- •1.1. Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және мазмұны.
- •1.2. Меншікке қарсы қылмыстар құрамының негізгі белгілері және түрлері.
- •2.1. Тонау қылмысының түсінігі және құқықтық белгілері.
- •2.2. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың жалпы қылмыстық құқықтық сипаттамасы.
- •2.3. Тонау мен қарақшылық қылмыстарының арасындағы айырмашылығы.
- •2.1. Тонау қылмысының түсінігі және құқықтық белгілері.
- •2.3. Тонау мен қарақшылық қылмыстарының арасындағы айырмашылығы.
2.1. Тонау қылмысының түсінігі және құқықтық белгілері.
Ұрлыққа, алаяқтыққа сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіпалу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 199-бабында «тонау, яғни бөтен мүлікті ашық талан-таражға салу деп » көрсетілген.
Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкінеқол сұғу болып табылады. Сонымен бірге тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.
Тонау объективті жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағының ерекшелігі – қылмыстың істелу тәсіліне, кінәлінің бөтенің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салуымен ерекшеленеді.
Ашықтан ашық талан-таражға салу деп танылу үшін біріншіден меншік иесі немесе өзге де иеленуші, сондай-ақ басқа да адамдар кінәлінің құқыққа қайшы әрекеттерін көріп тұруымен бірге оның қылмыстық мәнін сезінуі қажет, екіншіден кінәлі адам осы жағдайларды сезіп, көріп тұра отырып, соған қарамастан қылмысты әрекет етуі қажет.
Егер кінәлі адам талан-таражды жасырын түрде жүзеге асыру ниетінде болып, бірақ қылмысты істеу кезінде көзге түсіп қалса, соған қарамастан ол өз әрекетін ары қарай жалғастыра, онда оның істеген әрекетін тонау деп бағалау керек. Мұндай ретте, яғни ұрлықтың тонауғаұласып кетуі – мүлікке толық иелік еткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Тонаудың жиікездесетін түрі ьөтеннің мүлкін жәбірленушінің көзінше өған күш қолдану ниетінсіз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкіне иелік етумен бірге оған өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін соған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннің мүлкін ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бірақ толық іске аспаған әрекет тонауға оқталғандық деп танылады.
Бөтеннің мүлкін қасақаналықпен немесе бұзақылық ниетпен бүлдіру, я болмаса осы мүлікке өзінің нақты немесе болжамалы құқығын өз бетінше жүзеге асыру мақсатымен, сондай-ақ оған уақытша пайдалану ниетімен иелік ету тонау деп қарастырылмайды, мұндай реттерде кінәлінің әрекеті істің нақты жағдайларына қарай Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша саралануы мүмкін.
Тонаудың субъектісі болып 14-ке толған есі дұрыс адам танылады. Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.
Тонаудың ауырлататын түріне:
а)жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдануымен, не осындай күш қолдануымен деп қорыту арқылы.
б)бірнеше рет
в)адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
г)тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау
Аса ауырлататын түріне:
а)ұйымдасқан топ
в)ірі мөлшерде жасалған тонау жатады.
Тонаудың ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері ұрлықтың осы тұрғыдағы түрлерімен ұқсас. Бірақта тонаудың ауырлататын мына түрлерінің – жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдануымен не осындай күш қолдануымен деп қорқыту арқылы, адамдар тобының сөз байласуы бойынша, тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонаудың ұрлықтың осындай ауырлататын түрлерінен өзіндік өзгешелігі бар екенін айтқан жөн.
Тонаудың ауырлататын түрі – жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолданумен деп қорыту болып табылады. Бұл ауырлататын белгіні дұрыс қолдану үшін мындай үш мән-жайды еске алу керек: біріншіден, жаңа қылмыстық кодексте күш қолданумен бірге күш қолданамын деп қорқытуды ауырлататын түр ретінде көрсеткен.бұл жерде күш қолдану дегеніміз жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде қол тигізу арқылы болмашы жарақат салу, тырнау, дақ түсіру болып табылады.
Жәбірленішінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде күш қолданамын деп қорқытуына – кінәлінің сөз жүзінде немесе ым көрсету арқылы жәбірленушінің немесе басқа адамның қарсылығын жоюға бағытталған іс-әрекеттерін жатқызамыз. Мұндай қорқытулар нақты жағдайларға байланысты әр түрлі болып келеді, оның істің нақты мән-жайына қарай тергеу, сот органдары анықтайды.
Екіншіден, тонауда күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту кінәлінің пікіріншетонауға нақты бөгет келтіреді-ау деп жорамалдаған меншік иесіне озге де иеленушіге немесе басқа адамға қарсы бағытталады.
Үшіншіден, тонау арқылы күш қолдану деп қорқыту өзінің мәні жөнінен адамның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайды.
Тонауға байланысты күшқолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту бөтеннің мүлкін алу немесе оны ұстап тұру мақсатымен істеледі.осыған орай егер кінәлі адам мүлікке күш қолданбастан ашқтан ашық иелік етсе, бірақ өзінің ұстау барысында қарсыласып күш қолданса, онда оның әрекеті күш қолданумен ұштасқан тонауға жатпайды. Кінәлі адам мұндай ретте жәй тонағаны үшін және жеке адамға қарсы қылмыс істегені үшін жауапқа тартылады.
Тоаудын ауырлататын түрі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қылмысістеу құрамында ұрлықтағы осыған ұқсас құрамға қарағандаөзгешелігі бар. Бұл жерде адамдар тобы алдын ала тонау құрамын істеу туралы сөз байласады, сондықтан да осы қылмысты істеуге қатысқандардығһң барлығы да осы қылмыс құрамының орындаушылары болып табылады.
