
- •1. Экскаватордың міндеті, жіктелуі, техникалық сипаттамасы, жұмыс жабдығы
- •1.1 Міндеті
- •Өлшем топтары
- •1.2 Жіктелуі
- •Тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты Толық бұрылу экскаваторы
- •Сурет – Толық бұрылу экскаватор схемасы
- •Толық бұрылмайтын экскаватор
- •Сурет – Толық бұрылмайтын экскаватор дөңгелекті трактордың шасси схемасы:
- •Шасси түріне байланысты Тракторға ілінетін
- •Көліктік шасси
- •Пневмодоңғалақты
- •Шынжыртабан
- •Адымдаушы
- •Теміржолды
- •Қозғалтқыш типіне байланысты
- •Механикалық берілістер түріне (жұмыс жабдығы жетегі) Топталған механикалық арқанды жетекпен(механикалық)
- •Дара электрлiк лебедка жетегімен (электромеханикалық )
- •Гидравликалық жетекпен
- •1.3 Машинаның техникалық сипаттамасы.
- •1.4 Жұмыс жабдығы
- •2. Экскаватордың жалпы есептеуі
- •2.1 Экскаватор жұмыс мүшесінің негізгі параметрлерін есептеу
- •2. 2 Экскаватор гидроцилиндріндегі күштерді анықтау
- •3. Экскаватордың өнімділігін есептеу
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Экскаваторда жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Пневмодоңғалақты
Сурет – Қазіргі пневмодоңғалақты экскаватор гидравликалық жетекпен
Сурет – Пневмодоңғалақты экскаватор 50– 60 жж. арқандық жетекпен
Экскаваторлар өздерінің арнаулы шассиіне ие, олар пневматикалық шинасы бар доңғалаққа тіренеді. Көп жағдайда толық бұрылатын болып жасалады. Орнықтылықты жоғарылату үшiн және шөміштің жүктеуiнде сырғып түсуден сақтау үшін шығу тiректері болады. Жүріс жылдамдығы 30 км/сағ дейін. Жылдамдығы 40 км/сағ дейінгі жүк көліктерімен буксалануы мүмкін. Әлсіз топырақта өте алуы шектеулі. Экскаваторлар әртүрлі өлшем топтарында кеңінен шығарылады- шөміш көлемі 0,04 мі микроэкскаваторлардан шөміш көлемі 1,5 мі ауыр доңғалақты экскаваторларға дейін. Атқарылатын жұмыстардың ерекшелiгіне байланысты: қазаншұңқырларды, траншеяларды жасау, жоспарланған жұмыстарды әзiрлеуде - жұмыс жабдығы көбiнесе қайырмалы күрек қолданылады. Грейфермен, жақты басып алушымен, гидравликалық балтамен қолдануы мүмкін. Құрылыс жіне жөндеу жұмыстарын жасауда кең қолданыс тапты. Доңғалақ шасси жетегі жұмыс жабдығы қозғалтқышынан механикалық немесе гидравликалық беріліс арқылы жүзеге асады, кейде бөлек қозғалтқыштан да жұмыс жасайды.
Шынжыртабан
Сурет – Массасы 22 тонна New Holland 2000-шы жылдардағы компанияның шынжыртабанды экскаваторы
Сурет – Экскаватор DEMAG Bagger – өз класындағы ең үлкен түрдің бірі.
Экскаваторларда өздерінің арнайы шынжыртабанды қозғаушысымен шассиі бар. Толық бұралатын болып жасалады. Үлкен өте алумен ерекшеленеді, және үлкен масса бола тұра топыраққа аз меншікті қысым түсіреді. Әлсіз және дымқыл топырақта жұмыс жасай алады, сонын ішінде торфты өңдеулерде де. Жүріс жылдамдығы 2-15 км/сағ. Жұмыс орнына арнайы тартқыштармен апарылады.
Шөміш көлемі жұмыс диапазоны өте кең- шөміш көлемі 0,04 мі микроэкскаваторлардан шөміш көлемі 10 мі карьерлік экскаваторларға дейін. Және шөміш көлемі 26 мі аса ауыр карьерлік шынжыртабанды экскаваторлар бар, DEMAG (Германия) фирмасымен өндірілген.
Жұмыс жабдығы: тік күрек, кері күрек, драглайн. Топырақты қопсыту үшін грейфермен, жақты басып алушымен, гидравликалық балтамен қолдануы мүмкін. Құрылыс және пайдалы қазбаларды алу жұмыстарын жасауда кең қолданыс тапты.Шынжыртабанды және пневмо доңғалақты экскаваторлардың үлгі қатарлары унифицирленген бұрылу платформасын және жұмыс жабдығына ие.
Адымдаушы
Адымдаушы экскаваторлармен аршу жұмыстары(пайдалы қазбаларды бос жыныстардан тазартады), және пайдалы қазбаларды өндіру және қайырмаға тасымалдау (биіктігі 40 м) жұмыстары атқарылады. Транспорттық көліктерге пайдалы қазбаларды жуктеу жүзеге асырылмайды.
Бұрылатын платформа адымдаушы экскаватор жабдығымен тiрек тақтада орнатылады. Табан бұрылатын платформамен байланысқан, экскаватордың жұмысы кезінде олар көтерiліп тұрады (топыраққа тимейді). Экскаватор орын ауыстырғанда табан топыраққа тіреледі. Экскаватор бiр қадам алға жылжыйды (кейбiр үлгiлер үшiн қозғалыс артқа бағытталуы мүмкін). Содан кейiн табанды көтередi және бастапқы орынға қайтарады. Адымдаушы жүрісте шөміш көлемі 15 мі 40 мі ден және жебенің шығуы 60м-150 м-ге дейін iрi карьер экскаваторларын шығарады. Жұмыс жабдығы - драглайн. Адымдаушы экскаватор аршу жұмыстарын орындайды (пайдалы қазбаны бос жыныстын шоғырларынан тазалау), сонымен бiрге пайдалы қазбалар өндiру және оларды қайырмаға тасу (биiктiк 40м-ге дейiн). Адымдаушы экскаватордың пайдалы қазбаларды көлiк құралдарына тиеу жүзеге асыру мүмкiн емес.