
- •1. Экскаватордың міндеті, жіктелуі, техникалық сипаттамасы, жұмыс жабдығы
- •1.1 Міндеті
- •Өлшем топтары
- •1.2 Жіктелуі
- •Тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты Толық бұрылу экскаваторы
- •Сурет – Толық бұрылу экскаватор схемасы
- •Толық бұрылмайтын экскаватор
- •Сурет – Толық бұрылмайтын экскаватор дөңгелекті трактордың шасси схемасы:
- •Шасси түріне байланысты Тракторға ілінетін
- •Көліктік шасси
- •Пневмодоңғалақты
- •Шынжыртабан
- •Адымдаушы
- •Теміржолды
- •Қозғалтқыш типіне байланысты
- •Механикалық берілістер түріне (жұмыс жабдығы жетегі) Топталған механикалық арқанды жетекпен(механикалық)
- •Дара электрлiк лебедка жетегімен (электромеханикалық )
- •Гидравликалық жетекпен
- •1.3 Машинаның техникалық сипаттамасы.
- •1.4 Жұмыс жабдығы
- •2. Экскаватордың жалпы есептеуі
- •2.1 Экскаватор жұмыс мүшесінің негізгі параметрлерін есептеу
- •2. 2 Экскаватор гидроцилиндріндегі күштерді анықтау
- •3. Экскаватордың өнімділігін есептеу
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Экскаваторда жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Біршөмішті экскаватор – топырақты әзірлеуге (қазуға), тасымалдауға және тиеуге арналған циклдық әрекеттегі жер қазатын машина Жұмыс мүшесі жебеге, сапқа немесе арқандарға бекiтiлген қозғалатын шөміш болып табылады. Шөміш салыстырмалы әзірленген топырақтың ауысу қозғалысыны есебінен жүктеледі. Сондада экскаватор корпусы топырақпен салыстырғанда жылжымайды- тарту күшін экскаватор механизмдері туындатады.. Бұл экскаваторды тарту күші шөмішті толтыру кезінде машина корпусы жылжу әсерінен жүзеге асатын скреперден, тиегіштен ерекшелейдi.
Бір шөмішті экскаваторларды ең көп тараған машиналар қатарына кіреді: оларды азаматтық, гидротехникалық және көлiк құрылыстарында кеңінен қолданады. Бір шөмішті экскаваторлардың жұмыс циклінде шөміштің толтыруынан кейін оның көтерілуі және жүк түсiрудiң орынына ауыстыру, шөміштің жүк түсіруі, бос шөміштің забой орнына қайта келуі, оның бастапқы жағдайға төмен түсіруі келесі цикл үшін жасалынады. Бірнеше жұмыс циклдерін орындағаннан кейін экскаватор топырақтың келесі көлемдеррін қазу үшін орын ауыстырады. Сонымен қатар экскаватор жұмыс объекттерін ауыстырған жағдайда да көп қашытыққа орын ауыстыруы керек.
1. Экскаватордың міндеті, жіктелуі, техникалық сипаттамасы, жұмыс жабдығы
1.1 Міндеті
Экскаватор ЭО-4121 шынжыртабанды гидравликалық көлемді жетекті толық айналмалы, әмбебап құрылыс экскаваторы.
Ол I—IV санаттардағы топырақтарда жер жұмыстарын орындау үшiн арналған және алдын ала қопсытылған тасты қатқан топырақтар кесектердiң ені 400 мм –ден аспайтын және - қоршаған ортаның температурасының – 40°С-тан + 40°С-ге, ал тропикалық жерлерде + 55 °С-терге дейiн орындауға мүмкіндік береді.
Экскаватор әзiрлеу карьерлерді, қазаншұңқырларды, транштар, арналарды қазуға, топырақтың жүк тиеуiн және сусымалы материалдар үшiн қолданады. Экскаватордың көмегiмен арнаулы ауысымды органмен қатқан топырақ тасты жыныстар қопсытуға болады - қопсытушымен.
Экскаватордың арнаулы ауысымды органмен- қопсытушы көмегiмен тасты жыныстарда қатқан топырақты қопсытуға болады. Экскаватордың құрылымы келесi түрлердегi ауысымды жұмыс жабдығын пайдаланудың мүмкiндiгiн береді:кері күрекпен, созылатын сабы бар кері күрекпен, тік күректі, айналмалы қайырмасы бар тік күрек, жүк тиеу жабдығы, грейфер, ұзартқышы бар грейфер, қопсытушыменЖасалатын жұмысқа орай және әзірленетін топырақтын сипаттамасына байланысты экскаватордың шөміші 0,3—1,5 м3. көлем аралығында болады.
Экскаватордың жүрiс бөлiгiнiң құрылымы кеңейген буындарды қондырудың мүмкiндiгiн ескередi, ол топыраққа қысымнын азаюын 0, 4 кгс/м2 дейiн жүзеге асырады, және әлсiз немесе дымқылданған топырақтарда экскаватордың орын ауыстыру жұмысы шартын жақсартады.
Өлшем топтары
КСРО/Ресейде бiр шөмiштi экскаваторлардың өлшемдi топтарының келесi жүйесi пайдаланады.
Экскаватор классификациясы
Өлшемді топ номері |
Пайдалану массасы, т |
Негізгі қозғалтқыштың қуаты, л.с. |
Шөміш көлемі (геометриялық), м |
экскаватор классы |
0 |
3-тен кем |
10-40 |
0,1-ден кем |
аса жеңіл |
1 |
5-6 |
30-50 |
0,15-0,4 |
жеңіл |
2 |
8-9 |
40-60 |
0,25-0,6 |
жеңіл |
3 |
10-12 |
50-80 |
0,3-1,0 |
орташа |
4 |
19-30 |
80-130 |
0,65-1,6 |
орташа |
5 |
30-40 |
100-200 |
1,2-2,5 |
ауыр |
6 |
55-60 |
200-350 |
1,6-4 |
ауыр |
7 |
80-100 |
300-500 |
2,5-6,3 |
аса ауыр |
8 |
100-160 |
400-800 |
5-10 |
аса ауыр |
1.2 Жіктелуі
Бiр шөмiштi экскаваторлар шасси түріне, жетектiң түрi, жұмыс жабдығы түріне, тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты жiктеледi.
Тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты Толық бұрылу экскаваторы