыттар жөнінде нақты көзқарас қалыптастырып, дағдыландыру.

2.3 Міндеттері: зерттелінетін пәндер жағдайын санитарлы-гигиеналық өзіндік бағалауға дағдыландыру және оқыту. Балалар организміндегі дамудың, негізгі заттар мен энергия алмасуының бағыттарын анықтап, үйрену. Соның нәтижесінде маңызды профилактикалық және денсаулықты нығайту шараларын ұйымдастырып, жүргізу. Жүргізілетін шаралардың қарқындылығын бағалау.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білу керек:

  • ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы заңнамалар, МСЭҚМ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы саласындағы және жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алу шаралары бойынша негізгі нормативтік жіне инструкциялық-әдістемелік құжаттар;

  • Балалар мен жасөспірімдерге тамақтануды ұйымдастыру саласында ғылыми зерттеулерді өткізуде тағамтану гигиенасының мәні мен маңызы;

  • Балалар мен жасөспірімдердің ұтымды және профилактикалық тамақтану негіздері;

  • Тамақтанумен байланысты туындайтын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың жіктелуі;

  • Балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында тамақтану тәртібі мен ұйымдастыруын зерттеу әдістері;

  • Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсер ететін азық-түліктердің сапасын бағалау мен мониторинг өткізуінің маңызы.

Студент істеу керек:

  • оқу үрдісі кезінде алынған білім мен өнегені шешім үшін қолдану;

  • ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастыру;

  • санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға байланысты балалардың тамақтануына баға беріп, мониторинг өткізу және талдау жасау;

  • санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға баға бере отырып алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру;

  • әдістемелік және психологиялық тұрғыдан өзінің мамандығын өзгертуге дайын болу.

Студенттің тәлім меңгеруі тиіс:

  • БЖГ мен тағам гигиенасы саласында санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға баға беру;

  • Балалардың тамақтану жағдайы мен сапасына байланысты жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен сырқаттанушылық көрсеткішіне талдау жасау ;

  • Сырқаттанушылық көрсеткішін қолдана отырып, алдын алу шаралары мен келешекке болжау құру;

2.5. Реквизитке дейіңгі: жалпы гигиена және экология, химия, биохимия, патологиялық физиология.

2.6 . Реквизиттен кейіңгі: балалар мен жәсөспірімдер гигиенасы, тағамтану гигиенасы, еңбек гигиенасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]