
- •1. Экскаватордың міндеті, жіктелуі, техникалық сипаттамасы, жұмыс жабдығы
- •1.1 Міндеті
- •Өлшем топтары
- •1.2 Жіктелуі
- •Тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты Толық бұрылу экскаваторы
- •Сурет – Толық бұрылу экскаватор схемасы
- •Толық бұрылмайтын экскаватор
- •Сурет – Толық бұрылмайтын экскаватор дөңгелекті трактордың шасси схемасы:
- •Шасси түріне байланысты Тракторға ілінетін
- •Көліктік шасси
- •Пневмодоңғалақты
- •Шынжыртабан
- •Адымдаушы
- •Теміржолды
- •Қозғалтқыш типіне байланысты
- •Механикалық берілістер түріне (жұмыс жабдығы жетегі) Топталған механикалық арқанды жетекпен(механикалық)
- •Дара электрлiк лебедка жетегімен (электромеханикалық )
- •Гидравликалық жетекпен
- •1.3 Машинаның техникалық сипаттамасы.
- •1.4 Жұмыс жабдығы
- •2. Экскаватордың жалпы есептеуі
- •2.1 Экскаватор жұмыс мүшесінің негізгі параметрлерін есептеу
- •2. 2 Экскаватор гидроцилиндріндегі күштерді анықтау
- •3. Экскаватордың өнімділігін есептеу
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Экскаваторда жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3. Экскаватордың өнімділігін есептеу
Экскаватордың
өнiмдiлiгiн үздiксiз жұмысы кезінде
теориялық (конструктивтiк ) түрде
есептеледі: қазудың режимi - саптың
бұрылысы кезінде, топырақтың шөмішке
толуы
тең болғанда,,
түсiруге бұрылыс және забойға әр бағытта
90°
-
бұрышқа орын ауыстырумен қайту, қайырмаға
жүк түсiру, қосалқы ауысулар негiзгiмен
қоса атқарылады.
Бірковшты экскаваторлардың өнімділігін келесі формула бойынша анықтайды (м3/ч):
(4.1)
(4.2)
мұндағы: q – ковштың сыйымдылығы, м3;
– ковшты
топырақпен толтыру коэффициенті;
– топырақтың
күйінен және категориясынан тәуелді
топырақтың қопсу коэффициенті;
– машинаны
уақыт аралығында қолдану коэффициенті,
мәнін қабылдайды;
– жұмыс
циклының ұзақтылығы, с,
(4.3)
мұндағы:
– қазу ұзақтылығы;
– ковшты
жүгінен түсіру үшін экскаватор
платформасының бұрылу жұмыс қозғалысының
ұзақтылығы;
– ковшты
жүгінен түсіру ұзақтылығы;
– қозғалу
платформасының бастапқы қалыпқа қайта
бұрылу ұзақтылығы.
4. Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау Жер қазатын және жол-құрылыс машиналарын басқаруға арнайы дайындықтан өткен және машинаны (құрылғыны) басқаруға куәлігі бар адамдар рұқсат етіледі. Сонымен қоса жер қазатын және жол-құрылыс машиналарына машинист болып 18 жастан улкен, медициналық бақылаудан өткен және мұндай жұмысты істеуге қабілетті, нұсқаманы және еңбек қорғауды, өрт қауіпсіздігін, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек беру дайындығынан өткен және осы туралы арнайы куәлігі бар тұлғалар қызмет ете алады. Бірнеше қызметті атқаратын жұмыскерлер қауіпсіздік ережелерінің дайындығын өтуі керек және ол қызмет ететін барлық жұмыстрада еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаманы өтуі керек. Жұмыскерлер өндіріс орнының ішкі ережелерін біліп, оларды орындауы керек. Машинаның белгілі бір тұлғаға бекітілуі цехтың немесе өндіріс орнының бұйрығы бойынша орындалады. Жер қазатын және жол-құрылыс машинасының машинсті келесі шарттарды білуі керек: - машинаның барлық бөліктерінің (түйіндерінің) құрылысы мен арналуын; - машинаның техникалық қолданылуы мен қызмет көрсетілуінің ережелерін; - өнеркәсіпте бекітілген сигналдар ережелерін; Жұмысты бастамас бұрын орындалатын қауіпсіздік ережелері Ауысым басталмай тұрып машинист жол мастерімен немесе басқа жұмыс жетекшісімен бірге жер бедерімен, грунттың сипатымен және трасса бөлгіштерінің белгілерімен танысуы керек. Жұмысқа кіріспестен бұрын, жер қазатын және құрылыс жол машинасының машинисті келесі жағдайларды тексеруі керек: жүріс бөлігінің, қозғалтқыштың, рулдік басқарудың, дыбыс сигналының, ілініс муфтасының, тежегіш құрылғының, жарықтандыру құрылғыларының, шынылардың, аспалы және тіркемелі құрылғылардың дұрыстығын, сонымен қоса, бактағы жанармайдың, қозғалтқыш пен гидрожүйедегі майдың, салқындату жүйесіндегі судың деңгейін, алғашқы көмек құрылғысын, отсөндіргіштің бар болуын. Бактағы жанармайдың деңгейін анықтау үшін өлшегіш сызғышпен қолдану керек. Өлшегіш сызышты жарықтандыру үшін ашық от көзімен қолдану рұқсат етілмейді. Қозғалтқышты іске қоспастан бұрын машинист машинаның басқару рычагтарын және аспалы технологиялық құрылғыларды тексеруі қажет және олардың нейтралды жағдайды тұрғанын, ал гидрожүйенің өшірілгенін тексеруі керек. Қысқы уақытта қозғалтқышты қыздыру ыстық сумен, бумен, қозғалмалы генератормен немесе жеке жылытқыштармен іске асырылуы керек. Қозғалтқышты қыздырғанда ашық отпен қолдану рұқсат етілмейді. Қозғалтқышты қосқаннан кейін машинист машинаның жұмысын, технологиялық және аспалы құрылғыларды бос жүрісте тексеру керек.Егер ақау табылып, оны жөндеу мүмкін емес болған жағдайда, машинист ол туралы механикке немесе мастерге хабарлауға міндетті. Ақауы бар мшинада жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Жұмысты бастамай тұрып машинист машинаның маңайында немесе қозғалыс жолында адамдардың болмауына көз жеткізуі керек және қозғалысты ескерту сигналын бергеннен кейін бастауы керек. Жұмыс кезінде орындалатын қауіпсіздік ережелері
Жер қазғыш-тасымалдағыш машиналарда немесе жол-құрылыс машиналарында жұмыс істеген кезде жердің еңіс бұрышы машинаның паспортында көрсетілген бұрыштан көп болмауы керек. Жер қазғыш-тасымалдағыш машиналарда немесе жол-құрылыс машиналарында жұмыс істеген кезде машинист машинаны бірқалыпты, жұлқынусыз және шапшаң бұрылыстар мен тежеулерсіз басқару керек. Машинаның жылдамдығы орындалатын операцияға сай болу керек. Шөмішті, қайырманы немесе басқа да технологиялық және аспалы құрылғыны жабысқан грунттан тазалау қозғалтқыш өшірілген кезде жіне күректің көмегімен жүзеге асырылады.Жұмыс органдарын (шөміш, қайырма және т.б.) тазалаған кезде олар жерге түсірілуі керек. Жұмыс ісеу кезінде машинист «тоқта» деген бұйрықты орындау керек, бұйрық оны берген адамға қарамай орындалады. Бір немесе бірнеше өздігінен жүретін немесе тіркемелі және бірінен соң бірі жүретін машиналардың жұмысы олардың ара қашықтығы 20 м-ден кем емес кезінде рұқсат етіледі. Тракторлардың, өздігінен жүретін және тіркемелі машиналарлдың қарама-қарсы жүрісі кезінде қауіпсіз интервалды сақтау керек.